Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Сурет!!!!!!!!!!!!!!!!!

ГЛОМЕРУЛОНЕФРИТТЕР | Ағымына қарай ГН жедел ағымды, созылмалы, не тез үдейтін (қатерлі, жеделдеу) деп бөлінеді. | Гипертензия | Нефротикалық синдром | Нефротикалық синдромның патогенезі | Фокальды-сегментарлы гломерулосклероз | Тұқым қуалайтын гломерулярлық базальдық мембрананың бұзылыстары | Жедел ағымды интерстициалдық нефрит | Созылмалы интерстициалдық нефрит | Реналдық глюкозурия |


Клиникасы. 60-70% - НС-нан басталады, кейде протеинуриядан басталып, 1-2 жылда НС дамиды. 30-40%-да микрогематурия қосымша болуы мүмкін. 10-20%-да бара-бара гипертензия қосылады.

Ағымы. МН – созылмалы ауру, спонтанды ремиссия, рецидивпен сипатталады.

Емі. Мүмкіндік болса этиологиясын тауып, емдеу - ең нәтижелі ем. Патогенетикалық ем толық анық емес. Ересектерде Понтичелли әдісі – преднизолонмен және циклофосфамидті (не хлорамбуцилді) бір айдан кезек-кезек 3 рет (барлығы 6 айлық ем) беру қолданылады. Соңғы жылдары ЦсА-мен, микофенол қышқылының препараттарымен емдеу көбірек қолданылады. Балаларда көбіне екіншілік люпус-нефриттің V-типі ретінде кездеседі, ЦсА әсері жақсы.

Болжамы. Креатинин дәрежесі, шумақ фильтрациясы жылдамдығы, қан қысымы неғұрлым қалыпты болса, болжамы дұрыс болады. Емге резистенттік, бүйрек функциясы төмендеуі бүйрек жетісеушілігі дамуын тездетеді.

Мембрана-пролиферативті гломерулонефрит (МПГН)

Синонимдері – “мезангий-капиллярлық ГН”, “лобулярлық ГН”. Этиологиясы табыла бермейді, бірақ әртүрлі инфекция рөлі бар деп есептеледі, соның ішінде – вирустық гепатиттер, әсіресе – гепатит С.

Патогенезі – ЦИК арқылы дамиды. Толық анық емес.

Морфологиясы – түйіршік депозиттер базальдық мембрананың эндотелий жағынан (1-тип), кейде мембрананың ішінде (2 тип) орналасады. Мезангий матриксі өсіп, клеткалар пролиферациясы көбейеді (34-сурет).?????????

Клиникасы – нефротикалық синдром, нефриттік синдром не тек протеинурия мен гематурия болулары мүмкін. Гипокомплементемия (Сз ¯) тән.

Ем МПГН-2 типінде жақсы нәтиже бермейді. Бірақ балаларда МПГН-1типі болғанда мына ем көмек көрсетуі мүмкін: преднизолон альтернирленген (күн ара) әдіспен: 60 мг/м2/48 сағ беріледі. 2-3 айдан кейін мөлшері 50-40 мг дейін азайтыла бастайды. Осылайша (40-30 мг/м2/48 сағ) 5 жыл емделеді. Нефропротекция (АӨФи, АРБ), жалпы гипотензивті ем және гепатит инфекциясын емдеу қолданылады. Цитостатиктер (циклофосфамид) көмектеспейді, айқын клиникалық синдром болғанда циклоспорин А, ММФ және т.б. дәрілер тағайындалуы мүмкін. Бірақ олардың нәтижелілігі жайлы дәлелдер әзір жоқ.

Ағымы, болжамы қолайсыз, бірнеше жылдан кейін СБЖ-не әкеледі.

 


Дата добавления: 2015-08-17; просмотров: 105 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Тұқым қуалайтын нефротикалық синдромдар| Және Шенлейн-Генох нефриті

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)