Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Лпаның нервтенуі

Читайте также:
  1. Лпаның қабынуын ұлпаны өліеттендіріп алу әдісі мен емдеу (девиталды хирургиялық әдіс).

Түбірұшы тесігі арқылы қантамырлармен қатар жоғарғы және төменгі жақ нервтерінің тармақтары түбір ұлпасының құрамына енеді. Олар алдымен тіске алдыңғы, артқы таңдай, ұрт және тіл жақтарынан жақындап, периодонтқа өтеді, содан кейін миелин текті бірнеше талшықтар қантамырларымен қатар ұлпаға енеді.

Сауыт ұлпасына жақындай келе нерв талшықтарының диаметрі кішірейе түседі, бағыттары тангенциалды бола бастап, предентинге жақындағанда желпуішке ұқсап тарай бастайды. Біртіндеп сауыт ұлпасында миелинді қабықтары жойылады да, миелинсіз талшықтар мен нерв ұштары орын алады. Нерв талшықтары екі өрім құрайды және бұтаға, колбаға (құтыға), тоғаға ұқсаған нерв ұштарымен аяқталады.

Ұлпаның лимфалық тамырлар жүйесі де жақсы дамыған.ұлпаның орындайтын қызметтері әртүрлі, олардың ішіндегі ең маңыздылары – трофикалық, пластикалық және қорғаныс немесебарьерлік функциялары. Бұл функциялар бір-бірімен тығыз байланысты және бір-бірін толықтырады.

Трофикалық қызметі. Ұлпада қан тамырлар мен лимфалық тамырлар жүйесі жақсы дамыған. Оның негізгі заты арқылы клеткалық құрылымдарға қаннан – қоректік заттар келеді, ал зат алмасуынан пайда болған керексіз заттар кері көктамырлар жүйесіне түседі. Осы уақытқа дейін мәлім ақиқат – тістің қатты тіндерінде қантамырларының болмауы. Осыған байланысты тіс дентині ұлпадан келетін қоректік заттармен одонтобластар өсіндісі арқылы қоректенеді. Макроэлементтер (кальций және фосфор) кіреукеге ұлпадан да және сілекейден де келеді. Қоректенудің үшінші жолы – тіс тіндеріне қоректік зат периодонт арқылы келуі.

Қорғаныс немесе барьерлік (кедергілік) қызметі. Бұл қызмет ұлпада ретикулоэндотелиалдық жүйе клеткаларының көмегімен орындалады. Олардың ішінде ең негізгілері – гистиоциттер, патологиялық үрдіс кезінде олар жылжымалы макрофагтарға айналып, фагоциттер қызметін атқарады. Ал плазмоциттер антидене құру арқылы қорғаныс қызметін атқарады. Фагоцитоздау және клеткаіштік қорыту қызметін нейтрофильді гранулоциттер де орындайды.

Пластикалық қызметі. Пластикалық немесе құру қызметі қорғаныс қызметімен үйлесе орындалады. Пластикалық қызметі тістің қалыптасуынан басталып, адам өмірінің соңына дейін жалғасады. Тіс тіндерінің даму барысында біріншілік дентин құрылады, тіс шыққаннан кейін бұл үрдіс тоқтамай, екіншілік дентиннің (орнынбасушы дентиннің) құрылумен жалғасады.

Екіншілік дентиннің құрылуы (дентиннің ұлпа жақ бетінде құрылады) біртіндеп тіс қуысының тарылуына, ал кейде бітіп қалуына да әкеп соғады. Үшіншілік немесе иррегулярлы дентин патологиялық тітіркендіргіштер әсерінен құрылады.

Дентин өзекшелерінің тарылуын және үшіншілік дентиннің құрылуын ұлпаны инфекция түсуден және сыртқы әсерлерден қорғайтын тосқауыл деп санауға болады.

 


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 26 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)