Читайте также:
|
|
Quot;ҚОР" мұнай компаниясының құрылу тарихы
Еліміздегі алдыңғы қатарлы мұнай компаниялардың бірі "ҚОР" мұнай компаниясы акционерлік қоғамы 1995 жылы 21 ақпаннан бастап МГ№256 лицензиясы бойынша өз жұмысын атқаруда.1995 жылы 10 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Қызылорда облысы компанияның құзіретіне Ащысай кен орнын барлаужұмыстарын жүргізу мен мұнай өнімдерін өндіруге берді. Компанияның структурасына еншілес Оңтүстік Қазақстан, Солтүстік Қазақстан компаниялары кіреді. Компания жұмысшыларымен жұмыстың толық циклі орындалады: өндіру және тасымалдау, көмірсутекті шикізатты өңдеп ішкі нарықта сату.
Кесте – Ащысай кен орнының даму тарихы
1989 жыл | Ащысай кен орнының шығыс бөлігінің ашылуы |
1995 жыл | "ҚОР" мұнай компаниясы иелігіне өтуі |
2001 жыл | Ащысай кен орнының бірінші сынамасының өтуі |
2004 жыл | Ащысай кен орнын игерудің технологиялық схемасының құрылуы |
2006 жыл | 284000 т мұнай өндірілді |
2007 жыл | Бірінші серіктестік шартқа қол қойылды |
2009 жыл | 320000 т мұнай өндірілді |
2010 жыл | Ащысай кен орнына 15 жыл, "ҚОР" шарайнасы журналдың шығуы |
2012 жыл | 380000 т мұнай өндірілді Ащысай кен орнынан Құмкөл кен орнына дейін 40,5 км құбыр жүргізілді |
Компанияның мақсаты мен жұмыс істеу стратегиясы
Компанияның мақсаты: "табиғи ресурстарды жүйелі әрі қауіпсіз игеру, жұмысшыларды біріктіре отырып, технологиялар мен басқаруды біріктіріп Қазақстан Республикасына өз үлесін қосу".
Компанияның стратегиясы: "өндірілген көмірсутегі шикізат пен мұнай қорын өсіру, ресурсты потенциалды өсіру, жоғары білікті әрі жоғары талпынысты жұмыскерлердің бар болуы, өндірістің көлемін сақтау".
Компанияның артықшылықтары: "компанияда шетелдік акционерлер жоқ және де компанияның ұстанған позициясы Қазақстандық компания ретінде, жасалған жұмыстар тек отанымыз Қазақстан Республикасы үшін. Жұмыс орнында 100 % Қазақстан азаматтары жұмыс атқарады, оның ішінде 80 % Қызылорда облысының тұрғындары".
сурет. Ащысай кен орнында өндірілген мұнайдың тарихи графигі
Акционерлық қоғамның қызмет түрлері:
· мұнай, газ және басқа да пайдалы қазбаларды іздеу-барлау жұмыстары;
· мұнай, газ және басқа да пайдалы қазбалардың кен орындарын өндіру, игеру;
· мұнай, газ және басқа да пайдалы қазбаларды өңдеу;
· мұнай мен газды іздеу-барлау жұмыстарына тиісті барлық қызмет түрлері, соның ішінде бұрғылау, зерттеу қызметтері.
Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 174 | Нарушение авторских прав