Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Билет 9. Айжан жоғарғы медбикелік білім факультетін бітіріп үздік диплом және

Айжан жоғарғы медбикелік білім факультетін бітіріп үздік диплом және менеджер біліктілігін алғаннан кейін, Алматылық бір фирмаға жұмысқа орналасқан күйеуінің артынан Алматыға көшіп келді. Оның үйде отырғысы келмей тез арада жұмыс іздейді. Сөйтіп келесі мазмұндағы хабарландыруды табады: жаңадан ашылған ресей-американдық емдік-диагностикалық орталыққа жоғарғы медициналық білімі бар ағылшын тілін меңгерген менеджерлер қажет. Өз кезегінде ол мектепті тереңдетілген ағылшын тілімен бітірген және оны студенттік жылдарда үнемі жетілдіріп тұрды, күйеуімен ақылдаса отырып әңгімелесуге баруға шешім қабылдады.

Алматыдағы медициналық қызмет нарығында маркетинг технологиясын қолданатын екі бәсекелес медициналық мекеме жұмыс жасайды. Біріншісі – тұрғындардың денсаулыққа деген барлық қажеттіліктері мен сұрақтарын ескеріп, емдік және диагностикалық қызметтерді жүзеге асырады. Екіншісі де - тұрғындардың қажеттіліктері мен сұраныстарын қанағаттандыра отырып профилактикалық шараларға басым көңіл бөледі.

Қадам 1. Әрбір медициналық мекеме маркетингті басқарудың қандай концепцияларын қолданады және олардың айырмашылығы?

Қадам 2. Егер сіз осы фирманың кадр бойынша менеджері болсаңыз кімді жұмысқа қабылдар едіңіз?

Қадам 1. Алғашқы мекеме маркетинг концепциясын, ал екінші – әлеуметтік-этикалық маркетингтің концепциясын қолданады. Концепциялардың айырмашылығы, біріншісі екі субъектінің –тұтынушы мен өндірушінің өзара қатынасын (бірін бірі қанағаттандыруын) түсіндіреді және табыс табуға бағытталған, ал екіншісінде үш субъект қатынасы – тұтынушы, өндіруші және қоғам, және де қоғамның медициналық қызметке деген мұқтаждығын зерттеуге және қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған.

Қадам 2. Айжанды. Артылықшылықтары: менеджерлік медициналық білім және тілді білуі; кемшілігі: тәжірибесінің және ұсынысхатының болмауы. Ең оптимальды шешім – сұхбаттан кейін сынамалы мезгілмен жұмысқа қабылдау.


Дата добавления: 2015-07-20; просмотров: 62 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Билет 4| Билет 8

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)