Читайте также:
|
|
Телімдік стансадағы маневрлік жұмысты жедел жоспарлайтын және басқаратын маневрлік дисперчері.
Станса ішінде пойыздарды уақытылы, әрі қауіпсіз қабылдайтын және өткізетін, локомотивтерді депоға жөндететін, сонымен қатар маневрлік қозғалысты басқаратын станса кезекшісі.
ДСП-ның бұйрығы барлық қызметтегі жұмысшылар үшін міндетті болып табылады. Маневрлік жұмысты пойыз құрастырушының басқаруымен маневр бригадасы орындайды. Маневр бригадасының құрамына кіреді: пойыз құрастырушы және оның көмекшісі, маневр локомотивінің машинисті және көмекшісі, сонымен қатар белгі беруші, бағыттама қосынының кезекшісі, вагондар қозғалысы жылдамдығын реттеушілер. Ал жекеленген стансаларда бір пойыз құрастырушы.
Ауысым құрамына келесідей қызметтің жұмыскерлері кіреді: қозғалыс, жүк сигнализация және байланыс, локомотив және вагон шаруашылығы.
ДСЦ жұмыс үрдісі кезінде қамтамасыз етеді: 4-6 сағаттық кезең бойынша локомотив дисперчерімен және ДНЦ-мен бірге отырып пойыздарды жөнелту жоспарын құрастырады.
- пойыздарды құрастыру, тарату, өңдеу, өткізу, жөнелту, қабылдау бойынша ауысымдық жоспарды орындау;
- вагондар мен пойыздарды өңдеу бойынша технологиялық нормаларды орындау;
- өтпелі пойыздарды жылдам өңдеу;
- жергілікті вагондарды беру, әкету бойынша жүк пунктерін уақытылы өңдеу, жүк операцияларын орындау;
- маневр аудандарының арасында жұмысты тиімді тарату;
- маневрлік жұмысты орындау кезінде техника қауіпсіздігі және қозғалыс қауіпсіздігі талаптарын станса жұмыскерлерінің орындауын талап ету;
- бекітілген графикке сай вагондарды ағымды жөндеу жолдарын өңдеу;
- ауысым аяқталар кезде ДСЦ келесі түсетін ауысымға қалыпты жұмыс істеу үшін жағдай жасау керек; Соның ішінде:
- пойыздарды үздіксіз қабылдау үшін жолдардың бостығын қамтамасыз
ету;
- кезекті құрамды тарату үшін сұрыптау жолдарын дайындау;
- қозғалыс графигіне және жедел жоспарға сай ауысымның басында жүк
аудандарына вагондарды беру немесе құрамды дайындау.
Стансаның тәуліктік жоспарын – жол бөлімшесі өңдейді. Жоспарланған тәулік басталардан бұрын 3 сағатқа дейін стансаға жіберіледі. Тәуліктік жоспар келесідей берілгендерден тұрады:
- әрбір бағыттан стансаға қабылданатын пойыздардың жалпы саны;
- әрбір бағытқа жөнелетін пойыздардың жалпы саны;
- жылжымалы құрам түрін және жүріс бағытын көрсете отырып бос
вагондарды жөнелту бойынша тапсырма;
- маңызды жүктерді ескере отырып, тиеу-түсіру мөлшерін көрсету;
- жөнелтілген маршруттарды тиеуге тапсырма;
- тиеуге келіп түсетін бос вагондар саны.
Станса үшін жол бөлімшесімен ауысымдық тапсырмада пайдалану және жүк жұмыстарының көрсеткіштері белгіленеді.
Ауысымға берілетін станса жоспарын ДС немесе оның оырнбасары барлық көрсеткіштер бойынша тәуліктік жоспар жағдайына, ауысымға берілген жол бөлімшесінің тапсырмаға пойыздарды құрастыру жоспарына және қозғалыс графигіне жүк және пойыз туралы ақпаратқа, тиеуге берілген бос вагондарының санына, пойыздарды өңдеудегі технологиялық нормаларға, сонымен қатар арнайы алынған тапсырмаға сай құрастырады.
Ауысымдық тапсырма, жоспар ауысым босшылығына жазбаша үлгіде беріледі және кезекшілікке түскен жұмыскерлерге хабарланады.
Дата добавления: 2015-09-04; просмотров: 826 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Станса жолдары мен парктерінің мамандандырылуы | | | Ақпараттық орталық және СТО жұмысын ұйымдастыру |