Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Азақстанның Конституциялық құрылысының негіздері

Читайте также:
  1. Азақстан республикасы азаматтарының конституциялық міндеттері
  2. Азаматтық құқықтық қатынастардың пайда болуы, өзгертілу және тоқталу негіздері.
  3. Ата-атаналар мен балалардың құқықтарының туындау негіздері
  4. ДАЛА ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ӘСКЕРЛЕРДІ СУМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ НЕГІЗДЕРІ
  5. Мемлекет теориясының негіздері
  6. ОТБАСЫ ҚҰҚЫҒЫ:ҰҒЫМЫ,НЕГІЗДЕРІ МЕН ПРИНЦИПТЕРІ

Конституциялық құрылыс деп қоғам мен мемлекеттің саяси және әлеуметтік-экономикалық ұйымын,мұндағы жеке адамдардың Ата Заң нормаларымен бекітілген қоғамдық қатынастардың жиынтығын айтамыз.Бұл ұғым Конституцияны,конституциялық және жай заңдарды жоғары санайтын мемлекеттерге ғана тән болмақ.Конституциялық құрылысты айқындайтын,мемлекет пен жеке адамдардың және азаматтық қоғамның қарым-қатынастарынан туындайтын негізгі қағидаттарға жататындар: 1)Қазақстан халқының толық билігі (егемендігі); 2)Қазақстан Республикасы аумағының тұтастығы; 3) мемлекеттік билікті жүзеге асыру барысындағы пікір алуандығы; 4) Конституцияның үстемдігі (жоғарылығы); 5) мемлекет билігінің бөлінісі; 6) адам құқықтары мен бостандықтарының мемлекет мүдделерінен басымдылығы; 7) мемлекеттік тіл саясатының кепілдігі және өзгелер.

Бұл қағидаттар Қазақстан Республикасы Конституциясының «Жалпы ережелер» деп аталатын І бөлімінде баяндалған. Азаматтық қоғам мемлекетті адам мүддесі үшін жұмыс істеуге мәжбүр ете отырып,оны мемлекеттік билікті заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөліну, олардың тежемелік әрі тепе–теңдік жүйесін пайдалану арқылы өзара іс-қимыл жасау принципіне сәйкес жүзеге асырудың қатаң талаптарын қояды. Қазақстан Республикасы конституциялық құрылысының мазмұнына саяси,экономикалық негіздер,әлеуметтік саясат негіздері,ішкі саясат негіздері енеді. Олар Қазақстан Республикасы Конституциясының 1,3,4,6,7,8,12,14 және 26-баптарында тұжырымдалған. Мысалы, Ата Заңның 1-бабының 1-тармағы: «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы,құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады» -деп жариялаған. Мұның өзі Қазақстан Республикасы президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет екендігінен туындайды.Демек,мемлекеттің басында заңды түрде сайланған Президент тұрып, басшылық етеді,-деген сөз.Біртұтас мемлекеттің тағы бір ерекшелігі сол,оның ұлттық пәтерлерге ыдырап кетпей, әкімшілік –аумақтық құрылысқа бөлінуде.

Егемендігі саяси режим демократиялық болып жариялануына орай Қазақстан Республикасы Конституциясының 3-бабы халық егемендігінің конституциялық қағидатына арналған. Мемлекеттік биліктің бірден –бір бастауы – халық,онда былай баяндалған: «Халық билікті тікелей республикалық референдум және еркін сайлау арқылы жүзеге асырады, сондай-ақ өз билігін жүзеге асыруды мемлекеттік органдарға береді.Қазақстан Республикасында билікті ешкім де иемденіп кете алмайды. Билікті иемденіп кетушілік заң бойынша құдаланады. Халық пен мемлекет атынан билік жүргізуге Республика Президентінің,сондай-ақ өзінің конституциялық өкілеттігі шегінде Парламенттің құқығы бар». Мұнан келіп біз,халықтық биліктің екі нысанының тікелей және өкілді демократияға бөлінгендігін аңғарып отырмыз.Өкілді демократия мен тікелей демократияның арасында орасан зор алшақтық болғанымен халық осы екі нысан арқылы мемлекет ісін басқаруға қатысуға, мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарын сайлауға және оларға сайлануға, сондай-ақ республикалық референдумға қатысуға,бірлестіктерге бірігуге құқығы бар.

Халық конституциялық құрылысты өзгертуге,оның тұтастығын бұзуға бағытталған күштеу әрекетінің кез келгеніне қарсы тұра алады. Бұл жеке-дара билікті орнатуға қайта оралмастың кепілі болып табылады. Конституцияның 2-бабының 2-тармағында: «Республиканың егемендігі оның бүкіл аумағын қамтиды. Мемлекет өз аумағының тұтастығын, қол сұғылмауын және бөлінбеуін қамтамасыз етеді»,-делінген.

Мемлекеттің бүкіл экономикалық саясаты бәсекелестікті,еркін экономикалық қызметті қолдауға бағытталған. Қазақстан Республикасы Конституциясының 28-бабы: «Әркімнің нәсіпкерлік қызмет еркіндігіне,өз мүлкін кез келген заңды кәсіпкерлік қызмет үшін еркін пайдалануға құқығы бар.Монополистік қызмет заңмен реттеледі әрі шектеледі. Жосықсыз бәсекеге тыйым салынады» (4 тармақ) деп баяндалған. Мұның барлығы, яғни мемлекет иелігінен айыру, жекешелендіру және акционерлік қоғамға айналдыру инвестициялық бәсекелестікті арттыра түспек.

Сөйтіп, қорыта айтатын болсақ, Қазақстан Республикасындағы ең қымбат қазына –адам және адамның өмірі, денсаулығы, абыройы мен ар-намысы,қадір-қасиеті,жеке басына ешкімнің тимеуі,оның қауіпсіздігі, құқықтары мен бостандықтары болып табылады және олардың танылуы, сақталуы мен қорғалуы мемлекеттің ең басты,негізгі міндеті болып саналады, оған ешкімнің де күмәні болмауы тиіс. Өйткені, мемлекет тек жеке адамға емес, бүкіл қоғамға қызмет атқарады және ол адамның,азаматтың алдында жауапты. Оны бір жақты түсінбеуіміз керек, себебі жеке азаматтың,адамның өздері де мемлекеттің алдындағы жауаптылығын ұдайы сезініп тұруы тиіс және оны іс жүзіне асыруға белсенділік көрсетулері қажет. Осыған байланысты айта кететін бір жайт- жеке адамның,тұлғаның жан –жақты дамуы үшін барлығына біркелкі және әділетті жағдайларды тудыруға мемлекет міндетті. Әркімнің еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсіп түрін ерін таңдауға,олардың қауіпсіздік пен тазалық талаптарына сай еңбек ету жағдайына, еңбегі үшін нендей бір кемітусіз сыйақы алуына, сондай-ақ жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғалуға кепілдік беруге мемлекет міндетті. Мұнымен мемлекеттің міндеті доғарылмайды. Олар өте көп. Ондай топты келесі жұбы –Қазақстан Республикасының азаматы жасына келген, науқастанған, мүгедек болған,асыраушысынан айырылған жағдайда және өзге де заңды негіздерде оған ең төменгі жалақы мен зейнетақының мөлшеріне, әлеуметтік қамсыздандандырылуна кепілдік берілуіне,сондай-ақ, неке мен отбасы, ана мен әке және балаға ұдайы көмек көрсетуге қорғауға негізделген әлеуметтік қызметтің жүйесін дамытып, өзге де әлеуметтік қорғалудың кепілдіктерін,қайырымдылық көтермелерін іс жүзіне асыруға мемлекет алдындағы тұрған күнделікті шешілуге жататын міндеттердің бірі екендігіне әрдайым күмәнданбауымыз қажет.

 


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 118 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)