Читайте также: |
|
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
1. Мұхит жануарлары мен өсімдіктері
2. Мұхитты зерттеу және қорғау.
3. Мұхиттың мұнаймен ластану.
III. Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер
лемдік мұхит суларын корғау
Мұхит (Әлемдік мұхит) - гидросфераның негізгі бөлігі. Мұхит, Дүниежүзілік мұхит (гр. okeanos – мұхит, Жерді қоршап жатқан ұлы өзен).
Жер шарында төрт мұхит бар: Тынық, Атлант, Үнді және Солтүстік мұзды. Кейбір ғалымдар Антарктида маңы суларын бесінші Оңтүстік мұхиты деп жеке бөледі.
Жер бетінің 2/3 бөлігін алып жатқан Әлемдік мұхит - суының салмағы 1,4-1021 кг-ды құрайтын үлкен резервуар. Мұхит суы планетадағы су қорының 97%-ын құрайды. Сондай-ақ Әлемдік мұхит планета халқының тағам ретінде пайдаланатын барлық жануарлар белоктарының 1/6 бөлігімен қамтамасыз етеді. Жер бетіндегі тіршілікті сақтауда негізгі роль мұхитқа, оның ішінде мұхиттың жағалаудағы аймақтарына жатады. Өйткені планета атмосферасына түсетін оттегінің 70% планктондарда жүретін фотосинтез процесінің нәтижесі. Әлемдік мұхит биосферадағы тепе-теңдікті сақтауда үлкен роль атқаратын болғандықтан, оны қорғау халықаралық экологиялық өзекті мәселелердің бірі.
Әлемдік мұхиттың зиянды және улы заттармен, мұнаймен және мұнай өнімдерімен, радиоактивті заттармен ластануы үлкен алаңдатушылық тудырып отыр. Ластанудың масштабын мына мәліметтерден көруге болады: жағалаудағы суларға жыл сайын 320 млн тонна темір, 6,5 млн тонна, фосфор, 2,3 млн тонна қорғасын бөлінуде. 1995 жылы тек Қара теңіз бен Азов теңіздерінің өзіне ғана 7,7 млрд/м3 лас тұрмыстық және өнеркәсіптік ағын сулар төгілген. Әсіресе Персия және Аден шығанақтарының сулары және Балтық теңізі мен Солтүстік теңіздің сулары да қатты ластанған. 1945-1947 жылдары кеңес, ағылшын және американдық команда басқармалары қолға түскен және өздерінің улы заттары бар (иприт, фосген) 300 мың тонна оқ-дәрілері суға батырылды. Суға батыру операциялары асығыс, экологиялық қауіпсіздік нормалары сақталмай жасалды. Судың әсерінен қазіргі кезде химиялық оқ - д ә р і л е р д ің корпустары қатты зақымдалды, ал мұның арты жақсылық қа апармайтыны белгілі.
Теңіздер мен мұхиттар арзан және қолайлы жол қатынасы ретінде пайдаланылады. Орасан зор ірі кемелер мұхиттарды ерсілі-қарсылы шарлап, дүние жүзінің барлық елдерін бір-бірімен байланыстырады. Көптеген жолаушылар, жүктер теңіздер мен мұхиттар арқылы тасылады. Теңіз жағаларындағы қойнауларда, ашық теңіздің толқыны жетпейтін жерлерде порттар салынып, сол жерлерге кемелер аялдайды. (Порттар не үшін керек? Олар немен жабдықталынады?)
Теңіз қатынасының өте ауқымды аймағы - Атлант мұхиты. Еуропаны Солтүстік жөне Оңтүстік Америкамен байланыстыратын маңызды теңіз жолдары осы мұхит арқылы өтеді. Еуропадан Жерорта теңізі, Суэц каналы, Үнді мұхиты арқылы Оңтүстік және Шығыс Азия мен Аустралияға баратын жол да аса маңызды су жолы болып саналады.
Жылдан-жылға Тынық мұхитта кеме қатынасында барған сайын маңызды орын алып келеді.
Мұхит жануарлары мен өсімдіктері.
Адамның оларды пай-далануы. Мұхиттарда өсімдіктер мен жануарлардың түрлері өте көп және олар алуан түрлі болып келеді.
Мұхит суында 150 мыңнан астам жануарлар түрі мен 10 мыңдай балдыр түрлері кездеседі. Жалпы алғанда жануарлардың түрі құрлыққа қарағанда суда көбірек болады.
Мұхиттан Жер шарындағы ең ірі жануарларды аулайды. Ең ірі киттің денесінің ұзындығы 33 м, салмағы 120 т-ға дейін барады. Киттің тек қана тілінің салмағы 3 т-ға жетеді. Мұхиттағы көптеген жануарлар оның беткі қабатында тіршілік етеді. Ал аса тереңде тіршілік ететін жануарлардың дене құрылысы су қысымының әсерінен өзгереді. Мұхиттың терең қабатына күн сәулесі жетпейтіндіктен, ондағы көптеген жануарлардың көру қасиеті мүлдем жойылып, кейбіреулерінің денелерінен сәуле шығару қабілеттері пайда болған. Сол сияқты бұл жерде сезім органдары жақсы жетілген жыртқыш балықтар да тіршілік етеді.
Теңіз бен мұхиттардың шеткі тайыз беліктерінен өндірілетін мұнай мен газ, мұхит суынан алынатын ас тұзы, темір кені, магний, бром калий сияқты минералдар мен шикізаттар да тұрмыста жиі қолданылады.
Теңіз суларының құрамында тұз, микроэлементтерден дейтерий (ауыр су) деген зат бар. Оны атом реакторында отын пайдалануға болады.
Мұхиттар мен теңіздердің жағаларына демалыс және денсаулық түзейтін орындар салынады.
Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 570 | Нарушение авторских прав