Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Ық негіздері» пәнінен семестраралық бақылау сұрақтары.

Читайте также:
  1. Cызықты мұнай қабатының өңдеу мерзімі келесі нөмірлі формуламен анықталады 4) ; A) 4
  2. Ағынның үзіксіздік теңдеуі келесі нөмірдегі формуламен анықталады
  3. Ақпаратты-дидактикалық блок
  4. Абаттың қоректену аймағымен байланысатын шекаралық бет қалай аталады? A) ағын нұсқасы
  5. Абаттың сыртқы шекарасының тұйықталу шарты қай формуламен анықталады?
  6. азақстан Республикасында профилактикалық егулер жүргізу мерзімдері
  7. Азақстан Республикасының инвестициялық саясатына баға беру: артықшылықтары мен кемшіліктері.

 

1. Мәміле дегеніміз Азаматтар мен заңды тұлғалардың азаматтық құқықтары мен мiндеттерiн белгiлеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған әрекеттерi мәмiлелер деп танылады.

2. Ауыр жұмыста және зиян келетін еңбек саласында жұмыс істейтін жұмысшылардың жұмыс уақыты қанша сағатқа созылған? Ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті жұмыстарда істейтін қызметкерлер үшін жұмыс уақытының аптасына 36 сағаттан аспайтын қысқартылған ұзақтығы белгіленеді

3. Салық – бұл? Ұйымдық–құқықтық жағынан салықтар – бұл мемлекет біржақты тәртіппен заң жүзінде белгілеген, белгілі бір мөлшерде және мерзімде бюджетке төленетін қайтарусыз және өтеусіз сипаттағы міндетті ақшалай төлемдер

4. Кімнің рұқсатымен неке қию жасы төмендетіледі: 1. Неке (ерлі-зайыптылық) жасы еркектер мен әйелдер үшін он сегіз жас болып белгіленеді.
2. Мынадай дәлелді себептер болған: 1) жүкті болған;
2) ортақ бала туған кезде неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу орны бойынша тіркеуші органдар неке (ерлі-зайыптылық) жасын екі жылдан аспайтын мерзімге төмендетеді.
3. Некеге отыруға (ерлі-зайыпты болуға) тілек білдірушілер және олардың ата-аналары не қамқоршылары белгіленген неке (ерлі-зайыптылық) жасын төмендету қажеттігі туындайтын себептерді көрсете отырып, неке (ерлі-зайыптылық) жасын төмендету туралы өтініш беруі мүмкін.
4. Неке (ерлі-зайыптылық) жасын төмендетуге тек қана некеге отырушылардың (ерлі-зайыпты болушылардың) келісімімен жол беріледі.
5. Неке (ерлі-зайыптылық) жасына толмаған адамдар арасындағы немесе неке (ерлі-зайыптылық) жасына толған адам мен неке (ерлі-зайыптылық) жасына толмаған адам арасындағы некеге (ерлі-зайыптылыққа) неке (ерлі-зайыптылық) жасына толмаған адамдардың ата-аналарының не қамқоршыларының жазбаша келісімімен ғана рұқсат беріледі.

5. Азаматтық құқық дегеніміз

6. Әкімшілік құқық

7. Азаматтық құқық қабілеттілігі: 1. Азаматтық құқыққа ие болып, мiндет атқару қабiлетi (азаматтық құқық қабiлеттiлiгi) барлық азаматтарға бiрдей деп танылады.
2. Азаматтың құқық қабiлеттiлiгi ол туған кезден басталып қайтыс болған соң тоқтатылады.

8. Қай жастан бастап жұмыс беруші мен жұмыскер арасында толық материалдық жауапкершілік туралы келісім жасайды?

9. Азаматтық құқық объектілеріне жатады: 1. Мүлiктiк және жеке мүлiктiк емес игiлiктер мен құқықтар азаматтық құқық объектiлерi бола алады.
2. Мүлiктiк игiлiктер мен құқықтарға (мүлiкке): заттар, ақша, соның iшiнде шетел валютасы, қаржы құралдары, жұмыс, қызмет, шығармашылық-интеллектуалдық қызметтiң объектiге айналған нәтижелерi, фирмалық атаулар, тауарлық белгiлер және бұйымды дараландырудың өзге де құралдары мүлiктiк құқықтар мен басқа да мүлiк жатады.
2-1. Ақшаға және ақшалай мiндеттемелер бойынша құқықтарға (талаптарға) (ақша төлеу жөнiндегi талап ету құқықтарына), егер осы Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актiлерiнде өзгеше көзделмесе немесе мiндеттеме мәнiнен туындамаса, тиiсiнше заттардың немесе мүлiктiк құқықтардың (талаптардың) құқықтық режимi қолданылады.
3. Жеке мүлiктiк емес игiлiктер мен құқықтарға: жеке адамның өмiрi, денсаулығы, қадiр-қасиетi, абырой, игi атақ, iскерлiк бедел, жеке өмiрге қол сұқпаушылық, жеке құпия мен отбасы құпиясы, есiм алу құқығы, автор болу құқығы, шығармаға қол сұқпаушылық құқығы және басқа материалдық емес игiлiктер мен құқықтар жатады.

10. Елеулі себептермен АХАЖ органдары неке қию жастың мерзімін қысқарта алады

11. Заңды тұлға дегеніміз 1. Меншiк, шаруашылық жүргiзу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкi бар және сол мүлiкпен өз мiндеттемелерi бойынша жауап беретiн, өз атынан мүлiктiк және мүлiктiк емес жеке құқықтар мен мiндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға деп танылады.
Заңды тұлғаның дербес балансы немесе сметасы болуға тиiс.
2. Заңды тұлғаның өз атауы жазылған мөрi болады. Осы Кодексте және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, бұл талап жеке кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға қолданылмайды.

12. Ұлттық валюта курсының төмендеуі:

13. Ұлттық валюта курсының көтерілуі –

14. Материалдық емес байлыққа жатады:

15. Азаматтың әрекет қабілеттілігі: 1. Азаматтың өз әрекеттерiмен азаматтық құқықтарға ие болуға және оны жүзеге асыруға, өзi үшiн азаматтық мiндеттер жасап, оларды орындауға қабiлеттiлiгi (азаматтық әрекет қабiлеттiлiгi) кәмелетке толғанда, яғни он сегiз жасқа толғаннан кейiн толық көлемiнде пайда болады.
2. Заң құжаттарында он сегiз жасқа жеткенге дейiн некелесуге рұқсат етiлетiн жағдайда, он сегiз жасқа толмаған азамат некеге тұрған кезден бастап толық көлемiнде әрекет қабiлеттiлiгiне ие болады.
3. Егер заң құжаттарында өзгеше белгiленбесе, барлық азаматтардың әрекет қабiлеттiлiгi тең болады.

Некені бұзуға болады. Неке және отбасы кодексінің 4-тарауын қарау керек

16. Әйелінің келісімісіз неке бұзылмайды: Некені (ерлі-зайыптылықты) зайыбының жүктілігі кезеңінде және бала туғаннан кейінгі бір жыл ішінде оның келісімінсіз бұзуға болмайды.

17. Жүкті болу және бала күту демалысының ұзақтығы қанша? 1. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, әйелдерге жүктілігіне және босануына байланысты ұзақтығы босануға дейін күнтізбелік жетпіс күнге және босанғаннан кейін күнтізбелік елу алты (қиналып босанған немесе екі немесе одан да көп бала туған жағдайда - жетпіс) күнге дейін өтініші және белгіленген тәртіппен берілген еңбекке жарамсыздық парағы негізінде демалыс беріледі.
2. Демалыстарды есептеу жиынтықтап жүргізіледі және демалыс әйелге босанғанға дейін нақты пайдаланған күндерінің санына және жұмыс берушідегі жұмысының ұзақтығына қарамастан, толық беріледі

18. Ақы төленетін еңбек демалысының ең аз мерзімі қанша күн? Егер қызметкерлердің жекелеген санаттары үшін басқа нормативтік құқықтық актілерде, еңбек шартында, ұжымдық шартта және жұмыс берушінің актілерінде көп күн саны көзделмесе, қызметкерлерге ұзақтығы күнтізбелік жиырма төрт күн болатын жыл сайынғы негізгі ақылы еңбек демалысы беріледі 102-бап. Жыл сайынғы ақылы қосымша еңбек демалыстары 1. Мыналарға:
1) ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті жұмыстарда істейтін қызметкерлерге ұзақтығы кемінде күнтізбелік алты күн болатын жыл сайынғы ақылы қосымша еңбек демалыстары беріледі;
2) бірінші және екінші топтардағы мүгедектерге ұзақтығы кемінде күнтізбелік он бес күн болатын жыл сайынғы ақылы қосымша еңбек демалыстары беріледі.
2. Қызметкерлердің өзге санаттарына жыл сайынғы қосымша демалыс беру және оның ең төменгі ұзақтығы Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленуі мүмкін.
3. Еңбек шартында, ұжымдық шартта қызметкерлерге үздіксіз ұзақ жұмысы, маңызды, күрделі, жедел жұмыстарды, сондай-ақ өзге де сипаттағы жұмыстарды орындағаны үшін көтермелеу сипатында жыл сайынғы ақылы қосымша демалыстар белгіленуі мүмкін.

19. Жеке еңбек шарты қандай формада жасалады? 1. Еңбек шартын жасау үшін мынадай құжаттар:
1) жеке куәлiгi немесе паспорты (он алты жасқа толмаған адамдар үшiн туу туралы куәлiгi) қажет.
Оралмандар халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органның аумақтық органдары берген оралман куәлігін ұсынады;
2) ықтиярхаты немесе азаматтығы жоқ адамның куәлігі (Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар үшін) не босқын куәлігі;
3) тиісті білімді, дағдылар мен машықтарды талап ететін жұмысқа еңбек шартын жасасу кезінде білімі, біліктілігі туралы, арнаулы білімі немесе кәсіптік даярлығының болуы туралы құжат;
4) еңбек қызметін растайтын құжат (еңбек стажы бар адамдар үшін);
5) әскери есеп құжаты (әскери міндеттілер мен әскери қызметке шақырылуға жататын адамдар үшін);
6) алдын ала медициналық куәландырудан өткені туралы құжат (осы Кодекске және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осындай куәландырудан өтуге міндетті адамдар үшін);
7) алып тасталды - ҚР 27.06.2014 N 212-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;
8) тұрғылықты не уақытша тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжаттың көшірмесі;
9) кәмелетке толмағандар қатысатын білім беру, тәрбиелеу, демалысты ұйымдастыру және сауықтыру, дене тәрбиесі және спорт, медициналық қамтамасыз ету, әлеуметтік қызметтер көрсету, мәдениет және өнер саласында еңбек шартын жасасқан кезде соттылығының бар не жоқ екендігі туралы анықтама қажет.
2. Жұмыс беруші, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, осы баптың 1-тармағында көзделмеген құжаттарды талап етуге құқылы емес.
3. Қызметкердің келісімімен құжаттардың түпнұсқалары жұмыс берушіде сақталған не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген рәсімдерді орындау үшін уақытша қалдырылған жағдайда, жұмыс беруші қызметкерге құжаттарды қайтару туралы жазбаша міндеттеме береді.

20. 14 жастан 16 жасқа дейінгі жұмысшыға жұмыс уақытының қандай ұзақтығы белгіленеді? аптасына 24 сағаттан аспайтын

21) Жұмыс уақыты аспау керек: аптасына 40сағаттан аспауы тиіс

22) Ата - ана құқығынан айыру келесі жағдайда болады: 1. Егер ата-аналар:
1) ата-аналық мiндеттерiн орындаудан жалтарса, оның iшiнде алимент төлеуден қасақана жалтарса;
2) өз баласын перзентханадан (оның бөлімшесінен), жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар ұйымдарынан және өзге де ұйымдардан алудан дәлелсіз себептермен бас тартса;
3) өздерiнiң ата-ана құқықтарын теріс пайдаланса;
4) балаға қатыгездік көрсетсе, оның ішінде оған күш қолданса немесе психикасына зорлық жасаса, оның жыныстық тиіспеушілігіне қастандық жасаса;
5) спирт ішімдіктеріне немесе есірткі заттарына салынса, психотроптық заттарды және (немесе) осыларға ұқсас заттарды теріс пайдаланса, олар ата-ана құқықтарынан айрылады.
2. Ата-аналар өз баласының, жұбайының не отбасының басқа да мүшелерінің өмiрiне немесе денсаулығына қарсы қасақана қылмыстық құқық бұзушылық жасаған кезде ата-ана құқықтарынан айырылады.

23. Неке қиылмайды: Некелесуге (ерлі-зайыпты болуға):
1) бір жынысты адамдардың;
2) олардың біреуі болса да басқа тіркелген некеде (ерлі-зайыптылықта) тұратын адамдардың;
3) жақын туыстардың;
4) бала асырап алушылар мен асырап алынған балалардың, асырап алушылардың балалары мен асырап алынған балалардың;
5) соттың заңдық күшіне енген шешімі бойынша олардың біреуі болса да психикалық ауруы немесе ақыл-есі кемдігі салдарынан әрекетке қабілетсіз деп танылған адамдардың арасында жол берілмейді.

24. Қазақстан Республикасында неке қию жас әйелдер және ер адамдар үшін қанша жастан белгіленген? Неке (ерлі-зайыптылық) жасы еркектер мен әйелдер үшін он сегіз жас болып белгіленеді

25. Қандай заң органдары жеке еңбек дауды қарастырады? 1. Жеке еңбек дауларын келісім комиссиялары және (немесе) соттар қарайды.
2. Жеке еңбек дауларын еңбек дауы тараптарының өтініші бойынша келісім комиссиясы қарайды.
3. Еңбек шартының тараптары жеке еңбек дауын шешу үшін өз қалауы бойынша тікелей сотқа жүгіне алады.

26. Күнделікті жұмыста демалуға және тамақтануға арналған үзіліс уақыты? 1. Қызметкерге күнделікті жұмыс (жұмыс ауысымы) ішінде тынығуға және тамақтануға арналған ұзақтығы жарты сағаттан кем болмайтын бір үзіліс берілуге тиіс.
2. Осы баптың 3-тармағында белгіленген жағдайларды қоспағанда, тынығуға және тамақтануға арналған үзіліс күнделікті жұмыс (жұмыс ауысымы) басталғаннан кемінде үш сағат өткеннен кейін және төрт сағаттан кешіктірілмей белгіленуге тиіс.
3. Ұзақтығы 8 сағаттан асатын күнделікті жұмыста (жұмыс ауысымында) жұмыс уақытының икемді жиынтық есебі режимі кезінде тынығуға және тамақтануға арналған үзіліс күнделікті жұмыс (жұмыс ауысымы) басталғаннан кемінде төрт сағат өткеннен кейін белгіленуі мүмкін.
4. Тынығуға және тамақтануға арналған үзіліс беру уақыты, оның ұзақтығы еңбек тәртіптемесі ережелерінде, еңбек шартында, ұжымдық шартта белгіленеді.
5. Тынығуға және тамақтануға арналған үзіліс уақыты жұмыс уақытына қосылмайды. Өндіріс жағдайлары бойынша үзіліс беру мүмкін болмайтын жұмыстарда жұмыс беруші қызметкерді жұмыс уақытында арнаулы жабдықталған орында тынығу және тамақтану мүмкіндігімен қамтамасыз етуге міндетті. Мұндай жұмыстардың тізбесі, тынығудың және тамақтанудың тәртібі мен орны ұжымдық шартта немесе жұмыс берушінің қызметкерлер өкілдерімен келісе отырып шығарылған актілерінде белгіленеді.

27.) Мұра қалдырудың негізгі тәсілдері:

28. Міндеттемелік қатынастардың негізгі субъектілері:

29. Меншік құқықтары: 1. Меншiк құқығы дегенiмiз субъектiнiң заң құжаттары арқылы танылатын және қорғалатын өзiне тиесiлi мүлiктi өз қалауынша иелену, пайдалану және оған билiк ету құқығы.
Меншiк құқығы мәмiле жасалған кезде болған барлық жүктемелерiмен басқа адамға берiледi.
2. Меншiк иесiнiң өз мүлкiн иелену, пайдалану және оған билiк ету құқығы болады.
Иелену құқығы дегенiмiз мүлiктi iс жүзiнде иеленудi жүзеге асыруды заң жүзiнде қамтамасыз ету.
Пайдалану құқығы дегенiмiз мүлiктен оның пайдалы табиғи қасиеттерiн алудың, сондай-ақ одан пайда табудың заң жүзiнде қамтамасыз етiлуi. Пайда кiрiс, өсiм, жемiс, төл алу және өзге нысандарында болуы мүмкiн.
Билiк ету құқығы дегенiмiз мүлiктiң заң жүзiндегi тағдырын белгiлеудiң заңмен қамтамасыз етiлуi.
3. Меншiк иесi өзiне тиесiлi мүлiкке қатысты өз қалауы бойынша кез келген әрекеттер жасауға, соның iшiнде бұл мүлiктi басқа адамдардың меншiгiне берiп, иелiгiнен шығаруға, өзi меншiк иесi болып қала отырып, оларға мүлiктi иелену, пайдалану және оған билiк ету жөнiндегi өз өкiлеттiгiн тапсыруға, мүлiктi кепiлге беруге және оған басқа да әдiстермен ауыртпалық түсiруге, оларға өзгеше түрде билiк етуге құқылы.
4. Меншiк иесiнiң өз өкiлеттiгiн жүзеге асыруы басқа тұлғалар мен мемлекеттiң құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерiн бұзбауға тиiс. Құқықтар мен заңды мүдделердi бұзушылық басқа нысандарымен қатар, меншiк иесiнiң өзiнiң монополиялық және өзге де басымдық жағдайын пайдаланып қиянат жасауынан көрiнуi мүмкiн.
Меншiк иесi өз құқықтарын жүзеге асырған кезде азаматтардың денсаулығы мен айналадағы ортаға келтiрiлуi мүмкiн зардаптарға жол бермеу шараларын қолдануға мiндеттi.
5. Меншiк құқығының мерзiмi шексiз. Мүлiкке меншiк құқығы осы Кодексте көзделген негiздер бойынша ғана ықтиярсыз тоқтатылуы мүмкiн.
6. Заң құжаттарында көзделген реттерде, жағдайлар мен шектерде меншiк иесi өз мүлкiн басқа адамдардың шектеулi түрде пайдалануына жол беруге мiндеттi.

30. Азаматтық құқықтар мен міндеттерді белгілеуге, өзгертуге және тоқтатуға бағытталған әрекеттер:

31. Азаматтық құқықтың пәні:

32. Мемлекеттік басқару дегеніміз:

33. Мұрагер қайтыс болған жағдайда өзiне тиесiлi мүлiкке билiк ету жөнiнде өз ықтиярын бiлдiруi қалай аталады: Азаматтың ол қайтыс болған жағдайда өзiне тиесiлi мүлiкке билiк ету жөнiнде өз ықтиярын бiлдiруi өсиет болып танылады.

34 Ерлі-зайыптылар некеде тұрған кезде жинаған мүлік қалай аталады: ортақ мүлік(меншік)

35. Орталық және жергілікті деңгейлердегі мемлекеттік ақша қорының қалыптасуының және бөлінуінің қаржылық жоспары бекітілетін қаржылық-құқықтық акті:

36. Жоспарлы, мақсатты, ақылы және белгіленген мерзімде қайтарылатын, пайызбен берілетін ақшалай қаржы:

37. Қылмысты болдырмайтын мән-жайларды көрсетіңіз:

38. Экономика және қаржы саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау және жолын кесу жөніндегі міндеттерді орындайтын мемлекеттік орган:

39. Авторлық құқық объектілері 1. Мыналар авторлық құқық объектiлерi болып табылады:

1) әдеби туындылар;

2) драмалық және музыкалық-драмалық туындылар;

3) сценарий туындылары;

4) хореография және пантомима туындылары;

5) мәтiнi бар немесе мәтiнi жоқ музыкалық туындылар;

6) дыбыс-бейнежазу туындылары;

7) кескiндеме, мүсiндеме, графика және бейнелеу өнерiнiң басқа да туындылары;

8) қолданбалы өнер туындылары;

9) сәулет, қала құрылысы, дизайн және бау-саябақ өнерi туындылары;

10) суретке түсiру туындылары және суретке түсiруге орайлас әдiстермен жасалған туындылар;

11) карталар, жоспарлар, нобайлар, безендiрулер және географияға, топография мен басқа ғылымдарға қатысты үш өлшемдi туындылар;

12) ЭЕМ-ге арналған бағдарламалар;

13) өзге де туындылар.

2. ЭЕМ-ге арналған бағдарламаларды қорғау ЭЕМ-ге арналған бағдарламалардың (соның iшiнде операциялық жүйелердiң) бастапқы мәтiн мен объектiлiк кодты қоса алғанда, кез-келген тiлде және кез-келген нысанда жасалуы мүкiн барлық түрiне қолданылады.

3. Авторлық құқық объектiлерiне мыналар да жатады:
1) туынды шығармалар (аудармалар, өңделген дүниелер, аннотациялар, рефераттар, түйiндер, шолулар, инсценировкалар, музыкалық өңдеулер және басқа да ғылым, әдебиет пен өнер шығармаларын өңдеулер);

2) жинақтар (энциклопедиялар, антологиялар, деректер базалары) және материалдарының iрiктелуi және (немесе) орналасуы жағынан шығармашылық еңбектiң нәтижесi болып табылатын басқа да құрама туындылар.
Туынды және құрама шығармалар, өздерiнiң негiзге алынған немесе өздерiне енген туындылардың авторлық құқық объектiлерi болу болмауына қарамастан, авторлық құқықпен қорғалады.

40. Сабақтас құқық объектілері Сабақтас құқықтар қойылымдарға, орындаушылықтарға, фонограммаларға, эфирлiк және кабельдiк хабар тарату ұйымдарының хабарларына олардың мақсатына, мазмұны мен сапасына, сондай-ақ жеткiзiлу әдiсi мен нысанына қарамастан қолданылады.

Авторлық құқықтыңқорғалу мерзімі Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңды қарау

Алимент мөлшері. Ерлі-зайыптылардың (бұрынғы ерлі-зайыптылардың) арасында алимент төлеу туралы келісім болмаған кезде, жұбайдан (бұрынғы жұбайдан) сот тәртібімен өндіріп алынатын алименттің мөлшерін ерлі-зайыптылардың (бұрынғы ерлі-зайыптылардың) материалдық және отбасылық жағдайларын және тараптардың басқа да назар аударарлық мүдделерін негізге ала отырып, алимент төлеу кезіндегі қолданылып жүрген айлық есептік көрсеткіштің еселенген қатынасында сот айқындайды.

43. Шпионаж анықтамасы

44. Вандализм анықтамасы

45. Түнгі уақыт 1. 22 сағаттан бастап таңертеңгі сағат 6-ға дейінгі уақыт түнгі уақыт болып есептеледі. 2. Қызметкерлерді түнгі уақыттағы жұмысқа тарту осы Кодексте белгіленген шектеулер сақтала отырып жүргізіледі.

46. Жұмыс уақытына кіретін үзілістер

47. Демалыс және мереке күндері қалай төленеді. Мереке және демалыс күндеріндегі жұмысқа қызметкердің күндік (сағаттық) ставкасы негізге алына отырып, кемінде екі есе мөлшерде ақы төлеу жүргізіледі.

48. Қылмысқа қатысушылар.

49. Қоғамдық жұмыстарға тартылмайтын адамдар катергориясын көрсет Әскери қызметшiлерге, елу сегіз жастан асқан әйелдер мен алпыс үш жастан асқан еркектерге, жүктi әйелдерге, үш жасқа дейiнгi балалары бар әйелдерге, бiрiншi немесе екiншi топтағы мүгедектерге қоғамдық жұмысқа тарту тағайындалмайды.

50. Қамау жазасы кімдерге қолданылмайды.

51. Филиалды көрсет

52. Салық түрлері 1) Салықты алу тұрғысынан – а) Тікелей салықтар – олар кәсіпорындар мен тұрғындардан тікелей алынады (мүлік, көлік, табыс, жер, құнды қағаздар операциясынан алынатын салықтар); б) Жанама салықтар – бұл салықтарды мемлекет тікелей емес баға арқылы айналдыра отырып алады (кеден – баж, акциз, қосымша құн салығы); 2) Салық өсімі – арқылы: а) Прогрессивті табыстың өсуіне қарай салық мөлшері өседі; б) Пропорционалды – табыс өссе де, салық тұрақты түрде қалады (қосымша құн салығы 15). в) Регрессивті – табыс өскен сайын салық мөлшері төмендейд;. 3) Бюджет деңгейіне байланысты: а) Жалпы мемлекеттік салықтар – мемлекеттік бюджетке түсетін салықтар (табыс, қосымша құн, акциз, құнды қағаздар операциясынан, арнайы қазба төлемдері мен жер байлығын пайдаланғандағы салықтар); б) Жергілікті салықтар – жергілікті бюджетке түсетін салықтар (мүлік, көлік, құрал – жабдық салығы, кәсіпкерлерді тіркеуден алынатын, белгілі бір қызмет түріне құқық беруден, аукционнан, т.б. алымдар).

53. Салық салу әдістері

54. Алым, төлемдердің салықтан айырмашылығы

55. Жеке табыс салығының пайыздық мөлшері қандай?

56. Терроризмнің анықтамасын бер

57. Ұрлық пен тонаудың айырмашылығы

58. Қорғаншылық пен қамқоршылықты ажырат қамқоршылық – он төрттен он сегіз жасқа дейінгі баланың (балалардың), сондай-ақ спирттік ішімдіктерге немесе есірткі заттарына салыну салдарынан сот әрекет қабілетін шектеген кәмелетке толған адамдардың құқықтары мен мүдделерін қорғаудың құқықтық нысаны; қорғаншылық – он төрт жасқа толмаған балалардың және сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамдардың құқықтары мен мүдделерін қорғаудың құқықтық нысаны;

59. Патронат дегеніміз не? патронат – жетім балалар, ата-аналарының (ата-анасының) қамқорлығынсыз қалған балалар қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган мен баланы (балаларды) тәрбиеге алуға тілек бiлдiрген адам жасайтын шарт бойынша отбасыларға патронаттық тәрбиеге берілетін тәрбие нысаны;


Дата добавления: 2015-07-25; просмотров: 178 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Форландовые бассейны (Осадочные бассейны краевых прогибов коллизионных поясов )| Социально-профилактическое направление охраны здоровья населения.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.02 сек.)