Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Алматы 2015 ж.

Читайте также:
  1. Алматы 2013
  2. Алматы 2013
  3. города Алматы через грант проекта ПРООН/ГЭФ
  4. Департамент по исполнению судебных актов по г. Алматы

Мақсаты:

урология пәніндегі семиотика, симптоматология бөлімдері мен жиі кездесетін урологиялық ауруларды талқылау барысында студенттердің коммуникативті дәрігерлік мінез-құлықтарын қалыптастыруға және аталмыш тақырыптарды айқындап ашуға негізделген логикалық рольдік тренинг-сабақтар арқылы, пәнді қысқа уақыт аралығында барынша меңгеруге бағытталған мотивациялық құлшынысын арттыру.

Оқу үрдісіндегі «Рөлдік ойын сабақ сценарийі» келесі сатылардан тұратындығы айтылады:

1. Кіріспе.

2. Қадамдар.

3. Теориялық-тәжірибелік сабақта тақырыпты талдау.

4. Теорияны бекіту үшін және студенттердің білімін бағалау үшін ұяшықтық сұрақтарды тарқату. Чек-лист арқылы балдық бағалау.

5. Ситуациялық есеп тапсырмасы.

6. Рөлдік ойын сабақ сценарийі.

І. Кіріспе

.

«Қуықасты безінің қатерсіз гиперплазиясы (ҚАБҚГ)» тақырыбын ашуға арналған толық мәліметтері бар жиынтықтар ұсынылатыны, сабақ барысын қадамдарға бөлу және сабақты ұйымдастыру үшін студенттерге нақты сұрақтар қарастырылғаны студенттерге түсіндіріледі: топқа бөлінуі айтылады, дайындалған 8 ұяшықтық сұрақтар бар екендігі түсіндіріледі. Рөлдік ойын сабағы алдында ұяшықтық сұрақтарға жауаптар беру арқылы топтық білім сайысы өткізілетіндегі паш етіледі. Чек-лист таныстырылады. Топтың жалпы бағасы, топтағы әр студенттің жауабына байланысты екендігі ескертіледі. Сол алынған баға топтағы әр студентке сабақ барысындағы білім деңгейіне қойылады. Осы білім келесі сатыларда, яғни студенттердің «Рөлдік ойын сабақ сценарийінде» қолданылатыны ескертіледі.

 

II. Қадамдар

I Қадам. Студенттермен танысу.
1. Топпен сәлемдесу. Тізіммен тексеру. Әрбір студентпен танысу.
2. Урология пәні жайлы мәлімет беру. Басқа пәндермен байланысына тоқталу.
4. Бүйрек несеп-жыныс жолдарының анатомиялық, физиологиялық құрылымы мен қызметін топтағы студенттермен еркін түрде талқылау. Өткен дәрістерді қайталау.

5. Бүйрек және несеп-жыныс жолдарының анатомиясы мен физиологиясының урологиялық аурулардың симптомдарының дамуымен сабақтастыру.
6. Урологиялық аурулардың белгілерін патофизиологиялық тұрғыдан түсіндіру. Симптомдарды талдап, дәлдікпен түсіндіру. Кoнспектілеуді талап ету.

7. Ендігі кезекте рөлдік ойын үшін тақырыпты таңдау және талдау. №1 Тақырып: Қуықасты безінің қатерсіз гиперплазиясы (ҚАБҚГ). Теориялық-практикалық бөлігіне студенттердің баса назар аударуларын ескертеміз.

II Қадам. Мұғалім өткізгелі тұрған рөлдік ойынды түсіндіреді. Студенттерді екі топқа бөліп, топ басшыларын сайлайды.

III Қадам. Студенттерден сабақ бойынша түсінгенін тексеру үшін әр топқа 4 ұяшықтық сұрақтар таратылады. Егер топта 8 студент болса, бір топ 4 студенттен тұрады. Әр студентке 1 сұрақтан беріледі.

IV Қадам. Әр студентке ұяшықтық сұрақтар үлестіріледі. Берілген ұяшықтық сұрақтарға әр студент өз бетінше дайындалып, бір минут ішінде жауап беруі керек.

V Қадам. Әр топ студенттері өз қалауымен ретті түрде ұяшықтық сұрақтарды алады. Ойлануға бір минут беріледі.

VI Қадам. Сұрақ-жауап біткен соң, студенттің берген жауабы чек-листке сай баллдық көрсеткіш бойынша бағаланады.

ІІI. Тәжірибелік сабақта тақырыпты талдау.

№1 Тақырып: Қуықасты безінің қатерсіз гиперплазиясы (ҚАБҚГ)

 

ҚАБҚГ - үрпінің простата бөлімін қоршап жатқан парауретралды бездердің қатерсіз ісігі ретінде өсу салдарынан дамиды.

Статистикалық мәліметтер: Қазіргі таңда Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымының зерттеулері бойынша, ер адамдардың 85%-да қуықасты безінің қатерсіз гиперплазиясы (ҚАБҚГ) дамиды.

ҚАБҚГ ауруы кезінде организмде болатын өзгерістер:

Қуықасты безі-«каштан» тәрізді немесе «грек жаңғағына» ұқсайтын ер адамның ішкі без ағзасы. Без несеп-қуығының астында орналасып несеп шығару түтігін жан - жағынан қоршайды. Қуық асты безі жылдар өте келе, қартайғанда, көлемі үлкейе бастайды (простата аденомасы, қатерсіз гиперплазия). Үлкею өз алдына ауырсынуды туғызбайды, бірақ көлемі үлкейіп бара жатқан простата келеңсіз симптомдардың және зәр шығарудың қиындауының жиі себебі болады.. 50 жастан кейін еркектердің 50% осы ауруы жиі кездеседі және қуық қызметі бұзылуының басты себебі болып табылады. 70 жастан асқан еркектердің 70% әртүрлі дәрежедегі қуық асты безінің гиперплазиясынан зардап шегеді.

 

Ауру қалай байқалады?

Аурудың бастапқы сатысында зәр шығару жиіленеді. Кейінірек зәр шығарудың ағымы әлсірейді. Зәр шығару біршама қиындайды. Кеш сатысында: аз көлемдегі жиі зәр шығаруы, үнемі дәретке барғысы келіп тұруы, зәр шығарудың қиындауы, несеп қуығы толық босамау сезімі қосылады.

Патогенез. Пайда болу себебі әлі де зерттелу үстінде. Жаңа туған нәрестенің қуық безінің массасы бірнеше грамм болады. Жыныстық жетілу барысында оның массасы артып, 18 жаста 20 граммға жетеді. Қалыпты жағдайда мүшенің массасы мен құрылысы 25 жыл бойы өзгермейді, қарттарда 25% -да оның семуі байқалады. Қуық асты безінің қатерсіз гиперплазиясының дамуы барысында қуықтың босауы, зәрдің несепағар бойымен жүруі қиындайды. Обструктивті уропатияның дамуы уретерогидронефроздың үдеуі барысында бүйректің функционалдық күйі кеміп, қызметінің жетіспеушілігінің клиникалық және лабораториялық белгілері өседі.

Жіктелуі. Қуық асты безі қатерсіз гиперплазиясының сатыларын клиникалық топтастыру арқылы қуықтың, жоғарғы несеп жолдары мен бүйректің функционалдық күйіне сипаттама береді. Дизурияны және басқа асқынуларды туғызатын интравезикалды бітелу салдарынан компенсаторлық процестердің динамикасына қарай сатыға бөлуге болады.

1-сатысы. Компенсаторлық-қалдық несеп түзілмейді, жоғарғы жолдар мен бүйректе айтарлықтай өзгерістер болмайды.

2-сатысы. Субкомпенсаторлық- қуықта қалдық несеп болады, ал бүйрек пен жоғарғы несеп жолдары функционалдық күйінің кемуі кезеңдерінен өтеді. Қалдық несеп көлемі 100-200 мл.

3-сатысы. Декомпенсаторлық-зәр шығуының толық тоқтауы және бүйрек қызметі жетіспеушілігінің кеш сатысы.

 

Клиникалық белгілері.

Зәр шығуының бұзылуы (дизурия); қиындауы мен жиілеуі, қуықта қалдық зәрдің қалуын сезіну және оның басқа да бұзылысы аурудың жан-жақты клиникалық көрінісін құрайды. Олар сатыға байланысты өзгеріп отырады. Қуық асты безінің тік ішекке қарай өсетін гиперплазиясы ұзақ уақыт бойы клиникалық белгілерсіз өтуі мүмкін. Науқас ағзасындағы өзгерістерді байқамауы мүмкін. Профилактикалық тексерулердің маңызы осындай жағдайда білінетіндігі айтылады студенттерге.

 


Дата добавления: 2015-07-16; просмотров: 418 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Комарова Наталья Витальевна в совершении умышленного причинения тяжкого вреда здоровью, опасного для жизни человека, повлекшее по неосторожности смерть потерпевшего.| Диагностикасы.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.009 сек.)