Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Тесттік тапсырмалар

Читайте также:
  1. Бақылау тапсырмалары
  2. Емтихан тапсырмалары және сұрақтары
  3. Зіндік бақылау үшін тест тапсырмалары
  4. Пән бойынша тапсырмаларды орындау және өткізу кестесі
  5. Практикалық (семинар) сабақтарына арналған тапсырмалар
  6. Рубеждік бақылау тапсырмалары
  7. СӨЖ тапсырмаларын орындау мен тапсыру тәртібі

 

1. Дала жағдайында әскерлерді гигиеналық қамтамасыз ету бойынша батальонның аға фельдшерінің міндеттері:

A) дала жағдайында әскерлердің орналастырылуын, сумен қамтамасыз

етілуін, тамақтандырылуын бақылау;

B) жеке құрамның еңбек жағдайын бақылау;

C) казармалардың санитарлық жағдайын бақылау;

D) әскери қызметкерлердің дер кезінде дене шынықтыруын бақылау;

E) әскери қызметкерлердің арнайы киімдер қолдануын бақылау.

 

2. Ротада санитарлық шаралардың жүргізілуін кім бақылайды?

A) Батальонның фельдшері;

B) полктың фельдшері;

C) инструктор-дозиметрші;

D) санитар-адам тасушы;

E) рота санинструкторы.

 

3.Рота санинструкторының санитарлық шараларды жүргізу бойынша негізгі міндеттері:

A) науқастарды уақытында оқшаулау;

B) қызуы бар науқастарды уақытында емдеу;

C) вакциналар мен сарысуларды егу;

D) су мен тағамдық азық-түліктерге лабораториялық талдау жасау;

E) жауынгерлердің жеке гигиена ережелерін сақтауын және казармалардың санитарлық жағдайын бақылау.

 

4.Жеке құрамның гигиеналық жабдықталуы бойынша мед. шараларды кім

жоспарлайды?

A) тылдағы командир орынбасары;

B) медициналық пункт бастығы;

C) полктың аға дәрігері;

D) СЭЛ бастығы;

E) медицина қызметінің бастығы.

 

5.Соғыс уақытында гигиеналық шаралады жоспарлау неге байланысты?

A) әскер түріне;

B) климаттық-географиялық жағдайларға;

C) жыл мезгіліне;

D) жеке құрманың денсаулығына;

E) әскери әрекет түріне.

 

6.Бекіністе гигиеналық қамтамасыз етудің басты міндеттері:

A) фортификациялық қондырғылардың санитарлық жағдайын бақылау;

B) санитарлық-эпидемиологиялық барлау жүргізу;

C) жеке құрамның демалуын бақылау;

D) газқағарларды қолдануды бақылау;

E) әскери еңбекті бақылау.

 

7.Ашық қорғаныс бекіністеріндегі жағымсыз факторлар:

A) адамның көптігі;

B) табиғи жарықтың болмауы;

C) ауаның порох газдарымен ластануы;

D) топырақпен жанасу және метеофакторлардан қорғаныстың жоқтығы;

E) ауаның химиялық құрамының өзгеруі.

 

8.Жабық қорғаныс бекіністеріндегі жағымсыз факторлар:

A) адамның көптігі;

B) салқын құрылыс материалдарымен жанасу;

C) радиологиялық ластану мүмкіндігі;

D) ауаның химиялық құрамының өзгеруі;

E) инфекциялық аурулар қаупі.

 

9.Жабық қорғаныс бекіністеріндегі жағымсыз факторлар профилактикасына не жатады?

A) топырақпен тығыз жанасуды болдырмайтын жағдай жасау;

B) желдету және тұмшалау қондырғылары;

C) тағам қабылдау үшін қосымша бөлмелерді жасау;

D) жеке құрамның дем алуына жағдай жасау;

E) азық-түліктердің, дәрі-дәрмектердің, таңу материалдарының қорын жасау.

 

10.Дала жағдайында әскерлерді орналастыру түрлері:

A) казарма;

B) әскери қалашық;

C) спорт орталығында;

D) бивактық, пәтерлік, аралас;

E) тау қуысы, шұңқырлар.

 

11.Полк бойынша далада сумен қамтамасыз етуді ұйымдастыруға кім міндетті?

A) полктың аға дәрігері;

B) тылдағы полк командирінің орынбасары;

C) полктың инженері;

D) полктың командирі;

E) химиялық қызметтің бастығы.

 

12.Полкта су сапасын бақылауды ұйымдастыру бойынша кім міндетті?

A) полк командирі;

B) полк инженері;

C) полк медициналық пунктінің бастығы;

D) полк аға дәрігері;

E) полктың медицина қызметінің бастығы.

 

13.Сумен қамтамасыз ету пунктін (СҚП) бақылау бойынша медицина қызметінің міндеттері:

A) СҚП-ін орналастыру;

B) СҚП маңындағы жерді залалсыздандыру;

C) СҚП-ін жабдықтау;

D) өңделген судың сапасын, СҚП-нің санитарлық жағдайын, тасымалдау және сақтау құралдарын бақылау;

E) суды дегазациялау, дезактивациялау, дезинфекциялау.

 

14.Соғыста сумен қамтамасыз етуді ұйымдастыру бойынша тыл қызметі бастығының міндеттері:

A) қарсылас территориясында суды барлауды ұйымдастыру;

B) өз территориясында суды барлауды ұйымдастыру;

C) СҚП орналастыратын жерді дезактивация, дегазация, дезинфекциялау;

D) СҚП-індегі суды тазалау және залалсыздандыру;

E) СҚП-ін тәулік бойы қорғау.

 

15.Әскерлерді сумен қамтамасыз ету бойынша химиялық қызмет бастығының міндеттері:

A) суға барлауды ұйымдастыру;

B) суды барлауға қатысу, су құрамындағы УЗ мен РБЗ анықтау;

C) суды тазалау және залалсыздандыру;

D) су сапасын бақылау;

E) СҚП ыдыстарын дезинфекциялауды бақылау.

 

16.Ірі сумен қамтамасыз ету пункттері мен ірі су алу пункттерінің құрылысымен кім айналысады?

A) инженерлік қызметтің бастығы;

B) медицина қызметінің бастығы;

C) химиялық қызметтің бастығы;

D) тыл командирінің орынбасары;

E) азық-түлікпен қамтамасыз ету қызметінің бастығы.

 

17.РБЗ мен УЗ-ға су сапасын бақылауды қандай қызмет жүргізеді?

A) медицина қызметі

B) инженерлік қызмет;

C) тыл қызметі;

D) шаруашылық қызмет;

E) химиялық қызмет.

 

18.Қарсыластың территориясында суды барлауды кім ұйымдастырып жүргізеді?

A) химиялық қызмет;

B) медицина қызметі;

C) инженерлік қызмет;

D) тыл қызметі;

E) азық-түлікпен қамтамасыз ету қызметі.

 

19. Судың жеке қорын залалсыздандыруға арналған құрамында хлор бар табелдік құралдар:

A) пантоцид, аквацид;

B) йодты таблеткалар;

C) сутек тотығы;

D) калий перманганаты;

E) хлорлы әк.

 

20.Дала жағдайында аз мөлшердегі суды залалсыздандыру әдістері:

A) қайнату;

B) сүзгіштен өткізу;

C) суды күмістеу;

D) коагуляциялау, сүзгіштен өткізу;

E) озондау.

 

21.Әскерлерді тамақтандыруды ұйымдастыруға қандай қызмет қатысады?

A) химиялық қызмет;

B) азық-түлікпен қамтамасыз ету қызметі;

C) инженерлік қызмет;

D) санитарлық-гигиеналық қызмет;

E) бөлімге азық-түлік жеткізу қызметі.

 

22.Полкта жауынгерлерді тамақтандыруды ұйымдастыруға кім жауапты?

A) полктың аға дәрігері;

B) тылдағы полк командирінің орынбасары;

C) полктың инженері;

D) полктың командирі;

E) химиялық қызмет бастығы.

 

23.Жауынгерлерді тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша медицина қызметінің міндеттері:

A) нормативтерге сай тағамдық заттарды сақтауды және қажетті деңгейге жеткізуді бақылау;

B) әскерлерді сапалы азық-түлікпен қамтамасыз ету;

C) тағамды кулинарлық өңдеуге қойылатын талаптарды орындау;

D) әскерлер дала жағдайында орналасқанда шаруашылық үлес пунктін орнату;

E) азық-түлік қоймаларында тез бұзылатын тамақтарды сақтау және тасымалдаудың санитарлық-гигиеналық ережелерін сақтау.

 

24.Батальонда жауынгерлердің тамақтануын кім бақылайды?

A) рота старшинасы;

B) батальонның фельдшері;

C) химик-дозиметрист;

D) рота санинструкторы;

E) батальон командирі.

 

25.Соғыс уақытында паектың қандай түрі әскерлердің үлесінен алып тасталынады?

A) апаттық;

B) борттық;

C) қосымша;

D) құрғақ;

E) тамақтанудың әскери рациондары.

 

26.Батальондық тамақтану пунктін орнату территориясына қойылатын негізгі талаптар:

A) ойпаттар мен ойыстардың болуы;

B) орманды-қорғаныс жолағының болуы;

C) жер телімінің қолайлы санитарлық жағдайы;

D) жеке құрам мен азық-түліктерді жасыруға арналған инженерлік қондырғылардың болуы;

E) асфальт төселген жолдардың болуы.

 

27.Соғыс уақытында жауынгерлерді тамақтандыру ерекшеліктері:

A) екі реттік қазандық ыстық тамақтануға ауыстыру;

B) тағамды тек табиғи азық-түліктерден дайындау;

C) көбінесе консервіленген және концентрленген азық-түліктерді қолдану;

D) тағамдарды дайындау және ішу орталықтандырылған;

E) тағамды қоғамдық ыдыстардан ішу.

 

28.Экстремалды жағдайларда қандай паектар қолданылады?

A) борттық паектар;

B) тамақтанудың әскери рациондары;

C) тәуліктік рациондар;

D) қазандық үлес паектары;

E) субкалориялық паектар.

 

29.Сусымалы азық-түліктерді сақтауға арналған ыдыстың қандай түрі олардың радиактивті ластанбауына кепілдік береді?

A) полиэтиленмен қапталған қағаз қаптар;

B) картонды қаптар;

C) көп қабатты қағаз қаптар;

D) шүберек қаптар;

E) тоқылған полистеролды қаптар.

 

30.Бейбітшілік уақытта тамақтануды ұйымдастырудың ерекшелігі:

A) орталықтандырылмаған тамақтандыру;

B) ақшалай қанағаттандыру арқылы тамақтандыру;

C) 2 мезгіл ыстық тамақтандыру;

D) нормаланған, қоғамдық, орталықтандырылған тамақтандыру;

E) батальондық тамақтану пункттері арқылы тамақтандыру.

 

31.Танкистер еңбегінің спецификалық ерекшеліктері:

A) соғыс қаруын қолдануы;

B) жолда жоғары жылдамдықпен қозғалуы;

C) танк жайларының жақсы желдетілуі;

D) арнайы қондырғылар қамтамасыз ететін бірқалыпты микроклимат;

E) машинаның шағын көлемі,шайқалу,соғылу.

 

32.Танк ішін ластайтын оқ-дәрі газдарының негізгі компоненттері:

A) күкіртті сутек;

B) күкіртті газ;

C) көміртек тотығы, азот тотықтары;

D) көмірқышқыл газы;

E) сутекті оттек.

 

33.Танк суға батқан жағдайда,оқшауландырушы газқағардан болуы мүмкін асқынулар:

A) көміртегі тотығымен улану;

B) көмірқышқыл газымен улану;

C) суға бату;

D) өкпенің қысымнан жарақаттануы (төменгі қысымнан);

E) оттегімен улану.

 

34.РЛС-дағы спецификалық қолайсыз факторларды көрсетіңіз.

A) демалыс және еңбек режимінің бұзылуы,жұмыс аймағы ауасында зиянды химиялық қоспалардың болуы;

B) өте жоғары жиіліктегі импульсті электромагнитті сәулелену, жұмсақ рентгенді сәулелену;

C) РЛС кабинасының жеткіліксіз жарықтандырылуы, тозаң, шу, діріл;

D) орталық нерв жүйесі мен көру анализаторына түсетін жоғары жүктеме;

E) қолайсыз микроклиматтық жағдайлар,организмнің термореттелуінің бұзылуы.

 

35.Өте жоғары жиіліктегі (ӨЖЖ) сәулеленудің спецификалық әсеріне тән

организмде болатын негізгі өзгерістерді көрсетіңіз.

A) гипотония, брадикардия, неврастения;

B) гипертония, лейкоцитоз, тромбоцитоз;

C) дисгормональды өзгерістер, атеросклероз, дистрофия;

D) дистрофия, гипертония, лейкоцитоз;

E) атеросклероз, тромбоцитоз, гипотермия.

 

36.РЛС операторларының арнайы киімдері:

A) мақтадан дайындалған комбинезон;

B) рәзіңкеленген матадан дайындалған комбинезон;

C) рәзіңке матадан дайындалған комбинезон;

D) металл жіпшелері бар мақта-қағаз матадан дайындалған комбинезон;

E) жылы кобинезон.

 

37.Зымыран ұшырғанда қандай қолайсыз факторлар орын алады?

A) ауа температурасының жоғарылауы;

B) өте күшті шу,қатты қызған газ;

C) қарқынды ауа қозғалысы;

D) ядролық қарудан шығатын иондаушы сәулелену әсері;

E) зымыран жанар майы компоненттерінің әсері.

 

38.Арнайы әскерлер тегінде қандай зиянды факторлар әскери-кәсіптік аурулар туындатады?

A) жоғары және төмен атмосфералық қысым;

B) өте жоғары жиіліктегі өріс,техникалық сұйықтар,шу және діріл;

C) қарқынды күн сәулесі;

D) ауа қозғалысының,ылғалдылығының және температурасының кенеттен ауытқуы;

E) жеткіліксіз жарықтандырылуы және желдетудің болмауы.

 

39.Танкистердің жеке арнайы киімдері:

A) жалпы әскерлік қорғаныс жиынтығы;

B) күрте,шалбар;

C) комбинезон;

D) қорғаушы көзілдірік;

E) қорғаушы алжапқыш.

 

40.Зымыранды әскерде, әскери қызметкерлердің қорғаушы киімдеріне қайсысы жатады?

A) оқшауландырғыш костюм;

B) мақталы костюм;

C) рәзіңкелі комбинезон;

D) жалпы әскерлік қорғаушы жиынтық;

E) жеңіл қорғаушы кобинезон және фартук.

 

 


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 72 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.031 сек.)