Читайте также: |
|
ҚБ ұлғаюына (жемсау) әкелетін бірден-бір себеп - йод тапшылығы. Йод жетіспейтін аймақтарда дамитын жемсау - эндемиялық, ал қалыпты мөлшерде йод қабылдайтын аймақта дамитын жемсау - спорадикалық деп аталады. Сирек жағдайда ғана эндемиялық жемсау йод тапшылығымен байланысты болмай, басқа зобогенді түрткілер әсерінен дамиды (флавоноидтар, тиоцианаттер). Спорадикалық жемсаудың этиологиясы белгісіз, яғни гетерогенді. Бірқатар жағдайларда ол тиреоидты гормондардың синтезіне қатысатын ферменттер жүйесінің туа біткен ақауларымен байланысты көрініс береді.
3.27 сурет. Йод тапшылық жемсаудың патогенезі
3.27 сурет Стимуляция- Стимуляция Подавление- Басу Гиперплазия тироциов, увеличение щитовидной железы- Тироциттер гиперплазиясы, қалқанша бездің үлкеюі Аутокринные местные тканевые факторы роста ИРФ-1, ЭРФ, ФРФ - Аутокринді жергілікті тіндік өсу факторлары ИӨФ-1, ЭӨФ, ФӨФ Йод- Йод Йодированные липиды (йодлактон)- Йодталған липидтер (йодлактон) ТТГ- ТТГ Синтез тиреоидных гормонов, гипертрофия тироцитов- Тиреоидты гормондардың синтезі, тироциттердің гипертрофиясы |
Патогенезі
Йод тапшылығынан дамыған жемсаудың патогенезі жақсы зерттелген (3.27 сурет). ҚД жасушаларында йод мөлшері азайғанда, йодлактон секілді йодталған липидтердің мөлшері төмендейді (3.26 кесте).
Бұл қосылыстар жергілікті тіндік өсу факторларының өндірілуіне тосқауылдаушы әсер көрсетеді (эпидермальді және инсулинтәрізді өсу факторы 1, фибробластардың өсу факторы). Йод тапшылығы нәтижесінде осы заттардың тироциттермен өндірілуі қарқынды жүреді де, нәтижесінде гиперплазия дамиды. Қосымша ҚБ-дің ұлғаюына ТТГ-ның ынталандырушы әсері ықпал етеді, бұл өз кезегінде қан құрамыіндік өсунда тиреоидты гормондар мөлшері төмендегенде біршама артады.
Кіші көлемді жайылмалы эутиреоидты жемсауды барлық жағдайда нағыз патология немесе агрессивті емдік әрекетті қажет ететін жағдай деп қарастыруға болмайды. Бұл әсіресе жас балалардағ ҚБ көлемі өлшемдерінің, әлі де талқылау үстінде екендігімен байланысты.
Дата добавления: 2015-07-17; просмотров: 87 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Болжамы | | | Диагностикасы |