|
Білім алушылардың пәндерді оқуы үшін жазбаны тіркеу бөлімінің қызметі жүктелген директорат проректор – директорлары ұйымдастырады. Білім алушы эдвайзердің басшылығымен пәнді таңдайды (міндетті курстарды, таңдау бойынша курстарды көрсете отырып, тіркеу нысандарын толтырады).
Тіркеу шарасы төмендегідей кезеңдерден тұрады: эдвайзермен кездесу және таңдауы бойынша оқу пәндерін талқылау; міндетті пәндер, таңдауы бойынша пәндерді көрсете отырып, тіркеу нысанын толтыру (оқыту траекториясын таңдау), курстарды тіркеу туралы келісімді растау.
Бірінші оқу жылындағы студенттер директорат бекіткен мерзімде оқытудың кредиттік технологиясы қағидаларын түсіндіру мақсатында өткізілетін бағдар беру шараларына қатысқаннан кейін тіркеу шараларын бастайды.
Қайта оқуға түскен білім алушы оқу сабақтары басталғанға дейін – 25 тамызға дейін директорат дайындаған курстың оқу жоспарының көшірмесін алады. Эдвайзерден кеңес алғаннан кейін бір апта мерзім ішінде таңдап алынған пәндерге жазылады, оқыту траекторясын таңдайды. Осылайша, білім алушының білім траекториясын белгілейтін 1 курсқа арнаған жеке оқу жоспары қалыптасады. Оқу жылы барысында жеке оқу жоспарына өзгертулерді енгізуге жол берілмейді.
Екінші және жоғары курстың білім алушылары 25 тамызға дейін өздерінің жеке оқу жоспарына кредиттердің жалпы санының 10% артық емес көлемінде өзгертулер енгізуге құқылы. Мұндай жағдайда директоратқа өзгертулері көрсетілген, бекітілген нысандағы жазбаша тапсырысты өткізеді. Екінші және келесі курстардың білім алушылары 1 мамыр мен 30 мамыр аралығында эдвайзердің кеңес беруі арқылы бекітілген нысанда келесі оқу жылына өзінің жеке оқу жоспарын құрады. Білім алушы жоспарға қолтаңбасын қояды және 1 шілдеге дейін директоратқа тапсырады.
Оқыту траекториясы төңірегінде әрбір оқу пәні бойынша ректораттың директоратпен келісілуі бойынша пәндерді оқыту үшін қажетті білім алушының минималды санын бекітіледі.
Егер келесі курсқа көшірілген білім алушы бекітілген мерзімде өзінің жеке оқу жоспарын директоратқа тапсырмаған жағдайда, сол курстың жұмыс оқу жоспары оның оқуына негіз болып қабылданады.
Дата добавления: 2015-09-04; просмотров: 82 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Кредиттік технология бойынша оқу процесiн | | | Білім алушылардың оқудағы жетістіктерін бақылау және бағалау жүйесі |