Читайте также: |
|
СИЛЛАБУС
Астана 2012
«Микроэкономика» пәні бойынша бакалавр үшін силлабус,
Мамандықтар: 050506 Экономика, 050507 Менеджмент, 050508 Есеп және аудит, 050509 Қаржы
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті.
1) Доғалов Амангелді Нажмиденұлы, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, «Экономикалық теория» кафедрасының доценті.
Байланыс ақпараты: ж/т: 35-38-06 (ішкі 55-01).;
Ғылыми бағыты мен қызығушылығы: Кластерлік экономиканы қалыптастыру және дамыту (құрылыс материалдары өндірісінің негізінде). Қазақстан экономикасының қазіргі макроэкономикалық мәселелері.
Ғылыми мектебі: Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті.
Микроэкономика. Код: Mik 1202, 1203. Кредиттер саны – 2, 3.
Оқу пәнінің өткізілу уақыты мен орны: 2-семестр; сабақ кестесіне сәйкес.
4) Оқу пәнінің пререквизиттері: Философия, Экономикалық теория, Экономикалық ілімдер тарихы, Қазақстанның экономикалық тарихы, Жоғары математика, т.б.
Оқу пәнінің постреквизиттері: Макроэкономика,Экономиканы мемлекеттік реттеу, Экономикалық саясат, Мемлекет және бизнес, Ақпараттық экономика, Экономикалық-математикалық әдістер, Кәсіпорын экономикасы, т.б.
Оқу пәнiнiң сипаттамасы.
5.1 Оқу пәнiнiң бағыты: «Микроэкономика» жоғары оқу орындарының экономика факультетінің барлық мамандықтары үшін оқытылатын міндетті пән. Қазақстан бүгінгі таңда әлеуметтік-экономикалық жаңару мен саяси демократияландырудың жаңа кезеңіне қадам басқалы тұр. Индустриалдық-инновациялық стратегияны іске асыру үшін қазiргi кезеңде Қазақстан экономикасы үшiн бiлiктi мамандар қажет. Микроэкономика пәнiн оқытудағы ең басты бағыты ол студентердiң кәсiби деңгейi жоғары болуын қамтамасыз ету, нарықтық экономиканың тетiктерiн терең түсiндiру, оны iс жүзiнде қолдана бiлуге үйрету. Сол себептi, әсiресе, экономика саласында жұмыс атқаратын болашақ жас мамандарға ерекше жаңа талаптар қойылады.
5.2 Оқу пәнiнiң мақсаты: студент-экономистердің теориялық базасын нарықтық жүйеде жеке субъектілердің экономикалық қатынастарын, мінез-құлықтарын, іс-әрекеттерінің заңдарын білу арқылы тиімді шешімдерді қабылдай алу үшін дайындау. Яғни, дамудың жаһандану кезеңіндегі мемлекеттің экономикалық саясатын, шекті көлемдер мен тәсілдерді, экономиканы реттестіру жолдарын теориялық және тәжірибелік әдістерді қолдану арқылы жүзеге асыру және мемлекет тарапынан нарықтық үрдістерді бақылау. Оқу пәнi студенттерді жаңаша ойлауға, олардың нарықтық көзқарасын, психологиясын қалыптастыруға тиiстi. Мұндай мамандарды дайындауда аталған курстың орны ерекше. Себебі бұл пән, танымдық және практикалық қызметтердi атқарумен қатар, басқа қолданбалы экономикалық пәндер үшiн әдіснамалық рөлi ерекше, әсіресе фирманы басқарудың теориялық негізі ретінде.
5.3 Оқу пәнiнiң мiндеттерi:
- әдістерді үйрету және таныстыру, логикалық-зерттеу аппаратын қабылдау арқылы микроэкономикалық талдау жасау;
- микроэкономикадан алған бiлiмдерiн басқа қолданбалы экономикалық пәндерде, күнделiктi тiршiлiкте қолдана бiлу;
- болашақ маманның нарықтық ортаға икемделуi және дұрыс және тиімді экономикалық шешiм қабылдауы үшiн нарықтық жүйе мен оның қызмет ету заңдылықтарын білу. Экономикалық құрылымда тиiмдi жұмыс iстеуге бағыттау.
Көрсетiлген мiндеттердi шешу үшiн микроэкономика курсының мазмұнын озық iлiмдерге сүйене отырып, Қазақстан экономикасындағы ерекшеліктерді ескере отырып оқытамыз. Сонымен қатар, оқу үрдісінде кредиттік оқу технологиясын қолдануды көздеймiз.
5.4 Оқу пәнiнiң мазмұны.
5.5 Оқу пәнін оқытудың жоспары
Дата добавления: 2015-09-05; просмотров: 168 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Окончание. | | | Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі |