Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Тістердің эндемиялық флюорозы (эндемический флюороз зубов).

Читайте также:
  1. Ртүрлі тістердің аурулары кезіндегі ауыру сезімінің проекциялану (таралу) аймақтары
  2. Тіс флюорозын емдеу.
  3. Тісжегі (кариес зубов).
  4. Тістер гипоплазиясы (Гипоплазия зубов).
  5. Тістердің боялуы (пигментация зубов) және тіс қақтары.
  6. Тістердің тісжегіден басқа аурулары.

Флюороз – құрамында фторы көп суды пайдалану нәтижесінде организмнің фтормен созылмалы ұлануынан туындаған эндемиялық ауру. Флюроздың ең ерте дамитын белгілерінің бірі – тістердің жарақаттануы. Ең алғаш флюрозға тән тістердегі өзгерістерді 1900 жылы сипаттап жазған және күйген немесе қара тістер (подгорелые зубы) деп атаған итальян дәрігері Чиия. Кейінірек тістер «ойықты тістер» («испещренные зубы»), «шұбар кіреуке» (рябая эмаль), «дақты кіреуке» деп аталына бастады. Блек 1916 жылы ұсынған «дақты кіреуке» (пятнистая эмаль) деген ат арнаулы әдебиеттен кең орын алды. Тек 1931 жылы ғана флюороздың ауыз судағы фтор мөлшерінің жоғарылығынан дамитыны дәлелденді. Флюороз кезінде тек тіс тіндері жарақаттанбайды, фтордың мөлшері жоғарылаған сайын сүйек қанқасы да өзгеріске ұшырайды.

Көптеген зерттеуші-ғалымдар тістер флюорозын фтор әсерінен дамыған гипоплазияға жатқызады.

Фтор – табиғатта кең тараған микроэлемент, жер қыртысында оның мөлшері – 1,06 ·102%. Фтор организмдегі биологиялық үрдістерге қатысатын маңызды элемент, оның организмге қажет мөлшері 3мг жақын. Фтор адамның барлық ағзаларының құрамында бар, ал тістер мен сүйектерде көбірек жиналған.

Ересек адам күніне ас тағамдарымен бірге 0,5-1,1 мг., ал сумен 2,2-2,5мг. фтор қабылдайды. Фтор барлық тамақтық заттарда кездеседі, оның ішінде теңіз балықтарының, еттік тағамдардың құрамында (қой еті, іріқара мал және шошқа майларында, сүйек майында), жұмыртқаның сарысында, кейбір өсімдіктердер мен көкөністерде (бидай, қара бидай, шай жапырағы, қызылша, капуста) мөлшері көбірек болады. Қазіргі кезде фтордың мемлекеттік стандарт (ГОСТ) қабылдаған ауыз суындағы мөлшері бар: а) тиімді мөлшері (оптимальная концентрация) – 0,8-1,2 мг/л; шектелген мөлшері (предельно-допустимая концентрация - ПДК) – 1,5 мг/л.

Тістер флюорозының дамуының дәлелді механизмі әлі анықталған жоқ. Көбірек негізделген болжам – тіс құрушы эпителийліағзаның дамуы кезінде энамелобластарға фтордың жоғары мөлшерінің гематогендік жолмен көрсеткен токсикалық (уытты) әсерінен кіреукенің дұрыс қалыптаспауы.

Фтор ферменттерге әсер ететін «у» болғандықтан, фосфатазының белсенділігін төмендетіп, кіреукенің минералдану үрдісін бұзады.

Флюорозбен көбінесе тұрақты тістер жарақаттанады, (сүт тістерінде сирек кездеседі) және туғаннан немесе 4-5 жасынан бастап эндемиялық ошақта тұратын балаларда кездеседі. Флюороздың көптеген жүйелері бар, солардың ішінде кең қолдау тапқаны – В.К. Патрикеев (1956) ұсынған жүйе. Тіс флюорозының ауырлығына қарай ол төмендегі түрлерін ажыратады: жолақты-штрихті (штриховая форма); дақты (пятнистая); дақ-теңбілді (меловидно-кранчатая); эрозиялы (эрозивная); деструкциялаушы (деструктивная) немесе тіс құрылысын бұзушы.

Флюороздың жолақты түрі кіреукенің беткей-қабаты асты қабатында (в подповерхностном слое) жіңішке бор түстес ақ жолақтардың (штрихтердің) пайда болуымен сипатталады. Жолақтар өте айқын көрінбеуі мүмкін, бірақ көпшілік жағдайда тістің бетін кептірген кезде жақсы көрінеді. Жолақтар біріге келе әртүрлі көлемді дақтар құрайды, сонда да жеке-жеке орналасқан жолақтарды ажыратуға болады. Жолақты флюороз ошақтары көбінесе жоғарғы күрек тістерінің ерін жақ беттерінде, сирек жағдайларда төменгі күрек тістерде кездеседі (сурет).

Дақты флюороз тістердің беттерінде анық көрінетін күңгірт бортүстес әртүрлі көлемді ақ дақтардың пайда болуымен сипатталады. Көптеген бортүстес ақ дақтар тістердің барлық бетін ала орналасады, көбіне олар бір-бірімен қосылып, үлкен көлемді дақ құрайды және дақтана өзгерген кіреуке ошағы қалыпты кіреуке аймағына біртіндеп ауысып отырады (сурет). Кейде бортүстес флюороз ошағы өзгеріп, ақшыл-қоңыр немесе қою-қоңыр түстенеді. (мұның өзі фтордың судағы мөлшеріне тікелей байланысты болады).

Ақ-теңбілді түрі (меловидно-крапчатая форма) бұлтқа ұқсап мұнарланған кіреуке бетінде шағын көлемді пигменттелген анық шекаралы ноқаттардың пайда болуымен сипатталады. Кейде жарақаттанған кіреуке бетінде көптеген дақтар мен ноқаттар сарғыш түсті болып келеді, немесе ноқаттардың орнында диаметрлері 1,0-1,5 мм, тереңдігі 0,1-0,2 мм, табандары сары-қоңыр және қоңыр-қара түсті ойықтар немесе кіреуке ақаулары кездеседі. Мұндай жағдайда кіреуке тез қажалуға ұшырап, қара-қоңыр түсті дентин беті ашылады.

Эрозиялы түрі (эрозивная форма) пигменттелген кіреуке бетінде әртүрлі көлемді және пішінді кіреукесіз ошақтардың немесе ойықтардың (эрозиялардың) қалыптасуымен сипатталады. Флюороздың бұл түрінде кіреуке мен дентиннің қажалуы тіпті жылдам жүреді. Деструктивті түрі тістің қатты тіндерінің ойықтанып және қажалып бұзылуы әсерінен пішіндерінің бұзылуымен сипатталады (сурет). Тістер флюорозының бұл түрі құрамында фтордың өте жоғары мөлшері бар (4,0-7,0мг/л) суды пайдаланатын тұрғындарда кездеседі. Бұл кезде тістердің тіндері өте нәзік және сынғыш келеді. Жарақаттанған тістер қуысы орынбасушы дентиннің қарқынды құрылуына байланысты ешуақытта ашылмайды.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы қабылдаған жүйе бойынша тіс флюорозының күмәнді (сомнительная), өте әлсіз (очень слабая), әлсіз (слабая), орта (умеренная) және ауыр (тяжелая) дәрежелерін ажыратады. Күмәнді дәрежесі кезінде кіреуке беттеріндегі өте ашық емес ақ түсті ноқаттар немесе сирек орналасқан дақтар тіс сауытының 25% көлемін, ал әлсіз дәрежесі кезінде – 50% көлемін, орта дәрежесі кезінде сауытын түгелімен жауып жатады және кіреуке бетінде қажалу ошақтары мен қоңыр түсті дақтар орын алады. Аурудың ауыр дәрежесі кезінде кіреуке бетінде көптеген ойықтар, шұңқырлар және қоңыр түсті дақтар кездеседі және тіс сауыты түгелімен өзгеріске ұшырағаны анықталады.

Паталогоанатомиялық көрінісі. Байқалған өзгерістер жарақаттың клиникалық түрлерімен тығыз байланысты. Флюороздың жолақты және дақты түрлерінде кіреукенің беткей қабатасты қабатында көлемдері және пішіндері әртүрлі өзгеріске ұшыраған ошақтар анықталады. Гунтер-Шрегер жолақтары өте анық көрінеді, доғаға ұқсап иіліп, кіреукеге дейін жетеді. Ретциус түзулері де анық. Кіреуке беті кейде тегіс, кейде ойлы-қырлы болып келеді. Кіреуке-дентин шеарасы тегіс емес, өркеш-өркеш (зубчатая форма) болып келеді. Кіреукенің жоғарғы қабаты кіреуке призмаларының жартылай сорылып, призмааралық кеңістіктердің кеңеюіне, нашар және жоғары минералданған аймақтардың пайда болуына байланысты «муарға» ұқсас суретке ие болады.

Микроренгенографиялық зерттеу арқылы флюороз ошақтарында кіреукенің сыртқы қабаттарының тығыздығы төмендегені және оның нашар минералданумен байланысты болатыны анықталған. Бұл мәліметтер кіреукенің тығыздығының төмендеуі нәтижесінде бояғыш заттардың өтіп, кіреукенің пигменттенуінің себебін түсінуге мүмкін береді. Мұның тағы бір дәлелі – пигменттелген ошақтарда көп мөлшерде органикалық заттардың анықталуы. Олар пигменттік зат меланиннің құрылуына тікелей ат салысады.


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 206 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)