Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Румбалар және олардың дирекциондық бұрышпен байланысы

Читайте также:
  1. A) Құқықтық позициясын ұстануға тараптардың мүмкіндігі және міндеті
  2. Android ОЖ және Android қосымшалардың жұмыс істеу приципі
  3. B) дәлелдеу құралдары мен тәсілдерін таңдаудағы еріктілігі және өзіндігі
  4. B) Талапкер және оның өкілі
  5. C) егерде іс бойынша талапкер бірнеше рет сот мәжілісіне келмеген жағдайда және жауапкер іс бойнша қарастыруды оған қарсылық білдірмесе
  6. C) сот және іске қатысушы тұлғалар
  7. D) Кассациялық және қадағалау инстанцияларында

Геодезиялық өлшеулерді өңдеу кезінде сызықтардың бағытын сүйір бұрыш арқылы анықтауға тура келеді. Бұл жағдайда румбалар қолданылады. Осьтік меридианның жақын бағытынан екі жаққа қарай бір нақты сызыққа дейін есептелетін сүйір бұрыш румба деп аталады.


Румбалар 0°-тан 90°-қа дейін өзгереді және әрбір ширектегі шамасы бірдей болуы мүмкін. Бағытты бір мәнде анықтау үшін румбаның сандық мәнінің алдында ширектің аты көрсетіледі. Мысалы: СШ (солтүстік-шығыс), ОШ (оңтүс-тік-шығыс), ОБ (оңтүстік-батыс), СБ (солтүстік-батыс).

13-суреттен әрбір ширекте румбалар мен дирекциондық бұрыштар арасында мынадай байланыс болатынын көреміз.

 

 

Iширек (СШ) г= ; IIширек (ОШ) г2=180°— ;

III ширек (ОБ) г3= 3—180°; IV ширек (СБ) г4=360о 4.

Мысалы, дирекциондық бұрыш а=230°10' делік. Алдымен осы бағыттың қай ширекте жатқанын анықтаймыз, яғни Ш ширек (ОБ)! Содан кейін румбаны табамыз: г=236°10'—180°= =50°10'.

 

Келесі сызықтардың дирекциондық бұрышын анықтау

Егер 1—2 сызықтың дирекциондық бұрышы (аі_2) белгілі

және жүрістің сол жағында жатқан горизонталь бұрышы рс өлшенген болса, онда теодолит жүрісінің.келесі 2—3 қабырғасының а2-3 дирекциондық бұрышы былай анықталады. 14-суреттен


мұндағы ф= ( с—180°); Ендеше,

 


Егер полигондағы жүрістің оң жағындағы жатқан горизонталь бұрыш ( о) белгілі болса, онда 2-3 дирекциондық бұрыш былай табылады: мұнда =180°— 0.

Енді мәнін (15) теңдікке

қойып, мынаны табамыз: |

Полигонның кез келген дирекциондық бұрышын анықтау үшін табылған (14) және(16) формулаларын пайдаланып былай жазуға болады.

 

Азимут [1] (арабша ас-сумут — жол, бағыт) — бақылау нүктесінен өтетін меридиан жазықтығы мен сол нүктені қиятын бағыттың вертикал жазықтығы арасындағы қос қырлы бұрыш. Ол меридианның солтүстік ұшынан сағат тілінің қозғалысымен 0о-тан 360о-қа дейін өлшенеді. Бастапқы бағыттағы меридиан түріне байланысты нағыз (шын) Азимут және магниттік азимут болып бөлінеді. Нағыз (шын) азимут — аспан шырағының бағыты мен жердегі объектіге бағытталған сызықтың арасындағы горизонталь бұрыш. Ол буссоль (компас) арқылы өлшенеді. Магниттік азимут — магниттік меридианның солтүстік ұшынан сағат тілінің қозғалысымен берілген сызықтың бағытына дейінгі есептелінетін бұрыш. Бір сызықтың нағыз (шын) азимуты мен магниттік Азимутының шамалары бірдей болмайды, себебі Жердің магнит өрісінің әсеріне байланысты тіліауытқып отырады.

Бағыт азимут градуспен
Солтүстік 0° или 360°
солтүстік-шығыс 45°
Шығыс 90°
оңтүстік-шығыс 135°
Оңтүстік 180°
оңтүстік-батыс 225°
Батыс 270°
солтүстік-батыс 315°

 

 

Азимут - жер нысандарының немесе аспан шырақтарының азимуты — байқаудың берілген нүктесі меридианының жазығы мен осы нүкте және жер нысаны арқылы өтетін тік (вертикаль) жазықтық арасындағы бұрыш. Астрономиялық және геодезиялықазимут деп бөлінеді. [2]

Азимуттық анықтау (арабша - жол, бағыт) — нүкте меридианының солтүстік жағынан шығысқа қарай (0°-тан 360°-қа дейін) сағат тілінің бағытымен анықталады. Жергілікті жерде азимут бұрыш өлшегіш аспаптар (теодолит, буссоль және тағы да басқалары) арқылы өлшенеді.

 

  Күн-ай/Уақыт Нобай Өлшемдері Қатысушы Пікір
ағымдағы 16:00, 2010 ж. мамырдың 13 1760 × 1408(59 КБ) Admtool Изменена плоскость
  19:30, 2010 ж. мамырдың 12 1596 × 1056(33 КБ) Admtool Уменьшено разрешение
  19:10, 2010 ж. мамырдың 12 6836 × 4812(196 КБ) Admtool {{Information |Description={{ru|1=Рисунок поясняющий определение астрономического азимута}} |Source=Самостоятельная работа |Author=admtool@yandex.ru |Date=12.05.2010 |Permission= |oth

 

Азимуттық проекциялар - координаталардың сфералық жүйесінің альмукантараттарын концентрлік шеңберлермен, ал вертикальдарды осы шеңберлердің орталығынан шығатын түзулермен бейнелейтін картографиялық проекциялау; проекциядағы вертикальдардың арасындағы бұрыштар табиғи көріністегі тиісті бұрыштарға тең. Координаталардың сфералық жүйесі полюсінің калпы бойынша азимуттық проекциялар қалыпты, көлденең және қиғаш болып бөлінеді. Қалыпты Азимуттық проекциялардапараллельдер мен меридиандар концентрлік шеңберлер мен түзулер түрінде бейнеленеді. Бұрмаланулар сипаты бойынша азимуттық проекциялар әр түрлі болады. Азимуттық проекциялардың изоколдары аль-мукантараттармен сәйкес келеді, соңдықтан Азимуттық проекцияларды дөңгелек пішінді аумақтардың карталары үшін қолданылады.

Азимутындағы қалыпты қима қисығының радиусы — әдетте Ял арқылы белгіленеді және эллипсоид бетінің берілген нүктесінің геодезиялық В ендігі мен осы нүктедегі қалыпты қиманың А азимутының мынадай функциясы болып табылады: меридиан қисықтығының және В ендігі бойымен бірінші вертикальдың радиустары; — меридиандық эллипстің екінші эксцентриситетінің квадраты.

 

 


Қорытынды

Сызықтың бағытын анықтайтын бұрыштар ретiнде шын азимуттар, магниттiк азимуттаржәне диpeкциондық бұрыштарқызмет етедi. Осы бұрыштар бастапқы бағыттан бастап сағат тiлiнiң бағыты бойымен О°-тан 360°-қа дейiн өлшенедi. Шын азимут деп, сағат тiлiнiң бағыты бойымен бастапқы (географиялық) меридианның солтүстiк бағытынан осы белгiлi бiр алынған бағытқа дейiнгi есептелетiн горизон­таль бұрышты атайдыМагниттiк азимуттар компаспен немесе буссоль мен өлшенедi. Магниттiк азимуттан шын азимутқа көшу үшiн магнит тiлiнiң бұрылуының шамасын және атын (шығыс немесе батыс) бiлу қажет. Магиттiк азимут­ты А м анықтап және маг­ниттiк бұрылуды δ, яғни шын және магниттiк меридиандар арасындағы бұрышты бiле отырып шын азимутты (А) табуға болады: δ ш, δб - магнит тiлiнiң сәйкесiнше шығыс және батыс бұры­лулары. Жер бетiнiң әрбiр нүктесiнде магниттiк бұрылудың шамасы әр түрлi және 500 жылға жуық кезең iшiнде магнит тiлi өзiнiң орнынан шамамен 22,50-қа eкi жаққа ауытқиды. Демек, сызық­ты магниттiк меридиан бойынша бағдарлау тек қана жер бетi­нің шағын учаскелерiнiң пландарын жасаған кезде ғана қолда­нылады.Карталар мен пландарды координаталардың зоналық жүйе­сiнде жасаумен байланысты, геодезияда дирекциондық бұрыш жиi қолданылады. Дuрекцuондық бұрыш ( α ) дегенiмiз остік меридианның солтүстiк бағытынан немесе абсцисса осінің оң бағытынан сағат тiлiнiң бағыты бойымен осы бағытқа дейiн есеп­телетiн горизонталь бұрыш екендiгi шығады.

Нақты бiр нүктедегi кез келген сызықтың шын азимуты мен дирекцион­дық бұрышының арасын­дағы, айырмашылық осынау нүктедегi шын меридиан­ның зонанын. oстік ме­ридианымен жақындасуы­на тең.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Поклад Г.Г. Геодезия.- М.: Недра, 1988г

2. Глотков Г.Ф. Геодезия. М.: Стройиздат, 1979

3.Нұрпейісова М.Б. Геодезия – Алматы.: ЭВЕРО, 2005.-276б.

 


Дата добавления: 2015-09-04; просмотров: 1179 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Сызықтарды осьтік меридиан бойынша бағдарлау| Посадка кустарников

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)