Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Түбір өзектерін өңдеуге арналған (эндоднттық) аспаптар

Читайте также:
  1. азақ тілі пәні бойынша 2-деңгейге арналған тест сұрақтары
  2. Бір түбірлі тістегі периодонттың созылмалы қабынуын емдеу.
  3. Емтиханға арналған сұрақтар.
  4. Емтиханға арналған тесттер
  5. Көптүбірлі тістер периодонтының созылмалы қабынуын емдеу.
  6. ОСӨЖ сабақтарын орындауға арналған әдістемелік нұсқау.
  7. Практикалық (семинар) сабақтарына арналған тапсырмалар

 

Ең алғаш 1958 жылы Халықаралық стандарттау ұйымы (ІSO) ұсақ эндодонттың аспаптарды белгілеуді ұсынды. Аспаптардың барлығы #SO 3630 стандартына байланысты белгіленіп (маркировка) шығарылады. Стандартта аспаптың пішіні, профилі, ұзындығы, қалыңдығы, механикалық беріктігі берілген. Сонымен қатар әрбір аспапқа тән өлшемдер түрлі түспен және типтік символдармен белгіленген.

Сандық белгілеу (цифровая маркировка)

Түбір өзегін өтуге және кеңейтуге арналған ұсақ аспаптар сандық кодтармен белгіленген. JSO стандартына сай бұл аспаптарының саптарының бүйір беттерінде және ұшында символ (рәміз) мен аспап ұшының диаметріне сай сан көрсетілген. Стандартқа сай аспаптардың 21 өлшемі қарастырылған (006 дан 140 дейін), осыған сай 010 дейін аспаптың диаметрі 01,2 мм ұзындайды; 010-нан 060 дейін 0,05 мм;060 тан 120 дейін 0,10 мм; 120 дан 140 дейін 0,2 мм ұзарады. Өлшемі 006 аспаптар таңқұрай түстес (малиновый цвет), 008-сұр; 010-күлгін түспен кодталған. Одан әрі 015, 045, 090-ақ түспен, 020,050,100-сары түспен, 025, 055, 110-қызыл түспен; 030, 060, 120-көк түспен; 035,070,130-жасыл түспен, 040, 080, 140-қара түспен белгіленген.

Аспаптардың сандық және түстік белгілері (кодтары).

ІSO cтандартына сай өлшемдері Тістік кодтары
  Таңқурай түстес
  Сұр
  Күлгін
015,045,090 Ақ
020,050,100 Сары
025,055,110 Қызыл
030,060,120 Көк
035,070,130 Жасыл
040,080,140 Қара
  Қызғылт
  Сұр
  Күлгін
15,45,90 Ақ
20,50,100 Сары
25,55,110 Қызыл
30,60,120 Көк
35,70 және б. Жасыл
40,80 қара
   

 

Пішіндік белгілеу (геометрическая маркировка)

Өткіш бұрғылар (дрильборы «Reamers» және кеңейткіш бұрғылар немесе (егеу бұрғылар – (напильники «Files») – түбір өзегін механикалық жолмен өңдеуге арналған негізгі эндодонттық аспаптар. Оларды бір бірінен ажырату үшін геометриялық рәміздермен белгілеу ұсынылған.

 

Аспаптың түрі Геометриялық рәмізі
K-Reamers өткіш бұрғы-дрильбор Үшбұрыш пішініді
K-Files Егеу-бұрғылар Квадрат пішініді
Иілгіш егеу бұрғылар – K-Flexofiles Ромбы пішініді
Сүргі бұрғы – корневой бурев Дөңгелек пішініді
Түрпі бұрғылар – рашпили - Rasps Сегізбұрыш пішініді
Ұлпаалғыштар - Barde Жұлдызша пішініді
Өзектолтырғыш - Zentulo Бұрама (завиток) пішініді

 

Өткіш және кеңейткіш бұрғылардың (K-Reamers және K-Files) алдындағы бірінші «К» әрпі ХХ ғасырдың 20-шы жылдарында осы аспаптарды шығара бастаған Керр фирмасының атын көрсетеді.

 

Эндодонттық ұсақ аспаптарды жүйелеу оларды негізгі атқаратын қызметіне негізделген және төмендегідей болып бөлінеді:

1. Диагностикалық аспаптар (түбір өзектерінің өту деңгейін, ұзындығын анықтауға арналған);

2. Өзек сағаларын ашуға және кеңейтуге арналған;

3. Ұлпаны немесе ұлпа ыдырандысын алуға арналған аспаптар;

4. Түбір өзектерін өтуге арналған;

5. Түбір өзектерін кеңейтуге арналған;

6. Өзек қабырғаларын тегістеуге арналған;

7. Түбір өзектерін пломбылауға арналған.

Аспаптардың барлығы ІSO 3630 стандартына байланысты белгіленіп (маркировка) шығарылады. Стандартта аспаптың пішіні, профилі, ұзындығы, қалыңдығы, механикалық беріктігінің көрсеткіштері берілген. Сонымен қатар әрбір аспапқа тән өлшемдер түрлі түспен көрсетілген және типтік символдармен белгіленген.

1. Түбір өзегінің көлемін (өлшемін) анықтауға арналған аспаптар:

Түбір инесі (беті тегіс жұмыр және қырлы). Домалақ ине түбір өзегінің өтетін-өтпейтінін анықтау үшін, ал қырлы ине түбір өзегіне әртүрлі дәрілік заттар енгізуге керек мақта білектер дайындау үшін қолданылады және бес өлшеммен (размер) шығарылады.

Өзек тереңдігін анықтайтын жұмыр өлшегіш үш өлшеммен шығарылады. Олардан басқа термофильді гуттаперча штифтер жиынтығында да арнаулы верификаторлар (ұзындық өлшегіштер) бар, себебі термофильмен пломбылаған кезде өзектің көлемін міндетті түрде анықтау қажет.

Сонымен қатар түбір инесін қолданып, өзекті пломбылауға да болады.

2. Өзек сағаларын ашу және кеңейту үшін қолданылатын аспаптар:

2.1. Gates Glidden бұрғысы, сабы ұзын және жіңішке, жұмысшы бөлігі қысқа тамшыға ұқсас. Барлық ұзындығы 15-19 мм тең. Көлденең кесіндісінің ұзындығына сай алты өлшеммен (1-6) 0,50; 0,70; 0,90; 1,10; 1,30; 1,50 мм шығарылады. Өлшемі ұстатқышқа бекітілген сақинада белгіленеді. Бұрышты ұштықпен баяу аналымда жұмыс істеуге болады.

2.2. Largo бұрғысы (Peeso-Reamer), жұмысшы бөлігі ұзындау, сабы қатты, барлық ұзындығы 15-19 мм тең, алты өлшеммен шығарылады (0,70; 0,90; 1,10; 1,30; 1,50; 1,70 мм). Ұзындатылған жұмысшы бөлігі тек өзек сағасын ғана емес, оның сағаға жақын ⅓ бөлігін кеңейтуге мүмкіндік береді. Көбінесе жоғарғы үлкен азу тістердің таңдай өзектерінің, төменгі азу тістердің артқы өзектерінің сағаларын кеңейту үшін қолданылады.

3. Түбір өзектерін өтуге арналған аспаптар - (өткіш бұрғылар-дрильборы) – Reamer.

Бұл аспаптар иілгіш келеді және кескіш қырлары тегістеу, аралары ашық борналасқандықтан ілгері жылжу немесе өзекте өту мүмкіндіктері жоғары.

3.1. K-Reamer (Керр дриль боры) стандартқа сай 20өлшемен шығарылады.

3.2. K-Flexoreаmer, аспаптың қыры бір-біріне жақынырақ орналасқан, жақсы иілгіш аспап, алты өлшемен шығарылады және аса қисық өзектерді өту үшін пайдаланады.

3.3. K-Flexoreamer golden medium - аралық өлшемді аспап, бір өлшемнен екінші өлшемге секірмей өту үшін қолданылады. Мысалы, 0,25 өлшемді аспапты 0,20 өлшемнен кейін өзекке енгізу қиын болса, аралық 0,22 өлшемді аспапты қолданады. Бұл аспаптар диаметрлері 0,12; 0,17; 0,22; 0,32; 0,37 өлшемдермен шығарылады.

3.4. K-Reaner forside үлкен азу тістердің өте тар өзектерін ауызды ашу шектелген кезде өтуге арналған. Жиынтыққа 18 аспап кіреді (0,06; 0,08; 0,10; 0,15....), жұмысшы бөліктерінің ұзындығы 15-18 мм. тең.

4. Түбір өзектерін кеңейтетін аспаптар.

4.1. K-File – Керр сүргі бұрғысы. Кескіш қырлары бір-біріне жақын орналасқан, жиынтықта жұмысшы ұзындығы 21,25,28,31 мм болатын 21 өлшемді аспаптар түрінде шығарылады. Өзекті аспаптарды ілгері-кейін жылжыта отырып, қабырға бетіндегі жұмсарған дентинді қыру арқылы кеңейтеді.

4.2. K-Flexofile - өзек кеңейткіш аспап, иілу қасиеті өте жоғары. Өте қисық және тар өзектерді кеңейту үшін қолданылады, жұмысшы бөлігінің ұзындығы 21, 25, 31 мм, алты өлшемен (0,15; 0,20; 0,25; 0,30; 0,35; 0,40) шығарылады.

4.3. K-Flexofile golden medium – аралық өлшемді жақсы иілетін өзек кеңейткіш аспап. Басқа кеңейткіш аспаптармен жұмыс істегенде үлкен өлшемді аспаптарға біртіндеп ауысу үшін қолданылады және алты өлшеммен шығарылады (0,12; 0,17; 0,22; 0,27; 0,32; 0,37), жұмысшы бөлігінің ұзындығы – 21, 25, 31, мм.

4.4. K-File nitiflex өте қисық (90º дейін) және тар өзектерді өтуге арналған. Аспап титан-никель құймасынан дайындалған, ұшы доғал, жақсы иілгіш. Стандартқа сай 10 өлшеммен (0,15; 0,20; 0,25; 0,30; 0,35; 0,40; 0,45; 0,50; 0,55; 0,60) шығарылады, жұмысшы бөлігінің ұзындығы – 21, 25, 31 мм.

4.5. Hedstroem File – Хедстрем сүргі бұрғысы. өзек қабырғаларын тегістеуге арналған. Стандартқа сай 20 өлшеммен (0,08 ден 0,0140 дейін) шығарылады, ұзындығы – 21, 25, 28 және 31 мм.

4.6. Emdosonore File – түбір өзегін ультрадыбыспен кеңейтуге арналған бұрғы, алты өлшеммен шығарылады (0,10; 0,15; 0,20; 0,25; 0,30; 0,45), ұзындығы – 27, 31 мм.

4.7. Rasp; Rat Tile File – рашпиль (түрпі бұрғы), түбір өзектерін кеңейтуге арналған. Жұмысшы бөлігінде аспап өсіне тік орналасқан 50 тісшелері бар (олардың ұзындықтары аспап диаметрінің ⅓ ұзындығына тең). Аспаптың ұшында тістер болмағындықтан, өзек бойымен жеңіл сырғиды. Жиынтықта 7 аспап бар, жұмысшы бөлігінің ұзындығы – 25мм.

4.8. Beutoelroch Reamer B2 – түзу өзектерді кеңейтуге арналған аспап, кесетін қыры екеу, аспаптың өзек қабырғаларын қыру және кеңейту мүмкіндігі өте жоғары.

4.9. Profile 04 Taper Series 29 Rotary Instrumentes – айналатын эндодонттық аспаптар қатарына жатады, Dentsplay фирмасының бөлімі шығарады. Бұл аспаптардың бірден-бір ерекшелігі - әрбір аспап ұшының диаметірінің келесі аспаптан 29% айырмашылығы бар. Мұның өзі өзек диаметірін біртіндеп кеңейтуге мүмкіндік береді. Аспаптың жұмысшы бөлігіндегі сайлары U-әрпіне ұқсас, жиектері тегіс болғандықтан, өзек қабырғасына көп ілініп қалмай, еркін жылжиды.

4.10. Profile 04 эндоденттық ұштықпен жұмыс істеуге арналған, жұмысшы бөлігінің ұзындығы өзгеріп тұратын эндодонттық жүйелі аспап. Бұл жүйе миллиметрмен белгіленген өлшегіш саптан, ұстағышқа бекітілетін ауысып тұратын алты өлшемді (1-6) аспаптардан және жұмысшы бөлігінің ұзындығын реттеп тұратын қысқыш құрылымнан тұрады. Аспаптардың жұмысшы ұзындығы 16-28 мм.

5. Түбір өзегін пломбылауға арналған аспаптар.

5.1. Zentulo - өзектолтырғыш (каналонаполнитель) – конусқа ұқсаған спиральды аспап. Жұмысшы бөлігінің ұзындығына қарай қысқа (17 мм), ұзын (21 мм) және өте ұзын (25 мм) болып, және спиральдың диаметріне қарай төрт өлшемді (1-4) болып бөлінеді. Ең бір тиімді жағдай - өзектолтырғышпен өткіш және сүргі бұрғылар өлшемдерінің бір-біріне тәуелді болуы. Түбір өзегін 0,30, 0,35 өлшемді аспаптармен кеңейткеннен кейін № IV (қызыл сақиналы) өзектолтырғышты, 040; 045 өлшемді кеңейткіштерден кейін №2 (көк сақиналы), 050, 055, 060 өлшемді кеңейткіштерден кейін №3 (жасыл сақиналы), ал 070,080, 090 өлшемді кеңейткіштерден кейін №4 (қара сақиналы) өзектолтырғыштарды қолданған тиімді. Ұштықтың көмегімен айналатын өзектолтырғыштың оңтайлы жылдамдығы минөтіне 100-120 айналым. Өзектолтырғыштар қолмен істеуге және бұрышты ұштыққа арналып шығарылады.

5.2. Spreder (спредер) - өзекнығыздағыш, түбір өзегіне енгізілген гуттаперча штифтерді бүйірден нығыздау үшін қолданылады, өлшемдері 010; 020; 030; 040 және 025; 030; 040, 050; 060 екі түрде шығарылады, жұмысшы бөлігінің ұзындығы – 21, 25 мм.

5.3. Condensor (конденсор) – түбір өзегіне енгізілген гуттаперчаны нығыздау үшін қолданылады. Жұмысшы бөлігінде спиральға ұқсас сайлары бар, бұрышты ұштыққа арналып шығарылады. Жұмысшы бөлігінің ұзындығы – 21 және 25 мм, өлшемдері – 025, 030, 035, 040, 045, 060, 070, 080.

5.4. Plager (плагер) – түбір өзегіне енгізілген гуттаперчаны тік бағытта нығыздауға арналған аспап, пішіні цилиндрге ұқсас, ұшы доғал, қолмен істеуге арналған. Екі түрде шығарылады: бірінші түрі – көлденең кесіндісі 0,70-1,10 мм сегіз өлшеммен; екіншісі – цилиндрге ұқсас үш өлшеммен.

 

 


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 53 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.01 сек.)