Читайте также:
|
|
Принциптері:
1. Тәуліктік рацион құндылығы негізгі алмасудан (1500 – 1600 ккал) төмен болмауы керек.
2. Құндылық тапшылығы 2-2,5 ккал аспауы керек (яғни энергия шығыны мен рацион құндылығы арасында айырмашылық).
3. Паек құрамында 60-70 г аз емес белок болуы керек, әйтпесе негізгі зат алмасу артып кетеді.
4. Ас құрамында қажетті мөлшерде витаминдер мен минералды тұздар болу керек.
5. Көмірсулардың минималді құрамы 60-100 г болуы керек, өйткені кетонды денелердің жинақталуы орын алуы мүмкін. Осындай жағдайларда алғашқы күндері майларды ыдырататын ферменттердің болмауы жағдайында көмірсуларды пайдалану жоғарылай түседі.
6. Мұндай тамақтану ұзақтығы 2 аптадан аспау керек, егер ұзақтығы одан асатын болса, онда тиесінше сәйкес рацион құрастыру қажет.
Физиолог-ғалымдардың пікірінше мұндай рационда ешқандай зардапсыз бір ай, ал «тіршілік паегі» схемасы бойынша ұйымдастырылған емдік ашығуда бірнеше ай тіршілік етуге болады. АҚШ мәліметтері бойынша 170 күн. Осы орайда, клиницистер толық ашығуды қолдайды, бірақ бұл күйден науқастарды шығару қиын, өйткені көп уақыт талап етеді. Сол себептен, дәрігер-гигиенистер бұл әдісті құптамайды. Ал «тіршілік паегі» бойынша мәліметтер көптеген шет ел ғалымдарының еңбегінде келтірілген және қолдау тапқан. Сондықтан, көптеген мемлекеттерде бұл паектің түрі экстремалды жағдайдағы тамақтану нормасы ретінде бекітілген. Бұл нормаларда майлар, көмірсулар және шамалы мөлшерде белоктар есебінен үнемдеу жүргізіліп, ал витаминдер мен минералды элементтер жеткілікті болады. Белоктар, витаминдер, майлар бойынша қазіргі кезде тіршілік нормасы, биологиялық норма және гигиеналық нормалар бар. Бұлардың барлығы стресті жағдайларда өте тиімді.
Әскерлерді тамақтандырудың даму болашағы. Қазіргі уақытта әскерлердің климаттық жағдайды күрт алмастыра отырып, алыс ара қашықтыққа жылжуы мүмкіндіктері пайда болды. Бұл бөлім мен бөлімшелердің ұзақ уақыты бойы өз беттерінше іс-әрекет етуін қарастырады. Сондықтан, әскердің қару-жарақтарының, азықтарының қорлары болуы керек.
Қазіргі уақытта азық-түліктің қоры экипажда, атап айтқанда соғыс техникасында (танк, пехотаның соғыс машинасында, БТР, өз бетінше жүретін артиллерия қондырғысында) 3+5 тәулікке есептеліп сақталады. Бұл қор «соғыстық тамақтану рационы» деп аталады және стандартты орауышта (жолаушыға арналған консервілер тәрізді) өсімдіктер мен еттен тұратын консервілер түрінде шығарылады (әр адамға бір банка).
Сүңгуір қайықтарда тез мұздатылған дайын тағамдарды пайдалануға көшірілді. Бұл тағамдар –100 С 1 жыл бойы сақталады.
Бұл әдіс өте тиімді. Флоттан басқа мұндай тамақтануды авиацияда да енгізу қарастырылуда, бірақ бұл үшін -100 С мұздатқыштар қажет.
Санитарлық сараптау – бұл су мен тамақтық азық-түліктердің жеке құрам үшін жарамдылығын анықтайтын гигиеналық шаралар кешені.
Мед. қызметтің әртүрлі сатыларында бұл шара әр түрлі шешіледі және соңғы іс-әрекеттер мед. санитарлық батальонда жүргізіледі.
Азық-түліктерді санитарлық сараптау азық-түлік объектілерінде химиялық қызмет дегазация мен дезактивация бойынша шаралар кешенін жүргізіп болған соң және мед.қызмет химиялық және радиобелсенді жағдайлар туралы мәлімдемелер алғаннан кейін ұйымдастырылады.
Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 68 | Нарушение авторских прав