|
1. Таң қалу (екі қолдың бас бармағын көтеру).
2. Өзіңді көрсету (бір саусақпен).
3. Сәлемдесу (қолды жоғары көтеру).
4. Қорқыту (сұқ саусақпен).
5. Жеңіс! (екі қолды жоғары көтеру).
Менің елім
1. Қай елде тұрасыңдар?
2. Қазақстанның қандай қалаларын білесіңдер?
3. Біздің қаламызда немесе ауылда қандай көшелер бар?
4. Сен қай көшеде тұрасың?
5. Ел, жер, Отан туралы қандай мақал-мәтел білесің?
Сөз моншақтар
Жүргізуші балаларға бір сөз айтады, ол сөздің басында қандай әріп есітілетінін сұрайды. Соңғы әріпке сәйкес келесі сөз ойлап оны бала жалғастырады. Осылайша «жіпке тізген моншақтай» сөз моншақтарын тізіп айтуға жаттығады. Қай бала көп сөзді есінде сақтап, көп сөз ойласа, сол бала жеңіске жетеді, ол жаңа сөзді өзі бастап ойынды жүргізеді
ТЕРАПИЯ ТҮРЛЕРІ
АРТ-ТЕРАПИЯ сы туралы түсінік. Психотерапияның маңызды салаларының бірі қазіргі таңда арт-терапия болып табылады. Арт-терапия даму үстіндегі психотерапиялық әдістердің жаңа түрі болып табылады. Аталған терапияның түрі қазіргі таңда үлкен жетістіктерге ие. Алғашқы Арт-терапия түсінігі енгізілген кезде оны тек сырқат, ауру, немесе демалыс үйіндегі емделушілерге ғана қолданған болса, қазіргі кезде оның қолданыс аясы, шеңбері кеңеюде. Яғни бұл терапия адамның шығармашылық жағдайын дамытып қана қоймай, адамның бойындағы қасиеттердің мүмкіндігін түсініп ашуға да жағдай жасайды.
Арт терапия - бұл емдеу ғана емес, сонымен креативтің дамуы, тұлғаның дамуы мен үйлесімділігі, кез-келген жағдайды шешуге көмек.
Арт терапия бейнелік өнер арқылы жанның дамуы мен емдеудің табиғи және қолайлы әдісі. Арт-терапия терминин ғылымға 1938 жылы Адриан Хилл енгізді. Арт-терапия ағылшын тілінен аударғанда шығармашылық терапия деген ұғымды білдіреді.
Артерапия шектеусіз және психотерапияның барлық бағыттарында, педагогикада, әлеуметтік жұмыста т.б. қолданылады.Әр адам өзін, өз сезімін және өзінің жағдайын әуен, дыбыс, қимыл және сурет арқылы көрсете алады. Кейбір адамдар үшін бұл- әлемге өзі туралы өзінің шығармашыл адам екенін танытудың жалғыз ғана әдісі болып табылады.
Арт терапияның ерекшеліктері - музыкалық терапия, қозғалмалы би терапиясы, драма терапиясы, ертегі терапиясы, ойын терапиясы, қуыршақ терапиясы, гүл терапиясы, фото терапия, оригами, этнотерпия, киндер-сюрприз, құм терапиясы, артсинтез терапиясы, библиотерапиясы, маска терапиясы т.б.
Музыкалық терапия
Музыка трапиясы – бұл психотерапевтикалық әдіс. Ол жағдайын емдеу арқылы музыка әсер етеді. Мұнда музыка емдік, дәрілік зат ретінде қолданылады.
Музыканың терапевтикалық әсері бұрынғы заманнан бері белгілі. Музыка терапиясының негізгі механизмдерінің әсері әдістің әр адамға ыңғайлы әрі қолайлылығын көрсетеді.
Біріншіден, ырғақ сақталған музыка мидың бөліктеріне әсер ету арқылы оның жұмыс істеуіне көмектеседі.
Екіншіден, әр музыканың өзіндік белгілері бар. Адамның белгілі бір жағдайы мен көніл-күйімен байланыса отырып, бізге белгілі бір эмоцияның пайда болуына әсер етеді.
Бейнелеу терапиясы
Бейнелеу терапиясын қолданудың негізгі мақсаты- баланың немесе ересек адамның қандай да бір қимылды таңдауына қарамастан, баланың өзін-өзі тануына және өз әлемінде өмір сүруіне демеу беру болып табылады.
Сурет салу- ешқандай ересек адамның көмегінсіз ең күшті өзін таныту түрімен байланысты болады. Өзінің ішкі сезімі мен өзін теңестіруді көрсетуіне жол ашады. Балалардың сезімін сурет салу арқылы бейнелеу әдістері шектеусіз. Балалар бояуға қолын малып қағаз бетіне із қалдыруды жақсы көреді. Бала бояу түрін өзінің жай күйіне байланысты таңдайды. Бояудың түстері сезімнің жағдайына тең келеді.
Саусақ живописі - ешқандай құралдың көмегінсіз тек саусақпен бейнелеу. Ол үшін баланың әрбір саусағын әр түске матыру арқылы парақ бетіне әртүрлі сызықтар, нүктелер, саусақ ұшы таңбасының, алақанның көмегімен бейнелеу. Бұл әдіс артпедагогика мен арттерапияда белсенді қолданылады. Себебі баланың қателік жасаудың алдында, сәтсіздікке ұшырау алдындағы қорқынышты жеңу үшін қолданылады.
Бейнелеу терапиясының түрлері: 1.Поролон бөліктерімен сурет салу.
2.Сабынмен сурет салу.
3.Щеткамен сурет салу.
4.Майшаммен сурет салу.
Ойын терапиясы
Ойын терапиясы- арттерапияның түріне жатады. Бұл терапияның жүргізу үлкендер мен балалардың әлеуметтік және психологиялық мәселелерді жеңу үшін, жеке және эмоционалды дамуы үшін арнайы ойындар қолданады. Егер бала ойынға белсенді және бар ықыласымен қатынасса емдеу әсерлі болады.
Ойын баланың психологиялық ахуалын сақтауға, оның қоғаммен қарым-қатынасын анықтауға, ересек өмірге дайындайды. Ойын балаларға белгілі дағдыларды меңгеру үшін, сонымен қатар қарым-қатынасты, өмірге деген құлшыныстарын арттырады, эмоционалды және физиологиялық жағдайын жақсартады. Ойын психологиялық күйзелістен шығу үшін емдеудің бір тәсілі ретінде қолданылады.
Бала ойынға өз еркімен қатысып, ойыннан қуаныш рахатын көру керек. Балалардың ойын барысында эмоционалды әсерін мөлшерлеп, өзін қалай сезінетінін бақылаңыз.
1. Эмоциялық жаттығуларды қамтамасыз ету- жиналып қалған жүйкелік күшті алып және ата-аналармен балалардың өмірге деген қызығушылықтарын арттыру.
2. Күтпеген жерде болатын шабуылдан, жазалаудан, қараңғыдан, жалғыздықтан болатын қорқынышты азайту.
3. Тез шешім қабылдай білу қабілетін арттыру.
4. Топта өзін-өзі ұстау ережелерін меңгерту.
5. Ата-аналармен балалардың қарым-қатынасын жақсарту.
6. Қозғалыстағы бағыттарын және ептілікті дамыту.
Құм терапиясы
Құм терапиясы- адамға өзінің жан дүниесіндегі өз «Менін», өзін танытуға, өзіне өте маңызды,жан тебірентерлік және құпиясының ашылуына көмектеседі.
Құм терапиясы- клиенттің немесе емделушінің мәселелерін жөндеуге және бала кезінде негізгі қарама-қайшы тәртіп түрлері оған қауіпсіз түрдегі рольдік қимыл-әрекеттің түрі, бйнелеме(символика)әлемге жолдауды қолдану арқылы анықтауға көмек көрсетеді
Баланың балабақшаға бейімделуі
Ата-аналардың алдында баланы 1,5 жасқа толғаннан кейін балабақшаға орналастыру туралы сұрақ туады. Психологиялық тұрғыдан қарастыратын болсақ, мұндай батыл талап осы жастағы балаларға қолайлы кезең емес. Бұл жастағы балалар анасына ерекше жақын болады, анасының жоқтығы оған қатты әсер етеді. Балабақшадағы тәрбиешілердің қолына барғанда, олар өзіне жақсы қамқорлық жасалғанның өзінде мазасыздықты сезінеді. Баланың алғашқы белсенділігі біраз уақыттан кейін эмоционалдық және танымдық процестің тоқтап қалуына ауысады, яғни баланың психологиялық дамуына жалпы баяулайды.
Адамның белсенділігі және эмоционалдық жағдайы ерте сәбилік кезіндегі тәрбие жағдайына байланысты анықталады, ондай балалар кейін талаптылығын және белсенділігін көрсете алмайды. Эмоционалдық жағынан қарағанда үлкен алаңдаушылыққа әкеледі, ол тез үрейленгіш,көнбіс іс- әрекет және басқа жүйке белгілерімен анықталады. Сонымен өзінің тұрмыстық жағдайларын шешкен ата-аналар басқа психологиялық жағдайларға ұрынуы мүмкін.
Баланы мектепке дейінгі мекемеге орналастыру психологиялық жағынан қарағанда өткір пікір таласты болып табылады. Жалпы тәрбие туралы ой тудырушылар бұрынан байқаған, балаға сәбилік шақта отбасындағы тәрбие төте маңызды. Отбасында балаға ешқандай тәрбиемен теңестірілмейтін тәрбие беріледі. Балалар психологиясы мамандары да осындай көзқараста. Тәжірибе мектепке дейінгі жалпы тәрбиеге алаңдатушылық туғызатының көрсетеді. Әсіресе ол баланы ерте ясли-бақшаға орналастыруға қатысты.
Сәби жастағы балалардың көпшілігі өзінің өміріндегі мұндай өзгеріске нашар бейімделеді. Көптеген балалар алғашқы күндері үйренбеген ортаға мазасызданып, соңнан соң сылбыр және көп сөйлемейтін жағдайда болады.Бұл анасынан бөліну, таныс емес адамдармен кездесуі, өміріндегі барлық іс- әрекеттің өзгеруі кезіңдегі өткір эмоционалдық жағдайдың негізінде болады. Балаларда аурулардың жиі болуы байқалады. Бұл ортаның ауысқанымен түсіндіріледі. Ал негізгі себеп- ағзаның қорғаныс қабілетін тез төмендететін эмоциялық жағдай.
Отбасы жағдайы баланы ясли-бақшаға орналастыру керектігін айтса, онда баланы екі жасқа толғаннан соң ясли-бақшаға орналастыру керек. Екі жастағы балада анасына тәуелділік сақталмаған, ал таныс емес үлкендерді жатсынбайды. Сондықтан балабақшаға бейімделу кезеңі шиеленіссіз өтеді. Бірақ ол физиологиялық және жүйкесі әлсіреген балаларға қатысты емес. Ондай балаларды ясли – бақшаға орналастыру қажет емес.
Балабақшаға баланың үш жастан орналасқаныдұрыс емес деп есептелінеді. Балаға бұл жағдай тері әсер етеді. Бұл мектеп жасына дейінгі баланың психологиялық дамуының ерекшеліктерімен түсіндіріледі. Ерте сәбилік шақтағы балалар құрдастарымен қарым-қатынаста болу қажеттілігі әлі қалыптаспаған немесе әлсіз білінеді. Тіпті бірнеше бала бір уақытта ойнаған кезде де, ойын әрекеттерін бала жеке орындағанды ұнатады, яғни бұл «топпен ойын» емес, «жеке ойын».
Құрбыларымен біріккен іс-әрекетті қажет ететін мектеп жасына дейінгі баланың басты іс- әрекетінің маңыздысы сюжетті-рольдік ойын болып табылады. Отбасындағы тәрбие жағдайында баланыңқ құрбыларымен қарым-қатынас жасауы шектеулі. Балабақшада әр бала әрқашан құрбылырының ортасында болғандықтан ол олармен ойнайды, қарым-қатынаста болады және бұл оның дамуына тікелей әсер етеді. Сонымен бірге балабақшада балалардың мектепке дайындығын қалыптастыратын үздіксіз дамыту сабақтары өткізіледі. Бұл сабақтардың негізі маңыздылығының рөлі ата-ананың баланың танымдық дамуына аса көңіл бөлмегендігіне байланысты.
Сондықтан шешім қабылдай келе қоғамдық немесе отбасылық тәрбиені мектеп жасына дейінгі бала ала алады. Ата-аналар қандай жағдайда болмасын осы немесе басқа нұсқаның жағымды және жағымсыз жағдайын сезінуі керек, жоғары деңгейде бірінші және екіншісін орындауға
БАЛАҢЫЗ БАЛА БАҚШАҒА БАРСА.
Дата добавления: 2015-08-20; просмотров: 2349 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
З іс-әрекеттерін бақылау | | | Оштасқанда бала қатты жылайды |