Читайте также: |
|
1. ИУ жұмыс принципі
2. Байланысты орнату кезіндегі тежелу жүйедегі SСР санына тәуелді болады ма?
3. SСР – ға бақылау әрекетінің қалыптасуы кезінде кешігудің қандай түрлері мүмкін?
4. Абоненттің сөйлесу этапында кешігу немен анықталады
5. Интеллектуалдық қызметтің жалпы процесіндегі уақыттылық тежеу алгоритмін құру.
Глоссарий.
Қазақша | Орысша | Ағылшнша | |
Интеллектуалды желі Терминал | Интеллектуальная сеть | ||
Қызмет көрсетуді қамту | Поставщик услуг | Service Provider | |
Қызмет көрсету абоненті | Абонент услуг | Service Subscrider | |
Қызметті тұтынушы | Пользоватоль услуг | User | |
Мәлімет торабы | Узел база данных | Service Data Point |
Студенттің өздік жұмыс тақырыбы (СӨЖ)
ИС және жалпы желінің шақыруға қызмет ету моделінің салыстырмалы сипаттамасы.
[Интернет сайт]; конспект
Студенттің оқытушымен өздік жұмыс тақырыбы (СОӨЖ)
SCP есептеу жүйесінде интеллектуальді қызметке сұрауды өңдеу [ МУ]
Қолданылатын әдебиет (Н.Ә. 8.76-78 бет).
ҚАУ жанындағы АБК HAND –OUTS Электрбайланысының басқару кешендері | |
3 кредит Лекция № 14-15. АХЕ-10 қондырғы базасындағы ISDNқұру -2с Мұғалім - Нурахметова Ж.С. | 3 курс 2014-2015 оқу жылы Топ 12-РЭ и С-609-3к 13-РЭ и С-609-3к |
Бұл бөлімде әртүрлі станцияға қосылған базалық енуі (2B-D) бар екі абоненттің арасындағы байланыс сипатталады. Сөз және берілу бір уақытта В каналы бойынша беріле алады, ал сигнализация D каналы бойынша беріледі. Шақыруға қызмет етуге тартылған барлық жүйе асты және функционалды блок сипатталады:
ISDN абоненті ISDN терминалындағы В абонент номерін тереді. SETUP хабары абоненттік желі бойынша ISDN терминалынан желілік терминал (NT1) арқылы станцияға беріледі. DLB2U платасы (базалы ену үшін желілі интерфейстің функционалдық блогының аппараттық құралы) SETUP-тан хабар алады және оны уақыттық коммутаторға (TSW) жібереді. Хабарды ұстап тұратын SETUP D-каналы TSW-ғы В-каналынан ерекшеленеді және ST641 платасына бағытталады. SETUP хабарын ары қарай өңдеу үшін базаға енуге (MHBA) арналған функционалды блогы болып табылады.
Жалғануды басқару MHBA-дан хабар базалық ену (PHABA) үшін хаттаманы анализатор функционалды блогына жіберіледі. PHABA хабарды декодтайды және жеке параметрлерді анықтайды. Әрі қарай өңдеу үшін параметрлер басқа функционалды блоктарға AXE ішкі сигнал түрінде беріледі. Негізінен хабар хаттамасы дұрыс болса, онда шақыруды басқару(LICH) үшін жеке желілі интерфейс құрылады. LICH LIBA-ға В каналын құруға сигнал береді.
Жадыны тарату LICH жеке құрамдастырылған жалғағыш ISDN (CJI) қалыптастырады. Абоненттік категориядан (SC) CJI информация алады және сақтайды. CJI регистрдан (RE) жеке RE жазуды және шақыруды бақылауды өзіне қабылдауды сұрайды. Функция координаты (CLCOF) және шақыруды басқару функционалды блогы жеке регистр қалыптасқаннан кейін регистрмен сұрайды
Нөмір теру санының анализі және алынуы ISDN-ғы шақыру түрін анықтау үшін байланыс қызмет анализаторы (TECA) жұмысқа қосылады. TECA SETUP хабарынан информацияны шығарады, мысалы, қажетті теле қызмет түрі және шақыруға байланыс қызмет кодын (TSC) иемденеді. Маршрутты анализ уақытынан керекті маршрутты таңдағанға шейін салыстырмалы тексеру үшін TSC қолданылады. RE CJI-дан В номерін сұрайды. В номері туралы информация алу үшін коммутатор алдын (PREA) жібереді және одан кейін сандарды анализдеуші (DA) іске қосылады.DA-да әрбір сан жеке анализделеді және әрбір анализ шешімі RE-ге жіберіледі. (DA) RE В нөмірінің анализінің шешімі болып:
- Кездейсоқ маршрут-В абонент станциясы үшін шығыс маршрутты қамтамасыз етеді.
- Кездейсоқ тарификация- алғашқы тарификациялық анализді жібереді. Координатты тарификация функционалды блогынан сигнал жібереді. Егер тарификацияда орын болса, онда CHCOOR шақыру мониторингін (CHMON) шақыруға қосылуды бұйырады.
Маршрутты таңдау Керекті станцияға бағыт бойынша маршрут кіріс маршруты таңдалғаннан және шешім анализі алынғаннан кейін таңдалады. RA TSC-ны қолдана отырып салыстырмалы сынақ өткізуді TECA-дан сұрайды. Осыдан кейін таңдалған маршрут беру құралы мен байланыс қызметіне сәйкес келетінін анықтайды. RA-дан регистрмен шешім анализі алынғаннан кейін керекті бағытта бос желі таңдайды.
RE командасы бойынша коммутациялық өріс арқылы абоненттік енуден жалғағыш желіге дейінгі сандық ағын таңдалады. Бұл ағын регистр В станциясынан маршрутты таңдау аяқталу сигналын алғанда ғана активтеледі.
Байланысты орнатудың аяқталуы ALERT хабары регистрге В абоненті идентифицирленгенді және соңғы маршрутты таңдау болды сигналын береді. Регистр беруге жіне сөзді қосуға дайындалады. Мұнда келесі іс әрекет кіреді:
CHS-гі тарифті анализдеудің соңғы берілуі
- GSS арқылы ағынды қосу
- Хабарды бақылау CLCOF блогына беріледі
- Регистр өшіріледі.
- В абонентінің жауабынан кейін шақырылушы абонентке CONNECT хабары жіберіледі. Акустикалық сигнал беріледі, коммутациялық өрістегі канал активтеледі және хабарды тарифтеу басталады.
ISDN шақырылушы терминалына растау туралы (CONNECT ACK) хабар беріледі және В каналы қосылады. Осыдан кейін абонент бір-бірімен
сөйлесе алады. Сөйлесудің жалғасуындағы хабарды CLCOF блогы бақылайды.
Дата добавления: 2015-08-20; просмотров: 159 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Тест сұрақтары | | | МЕСТО ДИСЦИПЛИНЫ В ПРОФЕССИОНАЛЬНОЙ ПОДГОТОВКЕ ВЫПУСКНИКА |