Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Болжамы.

Парауретралды бездердің қатерсіз гиперплазиясымен ауыратын науқастардың өмірі үшін болжамдық диагнозы толық қолайлы. Аурудың 1-2 сатыларын дер кезінде анықтап, хирургиялық емдеу жақсы нәтиже береді. Операцияның барлық түрінде өлім-жітім 2 %-дан аспайды.

 

IV. Ұяшықтық сұрақтар

Сұрақтар
  Қуықасты безінің қатерсіз гиперплазиясы дегеніміз не?
  Қуықасты безінің қатерсіз гиперплазиясының эпидемиологиясы туралы не білесіз?
  Қуықасты безінің қатерсіз гиперплазиясының симптоматикасы және клиникасы қандай?
  ҚАБҚГ зерттеу әдістері және диагностикасы қандай?
  ҚАБҚГ емдеу әдістері қандай?
  ҚАБҚГ қандай асқынуларға алып келеді?
  ҚАБҚГ реабилитациясының ерекшеліктері қандай?
  ҚАБҚГ жіктелуі.

Белгілі жауаптары

Сұрақтар Жауаптар
  Қуықасты безінің қатерсіз гиперплазиясы дегеніміз не? Үрпінің простата бөлімін қоршап жатқан парауретралды бездердің қатерсіз ісігі ретінде өсу салдарынан дамиды
  Қуықасты безінің қатерсіз гиперплазиясының эпидемиологиясы туралы не білесіз? Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымының зерттеулері бойынша, ер адамдардың 85%-да қуықасты безінің қатерсіз гиперплазиясы (ҚАБҚГ) дамиды. 50 жастан кейін еркектердің 50% осы ауруы жиі кездеседі және қуық қызметі бұзылуының басты себебі болып табылады. 70 жастан асқан еркектердің 70% әртүрлі дәрежедегі қуық асты безінің гиперплазиясынан зардап шегеді.
  Қуықасты безінің қатерсіз гиперплазиясының симптоматикасы және клиникасы қандай? Зәр шығуының бұзылуы (дизурия); қиындауы мен жиілеуі, қуықта қалдық зәрдің қалуын сезіну және оның басқа да бұзылысы аурудың жан-жақты клиникалық көрінісін құрайды. Олар сатыға байланысты өзгеріп отырады. Қуық асты безінің тік ішекке қарай өсетін гиперплазиясы ұзақ уақыт бойы клиникалық белгілерсіз өтуі мүмкін. Науқас ағзасындағы өзгерістерді байқамауы мүмкін. Профилактикалық тексерулердің маңызы осындай жағдайда білінетіндігі айтылады студенттерге.
  ҚАБҚГ зерттеу әдістері және диагностикасы қандай? Науқасты тексеруде қасаға үстін пальпация, перкуссия жасалады. Бұл тәсілдер қалдық несептің жиналуына байланысты қуықтың үлкейгенін анықтауға көмектеседі. Қуыққа катетер енгізу ең қарапайып әдіс болып саналады. Ол зәр шығарудан кейінгі қалдық несептің мөлшерін анықтауға және қасаға үстіндегі қолға сезілетін түзіндінің бар не жоқтығын сезінуге мүмкіндік береді.Қуыққа катетер арқылы рентген контраст заттар жіберу кері цистограмма алуға мүмкіндік береді. Онда қуық ішіндегі гиперплазияның, тастың, ісіктің, қуық дивертикулдарының айқын бейнесі алынады.Лабораториялық зерттеулерде қуық асты безінің қатерсіз гиперплазиясы бар науқастарда электролиттердің, мочевина мен қан сарысуы, креатининнің мөлшерін және бауырдың функционалдық күйінің көрсеткіштерін анықтау қажет.
  ҚАБҚГ емдеу әдістері қандай? Консервативті түрде емдеу: (көптеген простатотропты өсімдік тектес дәрілер бар: Таденан,Трианол, Аводарт т.б.). Альфаадреноблокаторлар: (Тамсулозин -Омник, Доксазозин-Кардура т.б.), әрине қабыну болса антибактериялдық дәрілер де қолданылады. Жиі қолданылатын операциялық емдеу түрлері: Трансуретральды электрорезекция (қуық асты безін токпен біртіндеп сылып алу), қуық арқылы аденоэктомия отасын жасау, лазерлі технологияларды қолдану.
  ҚАБҚГ қандай асқынуларға алып келеді? Зәр шығуының тоқтап қалуы, гематурия, қуық тасы, пиелонефрит, простатит, аденомит, визикулит, эпидидимит және эпидидимоорхит.
  ҚАБҚГ реабилитациясының ерекшеліктері қандай? Операциядан кейінгі кезеңде зәрінің төменгі зәр жолдарымен қысылмай жүруін қамтамасыз ету, қабынуға қарсы шаралар ұйымдастыру, профилактикалық емдеу себептерімен, ер азаматтардың өмір сапасын жақсарту, эректильді дисфункциясының алдын алу және емдеу.
  ҚАБҚГ жіктелуі. Қуық асты безі қатерсіз гиперплазиясының сатыларын клиникалық топтастыру арқылы қуықтың, жоғарғы несеп жолдары мен бүйректің функционалдық күйіне сипаттама береді. Дизурияны және басқа асқынуларды туғызатын интравезикалды бітелу салдарынан компенсаторлық процестердің динамикасына қарай сатыға бөлуге болады. 1-сатысы. Компенсаторлық-қалдық несеп түзілмейді, жоғарғы жолдар мен бүйректе айтарлықтай өзгерістер болмайды. 2-сатысы. Субкомпенсаторлық- қуықта қалдық несеп болады, ал бүйрек пен жоғарғы несеп жолдары функционалдық күйінің кемуі кезеңдерінен өтеді. Қалдық несеп көлемі 100-200 мл. 3-сатысы. Декомпенсаторлық-зәр шығуының толық тоқтауы және бүйрек қызметі жетіспеушілігінің кеш сатысы.  

Бағалау:

Рөлдік ойын сабағы алдында ұяшықтық сұрақтарға жауаптар беру арқылы топтық білім сайысы өткізіледі. Топтың әр мүшесінің алатын бағасы, топтағы әр студенттің жауабына байланысты. Жауаптардан кейін мұғалім ұяшықтық сұрақтардың жауаптарының нәтижесін қорытындылап есептейді. Осыдан кейін мұғалім сұрақтың ашылуына, толықтығына және терминдік сөздерді қолдануына, коммуникативті дағдысына қарап топтағы студенттер білімін бағалайды.

Бағалауға қанағаттанбаған жағдайда, жазбаша түрде жауап жазуын ұсынады.

Бағалау төрт критерий арқылы жүзеге асады: толық әрі нақты жауап – «үздік», толық емес жауап – «жақсы», қанағаттанарлық жауап, дурыс емес жауап.

Толық әрі нақты жауап – «үздік» 90-100, толық емес жауап – «жақсы» 75-89, қанағаттанарлық жауап 50-74, дурыс емес жауап 0.

 

Check – list. Чек- лист

Бірінші топ студенттері үшін:

Р\с Ұяшықтық сұрақтар Толық әрі нақты жауап – «үздік» Толық емес жауап – «жақсы» Қанағат танарлық жауап – «орташа» Дурыс емес жауап
  ҚАБҚГ анықтамасы 90-100 75-89 50-74 0-49
  ҚАБҚГэпидемиологиясы 90-100 75-89 50-74 0-49
  ҚАБҚГ зерттеу әдістері және диагностикасы 90-100 75-89 50-74 0-49
  ҚАБҚГ асқынуларға 90-100 75-89 50-74 0-49
  Пайыздық мазмұны 90-100 75-89 50-74 0-49
  Сандық эквивалент 4.0 3.33 2.33  
  Әріптік жүйе бойынша А В+ С+ F
  Дәстүрлі жүйе бойынша Үздік Жақсы Қанағат танарлық Қанағат тарлықсыз

 

Әр бағанадағы баллдардың санын қосып, сұрақ санына бөлеміз.

Мысалы: 1 сұраққа – 100 балл, 2 сұраққа – 89 балл, 3 сұраққа – 74 балл, 4 сұраққа – 49 қойылды дейік, жалпы сомасы – 312 балл. Демек 312 баллды төртке бөлеміз – 78 балл шығады. Бірінші топ студенттері 78 балл, «жақсы»деген баға алады.

Екінші топ студенттері үшін:

Р\с Ұяшықтық сұрақтар Толық әрі нақты жауап – «үздік» Толық емес жауап – «жақсы» Қанағат танарлық жауап – «орташа» Дурыс емес жауап
  ҚАБҚГ анықтамасы 90-100 75-89 50-74 0-49
  ҚАБҚГэпидемиологиясы 90-100 75-89 50-74 0-49
  ҚАБҚГ зерттеу әдістері және диагностикасы 90-100 75-89 50-74 0-49
  ҚАБҚГ асқынуларға 90-100 75-89 50-74 0-49
  Пайыздық мазмұны 90-100 75-89 50-74 0-49
  Сандық эквивалент 4.0 3.33 2.33  
  Әріптік жүйе бойынша А В+ С+ F
  Дәстүрлі жүйе бойынша Үздік Жақсы Қанағат танарлық Қанағат тарлықсыз

V. Теориялық талдаудан кейін рөлдік сабақ сценарийіне дайындалған тақырыпты белгілі бір клиникалық ситуациялы есеп арқылы студенттерге тәжірибе ретінде ұсыну. Студенттердің клиникалық ойлауын қалыптастыру.

Ситуациялық есеп: науқас Б.Е. Аралбай ұлы, 64 жаста. Түскен күні 5.08.2014 жылы УҒО-ның қабылдау бөліміне келіп қаралды. Науқас қуығының ауруына, шаншуына және зәрінің кейде қызыруына, түнгі уақытта зәрінің жиі әрі қиналып шығатындығына, қуығында қалдық зәрдің қалатындығын сезінуіне шағымданып келді.

Тапсырма:

1. Науқаспен танысу (қабылдау бөлімінде)

2. Толық анамнезін жинау, науқастың сырқаттамасын толтыру

3. Алдыңғы болжама диагноз қою

4. Науқасты бөлімшеге жатқызу

5. Бөлім меңгерушісіне баяндау

6. Зерттеу жоспарын құрастыру

7. Қорытынды диагнозды негіздеу және нақтылы диагнозын қою

8. Емдеу жоспарын құру

9. Науқастың туысының қойған сұрақтарына қанаттанарлықтай жауап қату.

 

VI. Студенттердің қатысуымен өтетін рөлдік сабақ сценарийі

 

1. Қабылдау бөлімі (Дәрігер, науқас; науқаспен танысу, анамнезін толық жинау, сырқатнамасын толтыру)

1 студент дәрігер: Сәлеметсіз бе? Аты-жөніңіз кім? Қандай шағымдармен келдіңіз, не мазалайды? Қашаннан бері мазалай бастады?
2 студент науқас: Б.Е. Аралбай ұлы, 64 жастамын. Негізі ауырғаныма бірнеше ай болған. Қуық тұсында ауырсыну, шаншу болады. Түнде кіші дәретке жиі барамын, 3-4 рет, зәрім қиналып шығады, сыздап ауырады. Зәрімнің кейде қызарғанын байқадым, қуығымда қалдық зәрдің қалатындығын сезінем. Емделіп те көргенмін.
1 студент дәрігер: ауру тарихыңызды айтып берсеңіз.
2 студент науқас жауабы: 2005жылы зәр шығаруының қиындауын байқадым. Жергілікті жердегі урологқа қаралып, простата аденомасы мен созылмалы простатит анықталған.
1 студент дәрігер: Қандай ем қабылдадыңыз?
2 студент науқас: Соңғы екі ай шамасындай уақытта кезең кезеңмен қабынуға қарсы және альфа-адреноблокаторлы әсері бар дәрілік заттармен емделген. Бірақ одан жағдайым жақсармады. 2 ай бойы зәр шығарудың нашарлауы байқалды. Жергілікті жердегі урологқа қаралып простата аденомасымен қуықта тас ауруы анықталды. Ғылыми урологиялық орталыққа ЖММК (ВСМП) квотасы бойынша инфравезикальды обструкцияны жою үшін операциялық емге жолданды.
1 студент дәрігер: Кушеткаға жатыңыз, ішіңізді тексеріп көрейік. (Қарап тексерер алдында науқасты қан және зәр анализдерінен өткізуін сұраймыз. (биохимиялық, ЖҚА, ЖЗА, ПСА яғни ҚАБ маркерлері). Дәрігер науқасты кушеткаға жатқызып, содан сон науқасқа пальпация әдісін түсіндіреді. Сосын науқастың ішіне пальпация жасалынады. Науқас кушеткаға отырып, оң жағымен жатуын және аяқтарын бүгуін өтінеді.Тік ішек арқылы қуықасты безінің құрылымын байқау үшін саусақпен ҚАБ пальпация жасайды.
3 студент дәрігер науқастың сырқатнамасын толтырады.
2 студент науқас- Б.Е. Аралбай ұлы, 64 жаста. 3 студент дәрігер науқастың жанында отырады. Сырқатнамасын толтырады.
2 студент науқас Б.Е. Аралбай ұлы, 64 жаста. Түскен күні 5.08.2014 жыл. Шағымы:Қуық тұсында ауырсыну, шаншу болады. Түнде кіші дәретке жиі барады 3-4 ретке дейін, зәрі қиналып шығады, сол кезде сыздап ауырады. Зәрінің кейде қызарғанын байқаған, қуығында қалдық зәрдің қалатындығын сезінеді. Ауру тарихы: 2005жылы зәр шығаруының қиындауын байқаған. Жергілікті жердегі урологқа қаралып, простата аденомасы мен созылмалы простатит анықталған. Соңғы екі ай шамасындай уақытта кезең кезеңмен қабынуға қарсы және альфа-адреноблокаторлы әсері бар дәрілік заттармен емделген. 2 ай бойы зәр шығарудың нашарлауы байқалды. Жергілікті жердегі урологқа қаралып простата аденомасымен қуықта тас ауруы анықталды. Ғылыми урологиялық орталыққа жоғары мамандырылған медициналық көмек (ЖММК, орысша ВСМП) квотасы бойынша инфравезикальды обструкцияны жою үшін операциялық емге жолданды. Өмір тарихы:1969 жылдан бері оң жақ ұманың көлемінің ұлғайғаны байқалған.1969 жылы оң жағынан гидроцелені жою мақсатында операция жасалған. Туберкулез, вирусты гепатит, қантты диабет, тері-венерологиялық аурулармен ауырмаған. Гемотрансфузия болмаған. Соңғы 6айда шет елге шықпаған. Зиянды әдеттері жоқ. Тұқым қуалайтын аурулары жоқ. Объективті белгілері:Науқас жағдайы қанағаттанарлық. Тілі ылғалды, таза, тері жабындысы қалыпты, ісіктер жоқ. Өкпесінде везикулярлы тыныс, сырыл жоқ. Жүрек тондары анық, дұрыс ритмды. АҚҚ-150/90мм.с.б.б., П-80с.мин. Іші жұмсақ, ауру сезімінсіз. Нәжісі қалыпты. Бүйректері пальпацияланбайды. Соққылау симптомы екі жақта да теріс. Status localisоң жақ ұма аздап ұлғайған, пальпациялағанда ауру сезімінсіз, қосалқылардың ұлғайғанын және тығыздалғанын анықтауға болады. Per rectumпростата ұлғайған, біршама ауру сезімі байқалады, бөлікаралық жік пальпацияланбайды, анықталмайды, тік ішектің шырыш қабығы простата үстінде қозғалмалы. • Алдынғы болжама аңғарымы: ҚАБҚГ 2 сатысы. Несеп тас ауруы. Қуық тастары. • Қосымша аурулары: Созылмалы цистит, ремиссия сатысы. Созылмалы простатит, ремиссия сатысы. Оң жағынан созылмалы эпидидимит, ремиссия сатысы. Артериальды гипертензия 2 саты. Қаупі 3.
4 студент дәрігер: Науқасты профильді бөлімшеге апарып жатқызады. Алдынғы болжама аңғарымын айтып 5 студент емдеуші дәрігерге тапсырып жатқызады. Неліктен бұл бөлімшеге жатқызғанын талдайды.
5 студент емдеуші дәрігер: Бөлімшеге түскен науқастың сырқатнамасын бөлім меңгерушісіне 6 студенткебаяндайды. Студенттер осы кезеңде сырқатнама бойынша баяндауды үйренеді. Зерттеу және тексеру жоспарын клиникалық жүйемен құруды ойластырады.

Тексеру жоспарын құру:

Клиникалық -лабароторлы зерттеу:

• Қан тобы

• Қанның микрореакциясы

• Коагулограмма. Биохимиялық қан анализі.

• ИФА Вирустік гепатитке.

• ИФА АИЖ (ВИЧ).

• Зәрдегі бактериологиялық өсімді анықтау.

• ЖҚА. ЖЗА.

• Жалпы ПСА.

 

 

Клиникалық-аспапты тексеру жоспары:

1.Ультрадыбыстық тексеру.

2.Шолу, экскреторлық урографиясы, төменгі цистографиямен.

3.Ретроградты уретроцистография.

Емдеу жоспарын құру:

1. Консервативті емдеу: қабыну процессін басу.

2. ҚАБҚГ ота жасау. Қуық тасын алу. Тастың көлеміне байланысты ашық ота жасау немесе эндоурологиялық ота жасауды жоспарлау

3. Аденомэктомия, цистолитотомия, дивертикулоэктомия т.б.

 

Тексеру нәтежиелерін талқылау:

Клиникалық-сараптамалық зерттеу:

• Қан тобы (06.08.14): III топ.

• Қанның микрореакциясы (30.07.14) – теріс.

• Коагулограмма (04.08.14): АПТВ- 29,7, ПТВ-14,1, МНО-0,94, фибриноген а 2,8.

• ИФА Вирустық гепатитке (05.07.14) В (HBs Ag) теріс.

• ИФА АИЖ (ВИЧ) (04.07.14) – теріс.

• Зәрдегі бак. өсімі (28.07.14) стафилокок ауреус 10/3, ентерококк фекалис 10/3.

• ЖҚА (30.07.14): Нв -149 г/л, лейк – 4,9*109/л, СОЭ- 4 мм/ч.

• Б/Х (29.07.14): Жалпы белок-72 г/л, мочевина- 6,1 ммоль./л, Креатинин- 73,4 ммоль/л, Глюкоза- 4,4 ммоль/л, общ.билирубин- 13,0 ммоль/л, АлТ-0,08, АсТ-0,07.

• ЖЗА (30.07.14): белок – абс, лейкоциттер – 1-2, эпителийлер- 3-2, тығыздығы-1017, рН-6,0.

• Жалпы ПСА(27.07.14) 4,6 нг/мл.

УДТ 04.08.14: Қуық – көлемі 130 мл, зәр шырыны - 15 мл, қуықтағы тастардың саны 5 өлшемдері 8 мм - 11 мм, қуық қабырғасы 6 мм дейін қалындаған. Аталық безі - 41*51*50 мм, көлемі - 66 см3, масса-68 гр. В структуре рубцықұрылымында тыртықтар, фиброзды аймақтары бар және везикулдары кеңеймеген. Оң бүйрек 106х 56 мм, паренхимасы 18 мм, ТТЖ кеңеймеген. Сол бүйрек 114х56 мм, паренхимасы 18 мм, синусында киста бар 23х31 мм, ТТЖ кеңеймеген.

 

 

Обзорлы экскреторлы урография төменгі цистограммамен (3.08.14) - қуықтың шолу суретінде рентгенпозитивті конременттердің көлеңкелері байқалмайды. Екі жағыңда экскреторлы қызметі уақытылы, симметриялы, несепағар сегментері байқалады. Төмендеуші цистограммада төменгі контуры бойынша толу дефектісі анықталады.

 

 

Ретроградты уретроцистография (05.08.14) - уретра өн бойында өткізбелі, қуықтың төменгі контуры бойынша толу дефектісі анықталды.

 

 

 

Клиникалық диагноз: ҚАБҚГ 2 сатысы. Несеп тас ауруы. Қуық тасы.

Қосымша аурулары: Сол жақ бүйректің жылауығы. Созылмалы цистит, ремиссия сатысы. Созылмалы простатит, ремиссия сатысы. Оң жағынан созылмалы эпидидимит, ремиссия сатысы. Артериальды гипертензия 2 саты. Қаупі 3.

Жоспарланған операция – Цистолитотрипсия. ҚАБҚГ биполярлы трансуретральды резекциясы.

Ота алдындағы күндері: 1төсек/күн

Операцияға көрсеткіш:

• -ҚАБҚГ, несеп тас ауруы, қуық тастары.

Мүмкін болатын асқынулар:

• Қан кету, Зәр ұсталмауы, Уретраның стриктурасы, Қуық мойнының склерозы, Эректильді дисфункция, Созылмалы ошақты қабынулардың өршуі, Миокард инфаркты.

 

8 студент-науқастың туысы, оның сұрақтары: 1. Зәр шығару қиындығын алдын алатын әдістері бар ма? 2. Қанша күн болады стационарда? 3. Отадан кейін қашан зәр шығаруы түзеледі? 4. Туыстар бар, 50-ден асқан ер азаматтарға уролог дәрігерге қаралуы керек пе?
5- Студент емдеуші дәрігер науқастың 8- студент туысына түсіндіретін мағлұматтары: - Өкінішке орай, бүгінгі күнде зәр шығару қиындығын алдын алатын әдістері жетілмеген. -Стационарда 7-9 күндей жатады. - Отадан кейін 4-5 күндері уретралды катетер алынған соң зәрі жүреді, ары қарай 1 ай шамасында зәр шығаруы түзеледі. Жеңіл және ауыр дәрежедегі симптомдар белгілерін жеңілдету үшін науқасқа және туысына берілетін бірнеше кеңестер: -зәр шығару кезінде күшенбеуге тырысыңыз -егер сіз түнгі уақытта кіші дәретке көп баратын болсаңыз, ұйықтар алдында 2 сағат бұрын сұйықтық ішуді доғарыңыз -әсіресе кешкі уақытта алкоголь және кофейіні бар сусындарды ішпеуге тырысыңыз -кіші дәретке барғыңыз келген уақытта баруға тырысыңыз -мүмкіндік болған жағдайда, кіші дәретке барғыңыз келмесе де барыңыз -жылы киініп, спортпен шұғылданыңыз. Суық ауа райы және аз қимылдау ауруды өршітуі мүмкін -театрда, кинода, ұшақта және басқа жерлерде дәретханаға жеңіл шығып тұру үшін өтіске жақын жерге отырыңыз.   Дәрігерге қаралу керек пе? Ер адамның көбісі жоғарыда көрсетілген симптомдарды ауру деп есептемей, жасымен байланыстырады. Сөйтіп өзін алдаусыратып жүруі мүмкін. Өз-өзін емдеу де жағдайды нашарлататын кең тараған қателік болып табылады. Надандыққа бой алдыртпаңыз. 60% ер ададар ауруының асқынған кезинде яғни, кеш қаралады. Осы жағдайларды болдыртпа үшін әрбір ада дәрігерге жылына 1-2рет қаралуы тиіс. 50 жастан асқан ер азаматтар урология, андрология мамандарына көрінуі абзал.
5-студент емдеуші дәрігер: Қанағаттанарлық жауаптар бере алдым ба сізге?
8 студент-науқастың туысы:   Ия.  

Сабақ аяқталады.


Дата добавления: 2015-07-16; просмотров: 261 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Диагностикасы.| РОЛЬ ГРИМА В СОЗДАНИИ СЦЕНИЧЕСКОГО ОБРАЗА

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.02 сек.)