|
Модуль: Дерматовенерология
ДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСҚА ҚОСЫМША
Студенттрдің практикалық сабаққа арналған «Ішкі аурулар» пәні бойынша мамандығы 051301–Жалпы медицина
Блок «Дерматовенерология»
ТАҚЫРЫП: «Дәнекер тін аурулары (қызыл жегі, склеродермия)».
Курс: 4
Аударған: доц. Сагидолдина Л.К.
Доц. Хабижанов А.Б.
Дерматовенерология мод. жиналысында талқыланды және бекітілді.
хаттама №2 «06» қыркүйек 2014 ж.
Дерматовенерология мод. жет.,
м.ғ.д., профессор С.М.Нурушева
КОЛЛАГЕНОЗДАР
1. Төменде аталғандардың қайсылары эритематоздың дамуына әсер етеді:
а) тамақтану тәртібінің бұзылуы
б) күйзеліс
в) қажу
г)+ фокальды инфекция
д) ферментопатия
2. Эритематозға тән клиникалық ауру белгілерін атаңыз:
а) ірі-пластикалық қабыршақтану
б) сулы эрозиялар
в) зақымдалу ошағында төмпешіктерінің болуы
г) жараға айналу
д) + фолликулярлы гиперкератоз
3. Аталған «қауіп» факторларының қайсылары эритематоздың дамуына әсер етеді:
а) төсек қатынасы
б)+ инсоляция
в)асқазан-ішек жолдарының ауруы
г) иод қабылдау
д) егде жас
4. Склеродермияның патогенезінде қандай факторлар рөл біреуінен басқасы рөл атқарады:
а) +жасы
б) эндокринді бұзылыстар
в) жарақаттар
г) суықтану
д) жүйкелік-тамырлық бұзылыстар
5. Шектелген склеродермияның клиникалық сатыларын атаңыз:
а) лихенизация
б)+ тыртықты атрофия
в) жаралану
г) іріңдік
д) вегетация
6.Созылмалы қызыл жегі кезінде науқасқа ем тағайындауда қолданатын затты атаңыз:
а) кең қолданыстағы антибиотиктер (тетрациклин және т.б)
б)+ безгекке қарсы заттар (делагил, хлорокин)
в) цитостатиктер
г) күкіртті қара май
д) ұйықтатқыш заттар
7. Дискоидты қызыл жегінің клиникалық симптомдарына жатпайды:
а) эритема
б) тығыз орналасқан қабыршақ
в) атрофия
г) телеангиоэктазия
д) +төмпешіктер
8. Дуффузды дәнекер тін ауруларының тобына қай аурулар кіреді:
а) қабыршақты теміреткі
б) түйінді эритема
в) + склеродермия
г) Гофман ауруы
д) Стивенс-Джонсон ауруы
9. Склеродермия емінде қай препараттар жиі қолданады:
а) доксициклин
б) никотин қышқылы
в) + лидаза
г) ДДС
д) витаминдер
10. Созылмалы қызыл жегі емінде қолданатын таңдаулы препараттар:
а) диуретики
б) + безгекке қарсы препараттар
в) аналгетик
г) седативті препараттар
д) антигистаминді препараттар
11. Дискоидты қызыл жегінің негізгі клиникалық симптомына жатпайды:
а) эритема
б) тығыз орналасқан қабыршақ
в) атрофия
г) телеангиоэктазия
д) +төмпешіктер
12. Жүйелі қызыл жегіге тән диагностикалық белгі:
а) обладка белгісі
б) демодексты анықтау
в) акантолитикалық клеткаларға жағынды таңба
г) Асбо-Гансен белгісі
д) +LE- жасушаны анықтау
13. Жүйелі қызыл жегіде қанның жалпы анализінде байқалады:
а) тромбоцитопения
б) лимфацитоз
в) + ЕШЖ жылдам
г) эозинофилия
д) лейкоцитоз
14. Жүйелі қызыл жегі диагнозын нақтау үшін анықтайды:
а) +LE -жасуша
б) эозинофилия
в) патологиялық бактериальды флора
г) акантолитикалық жасуша
д) моноцитоз
15. Дискоидты қызыл жегіде Бенье-Мещерскийдің белгісі байқалады:
а) қабыршақ-қабық
б) тамырлардың кеңіуі
в) жалқықтауну
г) атрофия
д) + фолликулярлы гиперкератоз
16. Ошақты склеродермияның негізгі клиникалық түрлерінне жатпайды:
а) +типті
б) табақша тәрізді
в) сызықты
г) тамшы тәрізді
д) атрофодермия
17. Қызыл жегіде қай мүшелер зақымданады:
а) тоқ ішек
б) +бүйрек
в) аналық без
г) қуық асты без
д) қуық
18. Қызыл жегі дамуының негізгі гипотизасы:
а) тұқым қуалау
б)+ аутоимунды
в) эндокринды
г) вирусты
д) неврогенді
19. Склеродермияның алғашқы сатысында тағайындалатын дәрілер:
а) А витамині
б) цинк
в)+ антибиотиктер
г) цитостатиктер
д) фотосенсибилизаторлар
20. Склеродермияны емдегенде пенициллин қандай мөлшерде тағайындалады:
а) тәулігіне 100000 ЕД
б) +тәулігіне 3 рет 500000 ЕД
в) тәулігіне 4 рет 300000 ЕД
г) тәулігіне 2 рет 1000000 ЕД
д) тәулігіне 4 рет 1000000 ЕД
21. Шектеулі склеродермияның алғашқы белгілеріне жатады:
а) парестезия
б) ауру сезімі
в) жаралану
г) + қызғылт-қызыл түсті дақтар
д) терінің склерозы және индурациясы
22. Диффузды склеродермияның ең алғашқы белгісі болып табылады:
а) бұлшық еттегі ауру сезімі
б) буындардың ауруы
в) терінің ісінуі
г) +Рейно феномені
д) дорба тәрізді ауыз
23. Клиникаға (қабылдауға) бетіндегі және мойнындағы қызыл дақтарға шағымданып 40 жастағы қойшы қаралды. Анамнезінде өкпенің қабынуы, гастрит ауруы. Жанұясында мұндай аурумен ешкім ауырмаған. Өзін былтырдың көктемінен бері аурумын деп санайды. Қарап тексергенде: маңдайында, құлақ жарғағында және мойнында қою қызыл түсті, дөңгелектенген, диаметрі 3см-ге жуық эритематозды ошақтар орналасқан. Олардың беті алғанда - қатты ауыратын, тығыз орналасқан қабыршақтармен жабылған. Дақтардың ортасында айқын тыртықты атрофия көрінеді. Сіздің диагнозыңыз:
а)+ қызыл жегі
б) қызғылт безеулер
в) склеродермия
г) қарапайым безеулер
д) себориялық экзема
24.Шектелген склеродермияның клиникалық сатыларын атаңыз:
а) лихенизация
б)+ тыртықты атрофия
в) жаралану
г) вегетация
д) гипотрофиялы
25. Ошақтың склеродермияның негізгі клиникалық түрлерін көрсет:
а) типті, атипті, атрофиялық
б) эрозивті, жаралы, атрофиясыз
в) + табақшалы, сызықты, тамшы тәрізді
г) центробежді, дискоидты, терең
д) индуративті, атрофиялық, жалқықты
26. 19 жастағы науқас 2 жылдан бері тері ауруымен ауырған. Ауруы созылмалы, көктемде, жазда қозып кетеді. Текесрегенде: мойынның бүйір жағында 3 ошақ анықталды, көлемі 1-5 см, дөңгелек және пішіні дұрыс емес. Ошата эритема, қабыршықтар, ортасында-атрофия. Ошақтың шеті және одан да азда шеткерірек телеангиэктазия. Сіздің диагнозыңыз:
а) қызғылт безеу
б) қабыршықты теміреткі
в) + дискоидты қызыл жегі
г) аллергиялық дерматит
д) туберкуллездік жегі
27. Дискоидты қызыл жегіге тән алғашқы белгі:
а) түйіншікті инфильтрация
б) вегетация
в) сулану
г) + эритема
д) фолликулярлы іріңдік
28. Қызыл жегіде Бенье-Мещерский белгісін тудыратын патогистологиялық өзгеріс:
а) акантолизис
б)+ фолликулярлы гиперкератоз
в) грануллез
г) акантоз
д) паракератоз
29. Диффузды склеродермияның ең алғашқы белгісі болып табылады:
а) бұлшық еттегі ауру сезімі
б) буындардың ауруы
в) терінің ісінуі
г) +Рейно феномені
д) дорба тәрізді ауыз
30. Жүйелі склеродермия кезінде ішкі мүшелердің қайсысы жиі зақымданады:
а) буындар
б) өкпе
в) + өңеш
г) бауыр
д) көк бауыр
Дата добавления: 2015-10-02; просмотров: 389 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Ситуациялық есептер | | | Ситуациялық есептер |