Читайте также: |
|
1. Стандарттау жөніндегі ұлттық орган стандарттарды шығару бағдарламасын әзірлейді және бекітеді. Стандартты өзірлеуші ұлттық стандарттың жасалып жатқаны туралыхабарлама береді. Хабарламаға жобаның сәйкес халықаралық стандарттың өзгешелігін көрсететін ақпарат болуы керек. Стандартты өзірлеуші мүдделі тұлғалардың жобасымен танысуын қамтамасыз етеді.
2. Стандартты дайындаушы мүдделі тұлғалардың пікірлерін ескере отырып стандарт жобасын жетілдіреді, жобаны көпшіліктің талқысына салады. Талқылау мерзімі екі айдан кем болмауы керек.
3. Ұлттық стандарттың жобасы мүдделі тұлғалардан жазбаша түрде алынған пікірлермен қоса стандарттау жөніндегі техникалық комитетке жіберіледі, комитет жобаны сараптамадан өткізеді. Техникалық комитет сараптау нәтижесі бойынша жобаны бекіту немесе қабыл алмау жөнінде дәлелді ұсыныс жасайды. Техникалық; комитет ұсынысты ұлттық стандарттау органына жібереді, орган комитет жіберген құжаттар негізінде шешім қабылдайды.
Үлттық стандарттың бекітілуі туралы хабар органның баспасөз беттерінде және электронды сандық жалпы қолданыстағы ақпарат жүйесінде жарияланады. Жариялану мерзімі стандарт бекітілгеннен кейін бір айдан аспауы керек.
1. Ұлттық стандарттау органы техникалық регламенттер мен еркінді негізде үйлестіруге болатын ұлттық стандарттардың тізімін бекітіп, баспасөз бетінде және ақпараттық жүйеде жариялайды.
Ұйым стандарттары Ұйым стандартын, соның ішінде коммерциялық, қоғамдық, ғылыми мекемелердің, заңды тұлғалар бірлестіктерінің стандарттарын қажет болғанда олар өз бетімен әзірлеп, бекіте алады. Қажеттілік мына жағдайларға байланысты болуы мүмкін:
· өндірісті жетілдіруге және өнім сапасын жақсартуға;
· қызмет көрсетуге;
· зерттеулердің (сынақтардың), өлшеулердің және басқа да жаңалықтардың нәтижелерін таратуға және пайдалануға.
Ұйым стандартын дайындаушы жобаны сараптамадан өткізу мақсатында, техникалық комитетке жіберуі мүмкін. Сараптама нәтижесі бойынша техникалық комитет қорытынды шығарып, оны стандарт жобасын дайындаушыға жібереді.[1]
Дата добавления: 2015-07-25; просмотров: 115 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Мазмұны | | | Йымдардың стандарттарын әзірлеу, бекіту, есепке алу, өзгерту, күшін жою, тіркеу, белгілеу, басып шығару ережесін бекіту туралы |