Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Желдету

Цилиндрлі секциясын құру | Көлденен күштердің берілуі | Білік материалдың параметрлерінің берілуі | Ндірістік үй мен құрылыстар | Айналым қаражатты есептеу | Жұмысшылардың жалақы қорын есептеу | Жабдықтарды күту мен пайдаланудағы шығындарды есептеу | Зіндік құнды есептеу | Жарықтандыру. Табиғи жарықтандыру |


Читайте также:
  1. Жылуландыру, желдету және ыстық сумен қамдауға қажетті жылу шығынын анықтау

 

Желдету– артық жылуды, ылғалды, зиянды және т.б. заттарды жояды, бөлмедегі ауаның алмасуын реттейді және ұйымдастырады, сондай-ақ микроклиматтық жағдайларды жұмыс немесе қызмет ету аймағында жақсартады. Желдету жергілікті және жалпы алмасу болып табылады.

Жалпы алмасу желдетуі бөлмесіндегі зиянды буларды, газдарды, шаңды, артық ылғалды, жылуды жоюға арналған немесе бөлменің бүкіл көлеміндегі зияндылықтардың мүмкіндігінше мәніне жеткізілуін қамтамасыз етеді.

Бөлмеге бір уақытта бірнеше зиянды заттар түсуі мүмкін. Бұл уақытта ауа алмасу әр зияндылыққа есептелінген, ал жобаланатын желдету жүйесі үшін, алынған ауаның көп мөлшерін қабылдайды. Егер бөлінетін заттар адам ағзасына бір бағытта әсер етсе, онда есептелінген ауаның көлемдері ұлғаяды.

Есептелінген ауаның көлемін бөлменің жұмыс аймағына жылытылған күйде беруі керек, ал ластанған ауа – бөлменің жоғарғы аймағынан бөлінетін зияндылықтарды жояды.

Ауаның көлемі, бөлмедегі көмірқышқылдың жоюлуын талап етеді, м/сағ,

 

L = G/(x2-x1), (6.1)

 

мұндағы G – бөлмеде бөлінетін көмірқышқылдың саны, г/сағ немесе л/сағ;

x2 – ауадағы жұмыс аймағының шоғыры, г/м3 немесе л/м3;

x1 – сыртқы ауадағы көмірқышқылдың шоғыры.

Бөлмеден зиянды буларды, газдарды және шаңды жою кезіндегі ауаның саны, м/сағ,

 

L = G/(с12), (6.2)

 

мұндағы G – бөлмеде бөлінетін газдардың, булардың және шаңдардың саны, мг/сағ;

с1 – сыртқы ауадағы көрсетілген зияндылықтардың шоғыры, мг/м3;

с2 – ауадағы жұмыс аймағында газдың, будың немесе шаңның мүмкін болатын шекті шоғыры, мг/м3.

Бөлмеден артық ылғалды жою кезіндегі ауаның саны, м3/сағ,

 

L = G/р · (d2-d1), (6.3)

 

мұндағы G – бөлмеде буланатын ылғалдың саны, г/сағ;

р – бөлмедегі ауаның тығыздығы, кг/м3;

d2 – бөлмеден жойылатын ауаның ылғал құрамы, құрғақ ауа г/кг;

d1 –ауаның нақты шамасының ылғал құрамы, құрғақ ауа г/кг.

Бөлмеден артық жылуды жою кезіндегі ауаның саны, м3/сағ,

 

, (6.4)

 

мұндағы Qар – бөлмеге түсетін артық жылудың саны, Вт;

С– ауаның меншікті жылу сиымдылығы, Дж/(кг*К);

г– бөлмедегі ауаның тығыздығы, кг/м3;

tсор– сорып алу жүйесіндегі ауаның температурасы, °С;

tна– нақты ауаның температурасы, °С.

 


Дата добавления: 2015-08-20; просмотров: 144 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Кәсіпорынның экономикалық көрсеткіштері| Жыл мезгілінің жылы кезеңінде қалыптайтын цехта, жылу артығы бойынша керекті ауа алмасуды анықтау

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)