Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Жас 6 ай - 2 жас 5 страница

Читайте также:
  1. 1 страница
  2. 1 страница
  3. 1 страница
  4. 1 страница
  5. 1 страница
  6. 1 страница
  7. 1 страница

Республика күні, 8 наурыз, 22 наурыз жалпы халықтық мереке күндері балаларға арнап ертеңгіліктер өткізіледі. Ертеңгілікті өткізу барысында балалардың мерекелік, қуанышты көңіл күйлерін көтеріп, көшелердегі әдемі безендірулерді көрсету және бөлмедегі әшекейлерге көңіл бөлдіру керек. Балаларға жалаушалар, жұлдызшалар, әуе шарларын көрсете отырып, оларды сап түзеп жүретін, ән айтатын, қызықты қуыршақ театрын, ересек топ балаларының орындауларын көретін, мерекемен байланыстыру.

Балалардың дербестік әрекеттерін белсендіретін қызықты сахналау мен ойын кезеңдері бар жаңа жылдық шырша мерекесін ұйымдастыру.

Жыл бойына кезекті ойын-сауықтар өткізіледі. Үстел үсті, көлеңкелі және қуыршақ театрын қолданып шағын сахналауды көрсету ұйымдастырылады. Сахналауды зейін қойып қарауға, қарапайым дыбысқа еліктеуді орындауға үйрету (иттің үруі, жылқының кісінеуі, қойдың маңырауы).

Көңілді ойындар, ермектер ұйымдастыру, тәрбиешінің ұсынысына эмоционалды (қол шапалақтау, шақыру, тығылу және т.б.) үн қатып және оларды шын көңілмен орындауға үйрету. Алдымен еліктеу арқылы, содан соң ауызша айту бойынша қарапайым драмаланған қимылдарды («қоян секіреді», «қоян ұйықтап жатыр», «балапан дән шоқиды» және т.б.) тәрбиешімен бірлесіп орындау.

 

 

АТА-АНАЛАРМЕН ЖҰМЫС

Бағдарлама мазмұнын іске асырудың маңызды шарттарының бірі - мектепке дейінгі ұйымдар мен отбасының балаларға қоятын талаптарының бірлігі.

1 жастан 3 жасқа дейінгі балалардың ата-аналарымен ынтымақтастық отбасының тәрбиелеу әлеуетін тиімді қолдану негізінде құрылады.

 

 

Міндеттер:

1. Балабақшаның педагогикалық ұжымы мен отбасының күшін балаларды жан-жақты үйлесімді дамыту, денсаулығын сақтау және нығайтумен байланысты міндеттерді шешуге біріктіру.

2. Бала мүддесіне сай тәрбиеленушілердің отбасымен өзара түсінушілігін және сенімін, ынтымақтастығын орнату.

3. Ата-аналардың қажеттілігін, қызығушылығын, педагогикалық құзыреттілік деңгейін ескере отыра, ағартушылық-кеңестік жұмысты іске асыру.

 

 

Жұмыс түрлері:

- баланы отбасында тәрбиелеу жайлы сауалнама жүргізу;

- баланың ата-аналармен және отбасы мүшелерімен балабақшадағы және отбасындағы қарым-қатынасын бақылау;

- ата-аналар үшін электронды және қағаз түріндегі психологиялық-педагогикалық кеңестер;

- балалардың тілін, саусақ моторикасын, қимыл белсенділігін дамыту бойынша жеке ұсынылатын парақшалар;

- ата-аналардың барлық білім беру салалары бойынша дербес және ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерін ұиымдастыруға қатысуы.

Ата-аналармен өзара сыйластыққа жағдай жасау: әрбір ата-ананың аты-жөнін білу, тыңдай білу, қызықтыратын сұрақтарға жауап беру, шын ниетін, тілектестігін білдіру. Ата-аналардың балаларымен қарым-қатынас жасау түрлерін анықтау (беделімен басымдылық көрсету, дербестігіне қысым жасау), жеке қабілеттерін көрсету арқылы баланың табиғи мүмкіндіктерін көрсету. Отбасы тәрбиесінің бес білім беру саласының мазмұнына сәйкес болуына әсер ету. «Денсаулық» білім беру саласы мектепке дейінгі ұйымның күн тәртібіне сәйкес гигиеналық дағдыларды қалыптастырып, денсаулықты шынықтыру мен дамытуға жағдайларымен қамтамасыз етуге бағытталады. «Қатынас» білім беру саласы ана тілінде халық ауыз әдебиетімен таныстыру арқылы қарым-қатынас мүмкіндіктерін құру бойынша ата-аналармен біріккен жұмыстарды ұйымдастыру көзделеді. «Таным» білім беру саласы ата-аналарға бірлескен ойын, практикалық іс-әрекеттер арқылы балалардың танымдық қызығушылығы мен әуесқойлығын қанағаттандыру бойынша кеңестер беруге, ата-аналарды отбасы жағдайында баланың шығармашылық өсуіне мүмкіндік құруға үйретуге, заттарды қолданып музыканы тыңдау жағдайларымен қамтамасыз етуге бағытталады. «Әлеуметтік орта» білім беру саласы ересектермен қарым-қатынас барысында өзін-өзі көрсете білуге жағдайлар құруға, өзін бағалай білуін қалыптастыруға бағытталған.

 

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

1. РҚ МЖЖБС 1.001-2009. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпы міндетті білім беру стандарты. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту. Негізгі ережелер.

2. Типовая программа воспитания и обучения в детском саду. Алма-Ата: «Мектеп». 1988.

3. Б. Баймұратова, М. Сәтімбекова және т.б. Балбөбек. Қазақ балабақшаларына арналған бағдарлама. Алматы, 2006.

4. Г.Г. Григорьева, Н.П. Кочетова, Д.В. Сергеева и др. - 4-е изд., перераб. - М.: Просвещение, 2001.-253 с.

5. Визель. Т.Г.. Аномалии речевого развития ребенка. - М.:1995.

6. Григорьева Г.Г., Кочетова Н.П., Сергеева Д.В. и др. - 4-е изд.,перераб. - М.: Просвещение, 2001.-253 с.

7. Григорьева Г.Г., Груба Г.В. и др. Педагогика раннего возраста. - М.: 1998.

8. Доман Г.И. и др. Как развить интеллект ребенка. - М.: 1998.

9. Богина Т.Л., Казакова Т.Г., Тимофеева Е.А. и др. под ред. Годиной Г.Н., Пилюгиной Э.Г.. М.: 1987. Воспитание и обучение детей младшего дошкольного возраста.

10. Васильева М.А. Программа воспитания и обучения в детском саду М.: 1985

11. Гербова В.В., Казакова Р.Г., Кононова И.М.и др., Под ред. Г.М. Ляминой. Воспитание и развитие детей раннего возраста. М. 1981.

(нөмірлеу түпнұсқаға сәйкес)

13. Жукова О.С.. Как вырастить умного ребенка. СПб.: Издательский дом «Нева», 2004.

14. С. Кенжеахметұлы. Традиции и обряды казахского народа. Алматы: 2004.

15. Козырева Л.М.. Развитие речи детей до 5 лет. Ярославль. Академия Развития.

16. Ковригина М.Д.. Сестра-воспитательница яслей и младших групп детских садов. М.: Медицина. 1977.

17. Панько Е.А., Поздеева Т.В.. Дошкольное учреждение - семья: вместе развиваем способности и одарённость ребёнка. - М.: Издательство «Белый ветер», 2004.

18. Павлова Л.Н. Раннее детство: развитие речи и мышления. - М.: 2000.

19. Шишкина В.А., Дедулевич М.Н.. Двигательное развитие детей раннего

возраста. - 2006.

20. Тонкова-Ямпольская Р.В., Фрухт Э.Л., Голубева Л.Г., Печора К.Л., Пантюхина Г.В. Оздоровительная и воспитательная работа в доме ребенка. М.1990.

21. Қазақ балалар поэзиясының антологиясы. - Алматы, 2002.

22. Е. Дүйсенбай. Санамақ. - Алматы, 1996.

ҚОСЫМША

1 ЖАСТАН БАСТАП 2 ЖАСҚА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН

ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН ОҚУ ІС-ӘРЕКЕТІНІҢ ТАҚЫРЫПТАРЫ

«Денсаулық» білім беру саласы

Жүру, жугіру, тепе-теңдікке арналған жаттығулар үлгісі

Бір жастан - бір жас алты айға дейінгі кезең

Түзу бағытта, жол бойымен (ені 30-25 см, ұзындығы 2-3 м), линолеумнен жасалған жол бойымен (ені 30 см, ұзындығы 3-5 м), гимнастикалық тақтайтың үстімен (ені 30-25 см) нысанаға жету, үлкендердің көмегімен және көмегінсіз жәшікке көтеріліп (биіктігі 10-15 см), одан қайта түсу; еденде жатқан лентадан (жіптен, таяқтан) аттау.

Бір жас алты айдан екі жасқа дейінгі кезең

Орындықтар, кубиктер, кеглилер арасымен, кубиктерден, кеглилерден, шығыршықтардан, таяқшалардан (еденнен 5, 10, 15 см биік) шығыршықтан шығыршыққа аттау; еңкіш тақтай үстімен жоғары, төмен, тәрбиешімен бірге гимнастикалық орындық үстімен жүру; қолына зат ұстап, бағытты өзгертіп жүру, доптың соңынан (домалатып жібергеннен кейін) жүру, жәшікке немесе гимнастикалық орындыққа (биіктігі 20 см) шығу, түсу; еліктеп жүру (солдат, тышқан, ит, құс, аю сияқты).

Ойындар: «Ойыншықты бері әкел», «Жол бойымен жүріп өт», «Аяқты жоғары көтер», «Итті қуып жет», «Тез, маған қарай жүгіріңдер», «Допты қуып жет», «Құлап қалмай жет», «Біз көңілдіміз».

Еңбектеу мен өрмелеуге арналған жаттығулар үлгісі

1 жастан бастап 1 жас 6 айға дейінгі кезең

Төрт тағандап жіптің, таяқшаның, доғаның, орындықтың астынан (биіктігі 50 см) түзу бағытга еңбектеу; бөренеден асып түсіп еңбектеу; параллель қойылған екі жіптің арасынан (жол бойымен) еңбектеу. Арақашықтығы 2 м-ге дейін еңбектеу. Шығыршықтың ішіне еңбектеп өту. Баспалдақ сатыға жоғары, төмен өрмелеу (биіктігі 1 м).

1 жас 6 айдан 2 жасқа дейінгі кезең

Еңбектеп келе жатып гимнастикалық орындықтың үстінен асып түсу және оның астынан еңбектеп өту; домалап бара жатқан доптың артынан еңбектеу, еңкіш тақтай, гимнастикалық орындық бойымен жоғары еңбектеу. Диаметрі 15-20 см бөренеден өрмелеу, 35-40 см биіктікке керілген жіптің астынан еңбектеу. Өкшені өкшеге қойып баспалдаққа (биіктігі 1-1,5) жоғары, төмен өрмелеу.

Ойындар: «Сылдырмаққа дейін еңбектеу», «Шығыршыққа еңбектеу», «Көпір бойымен еңбектеу», «Сақиналарды жина», «Жіпті қуып жет».

 

 

Лақтыру мен домалатуға арналған жаттығулар үлгісі

1 жастан бастап 1 жас 6 айға дейінгі кезең

Допты бір қолмен және қос қолдап ұстау; мөлшері әр түрлі доптар мен шарларды жинап, оларды себетке (жәшікке) салу; шарларды домалату; допты екі қолмен алға лақтыру. Допты алға қарай домалату (отырып, тұрып). Допты төменге, алысқа лақтыру.

1 жас 6 айдан 2 жасқа дейінгі кезең

Допты (құм толтырылған қапшықты) гимнастикалық орындықтан (лентадан) баланың кеуде тұсынан бір қолмен және қос қолдап асыра лақтыру; допты қос қолдап домалату; допты тәрбиешімен бірге жұптасып (диаметрі 20-25 см) домалату; белгіленген жерге допты салу; допты көлденеңінен нысанаға (50-60 см арақашықтықта, диаметрі 50 см кем емес) дәлдеп лақтыру; оң және сол қолмен допты (диаметрі 6-8 см) алысқа лақтыру.

Биік емес төбешіктен допты домалату, допты тәрбиешіге, балаға домалату және лақтыру; допты алға, жоғары лақтыру, баланың кеуде тұсынан келетін керілген жіптен ра (түпнұсқаға сәйкес) лақтыру.

Ойындар. «кім алысқа лақтырады?», «Төбешіктен домалат», «Допты бер», «Алысқа лақтыр», «Допты лақтыр да, қуып жет».

Жалпы дамыту жаттығулары: қолды жоғары көтеріп, төмен түсіру; қолды алға созу, қолды арқаға алып бару, бүгу және қайта жазу; қолдың саусақтарын сермеу, айналдыру; алақандарын жоғары төмен бұру; қолдың саусақтарын бүгу, ашу, саусақтарды жұмып, ашу, ұсақ заттарды саусақтарымен іліп алу; заттарды бір-біріне беру арқылы отырып және тұрып онға, солға қарай бұрылу, алға еңкейіп және түзулену; сүйемелдеу арқылы тізені бүгіп жүру.

Балалардың өз еріктерімен түрлі қимылдарды қолданып арбалармен, машиналармен ойналатын ойындар.

Қимылды ойындар: «Құстар қанаттарын қағады», «Кіші және үлкен», «ағаштар тербеледі», «Фонарлар жанады», «Қуырмаш», «Көбік», «Қонжық орманда қыдырды», «Жасырынбақ», «Кім қалай жүреді?».

 

 

«Таным» білім беру саласы

 

1 жастан бастап 1 жас 6 айға дейінгі кезең

Көмекші құрал-жабдықтарды қолданып ойналатын ойындар: «Сақинаға қолынды жеткіз», «Қап, қармағым», «Сыңғырла қоңырау», «Шарға қолыңды жеткіз», «Балғамен шегені соқ», «Қуыршақты қыдырту».

Қол қимылдарының үйлесімділігін дамыту:

Бір көлемдегі сақиналарды пирамидағы өткізу.

Қарама-қарсы екі өлшемдегі сақиналарды пирамидаға өткізу.

Қарама-қарсы үш өлшемдегі сақиналарды пирамидаға өткізу.

4-5 сақиналарды пирамидаға өткізу.

Астаушадан шарларды (6-8 шар) домалату.

Тесікке тығынды салу және суырып алу.

Заттар салынған цилиндр қорабын ашып, жабу.

 

Заттардың түрін, көлемін ажыратуға арналған

дидактикалық ойындар:

Пирамидалар

Матрешкалар

Қарама-қарсы екі түрдегі заттарды бағдарлау: шар, куб

Қарама-қарсы үш-төрт өлшемдегі заттарды бағдарлау: шар, куб, кірпіштер, призма

Суреттермен ойын-сабақтар:

«Сенің сүйікті ойыншықтарың»

«Бұл не?»

«Қонжықтарға арналған суреттер»

1 жас 6 айдан 2 жасқа дейінгі кезең

Көмекші құрал-жабдықтарды қолданып ойналатын ойындар: «Түтікте не жатыр?», «Қуыршақ қонаққа келді», «От шашу», «Үлкен және кіші доптар», «Күшікті машинамен қыдыртамыз».

Қол қимылдарының үйлесімділігін дамыту:

Екі орындық дидактикалық ойыншықтарды жинау.

Көлемі жағынан кему бойынша заттарды жинау.

Үш көлемдегі заттарды іріктеу.

Түстерді, түрлерді ажыратуға арналған дидактикалық ойындар:

Пішіндері ұқсас заттарды бағдарлау.

Заттардың пішіндерін тесіктердің пішіндеріне сәйкестендіру.

Есту зейінділіктерін дамытуға арқашан дидактикалық ойындар: «Не естіледі, тыңдайық», «Кім шақырды, тап».

Құммен, сумен ойындар.

Суреттермен ойын-сабақтар: «Қуыршақ Сәуле өзінің киімін көрсетеді», «Бұл ненің дауысы?».

 

 

«Қатынас» білім беру саласы

Тіл дамыту мен қоршаған ортамен таныстыру бойынша сабақ үлгілері

Жан-жануарларға (ит, мысық, балапан, аквариумдағы балықтар, тордағы құстар), көліктерге (автомобиль, трамвай) бақылау жасау.

Ойыншық-заттарды атай отырып, көрсету, қимыл үстіндегі заттарды көрсету, саханалау, ойыншықтарды жасырып, оларды табу.

Заттардың бейнесі салынған суреттерді қарау (кубтың жан-жағына, бірнеше суреттердің арасынан). Алдымен заттардың, қимыл үсіндегі заттардың жеке салынған суреттермен, ал бір жарым жасында қарапайым сюжеттермен таныстырады.

1 жастан бастап 1 жас 6 айға дейінгі кезең

Заттарды атай отырып, көрсету («Сиқырлы қапшық», «Мына үйде кім тұрады?»; қапшықтағы немесе себеттегі заттарды жасыру және оларды іздеп тауып, атау.

Заттар және олардың қимылдарын көрсету: қуыршақ (куыршақты тамақтандыру, ұйықтату, шомылдыру, машинада қыдырту, қуыршақ Сәуле өлең айтып, билейді), әтеш (жүреді, ән айтады, дән шоқиды), күшіктер (жүгіреді, үреді, тістейді, қантты қағып алады), мысықтар (жеңіл жүреді, пырылдайды, тырнайды, сүт ішеді, шармен ойнайды), қоян (секіреді, қорқады, сәбізді кеміреді), құстар (ұшады, дән шоқиды, шырылдайды), жүзетін ойыншықтар (балық, үйрек, қайық және т.б.).

Ойындар: «Қуыршақтың көйлегін жуамыз», «Мен жасырынамын, сен мені тап», «Атын атап, шақыр».

Сахналау ойыны: «Қонжық үйіне келді, ал құстар ұшып кетті»

«Кім не істеп жатыр?», «Мысық бізге қонаққа келді», «Қуыршақ Сәуле және мен», «Қуыршақты шомылдырамыз», «Кім қалай шақырады?» «Ғажайып суреттер» көрсету

1 жас 6 айдан 2 жасқа дейінгі кезең

Сюжетті көрсетілім: «Қоянның үйі», «Айнұр мен балапан», «Мысықтың баласы мен қағаз», «Айгүл мен әтеш», «Қуыршақ Сәуленің туған күні», «Мысық пен күшікке арнап үй салу» (ірі құрылыс материалдарынан), «Қонжық науқастанып қалды», «Қуыршақ науқастанып қалды», «Қуыршақтың көйлегін жуып, үтіктейміз» және т.б.

Тірі жан-жануарларды көрсету: тордағы құстарға, аквариумдағы балықтарға бақылау жасау.

Бақылау: балабақша теліміне мақсатты серуен («Не көргенімізді атайық» ойыны, көліктер мен құстарға бақылау жасау); топқа «саяхат», топтағы макеттерді, ойыншықтарды, суреттерді және т.б. қарау.

Кітаптар көрсету.

Тапсырмаларды орындау.

Дыбыстарға, сөздерге, сөйлемдерге еліктеу: а) «Кім қалай шақырады?» (аңдардың дыбыстарына еліктеу),; б) «Келесіге жеткіз» (айт та, қайтала); в) тақпақтар айту («Қуырмаш», «Қазым-қазым қаңқылда» және т.б.).

Көп мәрте көргендері туралы әңгімелеу.

Ойындар. «Жасырынбақ», «Бізге біреулер қонаққа келді», «Тауық пен балапандары», «Атқа мініп қыдырамыз».

 

 

Тақпақтар, өлеңдер, ертегілер тізімінің үлгісі

(тәрбиешінің қалауы бойынша)

Халық тақпақтары: «Қуырмаш», «Бесік жыры», «Әлди-әлди, әлди-ай» (үзінді), «Өс-өс», «Қаз-қаз бас», «Тәй-тәй».

Қазақ жазушыларының өлеңдері: Ұ. Есдәулетов «Тәй-тәй қуыршақ», «Құлын», «Жаңбыр», Ш. Смаханұлы «Шыбық ектім аулаға», А. Торғаев «Шөжелерім», Р. Қунақова «Күн күркірегенде», М. Әлімбаев «Қозы», Қ. Толыбаев «Сені өсірген баптап кім?», А. Сопыбеков «Қораз», Т. Шаханов «Түйе».

Ертегі мен әңгімелер: «Торғай мен түлкі», «Мысық неге тамақ ішкен соң жуынады?», «Шалқан», «Әке мен бала және ескі құмыра» және т.б.

 

 

«Шығармашылық» білім беру саласы

Музыкалық репертуар

Әуендер: «Құлыншақ» әні Ө. Байділдаевтікі, «Бипыл» халық әні және т.б.

Әндер: «Тәй-тәй» әні Т. Әдбіқадырованыкі, «Тұсау кесу» халық әні, «Пойыз» әні К. Қуатбаевтікі, «Әтеш» әні Б. Дәлденбаевтікі, «Ойыншықтар» әні И. Нүсіпбаевтікі, «Анашым» Ө. Байділдаевтікі, «Төлдер» Б. Ғизатовтікі, «Кел балақай» әні «Сылдырмақ» әні А. Тоқсанбаевтікі, К. Қуатбековтікі, «Аламойнақ» әні Б. Байкенжеевтікі, «Ерке күн-ау, ерке күн» әні К. Шілдебаевтікі, «Құс және оның балапандары» әні Е. Тиличееванікі, «Әлди-әлди» қазақтың халық әні және т.б.

Ойын жаттығулары, ойындар: «Қуырмаш», «Топ-топ» әні К. Қуатбаевтікі, «Біз ойнаймыз, ойнаймыз» әні Б. Құрманғалиевтікі, «Аяғым-ай, аяғым» әні Ж. Тұрсынбаевтікі, «Добым менің» сөзі Ж. Смановтікі, т.б.

Билер: «Топ-топ», «Бөбектер биі» әні К. Қуатбаевтікі, «Біз ойнаймыз, ойнаймыз» әні Б. Құрманғалиевтікі, «Бала, бала, баламыз» Б. Қадірбекованікі, «Сылдырмақтар» әні М. Раухвергердікі, «Еркем-ай» қазақ халық әні, «Епті аяқтар» әні Б. Дәлденбаевтікі, «Серіппе» әні Ә. Бестібаевтікі, «Ойыншықтар» И. Нүсіпбаевтікі және т.б.

 

 

2 ЖАСТАН БАСТАП 3 ЖАСҚА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН

ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН ОҚУ ІС-ӘРЕКЕТІНІҢ ТАҚЫРЫПТАРЫ

«Денсаулық» білім беру саласы

Дене шынықтыру

Бағытты өзгерте отырып, шашырап, заттарды айналып, алған жан-жаққа жанама қадаммен жүру.

Түзу бағытта, түрлі бағытта (итермелемей), 30-40 с аралығында (тоқтамай) баяу, қарқынды өзгерте отырып жүгіру.

Төрт тағандап, түзу (арақашықтығы 3-4 м), тақтай үстінде, еденде жатып, еңкіш тақтай үстімен, гимнастикалық орындық үстімен еңбектеу). Қақпаның, арқанның астынан еңбектеп өту (биіктігі 40-30 см).

Бала өзіне ыңғайлы тәсілмен бөренеден асып өту, баспалдақ сатыға, гимнастикалық қабырғаға жоғары, төмен өрмелеу.

Сырғанау, лақтыру, сермеп лақтыру. Бір және екі қолмен тәрбиешіге, бір-біріне, доғаның астынан, тұрып немесе отырып (арақашықтығы 50-100 см) допты домалату. Допты екі қолмен төменнен, кеудеден, басынан асырып, жіптен, арақашықтығы 1-1,5 м болтын баланың кеуде тұсына, баланың бойына сай керілген жіптен лақтыру.

Допты, толтырылған қапшықты, шырша жанғақтарын оң және сол қолмен алысқа; арақашықтығы 1 м екі қолмен, оң және сол қолмен көлденеңінен нысанған дәлдеп лақтыру.

Тәрбиешінің 50-100 см арақашықтықтан лақтырған добын тосу.

Секіру. Бір орында жаймен алға жылжи отырып, жіптен қос аяқтап (сызықтан), екі параллель сызықтан (10-30 см) қос аяқтап секіру. 10-15 см биіктікге орналасқан затқа жоғары секіріп, қолын тигізу.

Тепе-теңдік жаттығулары. Жіптің, сызықтың арасымен (арақашықтығы 25-30 см) жүгіру, түзу жолдың (ені 20 см, ұзындығы 2-3 м) бойымен, заттарды аттай отырып (биіктігі 10-15 см) түзі бағытта, тақтай, гимнастикалық орындықтың, тегіс бөрененің (ені 20-25 см), төрт аяқты гимнастикалық орындықтың, бір басы 20-30 см биіктікке аздап жоғары көтерілген еңкіш тақтай үстімен жүру. Баяу қарқынмен айналу (қолға зат ұстап).

Саптағы жаттығулар. Бір қатарға (тәрбиешінің көмегімен), екеуден (жұптасып), шеңбер болып тұру.

Жалпы дамыту жаттығулары.

Иыққа және қолға арналған жаттығулар. Қолды алға, жоғары, жан-жаққа созу; оны кеудеге айқастыру және жан-жаққа ажырату. Қолды артқа, арқаға апару; қолды бүгу және қайта жазу. Қолды алдында, басынан асыра шапалақтау, алға-артқа, жоғары-төмен қолды құлаштап сермеу.

Денеге арналған жаттығулар.

Жанында тұрған (отырған) балаға затты беріп, оңға-солға бұрылу. Алға және жан-жаққа еңкею. Еденде отырып аяқты кезекпен бүгу және жазу. Еденде арқасымен жатып аяқты жоғары көтеріп, түсіру. Тізерлеп тұрып, өкшесіне отырып, қайта тұру. Аяққа арналған жаттығулар. Бір орында жүру. Бастапқы түрегеп тұрған қалыптан аяқты тізеден (таянышқа сүйеніп) бүгу.

Сүйеніштен ұстап тізені бүгіп отыру, аяқтың ұшын көтеріп тартылу. Бір аяқты алға созып өкшесімен қою. Аяқтың саусақтарын қимылдату (отырып).

Қимылды ойындар

Жүріп және жүгіріп: «Қуыршақта қонақта», «Допты қуып жет», «Жол бойында», «Арықтан аттап», «Кім баяу?», «Таяқтан аттап өт», «Мені қуып жетіңдер», «Торғайлар мен автомобиль», «Күн мен жаңбыр», «Құстар ұшып барады», «Затты әкел», «Көбік», «Поезд», «Ұшақтар», «Итті қуып жет», «Автолмобиль».

Еңбектеп: «Сылдырмаққа дейін еңбекте», «Қақпаға», «Сызықты басып кетпе», «Сақ бол», «Маймылдар».

Лақтырып, тосып алу: «Доп ортада», «Допты домалат», «Допты тосып ал», «Қақпаға дәлде», «Дәл тигіз», «Себетке түсіру».


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 108 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.033 сек.)