Читайте также: |
|
Кіріспе
Адам анатомиясы – адам организмнің пішіні мен құрылысы, шығу тегі мен дамуы туралы ғылым. Анатомия дененің ағзалары мен бөліктерінің пішінін, құрылысын, орналасуын және топографиялық арақатынасын жас, жыныс, жеке ерекшеліктеріне сүйене отырып жүйелі түрде баяндайды. Ол эмбриология, салыстырмалы анатомия және антропологияның мәліметтерін кеңінен қолданады, қоршаған орта мен әлеуметтік факторлардың, еңбектің, спорттың адам организмі құрылысына әсерлерін анықтайды. Жасқа байланысты анатомия болашақ мамандарды балалар мен жасөспірімдер организмінің құрылыс ерекшеліктерін ескеруді мақсат етеді.
Анатомия пән ретінде медициналық білімнің фундаментін құрады, оны игермеген студент профилді пәндерді оқуы мүмкін емес. Себебі олар медициналық білімнің негізін құрады. Анатомия қазіргі адам құрылысын оқытумен бірге, адам организмінің тарихы қалыптасуын да зерттейді. Анатомия пәнінің бағдарламасы адам денесінің құрылысын, оны құрушы жүйелер, ағзалар және тіндерді білу макро-микроскопиялық анатомия, физиология, биология негізінде және жеке адамның, жынысттық, жастық ерекшеліктеріне сүйеніп, пренаталды дамуы мен анатомо-топографиялық арақатынасын меңгеруге бағытталады.
2.2 Пән мақсаты: адам денесінің органдары құрылысын, оны құрушы жүйелерді жастық, жыныстық және жеке адам ерекшелігін қоршаған ортаның өзгермелі жағдайында, еңбектің, әлеуметтік фактордың негізінде білу және бұл білімді клиникалық кафедраларда қолдану.
2.3 Пән міндеттері:
- Ересек адам мен балалар денсаулығын дұрыс анықтау үшін санитарлық-
гигигеналық өмір сүру жағдайына байланысты ағзалар мен органдар
жүйелерінің құрылысы білім негізін қалыптастыру;
- Адам ағзалары мен тұтас организмінің құрылысы мен қызметінің
арақатынасы мен байланысын өзгермелі қоршаған орта, еңбек пен
әлеуметтік факторлар жағдайында ғылыми тұжырым тудыру;
- Ағзалар мен организм жүйелерінің қалыпты құрылысы мен функциясы
туралы білімді салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін қолдану;
- Адам денесінің ағзалары мен мәйітке биологиялық материал ретінде
құрметпен және ұқыптылықпен қарау;
2.4 Оқудың соңғы нәтижелері:
Студентке қажет:
Білу:
- анатомиялық препараттар мен оқу құралдарымен жұмыс істеуді;
-қаңқа сүйектерінің ерекше айырмашылығын;
-сүйектер қосылысының түрлерін, буындар жіктелуі мен биомеханикасын;
- бұлшықеттер анатомиясын, жіктелуі мен функциясын;
-асқорыту, тыныс алу, жүрек-тамырлар және несеп-жыныс жүйелері анатомиясын, олардың құрылысының ерекшеліктерін;
- жұлын мен ми құрылысын;
- сезім ағзалары анатомиясын;
-жұлын мен нервтерінің қалыптасуы мен функциясын, олардың нервтендіру аймақтарын;
- қан айналым және лимфа жүйесі анатомиясын;
- эндокриндік бездер құрылысын, функциясын;
-бас пен мойын, тұлға мен қол-аяқтың тері жамылғысы құрылысының ерекшеліктерін;
-ағзалар мен организм жүйелерінің жасқа байланысты құрылыс ерекшеліктерін;
-латынша халықаралық анатомиялық номенклатураны (терминдерді) білу
Істей білу:
- Жасқа байланысты бассүйек, тұлға және қол-аяқ сүйектерінің айрықша ерекшелігін анықтау;
- Анатомиялық препараттан сүйектер қосылысының құрылымдық элементтерін табу;
- Мәйіттен бас, тұлға, қол-аяқ бұлшықеттерін көрсету;
- Бас, мойын, кеуде мен құрсақ қусы және кіші жамбас астауы органдарын табу;
- Жұлын мен мидың бөліктерін көрсету;
- Жұлын мен бассүйек нервтерін көрсету;
- Мәйіттен бас, мойын, кеуде, құрсақ, кіші астау және қол-аяқ тамырларын табу;
2.5 Пәннің пререквизитері – биология, адам анатомиясының мектеп бағдарламасы.
2.5 Пәннің постреквизиттері – патологиялық анатомия, патологиялық физиология, клиникалық медицинаға кіріспе, жалпы гигиена.
Дата добавления: 2015-10-24; просмотров: 140 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Кафедра меңгерушісі проф. м.ғ.д. _______________Ә.Б. Әубәкіров | | | Практикалық сабақтардың тақырыптық жоспары |