Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Автор теста: сташий преподаватель Ибрагимова Акгуль Амангельдиевна 1 страница

Читайте также:
  1. 1 страница
  2. 1 страница
  3. 1 страница
  4. 1 страница
  5. 1 страница
  6. 1 страница
  7. 1 страница

Название курса: «Экономикалық теория»


 

 

  Текст вопроса/варианты ответа
    {Start  
    Экономикалық теория нені зерттейді:
$$ * шектеулі жағдайында қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатындағы игіліктерді өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну барысындағы адамдардың іс-әрекеттерін зерттейді;
$$   ұйымдық- экономикалық қатынастарды;
$$   қоғамның өндіргіш күштерін;
$$   әлеуметтік-экономикалық қатынастарды;
$$   тауар өндірісінің технологиясын.
    END}
    {Start
    Экономика ғылымының зерттеу әдісіне жатады:
$$   тәжірибелік бақылау.
$$   нақты мәліметтердің жиынтығы;
$$   пәннің құрылымы;
$$   ғалымның дүниетанымдық ұстанымдары;
$$ * барлық танып-білу әдістерінің оңтайлы қолданымы;
    END}
    {Start
    Дедукция деген не:
$$ * жалпы қағиданың негізінде жекені түсіндіру;
$$   жекелердің негізінде жалпы ұстанымдарды шығару;
$$   қарапайымдалған пікір;
$$   экономика үлгілерін жасау;
$$   экономиканы тарихи тұрғыдан зерттеу.
    END}
    {Start
    Синтез әдісі қалай сипатталады:
$$ * жеке элементтерді біртұтастық ретінде қосу, олардың өзара байланыстарын зерттеу;
$$   жеке қағидаларды жалпы ұстаным негізінде дәлелдеу;
$$   тәжірибе жүргізу;
$$   экономикалық процестердің моделін жасау;
$$   біртұтас жүйенің жеке элементтерін ажырату.
    END}
    {Start
    1 Экономикалық категория деген не:
$$   қарапайымдалған пікір;
$$ * өндірістік қатынастардың әртүрлі қырларын білдіретін жалпылама ұғымдар;
$$   субъективті бағалау ұғымы;
$$   себеп-салдарлық байланыстар;
$$   қалыпты пікір.
    END}
    {Start
    Төмендегі пікірлердің қайсысы дұрыс:
$$ * экономика заңдары объективті түрде ықпал жасайды, бірақ адамдар оларды зерттеп, өздерінің тәжірибелік іс-әрекетінде қолданады;
$$   экономика заңдарын адамдар белгілейді және олар адамдардың қалауына сәйкес қызмет атқарады;
$$   экономика заңдары адамдардың қалауынан тыс қызмет атқарады;
$$   экономика заңдары құқық заңдарымен бірдей;
$$   экономика заңдары субъективті түрде қызмет атқарады.
    END}
    {Start
    Экономика заңдары деген не:
$$ * экономикалық құбылыстардың ең маңызды, тұрақты байланыстары және өзара тәуелділігі;
$$   экономикалық құбылыстар туралы бірқалыпты түсінік;
$$   экономикалық құбылыстың маңызды жақтарын айқындайтын ғылыми абстракциялар;
$$   экономикалық қатынастарды және экономикалық іс-әрекеттерді реттейтін қылмыстық және азаматтық кодекстердің баптары;
$$   себеп-салдарлық қатынастар.
    END}
    {Start
    Төменде келтірілген белгілердің қайсысы экономикалық емес игілікті сипаттай алмайды:
$$   адамдардың қажеттіліктерін қанағаттандырады;
$$   өндірістің нәтижесі емес;
$$   жеткіліксіз емес, өте көп;
$$ * адамдардың қажеттіліктерін қанағаттандыра алмайды;
$$   жеткіліктіз, өте аз
    END}
    {Start
    Өндірістік қатынастар деген не:
$$ * материалдық игіліктерді өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну барысында қалыптасатын қатынастар;
$$   табиғат, материалдық және ақпарат ресурстарын пайдалану қатынастары;
$$   адамның табиғатқа қатынасы;
$$   әлеуметтік топтардың арасындағы қатынастар;
$$   әртүрлі дін өкілдерінің арасындағы қатынастар.
    END}
    {Start
    Қоғамның қарапайым өндіргіш күштеріне жатады:
$$ * өндіріс құралдары мен жұмыс күштерінің біртұтастығы;
$$   жоспарлау;
$$   өндірісті қоғамдастыру әдісі;
$$   жер,су, қазба байлық;
$$   инфрақұрылым және оның элементтері.
    END}
    {Start
    Келтірілген қатынастардың қайсысы әлеуметтік-экономикалық қатынастар үлгісіне жатады:
$$ * меншік қатынастары;
$$   экономиканы ұйымдастыру және басқару формалары;
$$   адамның табиғатқа қатынасы;
$$   еңбектің бөлінісі және біргуі;
$$   еңбек тәртібі.
    END}
    {Start
    Экономикалық теорияда негізінен келесі өндіріс факторларын бөліп көрсетеді:
$$   еңбек пен капитал;
$$ * еңбек, жер, капитал, кәсіпкерлік қабілет;
$$   табиғи ресурстар, еңбек және капитал;
$$   еңбек, капитал, ақпарат, технология;
$$   негізгі және айналмалы капитал.
    END}
    {Start
    Өндірістің мазмұны:
$$ * адамның өмір сүруіне қажетті өнімдер мен игіліктерді өндіру;
$$   өндірушілер мен тұтынушылардың байланысы;
$$   адамның жұмыс орны;
$$   игіліктерді қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін пайдалану;
$$   табиғаттың дайын өнімдерін иемдену.
    END}  
    {Start
    Ұдайы өндірістің экстенсивті түрін не сипаттайды:
$$ * бұрынғы техника негізінде өндіріске қосымша факторларды тарту;
$$   жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды жаңғарту;
$$   өндіріс пен өнімді жаңарту арқылы даму;
$$   технологияны өзгерту;
$$   өндіріс құрылымын өзгерту.
    END}  
    {Start
    Ұдайы өндірістің интенсивті түрін не сипаттайды:
$$   жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды қайта құрып, жаңарту.
$$   жаңа кәсіпорындарды салу және капитал салымдарын арттыру;
$$   капитал салымдарының өсуі;
$$   жұмыс орындарының санын көбейту негізінде даму;
$$ * жаңа технология негізінде өндіріс факторларын тиімді пайдалану арқылы өндірісті кеңейту;
    END}  
    {Start
    Аралас экономиканы не сипаттайды:
$$   ресурстарға жеке меншік, экономикалық іс-әрекетті бағыттауда нарық жүйесі мен бағаны пайдалану;
$$   мемлекеттік және жеке экономика салаларының нарық механизмі негізінде қатар өмір сүруі;
$$   әміршіл- әкімшілдік механизм негізінде экономиканы бір орталықтан жоспаралы түрде басқару;
$$ * нарық күштері мен мемлекеттің қатысу негізінде қалыптасқан экономиканың мемлекеттік және жеке секторының біртұтастығы;
$$   тұйықтану.
    END}  
    {Start
    Егер экономикалық проблемалар жартылай рынок, жартылай мемлекет арқылы шешілетін болса, онда бұл экономика:
$$ * аралас болғаны;
$$   нарықтық;
$$   дәстүрлі;
$$   әміршілдік;
$$   өтпелі.
    END}  
    {Start
    Дәстүрлі экономика үшін не сипатты емес:
$$   құқықтық заңнама негіздерінің әлсіздігі.
$$   өндіріс күштерінің төменгі даму деңгейі;
$$   өндіріс қатынастарының салт-дәстүр, тәжірибе негізінде құрылуы;
$$   натуралды өндіріс пен ұжымдық меншік формаларының үстемдігі;
$$ * ұлғаймалы ұдайы өндіріс;
    END}  
    {Start
    «Меншік» категориясы қандай экономика қатынастарын білдіреді:
$$   адамның табиғатқа қатынасын;
$$ * өндіріс факторлары мен нәтижелерін иемдену және олардан айыру қатынастарын;
$$   топ белгілері бойынша адамдар арасындағы қатынастарды;
$$   тұлғаның объектіге қатынасын;
$$   құқық алу қатынастарын.
    END}  
    {Start
    Меншіктен «айыру» деген не:
$$ * тіршілік игіліктерін, өндіріс және қаржы ресурстарын адам өзінің өмір сүруіне пайдалана алмауы;
$$   бұл табиғат өнімдерін адамнан айыру;
$$   бизнестің барлық мәселелерін басқаларға жүктеу;
$$   кәсіпорынды басқара алмау;
$$   қарызын төлеу үшін меншігінен айырылуы.
    END}  
    {Start
    Меншік экономикалық категория ретінде не болады:
$$ * тіршілік игіліктерін иемдену, айыру, иелену, пайдалану және басқару бойынша тарихи қалыптасқан адамдар арасындағы қатынастар;
$$   жеке немесе заңды тұлғаның иелігі;
$$   өндіріс факторлары мен нәтижелерін басқару әдісі;
$$   өндірісті реттеу қатынастары;
$$   айырбастау формасы.
    END}  
    {Start
    Меншіктің мазмұнын келесі қос категориялардың қайсысы ашады:
$$   мәні-көрінісі;
$$   базис- құрылым;
$$ * иемдену – айыру;
$$   себебі-салдары;
$$   субъектісі-объектісі.
    END}  
    {Start
    Иелену құқығын қалай сипаттауға болады:
$$ * игілікті толық және тікелей бақылау құқығы;
$$   заттан оның пайдалы қасиеттерін алу құқығы;
$$   заттың тағдырын шешу құқығы;
$$   игілікті мұрагерлікке беру құқығы;
$$   мұрагерлік құқығы.
    END}  
    {Start
    Пайдалану құқығы немен сипатталады:
$$ * игіліктің пайдалы қасиеттерін өзі үшін пайдалану құқығы;
$$   затты иелену құқығы;
$$   заттың пайдалы қасиеттерін алу мүмкіншілігі;
$$   игілікті шексіз иелену мүмкінішілігі;
$$   игілікті мұрагерлікке беру мүмкінішілігі.
    END}  
    {Start
    Қазақстан Республикасында Конституция бойынша меншіктің келесі түрлері бар:
$$   мемлекеттік, кооперативтік, жеке.
$$   мемлекеттік, ұжымдық, жеке-даралық;
$$   мемлекеттік, жеке, аралас;
$$   мемлекеттік, аралас, біріктірілген;
$$ * жеке және мемлекеттік;
    END}  
    {Start
    Натуралды шаруашылық үшін не сипатты емес:
$$ * еңбек бөлінісі және мамандану;
$$   ұйымдық-экономикалық қатынастар жүйесінің тұйықтылығы;
$$   өндіріс пен тұтынудың тікелей байланысы;
$$   бөлшектенбеген толық қол еңбегі;
$$   өнімді сатуға емес, тұтыну үшін өндіру.
    END}  
    {Start
    Натуралды шаруашылыққа не сипатты:
$$ * жеке шаруашылық шеңберінде өндіріс пен тұтынудың тікелей байланысы;
$$   шаруашылықтың ашық болуы;
$$   еңбек бөлінісі және мамандану;
$$   өнімді айырбас үшін өндіру;
$$   халықаралық сауда
    END}  
    {Start
    Тауарлы өндірісті не сипаттайды:
$$   еңбектің бөлінбегендігі;
$$   өндіріс пен тұтынудың тікелей байланысы;
$$   өнімнің натуралдық формада болуы;
$$ * өнімді сату үшін өндіретін шаруашылықтың ұйымдастырылған формасы;
$$   шаруашылықтың тұйықтылығы.
    END}  
    {Start
    Игіліктің құндылығы неге тәуелді емес:
$$   шекті пайдалығына
$$   оның көлеміне;
$$   қажеттіліктің түріне;
$$   оның сапасына;
$$ * оның өндірісіне жұмсалған шығынның мөлшеріне;
    END}  
    {Start
    Шекті пайдалықтың кему заңына сәйкес:
$$ * тұтынылған игіліктің саны өскен сайын, оның шекті пайдалығы кеми береді;
$$   тауарды тұтыну қажет емес;
$$   жалпы пайдалық белгілі мөлшерге дейін өседі;
$$   жалпы пайдалық теріс мәнде болуы мүмкін;
$$   жалпы пайдалық тұтынылған тауар саны өскен сайын артады.
    END}  
    {Start
    Құн заңына сәйкес:
$$   құн сұраныс пен ұсыныстың арақатынасы арқылы реттеледі;
$$   тауарлар олардың шекті пайдалықтарын салыстыру негізінде сатылады;
$$   құнды пайдалық және өндіріс шығындары реттейді;
$$ * тауарлардың өндірісі және айырбасы қоғамдық қажетті еңбек негізінде жүреді;
$$   тауар бағасы құнға тең болуы қажет.
    END}  
    {Start
    Ақша экономикалық категория ретінде не болады:
$$ * жалпы эквивалент қызметін атқарушы тауар;
$$   өзінің құнын басқа тауар арқылы білдіретін тауар;
$$   құнын алтын арқылы білдіретін тауар;
$$   алтын мен күміс (металл) ақша;
$$   тауар айырбасын қамтамасыз етуші құрал.
    END}  
    {Start
    Ақшаның қандай қызметі баға деген ұғымды анықтайды:
$$ * құн өлшемі;
$$   айналым құралы;
$$   қор жинау құралы;
$$   төлем құралы;
$$   әлемдік ақша
    END}  
    {Start
    Ақшаның қандай қызметі негізінде несиелік ақша пайда болған:
$$   айналым құралы;
$$   құн өлшемі;
$$ * төлем құралы;
$$   қор жинау құралы;
$$   әлемдік ақш
    END}  
    {Start
    Нарықты шаруашылықтың негізгі субъектілері:
$$ * үй шаруашылықтары, бизнес және үкімет;
$$   өнеркәсіп, сауда және қаржы капиталистері;
$$   жалдамалы жұмысшылар, капиталистер, жер иелері;
$$   өндіріс факторларының иелері;
$$   кәсіподақтар, кәсіпкерлердің бірлестігі, мемлекет құрылымдары.
    END}  
    {Start
    Абсолютті өтімді тауар:
$$ * қолма-қол ақша;
$$   мерзімді салымдар;
$$   бағалы қағаздар;
$$   жылжымайтын мүлік;
$$   құнды заттар.
    END}  
    {Start
    Келтірілген белгілердің қайсысы нарық механизмнің құрылымына кірмейді:
$$   бәсеке;
$$   сұраныс;
$$   ұсыныс;
$$ * жоспарлау;
$$   баға
    END}  
    {Start
    Жетілген бәсеке ұғымы қандай жағдайды білдіреді:
$$ * нарықта біртекті өнім шығаратын және бағаның қалыптасуына ықпал жасай алмайтын көптеген ұсақ фирмалардың болуы;
$$   экономика саласында әртүрлі үлгіде өнім шығаратын фирмалардың болуы;
$$   өнімді ағымдағы баға бойынша сатып алатын көптеген тұтынушылардың болуы;
$$   барша сатушылар және сатып алушылар нарық туралы ақпаратпен толық қамтамасыз етілген жағдайды;
$$   бірнеше өте ірі фирмалар үстемдігін орнатқан рынок.
    END}  
    {Start
    Олигополия – бұл:
$$   еркін бәсекелік рынок;
$$   бірнеше ірі сатып алушылардың тұратын нарықтық құрылым;
$$ * біртекті немесе әртүрлі үлгіде өнім өндіретін санаулы ірі фирмалардан тұратын нарықтық құрылым;
$$   шектеулі бәсекелік рынок;
$$   нарықтық билігі жоқ сатушылар мен сатып алушылардан тұратын рынок.
    END}  
    {Start
    Жетілген бәсекелік және монополиялық бәсекелік рыноктардың ортақ белгілері қандай:
$$   технология деңгейі өте жоғары;
$$   біртекті тауарлар сатылады;
$$   әртүрлі үлгідегі тауарлар сатылады;
$$ * рынокта көптеген сатушылар және сатып алушылар бар;
$$   әрбір фирманың жаңа өніміне абсолютті икемді сұраныс қалыптасады.
    END}  
    {Start
    Нарықты экономиканың дамуына мемлекеттің қандай жағдайда араласуы қажет болмайды:
$$ * жетілген бәсеке жағдайында;
$$   қоғамдық мүдделерді қорғауда;
$$   нарық механизімінің тиімді қызметін қамтамасыз ету үшін;
$$   жеке әлеуметтік топтардың мүддесін іске асыруда;
$$   елдің нақты экономикалық және әлеуметтік мәселелерін шешуде.
    END}  
    {Start
    Нарықта сатып алушы ретінде бір ғана кәсіпорын болса, онда бұл қандай рынок құрылымы болғаны:
$$ * монопсония;
$$   монополиялық бәсеке;
$$   олигополия;
$$   монополия;
$$   таза бәсеке.
    END}  
    {Start
    Егер бір ғана сатушы-кәсіпорын болса, онда бұл рыноктың қандай үлгісі болады:
$$ * монополия;
$$   монополиялық бәсеке;
$$   олигополия;
$$   таза бәсекелік;
$$   монопсония.
    END}  
    {Start
    Сұраныс заңы нені білдіреді:
$$   бағаның сұраныстан тәуелділігі.
$$   сұраныстың тауар бағасына тікелей тәуелді болуын;
$$   сұраныстың бағаға тәуелділігін;
$$   сұраныстың бағадан басқа факторларға тәуелділігі;
$$ * тауар бағасы мен осы тауарға деген сұраныс көлемің арасындағы кері байланысты;
    END}  
    {Start
    Сұраныс көлемінің азаюы неден болады:
$$ * бағаның өсуінен;
$$   ұсыныстың ұлғаюынан;
$$   ұсыныстың қысқаруынан;
$$   бағаның төмендеуінен;
$$   бағадан басқа факторлардан.
    END}  
    {Start
    Игіліктің қосымша даналарын тек төмендеу баға бойынша сатып өткізу мүмкіншілік қандай теориялық ұстанымды жақсы дәлелдейді:
$$ * қосымша игілік пайдалығының кему заңын;
$$   табыс әсерін;
$$   ұсыныс заңын;
$$   алмастыру әсерін;
$$   құн заңын.
    END}  
    {Start
    Егер өндіріске қажетті заттардың бағасы өскен болса, онда бұл жағдай қалай сүреттеледі:
$$   сұраныс қисығының жоғары жылжуы;
$$   сұраныс сызығының төмен жылжуы;
$$   ұсыныс сызығының оңға (төмен) қарай орнын ауыстыруы;
$$ * ұсыныс қисығының солға (жоғары) жылжуы;
$$   ұсыныс сызығы көлденең түседі.
    END}  
    {Start
    Егер нанға баға өскенде, нанды сатып өткізу көлемі азайған болса, онда бұл:
$$ * нанға деген сұраныс көлемінің қысқарғаны;
$$   нанға сұраныстың өзгергені;
$$   нанның ұсыныс көлемінің қысқаруы;
$$   сұраныс заңының бұзылуы;
$$   табыстың азаюы.
    END}  
    {Start
    Егер жазу-сызу құралына баға өсетін болса, онда:
$$ * жазу-сызу құралдарының ұсыныс мөлшері артатын болады;
$$   сұраныс өседі;
$$   бұл заттың ұсынысы кемиді;
$$   жазу-сызу құралының ұсыныс мөлшері төмендейді;
$$   сұраныс құлдырайды.
    END}  
    {Start
    Сұраныс заңына сәйкес:
$$   сұраныс қисығы қалыпты түрде оңды еңістікте болады;
$$   ұсыныс сұраныстан артқанда бағалар төмендейді;
$$   тұтынушылардың табысы өскен жағдайда, олар қалыпты түрде тауарларды көбірек сатып алады;
$$ * тауар бағасы төмендесе, онда жоспарланған сатып алу көлемі өсетін болады;
$$   сұраныс өскенде, баға көтеріледі.
    END}  
    {Start
    Тауарлар нарығы тепе-теңдік жағдайда болады, егер:
$$ * сұраныс көлемі және құрылымы ұсыныстың көлемі мен құрылымына тең болса;
$$   сатып алушылар мен сатушылар саны өзгермесе;
$$   сұраныс ұсыныстан артық болса;
$$   бағаны сатып алушылар да, сатушылар да қабылдаса;
$$   ұсыныс сұранстан артық болса
    END}  
    {Start
    Ұсыныс заңы білдіреді:
$$ * баға мен сатылушы тауар көлемінің арасындағы тікелей байланысты;
$$   баға мен сатылатын тауар көлемі арасындағы кері байланысты;
$$   бірін бірі толықтырушы және алмастырушы тауарлардың байланыстарын;
$$   әрбір тауардың икемділік шамасын;
$$   ұсыныстың ресурстар бағасына тәуелділігін.
    END}  
    {Start
    Сұраныстың баға бойынша икемділігі қандай қатынаспен сипатталады:
$$   ұсыныстың өзгерісіне сәйкес сұраныстың өзгеруі;
$$   сұраныстың өзгерісіне бағаның өзгерісі;
$$ * сұраныс көлемінің проценттік өзгерісі тауар бағасының проценттік өзгерісіне;
$$   сұраныс мөлшерінің проценттік өзгерісі тауар ұсынысының проценттік өзгерісіне;
$$   сұраныстың өзгеруіне сәйкес бағаның аздаған өзгеруі.
    END}  
    {Start
    Сұраныстың табыс бойынша икемділігін қандай қатынас сипаттайды:
$$ * табыстың проценттік өзгеруіне сәйкес сұраныс мөлшерінің проценттік өзгеруі;
$$   сұраныстың өзгеруіне сәйкес табыстың өзгеруі;
$$   төлем қабілеттілігінің табысқа қарай өзгеруі;
$$   бағаның өзгеруіне сәйкес табыстың проценттік өзгерісі;
$$   сұранысқа сәйкес бағаның өзгеруі.
    END}  
    {Start
    Сұраныс пен ұсыныс заңы:
$$   валюта нарығын реттейді;
$$   ресурстар нарығына ықпал жүргізеді;
$$   тауар нарығында әрекет жасайды;
$$   жылжымайтын мүлік нарығында қызмет етеді;
$$ * кез-келген рынокты реттейді.
    END}  
    {Start
    Қоғам дамуын өркениет тұрғысынан қарастыратын әдістеме қалай сипатталады:
$$ * жекеленген адамзат қоғамдарының материалдық және рухани құндылықтарының ерекшеліктері;
$$   материалдық игіліктерді өндіру әдісі;
$$   қоғамдық еңбек бөлінісі;
$$   қоғам дамуының сатыларын ажырату;
$$   қоғамның өндіргіш күштерінің даму деңгейі.
    END}  
    {Start
    Қоғам дамуын индустриаға дейінгі, индустриалық және постиндустриалық кезеңдерге бөлудің негізі ретінде қандай белгі алынады:
$$   өндіріс әдісінің ауысуы;
$$   өндірістік қатынастардың дамуы;
$$ * өндіргіш күштердің дамуы;
$$   меншік формасының өзгеруі;
$$   саяси құрылымдың өзгеруі.
    END}  
    {Start
    Постиндустриялық жүйе қалай сипатталады:
$$ * тиімді технологиясы бар ақпаратпен толық қамтамасыз етілген, жоғары дамыған қызмет саласы бар экономика;
$$   ауыл шаруашылығы басым және қол еңбегі үстемдік құрған экономика;
$$   машиналық өнеркәсіп өндірісіне және еңбек бөлінісіне негізделген экономика;
$$   халықтың дәстүріне, әдет ғұрпына негізделген экономика;
$$   нарықтық экономика
    END}  
    {Start
    Постиндустриялды экономиканың ЖҰӨ-де қандай өнім түрлері басым:
$$   өндіріс сферасының өнімдері;
$$   өздеу өнеркәсіп саласының;
$$   ауыл шаруашылығы мен шикізат өндіру салаларының;
$$ * қызмет көрсету салаларының;
$$   материалдық өндіріс өнімдері.

 


Дата добавления: 2015-08-27; просмотров: 293 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Мероприятия по безопасности пассажирского движения, охране труда, технике безопасности и защите окружающей среды.| Автор теста: сташий преподаватель Ибрагимова Акгуль Амангельдиевна 2 страница

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)