Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Бырлардың бұрандалық жалғамалары

Негізгі параметрлерін есептеу және талдау | Бұрғылау шығырлары | Сорғыштардың негізгі техникалық көрсеткіштерін есептеу және қабылдау | Бұрғылау мұнараларының конструкциялық схемалары | Бұрғылау бағанасы | Теру механизмінің жабдығының схемасы | Бұрғылау сорғыштары қызметі мен негізгі талаптар | Күш берілістері және агрегаттары | Алақты және алмазды қашаулар | Бұрғылау бағанасын есептеу |


Бұрғылау бағанасының құбырлары, муфталары, аударғыштары және басқа да элементтері конустық бұрандамамен жалғанады. Конусты бұрандалық жалғамалардың цилиндрлікжалғамаларға қарағанда бұрғылау жағдайында маңызды артықшылықтары бар. Конус бұрандамамен тартылған бұрғылау бағанасының қосылған (жалғанған) элементтердің сенімді саңылаусыздығын қамтамасыз етеді. Цилиндрлі бұрандамен салыстырғанда конусты бұранданыңжалғауға немесе айыруға керек айналым саны ілінісетін жіп санына тәуелді емес, ол былай табылады

n =(2 h +∆)/ KP

мұндағы h –бұранда пішінінің жұмыстың биіктігі;∆–бұрап кигізілген жалғаудың диаметрлік керілуі; K –бұранданың конустығы; P –бұранда (ойма) адымы.

Конусты бұрандада оның соңғы жіптерінің ауданы көбірек, сондықтан жалғаудың тартуға беріктігі жоғарлау. Конусты бұранда оюын қайта істеу үшін ішінен 15…30 мм кессе жеткілікті.

Конустың K –екі кесіндісіндегі диаметрлер айырмасының олардың ара қашықтығына қатынасы, яғни

Конус жасаушысы мен бұранда осі арасындағы бұрышты еңкею бұрышы φ дейді.

Бұранданың негізгі параметрлері стандартталған: 25,4 м ұзындықтағы жіптер саны; бұранда ойығының Р,мм; ойық тереңдігі h 1,мм; пішіннің жұмыс биіктігі,мм; конустың K; еңкею бұрышы φ, т.б.

 

 

2. Бұрғылау роторлары

Бұрғылау роторларын қысқаша роторлар немесе айналма деп атайды. Ол мына қызметтерді жасау үшін арналған:

- роторлы әдіспер ұңғының өту процесі кезіндегі бұрғылау құбырының қозғалу айналымы;

- түптік қозғалтқыштарды қолдану кезінде бұрғылау құбырының бойлай беруді қамтамасыз ету және реактивті айналма моментін қабылдау;

- көтеріп түсіру операциясы кезіндегі ұңғыма сағасындағы шегендеу немесе бұрғылау құбырын ұстап тұру.

Типтік ротордың конструкциясы тұғырдан, табаннан, жүрдек реттеуіштен, конус формалы тісті доңғалақтан және дөңгелектен тұрады.

Буровой ротор УР 560

 

3. Көтеру арқандары

Болат сын арқандары пайдалану процесінде тартылуға және шкифтер мен шығыр дағырасында бірнеше рет майысуға ұшырауларына байланысты шаршап үзілуі мүмкін. Арқанның сыртқы сымдары шкифтер мен дағыраға үйкеліп үдемелі тозуға ұшырайды.

Стандартқа байланысты бұрғылау жабдығында пайдаланылатын арқандар ортасындағы өзегіне қарай үш түрлі орындалады:

1 – өзегі металды (м.с);

2 – өзегі органикалық үш иірімді (о.с);

3 – өзегі пластмассалы (н.с);

 

Мысалы, түрі ЛК– РО 6×31+м.снемесе 6×31+о.с

Үзілуге есептеу күші Р шекті үзілу беріктігіне байланысты . Арқанда жоғарғы көміртегі 0,4…0,7 % марганец пен 0,3% кальций қосылған сымдардан жасайды.

Сын иіріміне байланысты:

ТК – нүктелі жанасатын сымды иірім;ЛК – сызықты жанасатын сымды иірім.

Диаметріне байланысты:Р –әртүрлі диаметрі;О – біртүрлі диаметрі.

4. Бұрғылау сорғышының кинематикасы

Бұрғылау сорғышының кинематикалық негізгі қызметі – поршеннің жүрісі жылдамдығын және үдеуін анықтау. Кинематикалық талдауға бұрып жобаланатын сорғыштың берілісі техникалық көрсеткіштерінен және сипаттамасынан қисық– мойынды– шатунды механизмінің геометриялық параметрлері қабылданады. Қисық мойынның радиусы поршень жүрісінің жартысына тең. Қатты кинематикалық байланыстың арқасында сорғыш пен поршеннің қозғалыстары бірге істелінеді.

Жылдамдықтың және үдеудің дәлірек мәндерін шатун ұзындығын ескеріп табуға болады

;

 

R = F / sin μ; φ=ω t

сол жер шетінде (А нүктесі)

x=(r+l) – BO,

r sinφ = l sinβ;

бұдан онда

x = r (l–cos φ),бұдан

әрі қарай

 

5. Бұрғылау мұнарасы

Бұрғылау мұнарасы тальдік механизмді, бұрғылау шамдары мен көтеріп түсіру операцияларын механизациялауды орнату үшін қолданылатын, ұңғы басында орнатылатын металдық құрылғы. Элементтердің орналасу ретіне және санына байланысты мұнаралы және діңгекті болып бөлінеді.

Башня типтес мұнараларда салмақ екіден артық тірекке беріледі. Ал діңгек типтес мұнараларда салмақ бір немесе екі тірекке беріледі.Башня типтес мұнаралар қатты және иілгіш торлардан жасалынады. Діңгек типтес мұнаралар А-тәрізді болып келеді және аяқтарының дәнекерлеп қосылуына байланысты үлкен монтажды қабілеттіліке ие.

 

 

4 билет


Дата добавления: 2015-08-10; просмотров: 164 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Бұрғылау машиналары мен жабдықтары пәнінен емтихан сұрақтары| Бұрғылау құбыры

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.01 сек.)