Читайте также:
|
|
Бұл әдіс қазіргі уақытта да қолданылып жүрген әдіс, өйткені 100% жағдайда ұлпа қабынуын ең озат әдіс деп саналатын виталдық хирургиялық әдіспен емдеу мүмкіндігі жоқ. Себебі, әлі де көптеген стоматологиялық науқастарда ұлпаны жансыздандыратын анестетиктерге аллергиялық реакциялар байқалады және көптеген адамдардың жалпы және психикалық жағдайлары бұл әдісті жүргізуді көтере бермейді.
Ұлпа қабынуын девиталдық хирургиялық әдіспен емдеудің қалыптасуына негіз болған 1836 жылы американ дәрігері Спунер ұсынған мышьяк ангидриді (мышьяк қышқылы). Мышьяктың көптеген қосындыларының ішінен тіндерге көбірек жергілікті әсер ететін мышьяк ангидриді (As2O3). Ол беті ашық жағдайда ауадан өзіне ылғал тартып, мышьяк қышқылына айналады (мышьяковистая кислота-acidi arsenicosi).
Әртүрлі клиникалық зерттеулер анықтағандай, мышьяк қышқылының белгілі мөлшерін (0,0006-0,0008г.) белгілі уақытқа (2 сөткеге дейін) ұлпа бетіне қойса, периодонтқа зиянды әсерін тигізбей, ұлпаны толық өліеттендіре алады екен.
Мышьяк қышқылының ұлпаны өліеттендіру механизмі туралы әртүрлі көзқарастар бар. Ұлпа тінімен тікелей жанасқан жерінде ұлпаны күйдіре өліеттендіреді (некроздайды), ал мышьяк өте бастаған ұлпаның төменгі қабаттарында қан тамырлары кеңейіп, қабырғаларының өткізгіштігі жоғарылауы нәтижесінде қан құйылу ошақтары пайда болып, нерв талшықтарында миелінде қабықтың түйіршікті ыдырауы, өстік цилиндрдің варикозды жуандауы, нерв талшықтарының жойылып кетуі де (гибель) байқалады. Ұлпаның толық өліеттенуі көбінесе мышьяк ангидридінің тотықтырушы ферменттерді тежеуі әсерінен тотығу үрдісі бұзылып, ондағы жасушалық (клеткалық)және тіндік құрылымдардың бұзылуы (гибель) нәтижесінде дамиды.
Мышьяк қышықылының зарарсыздандырушы қасиеті жоқ және жоғарыда айтылғандай, оның әсерінен қабынған ұлпада жалқықтану үрдісі күшейіп, тіс қуысы ішінде қысым жоғарылай түседі. Осыған байланысты ұлпаны өліеттендіретін мышьяк қышқылы күрделі қойыртпақтың (мышьякты пастаның) құрамында қолданылады:
Rp: Acidi Arsenicosi 3,0
Cocaini hydrochloridi
Thymoli āā 0,5
M.f. pasta
Ds. стоматологиялық кабинет үшін.
Тимол қойыртпаққа антисептикалық қасиет береді, ал кокаин ұлпаның өліеттенуі кезіндегі қатты ауыру сезімін басады. Аталмыш қойыртпақ бірінші қабылдауда ұлпасы қабынған бір түбірлі тіске 24 сағатқа, ал көптүбірлі тіске 48 сағатқа қойылады.
Егер тісі сырқат адам белгіленген уақытта екінше қабылдауға келе алмайтын болса, ұлпаны ұзақ уақытта өліеттендіретін мышьяк қойыртпағын қолдануға болады:
Rp: Arsenicosi 5,0
Acidi tannici 2,5
Olei caryophyllori q.s.
Ds: ұлпаны баяу өліеттендіру үшін.
Бұл қойыртпақ сырқат тіске бірінші қабылдауда 7-15 күнге дейін қойылады.
Ұлпаны өліеттендіру үшін параформальдегид де (триоксиметилен) қолдануға болады. Дене температурасында ол деполимеризациялауға (жібуге) ұшырап, құрамынан формальдегид молекулаларын бөледі. Ал бөлінген молекулалар ұлпаны құрғатып, мумификациялануға ұшыратады.
Ұлпаның өліеттенуі баяу жүретіндіктен, құрамына ауыру сезімін басатын дәрі қосылған арнаулы қойыртпақ дайындайды:
Rp: Paraformaldegidi 9,0
Anaesthesimi 1,0
Eugenoli q.s.
Ds: стоматологиялық кабинет үшін.
Қойыртпақ тек майға шыланады, егер суға шыланса параформальдегид формальдегид ертіндісіне айналады.
Бұл қойыртпақты уы бірінші қабылдауда сырқат тіске 7-14 күнге қоюға болады. Баяу әсер ететіндіктен тісжегі қуысында қойыртпақ төрт аптаға дейін қалғанда да периодонтқа уытты әсері байқалмаған.
Емдеу тәжрибесінде Ярас И.И. (1956) ұсынған қойыртпақты да қолдануға болады. Оның құрамына мышьяк қышқылының бір бөлігі, кокаиннің бір бөлігі, параформальдегидтің 3-4 бөлігі кіреді және қойыртпақ шығуы үшін эвгенолға немесе фенолға араластырады. Бұл қойыртпақты 4-7 күнге қоюға болады.
Сирек жағдайларда (ұлпаның созылмалы шіри қабынуы, ұлпа қалдығының қабынуы кезінде ұлпаны тірідей алған кезде өтпейтін өзектерден ұлпаны алу мүмкіндігі жоқ кезде) ұлпаны өліеттендіру үшін сұйық дәрілер қоспасы (фенол-формалин, камфора-фенол, резорцин-формалин сұйығы) пайдаланылады және олар өзек сағаларына мақта анжымен қойылады (2-3 күнге).
Ұлпаны өліеттендіріп алу әдісін ұлпа қабынуының барлық түрлерінде қолдануға болады және ол үш түрге бөлінеді: 1) ұлпаны өліеттендіріп толық алу (девиталды экстирпациялық әдіс); 2) ұлпаны өліеттендіріп жартылай алу (девиталды ампутациялау); 3) ұлпаны өліеттендіріп аралас алу (девиталды ампутациялы-экстирпациялық әдіс).
Ұлпаны өліеттендіріп толық алу әдісі (метод девитальной экстирпации пульпы) түбір өзектері жақсы өтетін немесе кеңейту арқылы өтуге болатын өзектері бар тістерді емдеу үшін қолданылады, ал түбірлері толық қалыптаспаған тістерде (уақытша және тұрақты), түбірлері сорылу сатысындағы және түбір өзектері өтпейтін тістерде қолданылмайды.
Бұл әдісті орындау бірнеше кезеңнен тұрады:
1. Тісжегі қуысын егеп-тазалап, өліеттендіруші қойыртпақ қоюға дайындау;
4. Тіс қуысын тесіп, қойыртпақты қою;
5. Сауыт қуысын ашу, өліеттенген сауыт және түбір ұлпасын алу;
6. Түбір өзегін (өзектерін механикалық әдіспен және дәрілермен өңдеу);
7. Түбір өзегін пломбылау;
8. Тісжегі қуысын пломбылау.
Ұлпаны өліеттендіруші қойыртпақ бірінші қабылдауда қойылады. Ол үшін тісжегі қуысы мұқият аршығыштың және борлардың (бұрғылардың) көмегімен тазаланады (толық егеп-тазалау міндет емес). Көруге және енуге қиындық туғызатын тісжегі қуыстары тіс қуысын тесуге қолайлы сауыт беттеріне шығарылады. Тісжегі қуысын дентин үгінділерінен тазалап алып және кептіріп, 2-3 минөтке қуыс табанына уақытша жансыздандырушы дәрілер ертіндісімен мақта анжы қояды. Ұлпаның жоғарғы қабаты жансызданатындай уақыт өткен соң, ең кішкентай өткір және таза шарға ұқсас бордың көмегімен ұлпаға ең жақын аймақта (мүйізше тұсында) сауыт қуысын тесіп, жалқық шыға қалса оны құрғатып, мышьяк қойыртпағын қояды (сурет). Қойылатын қойыртпақтың көлемі №1 шарға ұқсас бордың көлеміндей болу керек және оны ашылған ұлпа бетіне сүңгінің ұшымен немесе кішкентай мақта анжының көмегімен апарып қояды.
Мышьяк қышқылы қабынған ұлпада жалқықтану үрдісін күшейтіндіктен, ол әсер ете бастасымен тісте қарқындылығы және ұзақтығы әртүрлі ауыру сезімі пайда болады. Осы ауыру сезімін азайту үшін де сауыт қуысын тесуге тура келеді және қойыртпақтың құрамына ауыру сезімін басатын дәрілер қосады. Ауыру сезімін мүмкіндігінше азайту үшін қойыртпақтың үстіне әртүрлі ауыруды басатын дәрілермен (қалампыр майы, эвгенол, Платонов сұйығы, камфора-фенол, пульпоперил т.б.) суланған мақта анжы қойып, тісжегі қуысын аса қатты нығыздамай суға шыланған дентинмен (уақытша пломбы) жабады. Бір түбірлі тістерде қойыртпақ 24 сағатқа, ал көптүбірлі тістерде 48 сағатқа дейін қойылады. Егер тісі сырқат адам көрсетілген уақытта келе алмайтын болса, ұзақ әсер ете өліеттендіретін қойыртпақтарды қояды. Бұл кезде баяу әсер ететін мышьяк қойыртпағының мөлшері № 1 немесе №2 шарға ұқсас бордың, ал параформальдегидті қойыртпақтың мөлшері №9 шарға ұқсас бордың бастарының көлеміндей болады. Шетелдік фирмалар бұл қойыртпақтардың қолдануға ыңғайлы болу үшін мөлшерленіп бөлінген түрлерін шығарады.
Өліеттендіруші қойыртпақтарды қояр алдында ұлпа қабынуының барлық түрлері кезінде сауыт қуысын тесу міндетті емес (ұлпаның жартылай жедел қабынуы кезінде). Қабыну үрдісі басталғалы біраз уақыт өтіп, периодонттың тітіркендіруін туғызған жедел қабынулар кезінде (ұлпаның толық жедел қабынуы, жедел іріңді қабынуы) сауыт қуысын тесіп, ішінде жиналған жалқықтың тісжегі қуысына шығуына мүмкіндік туғызған жөн. Ұлпаны созылмалы қабынулары кезінде онсыз сауыт қуысы көбінесе ашық болады. Ескере кететін бір жай, ұлпаның созылмалы өсе қабынуы кезінде, қойыртпақ қоярдан бұрын аппликациялық (жапсырмалық) анестезия жасап, ұлпаның тісжегі қуысындағы өскен бөлігін кесіп алып немесе диатермокоагуляциялап тастайды.
Екінші қабылдауда ешқандай ауыру сезімі болмаса, уақытша пломбы сақталып, тіс ұлпасы толық өліеттенген жағдайда ұлпаны толық алуға кіріседі. Ол үшін уақытша пломбыны алып, тісжегі қуысын толық егеп-тазалап, сауыт қуысын ашады. Таза шарға ұқсас бормен немесе өткір аршығышпен сауыт ұлпасын алады. Түбір ұлпасын алу, дәрілермен өңдеу және пломбылау тәсілі ертеректе айтылған (ұлпаны уақытша жансыздандырып алу әдісін қара).
Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 78 | Нарушение авторских прав