Читайте также: |
|
Салыстырмалы диагностиканың мақсаты екіншілік остеопорозды жоққа шығару болып табылады. Бұл кезде басты сырқатты симптоматикалық емдеумен қатар, этиотропты емді жүргізуге болады (8.8 сурет). Остеопорозбен сырқаттанған науқастардың барлығына дерлік жалпы және биохимиялық қан анализі, бүйрек пен бауыр қызметін анықтау, иондалған кальций мен фосфор, ТТГ, тестостерон (тек ер адамдарда) деңгейін анықтау жүргізіледі. Жарыққа шыққан клиникалық көрініске байланысты қажетті басқа зерттеу әдістері жүргізілуі мүмкін.
Емі
Остеопороз кезінде бірнеше топ дәрілерін қолдануға болады:
1. Бисфосфонаттар (алендронат, ибандрон қышқылы) омыртқа, сан сүйегі, білек сүйегінің сыну қаупін төмендетеді. Олардың әсер ету механизмі остеокластар белсенділігін, остеокластармен сүйек тіні резорбциясының төмендеуіне байланысты.
2. Кальцитонин (миакальцик) остеокласттардың спецификалық рецепторлармен байланысып, антирезорбтивті белсенділікке ие болуымен қатар, сүйектің сынуы кезінде ауырсу сезімін басады.
3. Менопаузадан кейінгі кезеңде эстрогендермен орынбасушы терапия остепороздың алдын алу ретінде де, емдік шара ретінде де тағайындала береді (5.4 бөлімді қараңыз).
4. Эстроген рецепторларының селективті модуляторлары (ралоксифен) бір тіндерде эстроген агонистері ретінде қызмет атқарса (сүйек тіні), ал басқа тіндерде анатогонист ретінде болады (эндометрий, сүт безі), сондықтан менопаузадан кейінгі кезде әйел адамдарда остеопорозды емдеуге қолданылады.
5. Терипаратид —адам паратгормонының N-терминалді фрагменті остеобластар белсенділігіне әсер етуі нәтижесінде сүйектің жаңаруын күшейтеді.
6. Кальций (карбонат), D дәрумені және D дәруменінің белсенді метаболиттері (α-кальцидиол, кальцитриол) жоғарыда аталған дәрілік заттармен бірге остеопорозды емдеуде кешенді терапия құрамында тағайындауға болады.
Дата добавления: 2015-07-17; просмотров: 72 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Этиологиясы | | | МЕН ФИЗИОЛОГИЯСЫ |