Читайте также: |
|
Тағамды өте ыстық немесе өте салқын күйінде жеу – зиян. Ыстық тағамның температурасы – 50-60 градус, салқын тағамдыкі 10 градустан төмен болмауы тиіс. Тағамды белгілі бір реттілікпен ішіп-жеу керек. Әдетке айналған дәстүрді бұзудың қажеті жоқ. Мәселен, түскі асты көбінесе көкөністен тұратын жеңіл тағамнан бастаған жөн.
Тамақты асықпай, майдалап шайнап жеу керек. Асқазанға әбден ұсақталып түскен тағамға ас қорытатын шырындар оңай сіңеді, демек тағам жақсы қорытылады, денеге жақсы тарайды.
Тағам мен денсаулық арасындағы байланыс
Дерттердің көпшілігі қант диабеті, қан қысымы жоғарлауы, жүрек аурулары, тіс ауруы, қатерлі ісік, ми соқпасы (инсульт және толып кету) (семіру) дұрыс және жүйелі түрде тамақтандырудан пайда болады. Теңестірілмеген тағамдарды ішуден неше түрлі ауруларды өзіне таратып алуың мүмкін.
1. Тиімді тамақтану ағзаның айналаны қоршаған сыртқы орта факторларының зиянды әсеріне қарсы тұрарылқ қасиетін дамытатын маңызды тәсілдердің бірі.
2. Теңестірілген тағамдардың ролі.
3. Тағам мөлшерінде (рационында, қалаулы өнімдерде қант,
ас түзы және «майлар өте аз болуы керек. 4 мектепте болсын, жоғары оқу орындарында оқыған кезде жақсы оқуға дем
беретін тағамдар ішу керек.
4. Ішетін тамақ жас ерекшелігіне, профессияға, істейтін жү-мыстың категорияларына қарай сөйкестелінуі тиіс. Сонда ғана денсаулық зор байлыққа айналады.
3.Тамақ ішу тәртібін сақтамаудың салдары
Тамақ ішу тәртібін жүйелі түрде сақтамау асқазан ауруларының дамуының негізін салады, ағзадағы зат алмасуының бұзылуын туындатады.Осындай ретсіз тамақтану асты көп ішу дағдыларын қалыптастырады, яғни дене салмағының артуына, ал кейде семіруге әкеп соқтырады. Әсіресе, организмі калыптасу мен қарқынды өсу деңгейінде болатын жеткіншектер дұрыс тамақтану тәртібін сақтағаны маңызды, ал мектептін немесе жоғары сыныптарындағы (қурстарындағы) сабақтарда оларға қойылатын талаптар жеткілікті жоғары. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мəліметі бойынша əлемдегі өлім-жітім себебінің 60 пайызы тікелей дұрыс тамақтанбауға байланысты. Адам тағамнан өзінің бір тәулікте жұмсайтын энергиясының мөлшеріне сай қуат алуға тиіс. Егер адам үнемі мөлшерден тыс ішіп-жесе, семіріп кетеді де, нәтижесінде қант диабетіне, атеросклерозға ұшырайды, бауырдың қызметі бұзылады, басқа да ауруларға шалдығады.
Бутерброд, бәліш, тәтті тағамдар ыстық асқа деген ағзаның қажеттілігін өтей алмайды, құрғақтай тамақ жеу де зиянды. Мектептегі,басқа да оқу мекемелеріндегі дұрыс ұйымдастырылған тамақтану оқушының үлгерімі мен жұмыс қабілеттілігінің артуына жәрдемдеседі. Мектептегі тамақтың сауықтыру әсері тәрбиелеуге мәнмен үйлестіріледі – болашақ өмірде режим сақтау әдетін баянды етеді.
Қазіргі мектептерде оқушыларды ыстық тамақпен қамтитын асханалар бар. Таңертеңгілік ас қою, тығыз болсын; түскі аста негізгі тамақ қабылданады; кешкі ас калориялығы жөнінен таңертеңгілік аспен бірдей болып ұйқыға кемі 1,5-2 сағат қалғанда ішілуі керек. Тамақты өте жәй, ұйықтар алдында қабылдау зиянды, ол ұйқыны қашырады, ас қорытуды қиындатады, май жиналуына себепші болады.Кейде үйықтар алдында бір стакан айран ішкен пайдалы. Бұл ретте кешкі ас жеңілдеу болғаны жөн.
Тамақтану режимінің маңызды элементтерінің бірі- тамақтың қайда ішілетіндігі, тазалығы т.б.Негізгі тағамдарды ішу арасында тәтті тағамдарды жемеу керек, өйткені бұлар тәбетті, ішек — асқазан жолы жұмысының ырғағын бұзады.Спортпен шүғылданған кейін, үлкен дене жүктемелерін орындағаннан кейін бірден дастарханға отыру ұсынылмайды.
Оқушылардың өздерінің белсенді көзқарасына және әсіресе тазалық белсенділерінің түсіндіру жұмыстарына сәйкес мектептегі және т.б. оұу мекемелерінде тамақтану жұмыстары дұрыс ұйымдастырылады.
Қарап отырсақ, таматанудың тәуліктік мөлшерінің 70% мектепте жүргенде, сабақ уақытына сәйкес келеді екен, сондықтан мектеп асханасынан таматану ережелері мен гигиенасын бақылау және тексеру маңызды болып табылады.
Жасөспірімдердің тамақ нәрлігі мен құрамы нормаға сай болуы керек. Бала немесе жасөспірім тәулігіне 80 – 100 гр нәруыз, 100 гр май, 380 гр көмірсу қорек ету керек. Нәруызды сүттен, дәнді – дақылдардан, еттен, көмірсуды нан, салат, картофельден, майлы заттарды май, жұмыртқа, сүттен, витаминдерді өсімдік және жануар майынан, минералды тұздар мен микроэлементтерді шай, шырын, компот және жеміс – жидек сияты заттардан алады. Дұрыс тамақтанбау салдары рак ауруына да шалдықтырады. АҚШ-та ерлер 28 есе, әйелдер 7 есе ғана ауырады екен. Үндістанда барлығы 1,2% екен. Рак ауруы тазалыққа да, астың дәмді, таза болуына да байланысты. Мысалы, суың жақта тұратын Якутия, Карелия АР-ында денені жылыту үшін ыстық тамақ, шай ішеді. Соның әсерінен рак ауруы 13-18% екен. Ал Прибалтика республикаларында 2,5%, ыстық шай ішу Орта Азия республикаларында кең тараған.
Қорытынды
Егер денсаулықты қалыптастыратын факторлар: қозғалыс белсенділігі, ауруға қарсы тұру, дұрыс тыныс алу, жүрек бұлшық еттерінің жұмысы, зат алмасу, еңбек пен демалысты ұштастыру және рационалды тамақтану десек, соңғысы бірден бір маңызды орын алып, жоғарыдағы аталған факторлардың орындалуына себепші болады.
«ЭКСПО-2017» көрмесі
Астанадағы ЕХРО-2017 Орталық Азия аймағы мен ТМД елдерінде өткізілгелі отырған алғашқы халықаралық көрме болмақ. Астанадағы ЕХРО көрмесі 3 айға - 2017 жылғы 10 маусымнан 10 қыркүйекке дейін созылады. Оған әлемнің 100-ге тарта елі және 10-ға жуық халықаралық ұйымдар қатысады деп күтілуде. Көрмеге 5 миллионнан астам адам келеді. Бұл Қазақстанның халықаралық ілгері жылжуы жолындағы үлкен қадам болмақ. ЕХРО-2017-ні өткізу елорданың, сондай-ақ тұтастай алғанда республиканың экономикалық және инфрақұрылымдық дамуын қосымша ынталандыруға қызмет ететін болады.
Елорданының және оның маңындағы аймақтардың шағын және орта бизнесінің дамуы ерекше серпін алады, ең алдымен, халыққа қызмет көрсету, қонақ үй бизнесі және ішкі туризм салаларының ұтары мол. Бұл шара елорданың көрме нысандары мен инфрақұрылымы құрылысына елеулі көлемде жеке инвестициялар тартуға, оларға қызмет көрсетуге ондаған мың жұмыс орындарын құруға, ішкі туризмді дамытуға және елге шетелдік туристер ағынын ұлғайтуға, Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік ресурстарын шоғырландыруға мүмкіндік береді.
Көрмелер нысандары құрылысына инвестициялар тартудан басқа күтілетін экономикалық тиімділік мынада: ЕХРО ауқымында салынатын нысандар болашақта Қазақстанды және оның астанасын ірі халықаралық, көрме және ақпараттық-таныстырылымдық алаң ретінде қарастыруға мүмкіндік береді.
Көрме әлемді қазақстандықтардың көпұлтты мәдениетімен, ежелгі тарихымен, өнерімен, дәстүрлерімен, қонақжайлылығымен таныстырады, әлемдік қоғамдастықтың алдында Қазақстанның туристік тартымдылығын және танымалдығын арттырады.
Елорданың мәдени дамуының да маңызы зор. ЕХРО өткізу кезінде Астанада әлемнің түпкір-түпкірінен әртүрлі мәдениеттер үні шырқалады. Көрме аумағында күн сайын концерттер, ұлттық күндер және басқа да ойын-сауық шаралары өткізіледі.
ЕХРО-2017 ірі коммерциялық емес жоба, ол аймақтың және тұтастай алғанда елдің дамуының қуатты катализаторы болмақ. Құрылысқа, туристік инфрақұрылымға, қонақ үй бизнесіне салынатын инфестициядан түсетін кірісті былай қойғанда, көрменің зияткерлік мұрасы Қазақстанды жаңа деңгейге көтеретін болады. Әсем Астананың одан әрі қарыштап өсуіне және бұрынғыдан да өршіл мақсаттарын жүзеге асыруға жаңа серпін алады. Ал қазақстандықтар өз күштеріне және өз елінің мүмкіндіктеріне тағы да көз жеткізе алады.
«ЕХРО-2017 көрмелерінде барлық мемлекеттер өздерінің таңдаулы технологиялық, ғылыми және мәдени жетістіктерін көрсетеді. Олар жаһандық дамудың жаңа күн тәртібін қалыптастырады. Мұндай шараларға барлық құрлықтардан ондаған елдерден миллиондаған адамдар келеді. Астананың бәәсекелестік күресте жеңіске жетуі - кездейсоқ емес.
Біріншіден, бұл біздің астанамызды әлемдік деңгейдегі оқиғаны қабылдауға лайықты орталық деп танығандық. Екіншіден, Астананы таңдау біздің мемлекетімізге берілген жоғары баға және оның дамуы - бүкіл еуразиялық аймақтың дамуы персективаларын атап көрсетеді. Үшіншіден, жеңіске біз ұсынған - «Болашақтың энергиясы» тақырыбының өзектілігі көмектесті. Ақырында, бастысы - Астананы таңдау бүкіл қазақстандық халықтың күш-жігерінің жемісіне айналды», - деді Мемлекет басшысы.
Астанадағы ЕХРО-2017 көрмесі ҚР елордасының үздік брендтерінің бірі және аса әдемі нысан болады.
Қазақстан көпұлтты мемлекет
Ұлтаралық қатынас көп ұлтты Қазақстан Республикасында ерекше көңіл аударуды қажет ететін мәселелер қатарына жатады. Қазақстан жерін мекендейтін халықтардыңдостық, туысқандық қарым-қатынасы, оларды біртұтас мақсатқа жетелейтін жетекші ұлттық мүдде болуы кәзіргі саясаттын маңызды бөлігіне айналды. Мұнда Түркия тәжірибесін мысал ретінде алуға болады. Кемал Ататүрік халқын біртұтас ұлттық қозғалысқа біріктіре отырып, ұлттық идеологияны қалыптастырды. Түркияның бүгінгі басшылары Ататүріктің жолын қуып, қазіргі заманға лайықты ізгілікті мақсаттарды көздейтін ұлттық мемлекетке айналған. Қазақстан да жаңа дәуірге бейімделген өзіндік жолын таңдап алды.
Кеңес Одағы ыдырар алдында елде бұрын байқалмаған толқулар күшейді. Н.Назарбаев «Ғасырлар тоғысында» кітабында: «Ең қауіптісі — олар таза ұлттық cипат ала бастады. Ұлт мәселесінің соншалық асқындауы әуелі теориялық дәрменсіздіктен етек алды», — деп жазды. Ал XX ғасырдың соңында тек Кеңестер елінде ғана емес, бүкіләлемде ауқымды ұлттық оянудың үдере бас көтеруі басталған болатын.
Тоталитарлы жүйе тұсындағы жалпы мемлекеттік саясатқа эклектизм, яғни қарама-карсы әр түрлі философиялық көзқарастарды, теориялық алғышарттарды, саяситұжырымдарды қалай болса солай дәйексіз біріктіре салу тән болды. Соның нәтижесінде ұлттарды аға мен ініге теңеу саясаты, келеңсіз көріністер орын алды. Кеңесхалқы тоталитарлық саяси әдістерімен біріккен қауым, оның мәдени негізі идеологияландырылған кеңес мәдениеті болды. Сол себепті саяси қатаң тәртіп сол әлсіреген кезде «адамдардың жаңа тарихи қауымдастығы» ыдырап кетті. Кеңес өкіметі құлағаннан кейін бұрынғы ұлт саясатындағы бір ұлтты жоғары қою арқылы, екіншілерін төмендету, екінші қатарға ысырып тастауға, империялық көңіл күйге, экстремистік әрекеттерге тосқауыл қойылды. Ұлт мәселесі «атылмаған жанартау» болудан қалып, ұлт мәселесінің ақылды, парасатты шешімдерді қажет ететіндігі мойындалды.
Бұл парасаттылықтың астарында әрбір қазақстандықтың өзін, ең алдымен, қазақстандық екендігін, сонан кейін өз ұлтының перзенті екендігін сезінгенде ғана ұлтаралыққарым-қатынастың жоғарымәдениеті қалыптасады. Сонда ғана шынайы ұлттық келісім мен шынайы саяси және қоғамдық тұрақтылыққа қол жеткізуге болады. Ол қазақстандық патриотизмге негізделуі қажет. Ұлтаралық, этностық топтар арасындағы келісім — барша азаматтың нәсіліне, ұлтына, діни сеніміне қарамастан қашанда бір-біріне көмекке келуге әзірлігі, психологиялық тұрғыдан дайындығы, достық қарым-қатынасын бейнелейді.
Қазақстанның даму, өсу, өркендеу жолындағы басым бағыттарының бірі — ұлттық келісім, ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетінің жоғары деңгейі екені даусыз.
Әрине, ұлттық келісімге келгенде, әрбір адамның азаматтық құқы сақтаулы шарт екендігі түсінікті. Сонымен қатар елдегі саяси тұрақтылықтың кепілі ретінде ұлтаралық келісіммен бірге халықтың әл-ауқатының жақсаруы да өз әсерін тигізеді.
Қазақстан Республикасындағы ұлт саясатының бағдарламасы саяси тұрақтылықтың кепілі болып қала бермек. Күллі қазақстандықтардың теңдігін қамтамасыз ету үшінәділеттік принципі мен ұлтаралық татулық санасын қалыптастыру маңызды. Осыған орай еліміздегі қазақ ұлты мен басқа этикалық топтардың мәдениетін, жан-жақты дамуын қамтамасыз етудің маңызы зор.
Қазақтар Кеңес Одағы ыдырап, көптеген ұлттық топтардың өз отанынан жырақта қалған жағдайын жақсы түсінеді. тоталитаризм жылдарында қазақтардың өзі оның зардаптарын басынан өткерді, миллиондаған қазақтар шетелге кетуге мәжбүр болып, демографиялық апатқа ұшырады. Ендеше кеңестік тоталитаризм қазақ халкының басына да орны толмас бақытсыздықтар әкелді. Әрі халқымыздың басым көпшілігі өздерін Қазақстанның азаматы ретінде танитыны айдан айқын. Сондықтан азаматтыққоғам идеяларын жалпы ұлттық идеялармен үйлестіре отырып, республикадағы азаматтық қауымдастықты қалыптастыруға әбден болады.
1999 жылғы Бүкілхалықтық санақ Қазақстан тұрғындарының құрамында саны жағынан бірінші орында қазақтар, екінші орында — орыстар, үшінші орында —украиндар, төртінші орында — өзбектер, бесінші орында — немістер және т.с.с. болғандығын көрсетті.
Қазақтар Оңтүстік Қазақстан облысында — 13 мың, Алматы облысында — 925 мың, Шығыс Қазақстан облысында — 740 мың, Жамбыл облысында — 640 мың адам. Ал орыстар Шығыс Қазақстан облысында — 700 мың, Қарағанды облысында — 610 мындай, Қостанай облысында — 430 мыңдай, Солтүстік Қазақстан облысында — 360 мыңдай, Павлодар облысында — 330 мың, Ақмола облысында — 330 мың адам орналаскан.
Украиндардың ең көбі Қостанай, Қарағанды, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарында шоғырланған. Беларустар Қостанай, Қарағанды, Ақмола облыстарына көптеп тұрақтаған. Өзбектердің көпшілігі Оңтүстік Қазақстан облысында түрады. Немістер Қарағанды, Қостанай, Ақмола, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында топтаскан. Татарлар Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар,
Солтүстік Қазақстан, Алматы, Жамбыл облыстарында көптеп мекендейді Ұйғырлардың көп бөлігі Алматы облысында, дүнгендер — Жамбылда, түріктер Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында түрады. Корейлер —Алматы облысында, Жамбыл, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан облыстарында, күрділер — Алматы мен Жамбылда, ал тәжіктер, негізінен, Оңтүстік Қазақстан облысында көп шоғырланған.
Тек 1989, 1999 жылғы санақ нәтижелері республикадағы этникалық топтардың қатарында орыстардың үлес салмағы төмендегенін көрсетті. Оған көші-қондық ағымдар, табиғи өсімнің азаюы, әлеуметтік жағдайдың нашарлауы кері әсер етті. Қазақстанға алыс және шетелдердегі қазақтардың көшіп келуі де жергілікті халықтың абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштеріне өзгерістер әкелді.
1989—1995 жылдардағы орыстардың көші-қондық кері ағымдары қарқынды жүрді, нәтижесінде барлық облыстарда олардың абсолюттік санының азаюы байқалды. Қонысаударушылардың көпшілігі 1979—1989 жылдары Оңтүстік Қазақстан, Жезказған, Батыс Қазақстан және Атырау облыстарынан шыкса, 1989—1993 жылдары Маңғыстау,Қызылорда, Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Талдықорған, Ақтөбе облыстарынан кете бастаған.
Ал Қазақстандағы жалпы демографиялық жағдайға байланысты туудың кеми түсуі мен оның табиғи өсімге әсер етуі де орын алуда. Оған төмендегідей жағдайлар: қазақтарда көп балалы отбасынан орташа отбасыларға, орыстарда орташа отбасылардан аз отбасыларға ауысу жүріп жатыр. Сонымен қатар халықтың әлеуметтік-экономикалық тұрмысының шапшаң өзгеруі, көші- конның барлық түрлері және т.б. факторлар ықпал етті. Табиғи өсімнің азайып, өлімнің көбеюін және жастыққұрылымның қартаюын 1991—1995 жылдарда туған балалардың саны кестесінен көруге болады.
Әсіресе демографиялық өсу қарқынының баяулай түсуі, негізінен, қала қала жұртының, кейіннен ауылдық жерлерде бала санының шектеле бастағанын білдіреді. Ал ұлттараралас тұратын ірі қалалар мен өндіріс орталықтарындағы халық саны ауылдан келушілер есебінен толығуда, яғни кенттену барысы жылдам жүруде. 1989 жылғы санақ қорытындысы бойынша Қазақстанның 50 қаласының 6-уында ғана қазақтар 50%-дан артады. Қалған қалаларда орыстар мен басқа ұлттар басым. Бірақ алдағы кезеңдекала тұрғындарының ішінде қазақтардың үлесі арта түспек деп күтілуде.
Ұлы Отан соғысындағы қазақстандық батырлар
Германияда өкімет басына фашистердің келуі және олардың Еуропадағы агрессияшылдық іс-әрекеттері Кеңес Одағы мен гитлерлік Германияның арасында соғыстың болмай қоймайтындығын айқын көрсетті. 1941 жылы 22 маусымда фашистік Германия өзара шабуыл жасаспау жөніндегі кеңес-герман шартын бұзып, неміс армиясы соғыс жарияламастан КСРО аумағына баса- көктеп кірді. Жер бетінде болып өткен соғыстардың ішіндегі ең қатал әрі ауыр соғыс басталды.
И. В. Сталин халыққа 1941 жылдың 3 шілдесінде радио арқылы үндеу жариялады. Оны бүкіл ел тыңдады. Қазақстан халқы соғыстың алғашқы күндерінен бастап-ақ өздерінің борышын өтеп, майдандағы армияның қатарын толықтырды. Әскери міндеттілерді әскерге алу өте қысқа мерзімде жүзеге асырылды. Тарихи әдебиеттерде бұл соғыс «Ұлы Отан соғысы» деген атқа ие болды.
1942 жылдың 1 қаңтарына дейін Қазақстанда армия қатарына 300 мыңдай, ал соғыс кезінде 1 млн 200 мыңнан артық қазақстандық әскери міндеттілер шақырылды.
Қазақстанда құрылған әскери құрамалардан алғашқылардың бірі болып 312-атқыштар дивизиясы (командирі — полковник А. Ф. Наумов, кейіннен генерал-майор) айқасқа кірісті. 312-дивизиямен бір мезгілде дерлік, солтүстік-батыс бағыттағы майданда Қазақстанда құрылған, генерал-майор И. В. Панфилов басқарған 316-дивизия езінің жауынгерлік жолын бастады. Мәскеу түбіндегі ұрыстарда қазақ халқының көптеген ұлдары ерлікпен шайқасты. Олардың ішінде Кенес Одағының Батырлары — Мәлік Ғабдуллин, Бауыржан Момышұлы, Рашид Жанғозин, Төлеген Тоқтаров, Рамазан Елебаев, Төлеуғали Елебековтер бар. Мәскеу үшін болған шайқаста полковник Г. П Коротков басқарған 238-атқыштар дивизиясындағы қазақстандық жауынгерлер өздерін даңққа бөледі. Дивизия жауынгерлік Қызыл Ту орденмен марапатталып, табандылығы, ержүректігі мен батырлығы үшін 30-гвардиялық дивизия болып қайта құрылды. Алексин қаласы үшін шайқастарға қазақ халқының аты аңызға айналған батыры Амангелді Имановтың ұлы, қатардағы автоматшы (атқыш) — Рамазан Амангелдиев қатысты.
1943 жылы Орал облысынан майданға 24 қазақ қыздары аттанды. Подольск қаласындағы мергендер мектебін бітірген соң, олар Сталинград майданына келді. Ержүрек қазақ қыздарының даңқы бүкіл майданға тарады, олардың ішінде М. Тоқтамысова, Р. Момынова, А. Бекетова, М. Нестеренко, Е. Семенюк т. б. болды.
Мыңдаған қазақстандықтар Еділ бойы мен Дон далаларында көрсеткен ерліктері үшін ордендер мен медальдармен марапатталды. Ұшқыш Нүркен Әбдіровке, танкист Тимофей Позолотинге, атқыш Гияз Рамаевқа, минометші Қарсыбай Спатаевқа Кеңес Одағьының Батыры атағы берілді. Көптеген казақстандықтар Курск доғасында шайқасқан Брянск, Орталық, Воронеж және Далалық майдандардағы әскери құрамалар мен бөлімдердің құрамында неміс-фашист әскерлерін талқандауға елеулі үлес қосты. Көрсеткен батырлығы мен ерлігі, үздік әскери қимыл-әрекеттері үшін 73-гвардиялық атқыштар дивизиясының 7 500 солдат, сержанттары мен офицерлері (оның ішінде А. Бельгиннің батальоны да бар) КСРО ордендерімен, медальдарымен марапатталды, 27 жауынгерге Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
Қазақстандық Кеңес Одағының Батырлары
Соғыстың басынан аяғына дейін әскери бөлімдер ретінде шайқасқан 12 қазақстандық дивизияға құрметті атақтар берілді. Олардың бесеуі — бір орденмен, төртеуі — екі орденмен, екеуі үш орденмен марапатталды. 5 дивизия (олардың ішінде Кеңес Одағының Батыры И. В. Панфилов атындағы 8-гвардиялық дивизия да бар) гвардиялық дивизияларға айналды. Әскери ерліктері үшін жүздеген мың қазақстандықтар ордендер мен медальдармен марапатталды, 497 қазақстандық Кеңестер Одағының Батыры атанды. Бұл атақты 97 қазақ иеленді, олардың ішінде қазақ қыздары — Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметова бар. Төрт қазақстандық ұшқыш — Талғат Бигелдинов, Леонид Беда, Иван Павлов, Сергей Луганский Кеңес Одағының Батыры атағына екі рет ие болды. 1990 жылы 11 желтоқсанда көрнекті қолбасшы Бауыржан Момышұлына да осы құрметті атақ берілді. Рейхстагқа тікелей шабуыл жасап, оған Жеңіс туын тіккендердің қатарында қазақстандықтар Р. Қошқарбаев, капитан Б.В.Чупрета, минометші А. Бақтыгереев, пулеметші A.Е.Вицко, байланысшы К.М.Волочаевтар болды.
Дата добавления: 2015-08-02; просмотров: 113 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Астана -2013 1 страница | | | Астана -2013 3 страница |