Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

ІІІ Гетерополисахаридтер алмасуына қатысатын ферменттер

Читайте также:
  1. IV. Глюкозаминогликандар алмасуында ферменттер жетіспеушілігінен туындайтын патологиялар.
  2. V. Гетерополисахаридтердің құрылымдық сызбанұсқасы

Гиалурон қыщқылы – глюкозамингликандардың ішіндегі молекулярлық салмағы ең үлкен және түзу құрылымы бар сульфаттанбаған гетерополисахарид. Ол ерекше биологиялық фильтр болып табылады және клеткалар арасындағы кеңістікте толтырып тұратын цементтеуші зат қызметін атқарады. Бұл полимер өзара 1,4 бета гликолизді байланыспен қосылған көптеген мономерлерден құралған. Әрбір мономер өзара 1,3 бета – гликозидті байланыспен қосылған глюкурон қышқылынан және N-ацетилглюкозаминнен тұрады.

Бұл полимердің ыдырауын ерекше фермент – гиалуринидаза іске асырады. Гиалуринидаза ферменті гиалурон қышқылын ыдырата отырып, клеткааралық өткізгіштікті арттырады. Гиалуринидазаның бұл қасиеті жүмыртқа клеткасын сперматозоидтардың ұрықтандыру кезінде пайдаланады. Сперматозоидтар бөліп шығаратын гиалуринидаза олардын жұмыртқа клеткасының ішіне өтуіне мүмкіндік береді. Әртүрлі мүшелерде гиалурон қышқылының мөлшері бірдей емес. Ол әсіресе теріде, көздің әйнекті денесінде, буынның синовиальды сұйықтығында көп кездеседі.

Гетерополисахаридтердің метаболизміне қатысатын ферменттердің тұқымқуалаушылық жетіспеушілігінде олар клеткада жинақталады да, глюкозидоз дамиды. Көбінесе мұндай аурулар гетерополисахаридті ыдырататын фермент-глюкозиданың дефектімен байланысты болады. Бұл ферменттер негізінен лизосомаларда шоғырланған. Клетканың лизосомаларында белгілі бір гетерополисахаридтердің жинақталуы орын алатын гликозидаздардың көптеген түрі кездеседі. Глюкозидаздардың белгілері бала туған алғашқы күндерден –ақ көріне бастайды да, әдетте баланың дамуының күрт өзгеруіне әкеледі.

 

 


Дата добавления: 2015-08-10; просмотров: 196 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
І Протеогликандар және гликопротеиндер құрылысы және функциясы| IV. Глюкозаминогликандар алмасуында ферменттер жетіспеушілігінен туындайтын патологиялар.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.009 сек.)