Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Сызықтарды шын және магниттік меридиандар бойынша бағдарлау

Читайте также:
  1. A) Құқықтық позициясын ұстануға тараптардың мүмкіндігі және міндеті
  2. A) Алименттерді өндіріп алу туралы талаптар бойынша талап қоюшылар
  3. Android ОЖ және Android қосымшалардың жұмыс істеу приципі
  4. B) 7 күн, ал күрделі істер бойынша соттың ұйғарымы бойынша бір айға дейін ұзартылуы мүмкін
  5. B) дәлелдеу құралдары мен тәсілдерін таңдаудағы еріктілігі және өзіндігі
  6. B) жауапкердің тұрғылықты жері бойынша сотқа
  7. B) Сол мәселе туралы дау бойынша екінші рет сотқа жүгінуге жол берілмейді

 

Бағдарлау дегеніміз-сызықтың бағытын бастапқы бағыт арқылы табу. Геодезияда бастапқы бағыт ретінде меридиан пайдаланылады. Сызықтың бағытын анықтайтын бұрыштар ретінде шын азимуттар, магниттік азимуттар және дирекциондық бұрыштар қызмет етеді. Осы бұрыштар бастапқы бағыттан бастап сағат тілінің бағыты бойымен 0"-тан 360°-қа дейін өлшенеді.

Геодезиялық барлау жұмыстарын атқарған кезеде көбіне жүру маршрутын, яғни жер бетіндегі түсіру жұмыстарының бағытын бағдарлауға тура келеді. Жердегі сызықты бағдарлау дегеніміз- оның бағытын бастапқы бағыт арқылы табу. Геодезияда бастапқы бағыт ретінде меридиан пайдаланылады.

Сызықтың бағытын анықтайтын бұрыштар ретінде шын азимуттар, магниттік азимуттар және дирекциондық бұрыштар қызмет етеді.Осы бұрыштар бастапқы бағыттан бастап сағат тілінің бағыты бойымен 0°-тан 360°-қа дейін өлшенеді.

Шын азимут деп (9-сурет), сағат тілінің бағыты бойымен бастапқы (географиялық) меридианның солтүстік бағытынан осы белгілі бір алынған бағытқа дейінгі есептелетін горизонталь бұрышты атайды.

Қандай да бір АВ сызығының А нүктесінде анықталатын азимут тура азимут деп, ал В нүктесінде анықталған азимут кері азимут деп аталады. Тура және кері азимуттар арасындағы байланыс мына формуламен өрнектеледі

мұндағы ү — меридиандардық жақындасуы, яғни меридиан мен абсцисса осіне немесе осьтік меридианға параллель сызық арасында берілген нүктедегі бұрыш. Бұл бұрыштың мәні берілген нүктедегі әр зонаның осьтік меридианынан қашықтауына байланысты болады, әрі 0°-тан ±3°-қа дейін ауытқуы мумкін.

Меридиандардың жақындасуын мына формула бойынша анықтауға болады:

 

 

мұндағы l — нүктелер арқықылы өтетін меридиандар бойлығының айырмашылығы; φ —сызықтың орташа геодезиялық ендігі.

Сызықты азимут бойынша бағдарлау кезінде меридиандар жақындасуын есепке алу қажеттілігі даладағы өлшеулерді өңдеуді қиыидатады, сондықтан азимуттар көбінесе жоғары геодезияда қолданылады.

Магииттік азимут деп - сағат тілінің бағыты бойымен магниттік меридианның' солтүстік бағытынан (магнит тілінің солтүстік шетінен) белгілі бір алынған бағытқа дейін есептелетін горизонталь бұрышты атайды. Магниттік азимуттар компаспен немесе буссольмен өлшенеді.

Магниттік азимуттан шын азимутқа көшу үшін магнит тілінің бұрылуының шамасын және атын (шығыс немесе батыс) білу кажет. Магниттік азимутты Ам (10-сурет) анықтап және магниттік бұрылуды б, яғни шын және магниттік меридиандар арасындағы бұрышты біле отырып шын азимутты (Л) мына

формуланы пайдаланып табуға болады:

Егер шығыс бұрылуды оң деп, ал батыс бұрылуды теріс деп қабылдасақ, онда екі жағдайда да мынаны шығарып аламыз:

мұндағы 6Ш, бб —магнит тілінің сәйкесінше.шығыс және батыс бұрылулары.

 


Дата добавления: 2015-09-04; просмотров: 569 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Основная| Сызықтарды осьтік меридиан бойынша бағдарлау

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)