Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Конституцияның заңдық қасиеттері

Читайте также:
  1. Конституцияның ұғымы мен пәні
  2. Конституцияның түрлері

Құқықтанушылар Конституцияның негізгі заң ретіндегі ерекше белгілерін анықтай келіп мынаған тоқталады. Жоғарыда атап көрсетілгендей тек Конституцияда ғана мемлекеттік мемлекеттік және қоғамдық өмірдің негізгі қағидаттары,Қазақстан Республикасының біртұтас демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде құрылғандығы,мемлекеттік биліктің заңды түрде нақтыланғандығы белгіленеді.

Қазақстан Республикасы Конституциясының мемлекеттік жәнеқоғамдық органдардың өзге актілеріне де,соның ішінде басқа заңдарға да қатысты ең жоғары заңдық күші болады. Мемлекеттік органдардың өзге актілері, барлық заңдар Қазақстан Республикасы Конституциясының негізінде және соған сәйкес, сол белгілеген рәсім бойынша қабылданады. Мемлекетіміз жасасатын халықаралық келісімдер де Қазақстан Республикасына сәйкес жасалынуы тиіс. Қолданылып жүрген нормалар Конституциялық қалыптармен сай келмеген жағдайда соңғысы қолданылады,өйткені басқа нормалар осыған сай келтірілуге тиіс. Конституцияның қағидаларына қайшы келетін заңдар жән еөзге актілердің заңдық күші болмайды. Яғни, кез келген демократиялық құқықтық мемлекеттегі ағымдағы заңдар құқықтың базалық көзі ретінде Конституцияға негізделеді және оның әдісі мен рухына сай келуге тиіс.Конституцияның нормалары ағымдағы заңдармен ұштастырылуы мүмкін. Алайда,ағымдағы заңдар Конституцияның шеңберінен шығып кетпеуге тиіс және Конституциялық нұсқамалар мазмұнын өзгертпеуге тиіс.Кез келген құқықтық актінің Конституцияға сай келмеуі немесе оған қайшы келуі бұл құқықтық актіні заңдық күшінен айырады,оны жарамсыз етеді. Бұл Қазақстан Республикасында құқықтық мемлекет құрудың аса маңызды шарты.

Қазақстан Республикасы Конституциясының жоғары тұратындығын арнайы мемлекеттік орган – Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі қамтамасыз етеді.Конституциялық Кеңестің қорытынды шешімі ол қабылданған күннен бастап күшіне енеді және Қазақстан Республикасның бүкіл аумағында құқықтың барлық субъектілері үшін міндетті болып табылады,бұл шешім түпкілікті және оған шағым жасауға болмайды.Конституциялық Кеңестің қорытынды шешім қабылдауы жеке және заңды тұлғалар үшін заңдық салдар тудырады.Мәселен, Қазақстан Республикасы Конституциясының 74-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Конституциясына сай келмейді деп танылған заңдар мен халықаралық шарттар қол қойылуға жатпайды немесе тиісінше бекітілуге және күшіне енгізілуге тиісті емес. Заңдарды Конституцияға сай келеді деп тану оларға қол қою мерзімінің басталғандығын білдіреді. Конституцияда баянды етілген адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын тарылтады деп танылған заңдар немесе өзге нормативтік құқықтық актілер күшін жояды және қолданудан алынып тасталады.Осындай заңға немесе өзге нормативтік құқықтық актіге негізделген соттар мен өзге де құқық қолданушы органдарды шешімдері орындалуға жатпайды.

Ақыр аяғында,Қазақстан Республикасының Конституциясы тұрақтылық қасиетімен ерекшеленеді. Негізгі заң ретінде оған өзгеріс енгізу тәртібі де ерекше сипатта болады, бұл тәртіп Конституцияның өзінде белгіленеді.Мәселен,91-баптың І тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу Республика Президентінің өз бастамасымен, Парламенттің немесе Үкіметтің ұсынысы мен қабылданған шешімі бойынша өткізілетін республикалық референдумда жүзеге асырылуы мүмкін. Егер Президент өзгерістер мен толықтырулар енгізуді Парламенттің қарауына беруді ұйғарса, өзгерістер мен толықтырулардың жобасы республикалық референдумға шығарылмайды.Бұл жағдайда Парламенттің шешімі Конституцияда белгіленген тәртіппен, яғни әр Палата депутаттары жалпы санының 3/2 даусымен қабылданады.

Ал,егер де Республика Президенті Конституцияға өзгерістер мен толықтыру енгізу мәселелері бойынша республикалық референдумға шығару туралы Парламенттің ұсынысын қабылдамай тастаса, онда Парламент Палаталарының әрқайсысының депутаттары жалпы санының кемінде бестен төртінің көпшілік даусымен Парламент осы өзгерістер мен толықтыруларды Конституцияға енгізу туралы заң қабылдауға хақылы.Мұндай жағдайда Республика Президенті осы заңға қол қояды немесе оны референдумға қатысуға құқығы бар Республика азаматтарының жартысынан астамы дауыс беруге қатысса,ол өткізілді деп есептеледі,ал егер де осылардың жартысынан астамы жақтап дауыс берсе,қабылданды деп есептеледі.Бұл ерекшелік те оны жәй ағымдағы заңдардан сапалық жағынан ерекшелендіріп тұрады.

Қазақстан Республикасының Конституциясы Республиканың бүкіл аумағында тікелей және тура қолданылады. Бұл конституциялық нормалар мен заңдардың басқа нормативтік құқықтық актілер нормаларынан үстемдігін белгілейтін Конституциядағы 4-баптың 2-тармағының конституциялық нормаларынан туындайды.Осындай конституциялық ережеге сәйкес,соттар іс қарағанда барлық қажетті жағдайда Республика Конституциясын тікелей күші бар акт ретінде қолданғандары дұрыс.Өйткені конституциялық қағидалар күшін әрі қарай дамытуға немесе басқа да құқықтық актілерді тәптіштеуге байланысты қосымша нормативтік актілерді қабылдауға болмайды. Мұндай тәртіпті барлық құқықтық субъектілер орындауға тиіс.Егер олай істемесе онда олардың іс-әрекеттері құқық бұзушылық деп есептеліп, кінәлі адамдар тиісті жазаға тартылуы мүмкін.Бұл Конституцияның басқа құқықтық актілерге қатысты және заңдармен салыстырғанда республиканың бүкіл аумағында жоғары тұратындығын білдіреді.

 

 


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 569 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)