Читайте также: |
|
Жас ұрпаққа саналы тәрбие және сапалы білім беру деңгейі ең алдымен
мектепке дейінгі тәрбие мамандарына, олардың іс-тәжірибесінің қалыптасып,
кәсіби шеберлігінің шыңдалуына байланысты болмақ. Мектепке дейінгі
ұйымдарда баланың жеке басының дамуын қамтамасыз етуші, маңызды тәлім -
тәрбие өнегесінің бастаушысы, жарқын істердің үлгісі, бала қиялын самғатып,
арманын көкке ұмсындырушы басты тұлаға тәрбиеші. Бала тәрбиесінде
тәрбиеші жан–жақты жетілген білімді, әдістемелік шығармашылық иесі,
халықтық дәстүр, әдет ғұрыппен, салт - сана ерекшеліктерін, әлеуметтік қарым-
қатынастар түрлерін кәсіби түрде меңгеруі тиіс, әсіресе осы кәсіби біліктілік
дағдыларын шыңдау олардың тәжірибе жинақтауының ең басты негізі болып
табылады. Педагогтің кәсіби біліктілігі өз кезегінде оның жеке педагогикалық
мәдениетін көрсететін өлшем. Оған әрбір маманның жеке мәдени деңгейі,
адамгершілігі, таным түсінігі, тәрбиесі, ізденімпаздығы, зерттеушілігі т.б
жатады. Олар жаңалықтың жаршысы ретінде оқытудың тәсілдерін, озық
тәжірибелерін сараптап, үнемі шығармашылық ізденіс үстінде болуы талап
етіледі. Тәрбиешілердің рухани адамгершілік қасиеттері, психологиясы, кәсіби
даярлығы, қарым-қатынас мәдениеті қай кезеңде болсын білім саласының алғы
шарты ретінде бағаланады. Осыған сәйкес мамандарды қайта даярлау,
біліктілігін арттыру кезек күттірмейтін көкейкесті мәселе. Ол үшін тәрбиеші
педагогтардың кәсіби біліктілігін арттыруда олардың кәсіби даярлығын,
шеберлігін, педагогтардың кәсіби құзіреттілігін, мәдениетін қалыптастыруға
ықпал ету көзделеді. Мамандардың кәсіби қалыптасуы, бағыт-бағдар алуы,
балабақша өміріне бейімделуі мен машықтануы және педагогикалық интелект,
қызметтің жеке өзіндік стилі, кәсіби шеберлігінің шыңдалуы мен еңбекке
шығармашылық қабілеттері, ынта-ықыластарының арта түсуіне байланысты
болмақ. Өйткені, ынтымақтастық педагогикасы негізінде тәрбие екі жақтан:
отбасы және балабақшаның бірлескен іс-әрекетінің нәтижесі болуы тиіс.
Білім беру реформасын жүзеге асырудағы негізгі тұлға педагог болып
табылады. Мемлекеттің педагог мамандарға бағдарланған әлеуметтік
тапсырысы ең алдымен, балабақша, мектеп таңдау жағдайында өз бетімен
жауапты шешім қабылдай алатын, ынтымақтастыққа икемді, ел тағдырына
жанашырлықпен қарайтын жоғары құзыретті адамдарды қалыптастыруды
көздейді. Тәрбиеші педагогтардың кәсіби құзіреттілігін қалыптастырудың
негізгі бағыттары: мектепке дейінгі білім беру мазмұнын жаңарту –
қазақстандық білім беру жүйесін өзгертудің негізгі бөлігі болып табылады.
Алайда білім берудің сапасы мен тиімділігін арттыру міндеттері мен осы
міндеттерді жүзеге асыруда қазіргі педагог мамандардың қолынан келер
мүмкіндіктері арасындағы қарама-қайшылықтың сақталып отырғанын атап
айтуға болады. 2
Білім беру саясатындағы басым бағыттардың бірі–білім беру үдерісін
құзыретті тәсілге бағдарлау. Білім мазмұны мен оны жүзеге асыру
жолдарындағы жоғары сипатқа ие, өзгерістердің жалпы бағыты мен оны іске
асыру жолдарын қамтамасыз ететін маңызды міндеттер:
- педагогтарды білім берудің жаңа технологияларын меңгеруден, кәсіби
рөлдерді (кеңесші, топтық талдауды ұйымдастырушы, фасилитатор, тьютор)
сәйкесінше игеруден тұратын құзыретті тәсілдері аясындағы жұмыстарға
даярлау;
- педагогтарды баланың және өзінің денсаулығын сақтау технологиясымен
қамтамасыз ету;
- білім беру үдерісін барынша дараландыру жағдайындағы іс-әрекетке
даярлығын қалыптастыру;
Баланың негізгі құзыреттіліктерінің қалыптасу деңгейін бағалауға
дайындық педагогтың негізгі құзыреттіліктерінің деңгейімен тікелей
байланысты. Педагогтарды кәсіби құзіреттілігін жетілдіруде жаңа білім беру
стандартының талаптарына сәйкес даярлау қажеттілігі жалпы алғанда
педагогтың:
- жаңа білім беру стандарының мазмұны мен әдіснамасын қабылдауға;
- білім беру үдерісін бағдарламалық және әдістемелік өзгертуге;
- педагог қызметінің мақсаттары мен тәсілдерінің өзгеруіне;
- білім берудің дәстүрлі және тың нәтижелерін бағалауға мүмкіндік беретін
бағалау әрекетінің жаңа тәсілдерін қолдануға даярлығының қалыптасуын
көрсетеді. Мұнда мектепке дейінгі білім беру жүйесін ақпараттандыру
мәселесіне көңіл бөлу қажет. Ақпараттық-коммуникативтік технологияның
білім беру үдерісінің ресурсына айналуы тәрбиеші педагогтың өзіндік жұмысқа
арналған тапсырмалар жүйесін пайдалануына және түрлі педагогикалық
жағдаяттар арқылы ақпараттық-коммуникативтік технологияның
мүмкіндіктерін қолдануға бағдарлау қабілетіне тікелей байланысты. Ол АКТ
озық қолданыс деңгейінде игеруін және ақпараттық ортада тәрбиешінің өзіндік
жұмысын ұйымдастыру әдістері мен дидактикалық тәсілдерін меңгеруге
тікелей байланысты болмақ.
Кәсіби педагогикалық білім беру жүйесін жетілдіруде: жоғары және орта
кәсіби педагогикалық білім беру жүйесіндегі жаңарту бағыттарының ортасынан
ең алдымен, педагогикалық мамандар даярлаудағы ресурстарға қойылатын
талаптарды бөліп алуға болады:
- құзіреттілік-бағдарлы білім беруге көшу негізгі кәсіби құзыреттіліктерді
қалыптастыруды көздейді;
- тар мамандандырудан түлектің кәсіби белсенділігінің базасын құратын
кең профильді даярлыққа өту;
- кәсіби білім беру мен еңбек нарығы арасындағы байланысты күшейту;
Білім беру жүйесін жаңарту жағдайында кәсіби қызметтің жаңа тәсілдерін,
педагогикалық үдеріске қатысушылар арасындағы жаңа қатынас құрылымын
игерген, жан-жақты даярлығы жеткілікті маман даярлаудағы қажеттілік
туындайды. Кәсіби құзіреттердің білім беруді ақпараттандыруға байланысты3
талаптарға сәйкестігі - педагогикалық оқу орындарының түлектері соңғы
уақыттарда бастапқы қолдану дағдыларын игергенін көрсетіп жүр. Біліктілікті
арттыру жүйесі мен түрлі серіктестіктер жобалары жалпы алғанда
қызметкерлердің компьютерлік сауаттылығын қамтамасыз ету міндеттерін
орындауға көңіл бөлгендігімен, тәрбиеші педагогтар ақпараттық ортадағы
өзіндік жұмысты ұйымдастыруға дайын еместігі байқалады. Ақпараттық-
коммуникативтік технологияны қолдануға оқыту теориясы мен практикасы
педагогикалық білім берудің базалық білім мазмұнына енгізілмеген. Сондықтан,
білім беру жүйесін жаңарту жағдайында кәсіби қызметтің жаңа тәсілдерін,
педагогикалық үдеріске қатысушылар арасындағы жаңа қатынас құрылымын
игерген, жан-жақты даярлығы жеткілікті маман даярлау қажеттілігі туындайды.
Кәсіби педагогикалық білім беру мамандар даярлауға қойылатын талаптар:
Жалпы даярлығы: Тәрбиеші: негізінде философиялық және мәдени
тұжырымдар жатқан білім беру парадигмасының тұжырымдамасын білуі тиіс; -
жалпы психология негіздерін, педагогика негіздерін, іс-әрекет теориясын білуі
тиіс; мемлекеттік тілді жетік білуі тиіс; шет тілін кәсіби қажеттілігіне қарай
білуі тиіс; табиғаттың, қоғамның, адам өміріндегі өзгерістерді тұжырымдай
отырып, техникалық дамудың қарқындылығын сезінуі тиіс; ақпараттық-
коммуникативтік технологияны еркін игеруі тиіс; - оқытудың техникалық
құралдарын меңгере білуі тиіс. Кәсіби даярлығы: - жас және жеке ерекшелік
психологиясын; - педагогика тарихын; - педагогиканы; - түзету
педагогикасының негіздерін; - тәрбие теориясын; - қазақстанның қазіргі білім
беру жүйесіндегі өзгерістерді; - педагогикалық технология мен әдістеменің
мәнін ажырата білуі; - саралап оқытуды, жобалау әдістерін, денсаулық сақтай
оқыту технологиясын; - тұлғалық-бағдарлы оқыту, құзіретті бағдарлы
оқытудың академиялық, прагматикалық, құрылымдық тәсілдерін білуі; -
ақпаратты сақтау, талдау, жеткізу негіздерін білуі; қосымша білім беру бағыты
бойынша білім беру саласының мазмұнын білуі; - қосымша білім беруді іске
асыруға мүмкіндік беретін жекеленген әдіс-тәсілдерді білуі; - бағдарламаға,
оқу-әдістемелік кешенге талдау жасай білуі; сондай-ақ, дидактикалық
материалдарға, электронды тасымалдау тәсілдеріне талдау жасай білуі; -
педагогикалық зерттеу жүргізе білуі; - тренинг ұйымдастыруға және өткізуге
икемді болуға; - элективті курстың жеке бағдарламасын жасай білуі; - элективті
курстар мен қосымша білім беруге қажетті дидактикалық материалдарды
әзірлей білуі тиіс. Негізгі құзыреттіліктерді: кәсіби коммуникативтік, мәселенің
шешімін табу, ақпараттық құзыреттіліктерді игере білуі тиіс.
Білім беру мазмұнын жаңартуда инновациялық технологияларды
пайдалану арқылы тәрбиеші педагогтардың кәсіби құзіреттіліктерін
жетілдірудің басым бағыттарына тоқталамыз. Тәрбиеші педагогтің мектепке
дейінгі ұйымдарда оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыруда тікелей басшылыққа
алатын негізгі құзіреттілік түрлері: инновациялық технологияларды
пайдалана білу құзіреттілігі, құндылық түсінігі құзіреттілігі, жалпымәдени
құзіреттілігі, танымдық-тәрбиелік құзіреттілік, коммуникативтік құзіреттілік,
әлеуметтік-қызмет құзіреттілігі, жеке тұлғалық өзін-өзі жетілдіру құзіреттілігі,
ақпараттық құзіреттілік. Енді бұлардың әрқайсысына жеке тоқталамыз.4
Кәсіби құзіреттілікті жетілдірудің басым бағыттарына инновациялық
технологияларды пайдалана білу құзіреттілігі жатады. Мұнда білім беру
саласындағы жаңа технологияларды тиімді пайдалану арқылы тәрбиелеу мен
білім беру үдерісінде қарапайым ойын-зерттеу іс-әрекеті дағдыларын
қалыптастыруы, түрлі тіршілік проблемаларын немесе жағдайларын сапалы
және табысты шешу әрекетін қамтамасыз ете алуы, жеке тәжірибеге енген жан-
жақты білімі, икемділігі, дағдысы, қабілеттер жүйесі, кәсіби біліктілік деңгейін
арттыру көзделеді.
Кәсіби құзіреттілікті жетілдірудің бағыттарына танымдық-тәрбиелік
құзіреттілік жатады. Мұнда тәрбиеленушінің дербес танымдық іс-әрекеті
арнасындағы құзіреттіліктер жиынтығы: қарапайым білім мазмұнын меңгеру,
жоспарлау, талдау, танымдық-тәрбиелік әрекетке өзіндік бағалау жасай алу,
қарапайым тәжірибе жасау әдісінде–баланың өзінің шығармашылық ізденісінің
болуы. Оның негізгі құрамы–мәселені айқындау, болжам жасау және
қалыптастыру, бақылау, тәжірибе, эксперимент және осылардың негізінде
пайымдау мен қорытынды жасау. Мектеп жасына дейінгі кезеңдегі қарапайым
тәжірибе жасау, үлкендердің жүргізген зерттеулері сияқты келесі кезеңдерден
тұрады: зерттеу тақырыбын таңдау; пікірлерді іздеу және мүмкін нұсқаларды
шешу; ақпараттарды жинау; оларды талдап қорыту, зерттеу кезіндегі
ақпараттарды қорғауға дайындалу (хабарлау); қорғау;
Кәсіби құзіреттілікті жетілдіру бағыттарына жеке тұлғалық өзін-өзі
жетілдіру құзіреттілігі жатады. Бұл тәрбиешінің дене, рухани және
интеллектуалдық өзіндік дамуы, эмоционалдық тұрғыда өзін-өзі реттеу мен
жүзеге асыру тәсілдерін меңгеруіне бағытталады. Ол өз қызығушылығы мен
мүмкіндіктері арқылы өзіндік танымын, қазіргі кезеңдегі қажетті жеке тұлғалық
қасиеттерін дамытып, психологиялық сауаттылығын, ойлау мәдениеті мен
мінез-құлық мәдениетін меңгереді, сондай-ақ, бұған жеке бас гигиенасы, өз
денсаулығы мен экологиялық мәдениеті де кіреді.
Кәсіби құзіреттілікті жетілдіру бағыттарына әлеуметтік-қызмет
құзіреттілігі жатады. Бұл тәрбиешінің қоғамдық ұйымдар шеңберіндегі
(меңгеруші, тәрбиеші, дәрігер, психолог, музыка жетекшісі, ата-ана т.б. рөлін
орындау), әлеуметтік-қызмет аумағында (тұтынушы, сатып алушы, өндіруші),
отбасы қатынастары мен міндеттері көлемінде, экономика және құқық
сұрақтарында, кәсіби бағдар бойынша білімдері мен тәжірибелерін меңгеруін
көрсетеді.
Кәсіби құзіреттілікті жетілдіру бағыттарына құндылық түсінігі
құзіреттілігі жатады. Бұл тәрбиешінің білім мазмұны арқылы балаларға
құндылық бағдар беруі, қоршаған әлемді көре білуі мен түсіну қабілетін
дамытуы, өзінің ондағы рөлін сезінуі, өз іс-әрекетінің мәнділік және мақсатты
ұстанымының болуы, шешім шығара білуі. Бұл құзіреттілікті меңгерген
тәрбиеші оқу-тәрбие жұмысында өз білімі мен біліктерін жүзеге асыра білу
қабілетіне ие болады, нәтижесінде баланың жеке білімдік кеңістігі және оның
өмірлік әрекет бағдарламасы қалыптасады.
Кәсіби құзіреттілікті жетілдіру бағыттарына жалпымәдени құзіреттілігі
жатады. Мұнда тәрбиешінің таным мен жалпы адамзаттық мәдениет, ұлттық 5
мәдениет аймағындағы адамның іс-әрекет тәжірибесі, адамзат қоғамы мен жеке
халықтардың, адам өмірінің рухани-адамгершілік түсінігінің болуы
қарастырылады. Оған адам өміріндегі ғылым мен білімнің ролі, әлеуметтік
құбылыстар мен дәстүрлер, отбасы мәдениеті, олардың қоршаған әлемге әсері,
балаларға оны игертуі мен мәдени тұтастықты сезінуі.
Кәсіби құзіреттілікті жетілдіру бағыттарына ақпараттық құзіреттілік
жатады. Бұл тәрбиешінің балаларға тәрбиелеу мен білім беру үдерісі аясында,
сондай-ақ қоршаған әлем туралы ақпаратты қолдана білу дағдылары. Түрлі
нысаналар (теледидар, үнтаспа, телефон, компьютер) және ақпараттық
технологиялар (бейне, таспа, электрондық почта, Интернет т.б.) көмегімен
ізденімпаздық біліктері қалыптасып, ақпаратты талдау, саралау, сараптау,
сақтау және оны тарата білуге үйренеді. Бұл материалды талдап қорыту әдісі
арқылы жүзеге асырылады.
Кәсіби құзіреттілікті жетілдіру бағыттарына коммуникативтік құзіреттілік
жатады. Мұнда тәрбиешінің тілдерді білуі, айналасындағы адамдармен еркін
сөйлесе алуы, топта жұмыс істей білу дағдысы, түрлі әлуметтік рольдерді
меңгеруі ескеріледі. Баланың айналасындағы адамдармен тез тіл табыса алуы,
өзін таныстыра білуі, сұраққа жауап бере алуы, әңгімеге қатыса білуі, сипаттап
айта алуы, сөйлеу мәдениетін қалыптастыра білуі т.б. қажет.
Сонымен ойымызды қорытындылай келе, тәрбиеші өзінің кәсіби
құзіреттілігін жетілдіруде мына мәселелерге: білім мазмұнын жаңарту
жолдарын анықтай алуға; бағдарлама бойынша жаңартылған білім мазмұнын
игертудегі тәрбиешілердің қызығушылықтарының болуына; қажеттіліктері,
белсенділіктері, ізденістері мен білім берудің әдістемесін толық меңгеруге;
білім, білік, дағдылардың дәрежесіне сәйкес болуын қадағалай білуге;
тәрбиешінің білім мазмұнын жаңарту мәселесіне қатысты теориялық,
әдістемелік дайындығының жеткілікті деңгейде болуына; мақсатқа жетуге
байланысты тиімді жолдарды таңдай алуға; ұсынылған жаңа білім мазмұнын
игеруі және оны эмоционалдық көңіл күймен, қызығушылық пен қабылдауға;
балалармен жүргізілетін ойын, еңбек, оқу іс- әрекетінің міндеттерін жүзеге
асыруға, талдау жасауға, түзету жұмыстарын жүргізе білуге ықпал ете алуға;
шығармашылықпен болжам жасай білуге, нәтижеге жетуге ұмтылысының
болуына баса назар аударуы қажет деп ойлаймыз.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Вознюк Н.Ю. Системный анализ обновления педагогического процесса в
дошкольном учреждении: Сочи, 2002.
2. Журавлев И.К. Общественное дошкольное воспитание на современном этапе.
М., Просвещение, 1981. – с. 143.
3. Коган Е. Я. Компетентностный подход и новое качество образования. –
Самара: Профи, 2001.
4. Жұмабекова Ф.Н Мектепке дейінгі білім беру мазмұнын жаңартудың
педагогикалық - әдіснамалық негіздері.Астана. Сарыарқа. 2010. 284 б.
Мектепке дейiнгi ұйымдарда тәрбиешілердің кәсіби құзіреттілігін
жетілдірудің басым бағыттары
Дата добавления: 2015-08-20; просмотров: 508 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Оштасқанда бала қатты жылайды | | | Учебное пособие могут использовать в самостоятельной работе над собой все те, кто профессионально занимается деятельностью, связанной с общением. |