Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Ескертулер. 1. Осы бапта азаматқа айлық есептiк көрсеткiштен жүз есе асатын сомада

Ескертулер. | Ескертулер. | Ескертулер. | Ескерту. | Ескерту. | Ескерту. 1 страница | Ескерту. 2 страница | Ескерту. 3 страница | Ескерту. 4 страница | Ескерту. 5 страница |


Читайте также:
  1. Ескертулер.
  2. Ескертулер.
  3. Ескертулер.
  4. Ескертулер.
  5. Ескертулер.

1. Осы бапта азаматқа айлық есептiк көрсеткiштен жүз есе асатын сомада келтiрiлген залал, не ұйымға немесе мемлекетке айлық есептiк көрсеткiштен мың есе асатын сомада келтiрiлген залал iрi залал деп танылады.

2. Қылмыс жасалу сәтінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген айлық есептiк көрсеткiштен мың есе асатын сомада азаматқа келтiрiлген залал, не ұйымға немесе мемлекетке айлық есептiк көрсеткiштен он мың есе асатын сомада келтiрiлген залал аса iрi залал деп танылады.

 

05.05.00 ж. № 47-II ҚР Заңымен; 25.09.03 ж. № 484-II ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2007.21.07. № 308-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2009.07.12. № 222-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 311-бап өзгертілді

311-бап. Пара алу

1. Мемлекеттік қызметтер атқаруға уәкiлеттi адамның не оған теңестiрiлген адамның өзi немесе делдал арқылы пара берушiнiң немесе оның өкiлi болған адамның пайдасына жасаған iс-әрекетi (әрекетсiздiгi) үшiн ақша, бағалы қағаздар, өзге де мүлiк, мүлiкке құқығы немесе мүлiк сипатындағы өзі немесе басқа адамдар үшін пайда түрiнде пара алуы, егер, мұндай iс-әрекет (әрекетсiздiк) мемлекеттік қызметтер атқаруға уәкiлеттi адамның не оған теңестiрiлген адамның қызметтiк өкiлеттiгiне кiретiн болса не ол қызметтiк жағдайына байланысты осындай iс-әрекетке (әрекетсiздiкке) мүмкiндiк жасаса, сол сияқты жалпы қамқоршылығы немесе қызметi бойынша жол берсе, -

жетi жүзден екi мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не бес жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айырып, мүлкi тәркiленiп немесе онсыз нақ сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Лауазымды адамның нақ сол әрекеттердi жасауы, сол сияқты заңсыз iс-әрекет (әрекетсiздiгi) үшiн пара алуы -

жеті жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айырып, мүлкi тәркiленiп үш жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, жауапты мемлекеттік лауазымды атқарушы адам жасаған әрекеттер -

жеті жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айырып, мүлкi тәркiленiп бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

4. Осы баптың бiрiншi, екiншi немесе үшiншi бөлiктерiнде көзделген әрекеттер, егер олар:

а) қорқытып алу жолымен;

б) адамдар тобы алдын ала сөз байласып немесе ұйымдасқан топ;

в) iрi мөлшерде;

г) әлденеше рет жасалса -

мүлкiн тәркiлеп жетi жылдан он екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

5. Осы баптың бірінші, екінші, үшінші немесе төртінші бөліктерінде көзделген әрекеттер, егер олар аса ірі мөлшерде жасалса, —

мүлкі тәркіленіп, он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Ескерту.

1. Бес жүз айлық есептiк көрсеткiштен асатын ақша сомасы, бағалы қағаздардың, өзге де мүлiктiң немесе мүлiктiк сипаттағы пайданың құны iрi мөлшердегi пара деп танылады.

2. Егер сыйлықтың құны екi айлық есептiк көрсеткiштен аспаса, мемлекеттік қызметтер атқаруға уәкiлеттi адамның не оған теңестiрiлген адамның бiрiншi рет сыйлық ретiнде мүлiк, мүлiкке немесе өзге мүлiктiк пайдаға құқық алуы бұрын жасалған заңды әрекетi (әрекетсiздiгi) үшiн алдын ала уағдаластық болмаған жағдайда маңызы аз екендiгiне байланысты қылмыс болып табылмайды және тәртiптiк немесе әкімшілік ретпен қудаланады.

3. Екі мың айлық есептік көрсеткіштен асатын ақша сомасы, бағалы қағаздардың, өзге де мүліктің немесе мүліктік сипаттағы пайданың құны аса ірі мөлшердегі пара болып танылады.

4. Осы Кодекстің осы бабына және 312-бабына қатысты лауазымды адамдарға осы Кодекстің 307-бабының ескертулерінде көрсетілген лауазымды адамдар, сондай-ақ шет мемлекеттердің немесе халықаралық ұйымдардың лауазымды адамдары жатады.

 

25.09.03 ж. № 484-II (бұр. ред. қара); 09.12.04 ж. № 10-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 312-бап өзгертілді; 2007.21.07. № 308-III ҚР Заңымен 312-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2009.07.04. № 149-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2009.07.12. № 222-IV Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 312-бап өзгертілді

312-бап. Пара беру

1. Мемлекеттік функцияларды атқаруға уәкілетті адамға не оған теңестірілген адамға тікелей немесе делдал арқылы пара беру —

жеті жүзден екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не екі жылға дейінгі мерзімге түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Лауазымды адамға пара беру, сол сияқты көрінеу заңсыз іс-әрекет (әрекетсіздік) жасағаны үшін пара беру —

бір мыңнан үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не нақ сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

3. Жауапты мемлекеттік лауазым атқаратын адамға пара беру —

мүлкі тәркіленіп, жеті жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айырып, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

4. Осы баптың бірінші, екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген әрекеттер, егер оларды:

а) адамдар тобы алдын ала сөз байласып немесе ұйымдасқан топ;

б) ірі мөлшерде;

в) әлденеше рет жасаса, -

мүлкі тәркіленіп жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

5. Осы баптың бірінші, екінші, үшінші немесе төртінші бөліктерінде көзделген әрекеттер, егер олар аса ірі мөлшерде жасалса, —

мүлкі тәркіленіп, он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.


Дата добавления: 2015-08-20; просмотров: 66 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Ескерту. 6 страница| Ескертулер.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)