Читайте также: |
|
[жасыру]
· 1 Географиялық орны мен құрамы
· 2 Саяси картасының қалыптасу кезеңдері
· 3 Табиғат жағдайлары мен ресурстары
· 4 Пайдаланылған әдебиет
Географиялық орны мен құрамы[өңдеу]
Физикалық карта
Кавказ — Қара және Каспий теңіздері аралығында орналасқан Азиядағы тарихи-географиялық өңір. Мұнда ТМД құрамына өнетін екі ел орналасқан.
Үлкен Кавказдың биік жоталары арқылы Ресей Федерациясымен шекара өтеді. Кавказ елдері Қара теңіз жағалауы арқылы Украинамен, оңтүстігінде Түркиямен, Иранмен, ал Каспий теңізі арқылы Түрікменстанмен шектеседі. Еуропа мен Азияның тоғысында жатуы және халықаралықтеңіз жолдарына жақындығы себепті Кавказдың географиялық орны барлық уақытта да қолайлы болатын.
Аймақтың геосаяси жағдайының сипаты да, ең алдымен, географиялық орнымен анықталады. Кавказ арқылы шығыс пен батысты, солтүстік пен оңтүстікті жалғастыратын аса маңызды көлік жолдары өтеді. Сол себепті бұл аймақты "Еуразияның басты жол қиылысы" деп те атайды. МұндаРесей мен Орта Азия елдерінің, Иран мен Түркияның экономикалық және саяси мүдделері тоғысады. Қара теңіз бен Каспий теңізі жағалаулары бойымен маңызды көлік дәліздері етеді. Алайда бұл қолайлы мүмкіндіктерді толық пайдалануға белгілі дәрежеде аймақтағы саяси және экономикалық тұрақсыздық кедергі келтіруде. Сол себепті Каспий теңізі мұнайын Иранға, Еуропаға тасымалдау жобалары жүзеге аспай отыр.
Саяси картасының қалыптасу кезеңдері[өңдеу]
Біздің жыл санауымыздан мыңдаған жыл бұрын мұнда егіншілік пен мал шаруашылығы дамып, металдан бұйымдар жасау өркендей бастады. Бағзы замандардан бері өркениет ошағы болған бұл аумақта ежелгі дүниенің қуатты мемлекеттері (Урарту, Иберия, Колхида жәну т.б.) пайда болып, дамудың шарықтау шегіне жетті.
Табиғат ресурстарына бай және географиялық жағдайы қолайлы аймақты жаулап алып, бағындыруға тырысқандар аз болған жоқ. Рим империясы мен Араб халифаты, Иран мен Түркия ұзақ уақыт бойы Кавказды ықпал аймағына бөлісумен болды. Ұзақ жылдарға созылғансоғыстар мен халықтардың кеші- қоны, ұлттар мен ұлыстардың араласуы жүрді. Сол себепті шағын аумақты қамтып жаткан Кавказ жерінде халықтың ұлттық құрамы аса күрделі. Кавказда мемлекеттің ерте кезден қалыптасып, қоғамның салыстырмалы түрде жоғары деңгейде дамуы қайталанбас ұлттық мәдениет негіздерінің сақталып қалуына себепші болды. Кавказ халықтарының тағдырында солтүстіктегі қуатты көршісі Ресеймен қарым-қатынасы да елеулі рөл атқарды.
Тау халықтары ұзаққа созылған (1816—1864 жылдары) Кавказ соғысы барысында Ресей әскеріне жан аямай қарсылық көрсеткенімен, ұлы көрші дегеніне жетті. Жалпы алғанда, Кавказ елдерінің Ресейге қосылуы XIX ғасырдың соңына қарай аяқталды.
XIX ғасырдың ортасынан бастап, Ресей экономикасымен біртұтас жүйеде дами бастаған Кавказ елдерінде экономикалық, мәдени өрлеу басталды. Қалалар мен енеркәсіп орталықтары ұлғайып, көлік қатынасы жақсарды.
Қазан революциясынан соң Ресей империясының ыдырауы, Кеңес үкіметінің орнауы нәтижесінде алғашқы жылдары жеке ұлттық мемлекеттер қалыптасып дамыды. 1922 жылыӘзірбайжан, Грузия және Армения Кавказ сырты Кеңестік Социалистік Федерациялық Республикасының құрамына енді. Бұл федерациялық құрылым 1936 жылы ыдырап, әр республика КСРО құрамына жеке мемлекет ретінде енді. КСРО кұрамында бірге болған жылдарында Одаққа енген басқа республикалармен тағдырлас Кавказ елдері 1991 жылы дамудың жаңа кезеңіне өтті. Қаншама ғасыр бойы жүздеген ұлттардың бесігі болған Кавказ жерін тәуелсіздік таңы атқанда терең экономикалық дағдарыс жайлап, ұлтаралық кикілжіңдер көбейді. Қазіргі кезде Кавказдың оңтүстігінде ТМД құрамына өнетін тәуелсіз мемлекеттер — Әзірбайжан және Армения Республикалары мен 2009 жылы 18 тамызда ТМД құрамынан шыққан Грузия мемлекеті орналасқан.
Табиғат жағдайлары мен ресурстары[өңдеу]
Кавказ жерінің табиғаты алуан түрлі, мұнда таулы ландшафтылар басым келеді. Кавказ аумағында Ежелгі Орыс платформасы мен жер кыртысының қозғалмалы бөлігі болып табылатын Кавказ қатпарлы аймағы түйіседі.
Аймақтың солтүстігіндегі Үлкен Кавказ біртұтас тау жүйесі ретінде солтүстік- батыстан оңтүстік-шығыска қарай Қара теңіз бен Каспий теңізі аралығында 1100 км-ге созылып жатыр, ені шамамен 180 км. Орталық бөлігі арқылы өтетін Бас Суайрық жота мен Бүйірлік жотаға ұзына бойьша және кесе-көлденең жатқан көптеген басқа жоталар келіп қосылады. Үлкен Кавказдың орталық бөлігінде оның ең биік нүктесі — Эльбрус тауы (5642 м) орналасқан. Үлкен Кавказдағы тау асуларының өзі 2000 м-ден жоғарыда орналасқан. Қолайлы тау асулары арқылы аса маңызды тасжолдар өтеді. Кавказ тауларында қарстық үңгірлер өте көп. Үлкен Кавказдың тік жартасты аңғарлары мен биік шыңдары альпинистер назарын ұдайы өзіне аударып келеді, мұнда қазақстандық альпинистер де жиі болады.
Үлкен Кавказдың карлы жоталары Сурам жотасы арқылы оңтүстіктегі Кіші Кавказбен жалғасады. Кіші Кавказ одан әрі жанартаулық Армян таулы қыратына ұласады. Сөнген ежелгі жанартауларды қалың базальт қабаты жауып жатыр, олардың ең биігі — Арагац жанартауы (4090 м). Алып Арагацтың көрінісін Армения астанасы — Ереванның тұрғындары күн сайын тамашалайды деуге болады, мұндағы ең әдемі үйлер мен ғимараттар Арагацтан өндірілетін алқызыл туфпен қапталған.
Жалпы, Кавказдың Қара теңіз жаралауындағы жіңішке алабы ойпатты келеді, мұнда әйгілі емдеу-сауықтыру және демалыс орындары орналасқан. Сурам жотасынан шығысқа қарай Кура-Аракс ойпаты жатыр, ол оңтүстігінде Талыш тауларымен шектеседі.
Жас тау жүйесінің күрделі құрылымы алуан түрлі пайдалы қазбалардың қалыптасуына негіз болған. Тауаралық иіннің шығысы мен Каспий қайраңында (Әзірбайжан) мұнай кең орындары бар. Қазіргі кезде мұнай тек құрлықтағы кең орындарынан ғана емес, қайраңда орналасқан ұңғымалардан да өндіріледі. Әзірбайжанның орталық бөлігіндегі Нафталан қаласы маңында емдік қасиеті бар мұнай түрі — нафталан табылған, бұл — нафталанның әлемдегі бірден-бір кең орны.
Кенді пайдалы қазбалардың коры Кавказдың қатпарлы құрылымымен байланысты болады. Темір, кобальт кендері Дашкесанда (Әзірбайжан), мыс Армениядағы Кафан, Алаверди кең орындарында өндіріледі. Кавказ алуан түрлі құрылыс материалдарына (цемент шикізаты, мәрмәр, пемза, туф және т.б.) да бай
Дата добавления: 2015-10-02; просмотров: 168 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Кризис и война: международные отношения в центре и на периферии мировой системы в 30-40-х годах | | | Введение |