Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Емдік төсемдер

Читайте также:
  1. Былтудың (троп) түрлері мен көркемдік қызметі (мысалмен талдау).
  2. Лемдік мұхит суларын корғау
  3. лемдік экологиялық проблемалар құрылысы

Терең тісжегі қуысын егеп-тазалаған кезде оның табаны тіс ұлпасына тым жақын қалыптасады және оның 80% аумағын ішінде одонтобластар өсінділері орналасқан дентин өзекшелері алып жатады. Аса сақтықпен және өте мұқият тазалағанның өзінде одонтобластар өсінділері жарақат алады. Ал мұның өзі тіс ұлпасына зиянды әсерін тигізеді. Сонымен қатар кейде тісжегі қуысының табанында қалтырылатын жұмсарған дентиннің құрамындағы микроорганизмдер бөлетін уытты заттардың және органикалық заттардың ыдырауы нәтижесінде ортаның рН-ның өзгеруі ұлпаға тікелей әсер ететінін де жоққа шығаруға болмайды.

Сондықтан ұлпада дамуы мүмкін қабыну үрдісін алдын алу және қарсы әсер ету, жұмсарған дентинді қайта минералдандырып, орынбасушы дентиннің құрылуын жылдамдату үшін тісжегі қуысының табанына құрамында емдік дәрілері бар жұқа қабат немесе төсемдер салынады. Сондықтан да бұл төсемдер «емдік төсемдер» (лечебные прокладки) деп аталады. Емдік төсемдерді терең тісжегіні емдеген кезде, ұлпаны кездейсоқ ашып алған жағдайда (случайно вскрытая пульпа) және ұлпа қабынуларын ұлпаны толық және жартылай сақтап емдеу мақсатында қолданады.

Қазіргі кезде емдік төсем ретінде құрамында кальций суоксиді (Ca (OH)2),бар препараттар қолданылып жүр. Кальций суоксидінің реакциясы (рН-ы) сілтілі болғандықтан, ол қабыну ошағындағы қышқыл рН-ты бейтараптандырып, ұлпада қан айналымын жақсартып, қабынуға қарсы әсер етеді және орынбасушы дентиннің құрылуын жылдамдатады. Сондықтан бұл төсемдер одонтотропты емдік төсемдер деп те аталады.

Ресейде емдік төсемдік материал ретінде кальмецин шығарылады; қағаз қораптың ішіндегі екі құтының бірінде ұнтақ, ал екіншісінде сұйық болады. Кальмециннің ұнтағының құрамына кальций суоксиді, альбуцид, құрғақ қан сарысуы және мырш тотығы кіреді, ал сұйығы метилметацеллюлозадан тұрады. Қолданар алдында таза шыны бетінде 3:1 қатынасында сұйықтау қамыр тектес етіп араластырып алады. Қазіргі кезде көбірек қолдау тауып жүрген алыс шет елдерден әкелінетін емдік төсемдер. Олар төмен келтіріледі.

Calcicur (Кальцикур) – құрамында кальций су тотығы бар (рН = 12,0) су негізінде дайындалған, рентгенайқындылығы нашар қойыртпақ, бактерицидтік әсер көрсетеді,орынбасушы дентиннің құрылуын жылдамдатады. Терең тісжегіні, ұлпаның кездейсоқ ашылуын және ұлпаны жартылай сақтап емдеу үшін, толық қалыптаспаған түбір өзектерін пломбылау үшін қолданылады. Егеп тазаланған тісжегі қуысын жылы антисептикалық ертіндімен жуып, мақта анжымен кептіріп алған соң, қуыс табанына тегістегіштің көмегімен апарып, мақта анжының көмегімен нығыздай отырып жаймалайды. Қуыс қабырғасына шығып кеткен бөлігін қырып алып тастайды, өз бетімен немесе ауаның көмегімен кепкеннен кейін керекті пломбыны қояды.

Calcimol (Кальцимол) - рентгенайқындылығы жоғары емдік қойыртпақ. Құрамында кальций сутотығы 26% құрайды, қойыртпақ-қойыртпақ (негізгі және қатырушы) жүйесінде шығарылады. Ашылмаған ұлпаны жабу үшін қолданылады. Шыны бетінде қойыртпақта 1:1 қатынаста тез араластырып, тісжегі қуысының табанына нығыздағыштың көмегімен 1мм қалыңдықпен жаймалайды. Кальцимолдың жұмсақтығы 2 минөтке ғана созылады.

Calcimol LC (Кальцимол ЛЦ) – сәуле әсерінен қатаятын, рентгенайқындылығы жоғары, ақ түсті аққыш емдік қойыртпақ. Құрамында ұзақ әсер ететін кальций суоксиді 5% құрайды. Механикалық төзімділігі және оқшауландырушы қасиеті (изолирующее своиство) жоғары. Тісжегі қусының табанына 1 мм қалыңдықпен төселген соң, 20-30 секөнд галоген сәулесі көмегімен қатайтылады.

Calcipulpe (Кальципульп) – кальций сутотығы негізді емдік қойыртпақ, орынбасушы дентиннің құрылуын қамтамасыз етеді. Терең тісжегіні емдеген кезде, ұлпаны жартылай сақтап емдеу мақсатында, жасанды сауыт кигізу үшін егелген тістердің аса сезімталдығын төмендету үшін қолданылады.

Septocalcin (Септокальцин) – құрамында кальций суоксиді бар емдік төсем, ашылған және ашылмаған ұлпа бетін жабу және түбір өзектерін пломбылау үшін қолданылады. Септокальцин бір жағынан дентин мен ұлпа арасындағы, ал екінші жағынан дентин мен пломбылық материалдар арасындағы қорғаушы қалқан қызметін атқарады.

Аталған емдік төсемдер мен қатар химиялық жолмен қатаятын қос компонентті Dycal (Дайкал), Alcaliner (Алцалинер), Leif (Лайф), бір компонентті Calrodent (Калродент) кең қолданыс табуда.

Кальций сутотығы негізді емдік төсемдермен қатар цинк-эвгенолды қойыртпақтар (мырш тотығы мен эвгенолды 3:1 қатынаста араластыру арқылы алады), құрамына антибактериалды, десенсибилизациялаушы, иммунитет реттеуші (натрий нуклеинаты), көмірсу-белокты зат алмасуын реттейтін (вит С, Р), белоктар алмасуын реттейтін (натрий мефенаминаты) және ауыру сезімін азайтатын (анальгетиктер) дәрілер кіретін күрделі емдік төсемдер де қолданылады.

Солардың бірі – Pulpomixine (Пульпомиксин); құрамына дексаметазон ацетаты, фрамицетин сульфаты, полимиксин Б сульфаты, полиэтиленгликоль кіреді. Мұндай дәрілер қоспасы қабынуға қарсы, бактериостатикалық әсер етіп, қабынған ұлпадағы қысымды азайтатындықтан терең тісжегі мен ұлпа кездейсоқ ашылған кезде, ұлпа қабынуларын сақтап емдеу әдістерін жүргізген кезде пайдаланылады.


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 61 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)