Читайте также:
|
|
Статистикалық жұмыстардың жариялылығын кеңейту жұмысы: 2012 жылдың 4 тоқсанында статистика органдарымен 110 баспасөз-хабарламасы, (2011 жылдың 4 тоқсанында 142 баспасөз-хабарламасы) олардың ішінде: әлеуметтік және демография статистикасы – 9; қызмет, көлік және байланыс қызметі статистикасы – 9; кәсіпорындар қаржысы статистикасы – 9; құрылыс және инвестиция статистикасы - 6; баға статистикасы – 9; сауда статистикасы – 5; өнеркәсіп статистикасы – 9; еңбек статистикасы – 9; ауыл шаруашылығы статистикасы – 2; үй шаруашылығы статистикасы – 5; «Облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы» хабарламалар – 3; аудандық (қалалық) статистика басқармаларымен дайындалған хабарламалар саны – 35.
Жарияланымдық қызмет. 2012 жылдың 4 тоқсанында 3 статистикалық жинақ шығарылды: “Оңтүстік Қазақстан облысының негізгі құрал жабдықтары (қорлары), “Оңтүстік Қазақстан облысындағы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері”, “Оңтүстік Қазақстан облысының демографиялық потенциялы және әлеуметтік саласы” (2011 жылдың 4 тоқсанында 4 статистикалық жинақ шығарылған).
“ОҚО-ның әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы” журналы (ай сайын), журналға қосымша СD дискіде (ай сайын), қысқаша анықтамалық (ай сайын), “Қазақстан өңірлерінің цифрлары” анықтамалық (ай сайын), “Ауыл (село) дамуының мониторингі” жинағы электронды түрде (тоқсан сайын) шығарылып, департаменттің сайтында жарияланды.Осы кезеңде салалық статистика басқармаларымен 56 бюллетень, 55 – жедел-ақпарат дайындалып, басылып шығарылып және ресми сайтта жарияланды. (2011 жылдың 4 тоқсанында – тиісінше - 51 бюллетень, 45 жедел-ақпарат). Ал аудандық (қалалық) статистика басқармаларымен 42 - журнал, 90 –жедел-ақпараттар шығарылып, пайдаланушыларға ұсынылды.
Статистикалық жұмыстар. Жұмыс жоспарына сәйкес департаменттің салалық басқармаларымен 221 статистикалық жұмыстар, 10 бірмезгілдік іріктеп зерттеу жұмыстары жүргізілді.Осы кезеңде аудандық (қалалық) статистика басқармаларымен 1940 – статистикалық жұмыстар, 93 - бірмезгілдік іріктеп зерттеу жұмыстары орындалды.Департаменттің салалық басқармаларымен статистикалық жинақтар мен журналдар уақытында жасалып, ҚР Статистика агенттігіне жіберілді және жоғарыда аталған барлық статистикалық басылымдар сайтына отырғызылған.Департаменттің салалық басқармаларымен: сауда, қаржы, еңбек, ауыл шаруашылық, қызмет көрсету, демография, әлеуметтік статистикасы бойынша статистикалық есептерді толтыру жөнінде 9 нұсқаулық мәжіліс өткізілді. Статистикалық есептердің сапасы және тапсыру мерзімі жөнінде кәсіпорындар мен ұйымдарға 510 хат жіберілді.
Аудандық (қалалық) статистика басқармаларымен кәсіпорындардың, ұйымдардың және мекемелердің атына 305 хат жіберілді (2011 жылдың 3 тоқсанында - 239 хат). Аудан әкімшіліктерінің іс басқарушыларымен, кәсіпорындардың, мекемелердің басшылары мен есепшілерінің, ауыл шаруашылығы кәсіпорындары мен шаруа қожалықтары төрағаларының қатысуымен статистикалық есеп нысандарын және бірмезгілдік іріктеп зерттеу сауалнамасын толтыру бойынша 37 нұсқаулық-мәжіліс өткізілді (2011 жылдың 3 тоқсанында - 56).
2012 жылдың 4 тоқсанында облыс бойынша ҚР “Әкімшілік құқық бұзушылық туралы” Кодексінің 381 бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтарға жол берген әкімшілік жауапкершілікке тартылған жеке және заңды тұлғалар саны – 127, алғаш рет әкімшілік жауапкершілікке тартылып ескерту жарияланғандар саны – 112, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталағандар және алғашқы статистикалық деректі тапсырмай айыппұл салынғандар саны – 15 (сомасы 242700 тенге), өндірілген айыппұлдардың саны – 10 (сомасы 161800 теңге), сотқа берілгендер – 0, төлеу мерзімі бар 5 (соммасы – 80900 теңге).
Оның ішінде:
Тіркелімдер статистикасы басқармасы – 73 әкімшілік іс;
Көрсетілген қызмет статистикасы басқармасы бойынша 6 әкімшілік іс; (2011 жылдың 4 тоқсанында 1 әкімшілік істің айыппұл);
Өнеркәсіп статистика басқармасы бойынша – 2 әкімшілік іс;
Ауылшаруашылық статистика басқармасы – 12 әкімшілік іс; (2011 жылдың 4 тоқ-санында 9 әкімшілік іс (ескерту);
Құрылыс және инвестиция статистика басқармасы – 3 әкімшілік іс; (2011 жылдың 4 тоқсанында 1 әкімшілік іс (ескерту);
Ал, аудандық (қалалық) статистика басқармалары бойынша:
Шымкент ҚСБ - 14 әкімшілік іс; (2011 жылдың 4 тоқсанында 33 әкімшілік істің
3-не айыппұл);
Арыс ҚСБ - 3 әкімшілік іс;
Түркістан ҚСБ - 4 әкімшілік іс; (2011 жылдың 4 тоқсанында 3 әкімшілік істің 2-не айыппұл);
2012 жылдың 4 тоқсанында Төлеби, Түлкібас, Созақ, Қазығұрт, Бәйдібек, Мақтарал, Ордабасы, Отырар, Сарыағаш, Шардара А(Қ)СБ-нан әкімшілік шара қолдануға баяндама түспеді.
2012 жылдың 4 тоқсанында аудандық (қалалық) статистика басқармаларымен келесі кемшіліктерге жол берілді:
ауыл шаруашылығы статистикасы бойынша:
– Шымкент ҚСБ – А-005 (жылдық) есебін 1 қатесіне түзету енгізген;
– Ордабасы АСБ – 2-аш (айлық) есебін 1 қатесіне түзету енгізген;
– Сарыағаш АСБ – 2-аш (айлық) есебін 1 қатесіне түзету енгізген;
– Созақ АСБ – А-005 (жылдық) есебін 7 күнге кешіктіріп, сауалнаманың 1 қатесіне түзету енгізген;
– Төлеби АСБ – 2-аш (айлық) есебін 1 күнге кешіктіріп 1 қатесіне түзету енгізген;
– Шардара А(Қ)СБ – 2-аш (айлық) есебін 1 күнге, А-005 (жылдық) есебін 7 күнге кешіктіріп 1 қатеден түзету енгізген.
Рейтингтік бағалаудың Мемлекеттік статистикалық тіркелімді қажетті белсендіру бойынша ең жоғары (15,572 балл) көрсеткішін Мақтаарал ҚСБ, ең төменгі (14,216 балл) көрсеткішін Созақ АСБ иеленді.
Статистикалық есептерді уақытында тапсырмаған және мәліметтерді түзету бойынша ең жоғары (10 балл) көрсеткішті Арыс, Кентау, Түркістан, Бәйдібек, Қазығұрт, Мақтаарал, Отырар, Сайрам, Түлкібас А(Қ)СБ, ең төменгі (7,9 балл) көрсеткішті Шардара, Созақ АСБ иеленді.
Статистикалық ақпараттарды тарату бойынша ең жоғарғы (10,18 балл) көрсеткіш Сайрам аудандық статистика басқармасында, ал ең төменгі (9,64 балл) көрсеткіш – Арыс аудандық статистика басқармасында.
Жалпы рейтингтік бағалауға сәйкес 2012 жылдың 4 тоқсанында ұсынылған 15 орынның соңғысына Созақ АСБ – 15, Шардара АСБ – 14, Төлеби АСБ – 13 орындарға ие болды. 1-ші орынға Сайрам АС басқармасы ие болды, Түлкібас АС басқармасы 2-ші орынды, Бәйдібек АС басқармасы – 3-ші орынды иеленді.
Дата добавления: 2015-08-02; просмотров: 131 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Кәсіпорын міндеттері мен қызметтері | | | Есептің қойылымы |