Читайте также: |
|
Тербелмелі станокта негіз 1, екі тумба 2, сына-белдікті беріліс 4 арқылы біліктің 6 арқасында басқа редуктормен 7 тікелей байланыстырылған редуктормен 5 байланысқан электр қозғалтқыш 3 бар. Редуктордың 5 шығыс білігінде дифференціиалдық қосиінді түрлендіргіш механизм 8 орнатылған, ал редуктордың 7 шығыс білігінде дифференціиалдық қосиінді түрлендіргіш механизм 9 орнатылған. Редукторлардың шығыс біліктері осьтес және бір біріне қарсы ейналдырылған. Түрлендіргіш механизмдердің жетекші қосиіндерінде 10 және 11 керетін шкивтер 12 және 13 немесе бекіткіш болттар 21 орнатылған. Редукторлардың беріліс сандары және қосиіндердің иықтарының өлшемдері өзара тең, ал қосиіндер 10 және 11 бірдей бастапқы қалыпта орнатылған, яғни, бір фазада тұрады. Баған 14 негізде оның осі 5 және 7 редукторлардың шығыс біліктерінің осьтеріне перпендикуляр тұратындай етіп орнатылған. Бағанға ұштарында орналасқан бағыттаушы шкивтері 16 және 17 бар жақтау 15 орнатылған. Иілгіш элементті жақтаудың 15 төменгі бөлігінде бекітудің бірінші вариантында иілгіш элемент қамтып тұрған полиспаст 18 блогының осінде қозғалмалы орнатылған, ал әрі қарай иілгіш элемент бір тармағымен жетекші қосиінде 10 орнатылған кергіш шкивті 12 айналып өтеді, ал екінші тармағымен жетекші қосиінде 11 орнатылған кергіш шкивті 13 айналып өтеді және жақтауда орнатылған бағыттаушы шкивтер арқылы сағалық блоктың 20 аспасымен байланысқан. Иілгіш элементті бекітудің бұл вариантында жақтаудың редукторлар жағындағы иығының өлшемдері жақтаудың сағалық шток аспасы жағындағы иығының өлшемдерінен екі есе аз. Иілгіш элементті бекітудің өзге вариантында оның бір тармағы жетекші қосиінде 10 орнатылған бекіткіш блокқа 21 тікелей бекітіледі, ал екінші тармағы жетекші қосиінде 11 орнатылған дәл осындай блокқа бекітіледі. Иілгіш элементті бекітудің бұл вариантында жақтаудың иықтарының өлшемдері өзара тең. Конструкцияның барлық элементтері иілгіш элементтің тармақтары тік қалып алатындай етіп орналастырылады. Тербелмелі станокты теңдестіру үшін жетекші қосиінде 10 жүктер 23 орнатылады, ал жетекші қосиінде 11 жүктер 24 орнатылады. Тежегіш құрылғы, қызмет көрсетуге арналған алаңдар және қоршаулар шартты көрсетілмеген.
Электр қозғалтқыштан 3 айналым сына-белдікті берілістің 4 көмегімен, білікпен 6 қатарлас байланыстырылған редекторлар 5 және 7 мен редукторлардың шығыс біліктерінде орнатылған орталық қосиіндер 8 және 9 арқылы осы қосиіндердің бұларда керетін шкивтері 12 және 13 бар жетекші қосиіндер 10 және 11 орнатылған шығыс біліктеріне беріледі. Бұл кезде керетін шкивтер 12 және 13 тік сызықты тік қайтпалы-ілгерілемелі қозғалыс алады және оларды өзінің тармақтарымен қамтып тұрған иілгіш элемент 19 және жақтаудың төменгі бөлігінде орнатылған қозғалмалы блок 18 және бағыттаушы шкивтер 16 және 17 арқылы бұл қозғалысты сағалық штоктың 20 аспасына береді. Бұл кезде сағалық штоктың аспасы иілгіш элементтің полиспаст ілмегін түзуінің есебінен жетекші қосиіндердегі кергіш шкивтердің орын ауыстыру шамасынан екі есе асып түсетін шамаға орын ауыстырады. Иілгіш элементті жетекші қосиіндерде қозғалмалы орнатылған бекіткіш блоктарға 21 және әрі қарай бағыттаушы шквтер 16 және 17арқылы сағалық штоктың аспасына 20 тікелей бекіткен кезде жүрістің ұзындығы қосиіндер хабарлайтын жүрістің ұзындығына тең болып қалады, бірақ бұл кезде сағалық штоктың аспасындағы тарту күші екі есе артады, өйткені бұл күш иілгіш элементтің тармақтарындағы күштерден құралады.
Жетекші қосиіндер бастапқы қалпында бір фазада тұрғандықтан, олар синхронды жылжиды және олардың әрқайсысы өз редукторынан және жетекші қосиінде орнатылған теңдестіргіш жүктерден жүктемені иілгіш элементтің тек бір тармағына ғана береді және, осылайша, иілгіш элементтің тармақтарындағы тарту күші екі есе артады.
Ұсынылып отырған тербелмелі станоктың негізгі артықшылығы онда бұлардың шығыс біліктерінде орнатылған дифференциалдық қосиінді түрлендіргіш механизмдері бар, екі қатарлас орнатылған редукторлардың жұмысы біріктірілгендігі болып табылады. Бұл редукторлар беретін айналдырушы сәтті, сондай-ақ қосиіндер мен оларға орнатылған жүктерден теңдестіруші сәтті жиынтықтауға және осылайша тарту күшін екі есе арттыруға мүмкіндік береді, бұл жүрісінің ұзындығы үлкен немесе сағалық штоктың аспасындағы тарту күші үлкен ұтымды конструкциядағы тербелмелі станоктар жасауға жағдай жасайды.
Құрамында негізі, тумба, жақтауы және бағыттаушы шкивтері бар, осі редуктордың шығыс білігінің осіне перпендикуляр тік жазықтықта тұратын баған, жетек электр қозғалтқыш, сына-белдікті беріліс, редуктор, түрлендіргіш дифференциалдық қосиінді механизм, сағалық штоктың аспасы және иілгіш элемент бар, оның жетегінде бұлардың кіріс біліктері ортақ білікпен байланыстырылған, ал әр редуктордың шығыс біліктерінде дифференциалдық қосиінді түрлендіргіш механизм орнатылған, әрі әрбір түрлендіргіш механизмнің жетекші қосиіні керетін шкив немесе бекіткіш блок арқылы тек иілгіш элементтің бір тармағымен ғана байланысқан, бұл кезде редукторлар бірдей беріліс санына ие, қисіндер бірдей бастапқы қалыпта орнатылған, бір біріне тең радиустары бар, ал баған редукторларға қатысты иілгіш элементтің тармақтары тік қалып алатындай етіп симметриялы орналасқан, екі қатарлас орнатылған редукторы бар екендігімен ерекшеленетін тербелмелі станок.
ОРЫТЫНДЫ
Қорыта келгенде негізінен "ҚОР" мұнай компаниясы" АҚ жайында жалпы мәліметтермен тастық. Мысалға айтатын болсақ компанияның ішкі жұмыс жасау бағыты мен құрылымын меңгердік, жылдық беретін өнімімен таныстық.
Әлемдегі мұнайды механикалық шығару практикасында ең көп үлесті күнделікті тіршілікте «тербелмелі станоктар» деп аталатын скважиналық штангалы сорапты қондырғылар алады. Соңғы жылдары штангалардың жүру ұзындығын арттыру мақсатында олардың конструкцияларын жетілдірудің мүмкіндіктері таусылған деген пікір қалыптасты. Осы есептемеде қазіргі қолданылып жүрген сериялы тербелмелі станоктардың конструкциясын жетілдіру үшін әлі де резервтер бар екендігі көрсетіліп отыр. Есептемеде ұсынып отырған шамалы өзгерту арқылы олардың жүріс ұзындығын бірнеше есе арттыруға және оларды практикада қолдану диапазонын елеулі кеңейтуге болады.
Ал енді негізінен ұзынжүрісті тербелмелі станоктарды компанияның жағдайымен түістіретін болсақ, қазіргі кезде компанияда мұнайды өндіру үшін батырмалы винттік штангалы сораптар қолданылуда, алда осы ұсынылған ұзынжүрісті тербелмелі станоктарды қолданса әлде-қайда жақсы өнімділіктерге жетуге болады деген үміттемін.
Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 69 | Нарушение авторских прав