Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Пәндік аумақты сипаттау

Олданыстағы ақпараттық жүйе қорларына шолу және есеп беру | Есептің қойылымы | Департаментінің статистикалық ақпараттарды тарату кестесі | Статистикалық есептерді электронды түрде тапсыру | Ел өңірінің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы статистикалық ақпаратпен қамтамасыз ету | Инновациялар статистикасы | Жобаның әлеуметтік-экономикалық тимділік көрсеткіштерін есептеу және статистикалық материалдарды басып шығару | Интернет желісіне шығу қызметі 27,5% артты | Орытынды | Осымша А |


1932 жылдың ақпанында Оңтүстік Қазақстан облысының құрылуына байланысты облыс халық-шаруашылығы есебін жүргізу басқармасы жұмыс істей бастады. Ол қазіргі үш облыстың: Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Жамбыл облыстарының халық-шаруашылығы есебін жүргізетін инспектурлардың қызметін басқарды. Халық-шаруашылығы есебін жүргізетін инспектура құрылымына төмендегі секторлар: халық пен еңбекті есепке алу, денсаулық, мәдениет, сауда, ауылшаруашылығы, өнеркәсіп, жиынтық есептеу және инспекция тобы кірді. 1941 жылы Оңтүстік Қазақстан халық шаруашылығы есебін жүргізу басқармасы, Қазақ ССР-і бойынша ССРО Мемлекеттік жоспарлау өкілдігінің құрамына енетін Оңтүстік Қазақстан облыстық статистика басқармасы болып аталды, ал 1948 жылдың тамызынан ССРО Министрлер Советі жанындағы ОСБ Оңтүстік Қазақстан облыстық статистика басқармасы болып қайта аталды. Статистикалық басқармаға ССРО үкметінің Қаулыларында көрсетіліп, белгіленген статистикалық жұмыстарды орындау, облыс шаруашылығы мен мәдениетінің өсуін сипаттайтын мәліметтерді дайындау мен талдау, мекемелердегі, ұйымдар мен кәсіпорындардағы статистиканың жай-жағдайын бақылау, олардың берген есептерінің анықтығын тексеру, сөйтіп заңсыз есептің берілуіне жол бермеу, есеп жүргізу және статистика жөніндегі жұмыстарды жақсарту мәселелерін талқылау үшін ұйымдар мен кәсіпорындардың, мекемелердің есеп жүргізу қызметкерлерін статистика мәжіліс-жиындарына шақырып отыру жүктелген.

1962 жылы Оңтүстік Қазақстан өлкесінің ұйымдастырылуына байланысты Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент облысы болып қайта өзгертілді. өлке орталығы болып танылған Шымкент қаласында өлкелік статистика басқармасы және Шымкент облыстық статистика басқармасы ұйымдастырылды. 1962 жылдың шілдесінде Шымкент облыстық статистика басқармасы Оңтүстік Қазақстан облыстық статистика басқармасы болып қайта аталды. Нарықтық экономика жағдайында статистикалық қызметтің алатын орны арта түсті. Қазақстан Республикасының егемендік алған жағдайында, халық шаруашылығы, басқару органдары, әртүрлі меншік нысандары құрылымының өзгеруіне орай мәлімет-деректерді жинаудың икемді түрлері мен әдістері арқылы экономикалық-статистикалық ақпаратты тұрақты жүйесі құрылып отыр. Тәуелсіз мемлекеттің атына сай келетін ұлттық статистика жүйесі қалыптасты, сөйтіп сыртқы экономикалық байланыстар, төлем балансы, баға, үй шаруашылығы, қалыптасқан статистикалық регистр сияқты жаңа бөлімшелер құрылып, ашылды.

Статистиканың талдау, алдын ала болжау функциясы едәуір өсіп, жетілді және нығая түсті. Бұрын жүргізілмеген бірқатар, тұтас статистикалық зерттеулер мен есептер жүзеге асырылуда, бұл-бағаның, инфляцияның нақты динамикасын, жұмыссыздықтың динамикасы мен құрылымын зерттеу, макроэкономикалық көрсеткіштерге дефлятор қою сияқты және тағы басқа саналуан шаралар. Статистиканың негізгі міндеттерінің бірі жаңа меншіктік қатынастың қалыптасуын, мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіруді, шаруашылықты жүргізудің және кәсіпкерліктің жаңа нысандарының өркендеуін зерттеу болып табылады. Ақпараттық жүйеде аса елеулі үлес салмақ алатын социологиялық тексеру-зерттеудің орны арта түсуде. Халықтың тұрмыс жағдайы мәселесінде, үй шаруашылықтарын тексеру, ақпарат алудың маңызды көзі болып табылады. 1999 жылдың шілдесінен үкіметтің 1999 жылдың 15-мамырдағы № 577 қаулысына сәйкес облыстық статистика басқармасы мемлекеттік екі мекемеге бөлу жолымен қайта ұйымдастырылды. Бұл мекеменің бірі – аймақта статистикалық қызметтің, статистикалық байқаудың жаңа әдіс – тәсілдерін ендіруді, аймақтың статистикалық көрсеткіштерін есептеуді ұйымдастыруды және статистикалық мәліметтермен пайдаланушыларды қамтамасыз етуді жүзеге асыру жолдарын ұйымдастыратын статистика басқармасы, ал екінші мекеме - аймақтың ақпараттық статистика орталығы – негізгі міндеті аудандық бөлімдер арқылы статистикалық мәліметтерді жинау, өндеу, сөйтіп оларды статистика басқармасына тапсыру болып табылады. Бұл мекемелерден тыс статистика жөніндегі есептеу орталығының еншілес кәсіпорны құрылған. Оның негізгі міндеті статистикалық мәліметтердің таралымын әртүрлі топтағы пайдаланушыларға көбейтіп, тарату болып табылады. «ҚР статистика Агенттігінің өңірлік органдарын оңтайландыру жөніндегі» ҚР Үкіметінің 2005 жылдың 18 қаңтарындағы Қаулысына сәйкес 2005 жылдың қаңтарынан бастап “Ақпараттық статистика орталығы” облыстық статистика басқармасына қосылып, қайта құрылған болатын. ҚР Президентінің 2007 жылдың 28 желтоқсанындағы №501 «Мемлекеттік қызметшілердің лауазымдарын оңтайландыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығын іске асыру мақсатында ҚР Статистика агенттігінің Жауапты хатшысының 2008 жылдың 16 сәуіріндегі ҚР Статистика Агенттігінің төрайымымен келісілген №49 бұйрығымен Статистика басқармасы Оңтүстік Қазақстан облысының статистика департаменті деп атауы өзгертілді.


 

 


Дата добавления: 2015-08-02; просмотров: 159 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
КІРІСПЕ| Кәсіпорын міндеттері мен қызметтері

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.005 сек.)