Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Синтоизм діні туралы жалпы түсінік беру

Читайте также:
  1. A) ол сыйға тарту шарты деп танылмайды, оған қулықпен жасалған мәмілелер туралы заң ережелері қолданылады
  2. A) тауар жеткізілімі шарты туралы ережелер
  3. CFL тілдердің pumping туралы теоремасы.
  4. ақырып 2 Стандартизацияның жалпы түсінігі.
  5. Б) жалпы пайдалану мақсаты
  6. Білімді бағалау жалпы шкаласы
  7. втоматтардың pumping туралы теоремасы.

Сабақтың тақырыбы: Синтоизм діні

Сабақтың мақсаты: Білімділі к: Синтоизм дінінің шығу тарихы, дереккөздерге сүйене отырып, даму тарихын, бүгінгі күні синтоизм дінінің дүниежүзілік діндерде алатын орнын анықтау.

Дамытушылық: кесте жасау арқылы басты бес концепциясын түсіне отырып талдау жасау, деңгейлік тапсырмалар беру арқылы христиан дінімен салыстыру, Синтоилік храмдарды құрудың маңызын ашу.

Тәрбиелік: оқушыларды өзге діндерге деген құрметке тәрбиелеу

Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту

Сабақтың ақпараттандырылуы: интерент жүйесі, интерактивті тақта

Сабақтың әдісі – тәсілдер: түсіндіру, сұрақ- жауап, деңгейлік тапсырмалар беру, тірек схемалар

Сабаққа қажетті қосымша материал: Г Есимов «Основы религиоведение» 2003ж оқулығы, интернет материалы Нағима Байтенова Егемен Қазақстан «Синтоизм» 2006.07.14. www.egemen.kz/?act...id...

І Мотивация (ой қозғау) 2 минут

Сабақтың барысы:

А) Ұйымдастыру кезеңі

Б) Дүниежүзілік діндер тарихы тақырыбына сұрақ- жауап

ІІ Жаңа білімді беру

Синтоизм діні туралы жалпы түсінік беру

Синтоизм – бұл Жапонияның VІ-VІІ ғасырларда қалыптасқан дәстүрлі діні. “Синто” (“құдайлар жолы”) ежелден жапондықтар дәріптейтін құдайлар мен рухтар әлемін (“ками”) білдіреді. Синтоистер өздерінін діндерін күн құдай-анасы және жапон императорларының ілкі анасы саналатын Аматэрасудан бастау алады деп есептейді. Аматэрасу – синтоистік құдайлар пантеонының басты құдайы.

Синтоизм қағидалары VІ-VІІІ ғасырларға жататын басты үш дереккөзге негізделген, олар: “Кодзики”, “Нихон секи” (тарихи-жылнамалық жинақ), “Синсэн седзироку” (генеалогиялық тізімдер)

Жапон мифоллогиясында адам кейпіндегі құдайларды Идзанаки және Идзанами деп аталады. Кейде оларды Адам мен Евамен салыстырады және оларды аң алғашқы пайда болған адамдар деп есептейді. Аңыз бойынша олар көпірде тұрып найзаның ұшын мұхитқа батырады, оны қайтадан алғандағы тамшыларынан жер, құрылық пайда болады. Сөйтіп Жапон аралдары пайда болған. Олардан жел, ағаш, тау, тұман және т.б құдайлар пайда болған. Идзанами өлген соң жер асты патшалығының құдайына айналады. Идзанаки сол көзін жуғандағы тамшыдан күн құдайы Аматэрасу, ал оң көзін жуғандағы тамшыдан түн құдайы Цукуеми, ал мұрнынан тамған тамшыдан су құдайы Сусаноо пайда болған дейді.

ІІ Жаңа білімді бекіту (кері байланыс)

1- тапсырма

Синтоизм дініндегі 5 концепция (5 минут)

 


 

әлем өздігінен пайда болған, әлем жоғарғы күш арқылы емес, өздігінен

 

жер бетіндегі өмір қуатын сипаттайды

 

 

табиғат пен тарихтың бірлігі, әлемнің тірі және тірі емес деп бөлінбеуі айтылады

 

 

концепция көпқұ­дайлықты көрсетеді, себебі синто­ның өзі жергілікті табиғат культ­терінен, жергілікті, рулық және тайпалық құдайларға табынудан пайда болған.

 

 

синто жапон ұлтымен етене бай­ланысты,

 


Дата добавления: 2015-08-02; просмотров: 785 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Учение о парабиозе| Осымша деректермен жұмыс интернет жүйесі арқылы интерактивті тақтада беріледі 20 минут

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)