Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Кіріспе

Читайте также:
  1. Кіріспе
  2. КІРІСПЕ
  3. КІРІСПЕ.

Коммуникативті дағдылар медициналық білімінің дипломға дейінгі және дипломнан кейінгі үздіксіз кәсіптік дамуының бір бөлігі сияқты қаралады. Дәрігер мен науқас арасындағы қарым-қатынасты орнатуда, қалыптастыруда, ақпарат жинау мен алмастыруда, шешім қабылдауда, сонымен қатар медициналқ және әлеуметтік көмек көрсетуге тартылған өзге мамандармен әріптестердің бір-бірімен келісіп жұмыс істеуі үшін маңызды болып саналады.

«Коммуникативті дағдылар - 1» пәнінің бағдарламасы науқаспен, оның жанұя мүшелерімен, әріптестерімен нәтижелі қатынас орнатудың негізгі қағидаларын зерттеп білуге бағытталған. Бұл науқастың сырқат ағымын үрдіс ретінде ғана түсіну үшін емес, науқастың ойлау қабілеті мен пікірін, нені күтіп, сезіп жүргенін түсінуге және әр науқас жөнінде дұрыс шешім қабылдауға бағытталған. Дәрігер мен науқас арасындағы нәтижелі қарым-қатынас науқастың белгіленген зерттеулер мен емді дұрыс түсінуіне әсер етеді, бұл науқастың денсаулығын жақсартуға және науқасты қанағаттандыруға үлкен көмек көрсетеді.

Комммуникативті хабардарлық (компетентность) дәрігерге әріптестер мен ойдағыдай қатынас орнатуы үшін және денсаулық сақтау мамандарының командасында сапалы медициналық көмек көрсету үшін қажет.

Комммуникативті хабардарлық (компетентность) қарым-қатынас дағдыларының үнемі дамуын және оқуды жалғастыру мен кәсіптік қызмет кезінде пайда болған және орныққан дағдылардың сапасын жақсартуды талап етеді.

Пәннің зерттеу объектісі дәрігер өз кәсіптік қызметінде қолданатын және науқаспен оның туысқандарымен, әріптестерімен қатынасты оң нәтижелі етуге бағытталған қарым-қатынас түрлері болып табылады.

2. Пәннің мақсаты: Әртүрлі жағдайларда (стационар, амбулатория және жедел жәрдем жағдайларындағы) дәрігердің науқаспен, оның туысқандарымен, әріптестерімен тиімді қарым-қатынас орнатуына қажет дағдыларды қалыптастыру және дамыту.

 

3. Оқыту мақсаттары:

Студенттің білуі тиіс:

· әріптестермен, науқастар және олардың тусқандарымен тиімді қатынас қағидалары;

· дәрігердің кәсіби қызметінде қолданатын қарым-қатынастардың түрлері;

· медициналық сұхбат құрудың құрылымы;

· дәрігер мен науқастың нәтижелі қатынасына кедергі келтіретін бөгеттер;

· Қиын жағдайларда дәрігер мен науқас және оның туысқандары арасында нәтижелі қатынас орнату әдістері;

· дәрігер тұлғасына қойылатын негізгі талаптар;

· дәрігердің кәсіптік қызметінде коммуникативті дағдыларды ұдайы жетілдіріп отырудың маңыздылығы..

 

Дәрігердің мыналарды қолдана алуы қажет:

· ол әріптестермен, науқастармен және олардың тусқандарымен жақсы қарым- қатынас орнату қағидаларын қолдану;

· әңгімеде науқасқа бағытталған медициналық сұхбаттай үлгісінің сәйкес түрін тандап және қолдану;

· науқаспен алғашқы кездесу өзара түсінушілік пен сенімділік және байналысында болу;;

· науқастың дәрігерге қаралу себептерін анықтау;

· науқасты мұқият тыңдау және сұрақтарына анық жауап беру;

· науқаспен вербальды және вербальды емес қатынас түрлерін қолдану;

· медициналық сұхбат жүргізгенде сұрақтың ашық және жабық түрлерін қолдану;

· науқаспен және оның туысқандарымен оң нәтижелі қатынас орнату;

Дағдыларды пайдалана білу:

· «науқаспен» нәтижелі медициналық сұхбат құрастыру және жүргізу;

· «дәрігер» мен «науқастың», «науқастың туысқандары» мен әріптестері арасындағы қарым-қатынасты құрастыруда нәтижелі әдістерді қолдану;

· медициналық сұхбат соңында «науқас» жөніңде мәліметтерді құжатқа тіркеу.

 

4. Пәннің прериквизиттері:

Пәннің прериквизиттері: қазақ/орыс тілі, психология негіздері, құқық негіздері, информатика.

 

5. Пәннің постреквизиттері: клиникаға кіріспе – 2, коммуникативті

дағдылар – 2, ішкі аурулар пропедевтикасы, ішкі аурулар, хирургиялық аурулар, акушерство және гинекология, балалар аурулары, жалпы дәрігерлік тәжірибе, психиатрия, наркология, неврология, жедел жәрдем көмегі.

 


Дата добавления: 2015-07-20; просмотров: 687 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Пән саясаты| Сабақтың тақырыптық жоспары

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)