Читайте также: |
|
1. Терроризм актісін дайындауға қатысқан адам, егер ол мемлекеттік органдарға дер кезінде ескертуімен немесе өзге тәсілмен терроризм актісін болғызбауға септігін тигізсе және егер оның іс-әрекетінде өзге қылмыс құрамы болмаса, қылмыстық жауаптылықтан босатылады.
2. Осы Кодекстің 162, 163, 166-1, 167, 171, 233, 233-1, 233-2, 233-3, 233-4, 234, 238, 239-баптарында көзделген қылмыстар террористік қылмыстар деп танылады.
ҚР 19.02.02 ж. № 295-II Заңына сәйкес 233-1 баппен толықтырылды; 2011.29.11. № 502-ІV ҚР Заңымен 233-1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
233-1-бап. Терроризмді не экстремизмді насихаттау немесе терроризм не экстремизм актісін жасауға жария түрде шақыру
1. Терроризмді не экстремизмді насихаттау немесе терроризм не экстремизм актісін жасауға жария түрде шақыру, сондай-ақ көрсетілген мазмұндағы материалдарды тарату, -
үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Адам өзінің қызметтік жағдайын пайдаланып не қоғамдық бірлестіктің басшысы бола отырып не бұқаралық ақпарат құралдарын пайдаланып жасаған не бір топ адам жасаған нақ сол әрекеттер, -
бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
ҚР 19.02.02 ж. № 295-II Заңына сәйкес 233-2 баппен толықтырылды
233-2-бап. Террористік топ құру, оған басшылық ету және оның қызметіне қатысу
1. Террористік мақсатты көздейтін қылмыстарды жасау үшін топ құру (террористік топ), сондай-ақ оған басшылық ету, -
мүлкі тәркіленіп немесе онсыз сегіз жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Террористік топтың қызметіне немесе ол жасаған терроризм актілеріне қатысу, -
мүлкі тәркіленіп немесе онсыз алты жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Адам өзінің қызметтік жағдайын пайдаланып не қоғамдық бірлестіктің басшысы бола отырып жасаған, осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген әрекеттер, -
мүлкі тәркіленіп немесе онсыз он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2005.08.07 № 67-III ҚР Заңымен 233-3-баппен толықтырылды; 2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен 233-3-бап өзгертілді (бұр. ред. қара); 2011.29.11. № 502-ІV ҚР Заңымен 233-3-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
233-3-бап. Террористік немесе экстремистік қызметті қаржыландыру және терроризмге не экстремизмге өзге де жәрдемдесу
1. Террористік немесе экстремистік қызметті жүзеге асыру үшін жеке адамға, бір топ адамға немесе террористік не экстремистік ұйымдарға көрінеу заңсыз ақша және (немесе) өзге де мүлікті, мүлікке құқықты немесе мүліктік сипаттағы пайданы беру немесе жинау, сондай-ақ сыйға тарту, айырбастау, қайырмалдықтар, демеушілік және қайырымдылық көмек, ақпараттық және өзге де қызмет түрлерін көрсету не қаржылық қызмет көрсету, -
бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Бірнеше рет жасалған нақ сол әрекеттер, -
мүлкі тәркіленіп, үш жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту.
Күш қолдану қатерімен террористік немесе экстремистік қызметті қаржыландыруды және терроризмге не экстремизмге өзге де жәрдемдесуді жүзеге асырушы және ол туралы ерікті түрде мәлімдеуші, сондай-ақ қылмыстың ашылуына немесе жолын кесуге белсенді түрде жәрдемдескен адам, егер оның іс-әрекеттерінде өзге де қылмыстың құрамы болмаса, қылмыстық жауаптылықтан босатылады.
2011.29.11. № 502-ІV ҚР Заңымен 233-4-баппен толықтырылды
233-4-бап. Террористік не экстремистік қызметті ұйымдастыру мақсатында адамдарды азғырып көндіру немесе дайындау не қаруландыру
1. Террористік не экстремистік қызметті ұйымдастыру мақсатында адамдарды азғырып көндіру немесе дайындау не қаруландыру -
мүлкі тәркіленіп, алты жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Адамның өзінің қызмет бабын пайдалана отырып немесе кәмелетке толмағандарға қатысты жасаған нақ сол әрекеттер, -
мүлкі тәркіленіп, сегіз жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
234-бап. Адамды кепiлге алу
1. Кепiлге алынған адамды босату шарты ретiнде мемлекеттi, ұйымды немесе азаматты қандай да бiр iс-әрекет жасауға немесе қандай да бiр iс-әрекет жасаудан тартынуға мәжбүр ету мақсатында адамды кепiлге немесе кепiлдiк ретiнде ұстау -
үш жылдан сегiз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Дәл сол әрекеттер:
а) адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша;
б) бiрнеше рет;
в) өмiрге немесе денсаулыққа қауiптi күш қолдана отырып;
г) қаруды немесе қару ретiнде пайдаланылатын заттарды қолдана отырып;
д) көрiнеу кәмелетке толмаған адамға қатысты;
е) айыптыға жүктілік жағдайы көрiнеу мәлiм әйелге қатысты;
ж) көпе-көрiнеу дәрменсiз күйдегi адамға қатысты;
з) екi немесе одан да көп адамға қатысты;
и) пайдакүнемдiкпен немесе жалдау арқылы жасалса -
жетi жылдан он екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген әрекеттердi, егер оларды ұйымдасқан топ жасаса не олар абайсызда адам өлiмiне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқса -
он жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. Кепiлге алынған адамды өз еркiмен немесе өкiметтiң талап етуi бойынша босатқан адам, егер оның iс-әрекеттерiнде өзге қылмыс құрамы болмаса, қылмыстық жауаптылықтан босатылады.
ҚР 16.03.01 № 163-II Заңына сәйкес 235-бап өзгертілді; 2011.29.11. № 502-ІV ҚР Заңымен 235-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
235-бап. Бір немесе бірнеше қылмыс жасау мақсатында ұйымдасқан топ құру және оны басқару, сол сияқты оған қатысу
1. Бір немесе бірнеше қылмыс жасау мақсатында ұйымдасқан топ құру, сол сияқты оны басқару -
мүлкi тәркiленiп, жеті жылдан он екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Бір немесе бірнеше қылмыс жасау мақсатында құрылған ұйымдасқан топқа қатысу, -
мүлкi тәркiленiп, бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген әрекеттердi адам өз қызмет бабын пайдалана отырып жасаса, -
мүлкi тәркiленiп, сегіз жылдан он үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Дата добавления: 2015-08-20; просмотров: 69 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Ескертулер. | | | Ескерту. |