Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Сәбит Мұқанов. Шығармашылық өмірі. Өлеңдері. Поэмалары.

Читайте также:
  1. Дәріс. Қ.Аманжолов, Ғ.Орманов, Т.Жароковтың шығармашылық өмірбаяндары.
  2. Сәбит Дөнентаев

Шығармашылық өмірі. Өлеңдері. Поэмалары.

“Сұлушаш” (1928). Поэманың сюжетіне негіз болған материал. Ақынның ойдан қосуы және оның шығарманың көркемдік-идеялық жүйесіндегі орны. Сұлушаш, Алтай, қайсар бейнелері. Поэманың көркемдік ерекшеліктері.

Ақынның өз заманы туралы жазған шығармалары. “Майға сәлем”, “Ақ аю”, “Колхозды ауыл осындай”, “Сөз Советтік Армия”, “Поэзия маршалы”, т.б. Олардағы ақындық ізденіс іздері. Ақынның В.Маяковскийден үйренуі, қазақ өлең құрылысына енгізген жаңалығы.

Прозалық шығармалары. “Адасқандар” (1931), “Жұмбақ жалау” (1938), “Ботакөз”. Романның қазақ әдебиетінде реализм әдісі негізінде көрінген шығарма екендігі. Жазылу тарихы. Тақырыбы мен көтерген мәселесі. Романның сюжеттік желісін құрған тарихи оқиғалар, оларды жинақтау мен даралаудағы суреткерлік нысана.

“Менің мектептерім”, “Өмір мектебі”, “Есею жылдары”. Шығарманың жанрлық сипаты, онда қазақ халқының өмірінің суреттелу жолдары. Баяндаушының өз бейнесі. Дәуір шындығы және көркемдік жинақтау.

“Сырдария” романы (1948-1951). Тақырыбы. Еңбек адамдарының бейнелері. Байжан, Айбарша, Дәулет, Сырбай, Анатолий, Самархан, Наталья, Рахмет сияқты басты кейіпкерлердің образдары, олардың өсу жолы. Романдағы халықтар достығы. Романның көркемдігі. Баяндау, суреттеу, әңгімелеу жолдары. Шығарманың тілі.

“Мөлдір махаббат” (1959) романы. Шығарма тақырыбының тууы. Жазушының өмір шындықтарын жинақтау жолдары. Бүркіт пен Бәтестің махаббат тарихы, олардың еркін өмір жолындағы әрекеттері. Романның басты кейіпкерлері және олардың прототиптері.

Драмалық шығармалары: “Күрес күндерінде” (1938), “Сәкен Сейфуллин” (1964), “Қашқар қызы” (1972), “Шоқан Уәлиханов” (1953).

“Аққан жұлдыз” (1967, 1970). Романды тетрологиялық деңгейде жазу туралы автордың ойы. Ол ойдың толық жүзеге аспауы. Романның алғашқы екі кітабында көрініс тапқан өмір шындықтары. Шоқан Уәлиханов бейнесі.

Әдебиет сыны мен әдебиет тарихын зерттеудегі еңбектері “Өсу жолдарымыз”, “Халық мұрасы”, “Жарқын жұлдыздар” “ХҮІІІ-ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті тарихының очерктерің оқулығы. Жазушы творчествосының зерттелу жайы, қазақ әдебиеті тарихында алатын орны.

 

Әдебиеттер:

 

1. Дәдебаев Ж. Мұхтар Әуезов. – Алматы: Рауан, 1991.

2. Әуезова Л.М. О.Әуезов творчествосындағы қазақстан тарихының проблемалары. –Алматы:Мектеп, 1977.

3. Әуезов М. Шығармаларының жиырма томдық жинағы.

4. Әуезов және әлем әдебиеті. 1-кітап. Алматы: Қазақ университеті, 1999.

5. Әуезов және әлем әдебиеті. 2-кітап. Алматы: Қазақ университеті, 2001.

6. Әуезов тағылымы. Алматы: Жазушы, 1987.

7. Джуанышбеков Н. Творчество Ауэзова в контексте сравнительного литературоведения. – Алматы: Бастау, 2002.

8. Дүйсенбаев Ы. М.Әуезов. Алматы: Ғылым, 1974.

9. Қабдолов З. Мұхтар Әуезов және оның әсемдік әлемі. – Алматы: Білім, 1986.

10. Қабдолов З. Көзқарас. –Алматы: Рауан,1996.

11. Ергөбеков Қ. Сәбит Мұқанов. – Алматы: Рауан, 1989.

12. Мұқанов С. Өсу жолдарымыз. – Алматы: ҚМКӘБ, 1960.

 


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 179 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.005 сек.)