Читайте также: |
|
КІРІСПЕ
«Белкамит» ЖШС — Қазақстанның тауар шығарушы машина жасау зауыты. 1995 жылы Қазақстан мен АҚШ тың мемлекет аралық «Бірге қатерден құтылу» программасы арқылы құрылған. БЕЛКАМИТ қорғаныс техникасын шығаратын «Гидромаш» және мұнай өндіру саласына керекті машина жасаушы америка европалық компаниямен бірігіп,халыққа қажет бұйымдар жасаушы зауыт болып қайта құрылған. Қазіргі таңда «Белкамит» ЖШС әр түрлі нысандарды проектілеу және салумен айналысады: қысыммен жұмыс жасайтын құтылар,үлкен көлемді жылу алмастырғыш қондырғысын,сонымен қатар халықаралық және ұлттық (ASME, API, ПНАЭ, МЕСТ және т.б.) стандарттарға сай мұнай алу, мұнай өңдеу компанияларына арналған, энергетикалық, металлургиялық, құрылыс және тамақ өнеркәсібіне қажетті машиналар шығаруға маманданған. Зауыта қажетті мемлекеттік және халықарлық лицензиялар бар:
· Жобалау,дайындау,көтерме жұмыстарын монтаждау,тасымалдағыш тұрбалар және қысыммен жұмыс атқаратын өнімдер шығаруға арналған мемлекеттік лицензиясы бар;
· Сәулет құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы құрылыс-монтаж жұмыстарына арналған мемлекеттік лицензия.
· Архитектура сәулет құрылысы және құрылыс саласындағы жобалау және іздестіру қызметіне арналған мемлекеттік лицензия.
· ҚР аумағында атом энергиясы нысандарын жобалалау және пайдалануға беруге арналған мемлекеттік лицензия.
· Қысыммен жұмыс істейтін кутыларды жобалау, өндіру және жөндеу ASME-нің талаптары бойынша сертификатталған және өзінің мөрлерін белгілеу құқығын иеленген.THE NATIONAL BOARD,қысым астында жұмыс жасайтын құтыларды жөндеу жұмыстары немесе модификациялау, сонымен қатар «National board» сертификаты қазандар мен қысым астында жұмыс жасайтын құтыларды тіркеуге мүмкіндік береді.
Белкамиттағы менеджмент жүйесі сапалы халықаралық стандартқа сай ISO 9001:2008 Бюро Веритас агенттігімен сертификатталды және білікті жұмыскерлер мен басқарушылардың арқасында тиімді жұмыс істеуде. Бізде отандық және шетелдік клиенттердің қазақ тілінде техникалық жобалар үшін жобалық құжаттаманы өндіретін жеке құрылыс департаментіміз бар.«Белқамит» қазіргі заманнан қалыспай өнімнің жаңа түрерін меңгеріп жатыр. Соңғы жылдары Белқамит өзінің өнімшілігімен технологиялық мүмкіншілігін арттырып келесі бағыттарға бағыттады:
· Қысыммен жұмыс жасайтын қалың қабырғалы сауыт жасау бөлігінде, сауыт дайындау.
· Әр-түрлі техникалық газдарды, қауіпті сұйықтықтарды сақтау және тасымалдау цистерна, конейнерлер дайындау.
· Бағыттас мұнай газын кәдеге жарату үшін модульді қабырғалар дайындалады.
· Үлкен қысыммен балқыту тәсілімен арматураны қалпына келтіру.
· Көлік жолдары мен темір жолдарының болатты көпірлеріне арналған металды құрылыс дайындау.
· Көпірлі крандарды дайындау.
Белқамит өзінің техникалық және ұйымдық мүмкіншіліктерін дәлелдеп «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б.В.», «Тенгизшевройл», «Атырауский НПЗ», «Павлодарский НХЗ», «CNPC», «Sinopec», «Texaco North Buzachi», «Agip KCO», «Arcelor Mitall», «Maersk oil Kazakhstan», «Petro Kazakhstan Kumkol Resources», «Halliburton International», «JGC Corporation», «Казцинк», «Казах Ойл Ақтобе», «Казстройсервис», «МАЭК», «АО Сырымбет», «ЗАО Каракудкмунай», «КАТКО», «СП Инкай» басқа да әлемдегі атақты компаниялардың квалификациялы қамтамасыздандырушы болды. Белкамиттің логотипі 1 – суретте көрсетілген.
1 – сурет – Белкамиттің логотипі
«Белқамит» акционерлі қоғам бірлестік кәсіпорын. Кәсіпорында 500-ге жуық қызметкер жұмыс істейдію Соның ішінде ASME аттестациясынан өткен 50 пісірушілер ІІІ, ІІ деңгейлі НК мамандары. 30% қызметкерлерде жоғары білім бар соның ішінде 3-і техникалық ғылымға үміткер. Әкімшілік басқару қызметкерлер бөлігі 10%-ды құрайды. Зауыттың толық ауданы 99 278 м2, цехтардың толық өндірістік ауданы 60 000 м2 астам. Зауытың өндірістік күші 2500 тонна сыйымдылықты жабдықтар, қысымды сауыттар, стандартты емес жабдықтар. 15 000 тоннаға жуық металды құрылыстар, құрылыстық және полисты түрде сұйыққойма қоймасын дайындау. 2011 жылы АО СП «Белқамит» (Алматы қ.), ТОО «Атыраунефтемаш» (Атырау қ.) және «First Montana Technology» (Гбелы қ. Словакия) бірігіп біріңғай холдинг «SGT Group» құрды. Кең өндірістік мүмкіншілік және әр-түрлі географиялық орнына байланысты тапсырысшының кез-келген қажеттілікті толығымен қамтамасындандыруға мүмкіндік береді. АО СП «Белқамит» келесі организациялардан тұрады:
· ҚР инженерлік қоғам компаниясы;
· Қазақстан ұлттық Экономикалық Палатасы «Атамекен қоғамы»;
· «Қазақстан Сапа Көшбасшыларының Бірлестігі»;
· «Қазақстан машинажасау кеңесі».
Зауыттың құрылуы
Белкамит — мұнай-газ өнеркәсібіне жабдықтар мен тасымал ыдыстарын шығаратын кәсіпорын. 1972 ж. – Алма-ата қаласында «Гидромаш» зауыты құрылысын бастау туралы шешім қабылданды. 1982 ж. Алматы тәжірибе-механикалық “Гидромаш” зауыты болып құрылған.
1982 ж. «Гидромаш» зауыты «Шкал» және «Орел» атты әскери суасты ракеталарын жасайтын етіп қайта құрылды.
2 – сурет – «Шкал» және «Орел» ракеталары
1994 ж. сәуірде “Гидромаш” акционерлік қоғамы болып қайта құрылды. 1995 жылдың желтоқсан айынан бастап “Белкамит” жабық түрдегі акционерлік қоғамға айналды. Мұнай және газ өнеркәсібіне арналған жабдықтар, сұйық газдарды, жоғары және төменгі температурада тасымалдау мен сақтауға арналған ыдыстар өндіреді. Кәсіпорын Италия, Беларусь, Польша және т.б. елдерге де өнім шығарады.
2000 ж. - АО СП «БЕЛКАМИТ» Қарашығанақ Интеграцияланған Консорциумынан үлкен көлемде келісім-шарт алды, келісім-шарт нәтижесінде қысыммен жұмыс атқаратын, ASME-ң «U» штампымен сертификатталған 89 кеме және API 650-мен сертификатталған 20 сақтау-резервуары дайындалған (3-сурет).
3 – сурет – Сақтау-резервуары
2010 ж. – Карачаганак Петролеум Оперейтинг компаниясына 7 дренажды ыдыс дайындалды. Enersul компаниясына күкірт дайындайтын және сақтайтын 4 технологиялық ыдыс. Халлибертон компаниясына 8 технологиялық жабдық дайындалды (5-сурет). Тенгизшевройл компаниясына 2 ресивер. Петроказахстан Кумколь Резерсиз компаниясына 3 мұнай-газ айыратын құрылғы дайындалған. Тот баспайтын болат жасау аймағында ТОО СП Катко компаниясымен контракт жасалған. Тот баспайтын болаттан 32 технологиялық жабдық дайындалған.
4 – сурет – Халлибертон
Дата добавления: 2015-10-24; просмотров: 374 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
ОБОБЩЕНИЯ И МОИ ПРЕДЛОЖЕНИЯ | | | III. Воспитательные |