Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Осымша деректермен жұмыс интернет жүйесі арқылы интерактивті тақтада беріледі 20 минут

Читайте также:
  1. B) баспасөзде және өзге де бұқаралық ақпарат құралдарында хабарлау арқылы
  2. VIII. ИНТЕРНЕТ-АУКЦИОНЫ. КЛАССИФИКАЦИЯ ИНТЕРНЕТ-АУКЦИОНОВ
  3. XVII. Страшные минуты.
  4. А учитель тем временем, раскритиковав кибернетику, перенес огонь своей критической артиллерии на Интернет.
  5. ақылау жұмысы. Кеден ісі. Өткен грамматикалық тақырыптарды қайталау.
  6. адание 1. Какую роль играет в данном описании Интернет? Какие функции выполняет?
  7. аждая тренировка должна длиться примерно 30 или 40 минут.

2- тапсырма

Синто дінінде әр түрлі культ­тердің ортақ сипаттары біріктіріліп, біртұтас рәсімділіктің күрделі жүйесі жасалды. Синтоистік діни табынудың негізінде Аматэрасуға дейінгі ататектен бастау алатын ата-баба культі жатыр. Адам әлемі “ками” әлемінен бөлінбеген­діктен, белгілі мағынада адамның өзі де “ками” болып табылады, сондықтан оған о дүниедегі аман қалуды іздеу жат нәрсе. Діни тазалық “камиге” және өз ата-бабаларына деген қастерлеуді, табиғатпен үйлесімді өмір сүруді, құдайылықпен рухани байланысты қажет етеді. Синтоизм этикасы өте қарапайым: иррига­ция­лық жүйелерді бұзбау, қасиетті орындарды тазалықта ұстау, жан-жануарларға қамқорлықпен қарау.

Сұрақ: Аматэрасу культінде айна, семсер және яшма тасынан жасалған әшекейлер нені бейнеленген?

 

3- тапсырма

1868 жылдың наурызында діни ритуал (әдет-ғұрып) жүйесі бірлігіне қайтып оралу және мемлекеттік істерді басқару (дін мен саясат бірлігі) туралы жарлық жарияланды. Дзингихан – “көк” және “жер” тәңірлері ісі жөніндегі басқарма қалпына келтірілді, жапон тарихының мифологиялық кезеңі император Дзимму таққа отырған – “Жапон империясының негізі қаланған б.з.б. 660 жыл” жыл санаудың бастауы деп жарияланды. Сонымен қатар, император әулетінің діни және саяси беделін көтеру үшін көне синтолық рәсімділік қайта жаңғыртылды. Император культі – тэнноизм, көп құдайлықты жалғыз “тірі құдайға” табынумен алмастырып, мем­лекеттік синтоның негізіне айналды. Тэнноизмнің теориялық негізі – ұғымдардың күрделі жүйесі “кокутай” (мағыналық аудармасы “ұлттық мән”, сөзбе-сөз “мемлекет тәні”) болды.

Сұрақ: Кокутайдың компоненттерінің мәні неде?

 

4- тапсырма

1946 жылғы жаңа жылдағы халыққа жолдауында император Хирохито шыққан тегінің құдайылығынан бас тартты. Білім беру жүйесінде прогресшіл ре­формалар жүргізілді, император культіне негізделген моральдық тәрбие тыйылды. 1947 жылғы Консти­туция император статусын өзгертіп, енді ол “мем­лекет пен ұлттық бірліктің рәмізі” деп жарияланды. Бі­рақ мемлекеттік синто түбегейлі өзгеріске ұшы­ра­мады. Тэнноизмді жаңғырту саясатының басты бағы­ты – синтоизмді мемлекеттік дінге айналдыру болды.

1946 жылы жоғарғы синто басшылығы “Син­толық храмдар ассоциациясын” (“Дзиндзя хонте”) құрды. Ол храмдарды басқарудың біртұтас орталықтандырылған жүйесін сақтап қалуға мүмкіндік берді. Ассоциацияға олардың басым бөлігі – 78 мыңнан астамы кірді. Бұл бұрын мемлекетке тиесілі болған храмдық жерлерді храм меншігіне қайтарып алуға мүмкіндік берді.

1952 жылы император сарайында болатын рәсімдер ресми мемлекеттік рәсім сипатын алды. 1959 жылы мемлекеттік акт ретінде Акихитоның (билік етуші Хирохитоның ұлы) мұрагер ретінде жариялануының және оның үйлену тойының синтолық рәсімдері жасалды. Мемлекеттік синто идеяларының нығайған кезеңі – обарай рәсімі – барлық жапон ұлтының жамандықтан тазару рәсімінің қайта жаңғыруы болды.

Сұрақ: Бұл рәсімге дін басының қатысуы нені білдіреді?

 

 


Дата добавления: 2015-08-02; просмотров: 139 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Синтоизм діні туралы жалпы түсінік беру| Иудаизм діні туралы жалпы түсінік беру

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)