Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Стирание твердых тканей зуба).

Читайте также:
  1. Биоэлектрические явления и возбудимость живых тканей
  2. Возрастные изменения тканей пародонта.
  3. Возрастные изменения тканей периодонта
  4. Вопрос 2. Формальное описание системы твердых тел при помощи неориентируемых графов
  5. Дифференциальная диагностика гнойных поражений мягких тканей (абсцесс, флегмона и способы ее лечения).
  6. Закрытые механические повреждения мягких тканей. Ушибы, гематомы, лимфоэкстарвазаты. Клиническое проявление и лечение.
  7. Модуль 1. ФИЗИОЛОГИЯ ВОЗБУДИМЫХ ТКАНЕЙ

Тістің қатты тіндерінің тамақ шайнау нәтижесінде қажалуы немесе физиологиялық қажалу - әрбір адамның тістеріне тән үрдіс. Физиологиялық қажалуға алдымен тістердің шайнау төмпешіктері, тістеу қырлары, экваторы тұсындағы жанасу аймақтары ұшырайды. Осының нәтижесінде алғаш тіс доғасы қалыптасқан кездегі азу тістер арасындағы нүктелі түйісу (точечной контакт) жазық түйісуге (плоскостный контакт)айналады.

Физиологиялық қажалу уақытша және тұрақты тістемде де кездеседі.

Жас ұлғайған сайын тістердің физиологиялық қажалуы үдей береді. Егер 30 жасқа дейін физиологиялық қажалу кіреуке деңгейімен шектелсе, 40 жасқа жақындағанда дентин де қажалуға ұшырай бастайды және беті ашылуы нәтижесінде сарғыш түстенеді. Дентиннің қажалуы 50 жасқа қарай күшейе түседі және жиілей береді. Жас 60-қа келгенде алдыңғы тістер қажалу нәтижесінде біраз қысқарады, азу тістердің шайнау төмпешіктері жойыла бастайды. 70 жаста тістердің қажалуы деңгейі сауыт қуыстарына жақындауы мүмкін. Бұл кезде жаңа құрылған орынбасушы дентинмен бітелген сауыт қуысының контуры жақсы көріне бастайды, бірақ өзі тесілмейді. Физиологиялық қажалу ешқандай емдеу шараларын қажет етпейді.

Тістің қатты тіндерінің физиологиялық қажалуымен қатар, тіндердің жедел жойылуымен сипатталатын патологиялық қажалуы да кездесе береді және 11,8% құрайды. Азу тістердің шайнау төмпешіктерінің толық қажалуы және алдыңғы тістердің тістеу қырларының жартылай қажалуы әйелдерге қарағанда ер адамдарда жиі кездеседі және әйелдерде 22,7%, ал ерлерде 62,5% құрайды. Патологиялық немесе жедел қажалудың негізгі себептері- жергілікті ықпалдар (патологиялық тістемдер, кейбір тістерге шайнау күшінің көп түсуі, биік қойылған пломбылар, дұрыс дайындалмаған протездер, кәсіби мамандық жағдайының зиянды әсерлері) және тістің қатты тіндерінің құрылымдық тұрғыдан толыққанды дамымауы.

Тік тістем (прямой прикус) кезінде барлық азу тістердің шайнау төмпешіктері мен алдыңғы тістердің тістеу қырлары қажалады. Мұндай кезде 35-40 жас арасында күрек тістердің ұзындығы 1/3-1/2 қысқарады. Олардың тістеу қырлары жазық немесе жиектері қырлы ойыққа айналады.

Беті ашылған дентин одан әрі тезірек қажала бастайды. Мұның өзі беттің төменгі бөлігінің кішіреюіне, екі езуде қатпарлардың пайда болуына әкеліп соғады және төмендеген тістем синдромына тән төменгі жақ – шықшыт буынында өзгерістер дамып, оның нәтижесінде кілегей қабықта күйіп-ысып, шаншу сияқты ауыру сезімдері, нашар есту, құлақтың шулауы сияқты белгілер дами бастайды.

Патологиялық үрдіс одан әрі үдеген сайын, қажалу тістердің мойын бөлігіне жетеді және дентин арқылы тіс қуысының контуры көрініп тұрады, бірақ тіс қуысы ашылмайды (орынбасушы дентиннің құрылуы нәтижесінде).

Терең тістем кезінде алдыңғы жоғарғы күрек тістердің таңдай жақ, ал төменгі күрек тістердің ерін жақ беттері қажалады. Өте терең тістем кезінде төменгі күрек тістер жоғарғы күрек тістер тұсындағы таңдай жақ қызыл иекке дейін жетіп, оны біртіндеп жарақаттай бастайды. Осының нәтижесінде қызыл иекте терең іздер пайда болып, қабыну үрдісі дамиды.

Тістердің қажалуы тіс қатарындағы тістердің түсуі немесе жұлынуы нәтижесінде тістер саны азайып, қалған санаулы тістерге шайнау күші шамадан тыс түскен кезде де байқалады. Азу тістер жоқ кезінде күрек және сүйір тістер көптеп қажала бастайды. Алмалы және алынбайтын протездер дұрыс дайындалмаған кезде де қажалу байқалады. Егер кламмер ілінетін тіс жасанды сауытпен жабылмаса, оның мойын бөлігінде кіреуке мен дентин қажалып механикалық және химиялық тітіркендіргіштерге аса сезімталдық дами бастайды.

Әртүрлі өндіріс салаларының зиянды әсерлері де тіс тіндерінің жарақаттанып, жедел қажалауына себепкер болады. Органикалық және бейорганикалық қышқылдар шығаратын өндірісте істейтін жұмысшылардың барлық тістерінің біркелкі қажалғанын байқауға болады.

Ауасы шаң-тозаңға, механикалық ұсақ қиыршықтарға бай өндірісте істейтін жұмысшылар арасында да тістердің жоғары қажалуы кездеседі.

Әртүрлі ішкі бездер (қалқанша, қалқанша маңы бездері, гипофиз) қызметтері бұзылған кезде тістің қатты тіндерінің құрылымдық тұрақтылығының (структурная резистетность) төмендеуі нәтижесінде жедел қажалу байқалады. Мысалы жедел қажалу тістер флюорозы, мәрмәр ауруы. Стейнтон – Капдепон синдромы, кіреуке мен дентиннің біріншілік нашар дамуы кезіндеде кездеседі. Тістердің жедел қажалуы жүйке жүйесі аурулары кезінде де орын алады. Соның бірі - кейбір адамдардың түнгі ұйқы кезінде тістерін шықырлатуы (ночное скрежетание зубов) әсерінен қажалу.

Тістердің жедел қажалуының Грошиков М.И. (1968) ұсынған клинико-анатомиялық жүйесі дәрігерлік тәжрибеде тиімді болып саналады және төмендегідей сатыларға бөлінеді.

І сатысы – тіс сауыттарының шайнау төмпешіктері мен тістеу қырларында кіреукенің аздап қажалуы.

ІІ сатысы – сүйір тістердің тістеу төмпешіктері мен барлық азу тістердің шайнау төмпешіктерінде және күрек тістердің тістеу қырларында кіреукенің толық қажалып, дентиннің беткей қабатының ашылуы.

ІІІ сатысы – кіреукенің толық, дентиннің тіс қуысына дейін қажалуы.

Шет елдерде тістердің жедел қажалуынынң Бракко ұсынған жүйесі кең қолдау тапқан. Бұл жүйеге байланысты қажалудың 4 сатысын ажыратады: біріншісі – төмпешіктер мен тістеу қырларында кіреукенің қажалуы; екіншісі – кіреукенің толық қажалып, дентиннің тіс сауытының 1/3 бөлігінде жойылуы; үшіншісі – дентиннің тіс сауытының 2/3 бөлігіне дейін қажалуы; төртіншісі – тіс сауытының мойнына дейін қажалуы.

Тіс сауыттары алғаш қажала бастағанда тісте температуралық әсерлерге, кейінірек механикалық және химиялық әсерлерге аса сезімталдық дами бастайды. Көпшілік жағдайда тістердің біраз қажалуына қарамай, олардың электрқозғыштығы аса көп өзгеріске ұщырамайды және 6-20 мка шамасында ғана ауытқуы мүмкін.

 


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 44 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)