Читайте также:
|
|
Студенттің оқу жетістіктері (білімі, іскерлік, дағды мен құзіреті) төрт баллды жүйе бойынша сандық эквивалентке сәйкесетін әріптік жүйе бойынша бағаланады.
Тіркеу бөлімінің қызметі жүктелген жоғары мектеп студенттердің білімін бақылау жүйесін ұйымдастыруды, аралық аттестацияны өткізуді, қорытынды бақылауды жүргізеді.
Аралық және кезеңді бақылаудың барлық түрлерін сабақ жүргізетін оқытушы өткізеді (нақты пән бойынша білімді бағалау шарттары силлабуста берілген).
Студент әрбір семестрдің 7-ші және 14-ші аптасында әрбір оқу пәні бойынша СОӨЖ сабақтарында ауызша I-ші және II-ші рейтингті тапсырады, ал 100% оқу материалдары қамтылған қорытынды емтиханды тест түрінде (комьютерлік) тапсырады.
Сабағын белгілі себептермен жіберген студентке: ауруы (сол кезде ҚазГЗУ дәрігерінің қолымен қойылған қалалық студенттік поликлиникадан алып келген анықтамасы бойынша), ғылыми, қоғамдық-саяси, спорттық және тағы басқа шараларға қатысуы (дер кезінде ресми сұраным бойынша) университиет ректорының рұқсаты бойынша (немесе оның бұйрығы бойынша бірінші проректордан), оқытушы рейтингтік бағаға объективтi түрде жіберілген сабақтарға сабаққа қатысқандығы бойынша балл қосады. Сонымен қатар студенттің жіберген сабақтарындағы оқу материалдарын оқытушы СОӨЖ уақытында алуы тиісті.
Пән бойынша қорытынды баға екі рейтинг пен қорытынды емтихан бағаларынан тұрады.
Білім алушының оқу жетістіктерін қорытынды бақылау бойынша жақсы баға тиісті пән бойынша бекітілген кредитінің сынағына негіздеме болып табылады.
Қорытынды бақылау бойынша қанағаттарлықсыз баға алғанда немесе емтиханға белгісіз себептермен келмеган жағдайда білім алушыға тиісті пән бойынша кредиттері есепке алынбайды.
Орытынды бақылау бойынша «қанағаттанарлықсыз» деген баға алған білім алушы келесі академиялық кезең барысында (немесе) жазғы семестрде ақылы негізде берілген пәнді қайта оқуға және тапсыруға құқылы.
Егер мемлекеттік білім беру тапсырысыбойыншабілім алушы жұмыс оқу жоспары бойынша қарастырылған қажетті кредиттер санын жинай алмаған жағдайда, тиісті пәнді ақылы негізде қайта оқуына құқылы.
Аралық аттестация тәжірибенің барлық түрлері аяқталғаннан кейінгі қорытынды бақылаудан тұрады. Тәжірибе бойынша қорытынды бақылау тәжірибе жетекшісі, комиссия басшыларының бағаларын есепке ала отырып жүргізіледі. Тәжірибе бойыншы қорытынды аттестация GPA-не есептегенде және курстан курсқа көшірілгенде ескеріледі.
Мемлекеттік білім беру гранты бойынша білім алушыға аралық аттестацияның қорытындысы бойынша барлық емтихандарды «А», «А-», «В», «В-» бағаларына тапсырған жағдайда ғана шәкіртақы беріледі.
Дата добавления: 2015-09-04; просмотров: 115 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Курстарға тіркеу | | | Білім алушыны курстан курсқа көшіру үшін көшіру балы бекітіледі. |