Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Жас 6 ай - 2 жас 4 страница

Читайте также:
  1. 1 страница
  2. 1 страница
  3. 1 страница
  4. 1 страница
  5. 1 страница
  6. 1 страница
  7. 1 страница

Жылдың соңында балалар бағдарлама материалдарын меңгеру нәтижесінде:

- таныс заттардың, кейіпкерлердің бейнелерін тануды, не (кім) бейнеленгенін, не істеп жатқанын түсінуді;

- түрлі-түсті қарындаштармен және бояулармен (гуашь) сурет салуды;

- қағаз бетіне тігінен, көлденеңінен, түзу және толқын тәрізді сызықтар сызуды;

- қарапайым дөңгелек пішінді заттарды бейнелеуді, сызықтардың мәнерлілігін, бояу жағудың үйлесімділігін байқауды,

- сурет салудың белгілі бір ережелерін орындауды білуі тиіс.

 

 

Желімсіз жапсыру

Мақсаты: қарапайым жапсыру әрекеттерінде тәжірибе жинақтауға көмектесу.

Міндеттері:

1. Ересектермен бірлесіп, затты желімсіз жапсыруды түсінуге және құрылымына қарай жеке бөліктерден бейнелер құрастыруға үйрету.

2. Жапсыру барысында фланелеграф, қағаздың бетін дұрыс қолдануға үйрету.

3. 2-3 бөліктен тұратын түрлі заттарды құруға үйрету.

Мазмұны:

Балаларды дайын пішіннен жасалған, фланелеграфта бейнеленген таныс заттарды атауға, қарапайым композиция құруға үйрету.

Фланелеграфқа қарама-қарсы түстегі («Мерекелік от шашу») дайын пішіндерді орналастыру, заттың бейнесін құрастыру («Күн мен шырша», «Үй мен қақпа», «Өрістегі қойлар»).

Бөліктердің орналасу ретіне көңіл бөлу, фланелеграфты біресе алаңқайға, біресе аспанға, т.б. айналдырып, қолдануға үйрету.

Мәнерлілік құралы ретінде және мазмұнды байыту мақсатында сурет салу мен жапсыруды кіріктіру.

Балалар жылдың соңында бағдарлама материалдарын меңгеру нәтижесінде:

- дайын пішіннен жасалған, фланелеграфта бейнеленген таныс заттарды атауды, қарапайым композиция құруды;

- фланелеграфқа қарама-қарсы түстегі («Мерекелік от шашу») дайын пішіндерді орналастыруды, заттың бейнесін құрастыруды («Күн мен шырша», «Үй мен қақпа», «Өрістегі қойлар»);

- бөліктердің орналасу ретіне көңіл бөлуді, фланелеграфты біресе алаңқайға, біресе аспанға, т.б. айналдырып, қолдануды;

- мәнерлілік құралы ретінде және мазмұнды байыту мақсатында сурет салу мен жапсыруды кіріктіруді білуі тиіс.

Мүсіндеу

Мақсаты: мүсіндеуге қызығушылықтарын арттыру, сазбалшықпен жұмыс істеудің қарапайым дағдыларын қалыптастыру.

Міндеттері:

1. Бейнелеу материалы ретінде сазбалшықтың сапасы туралы ұғым беру.

2. Ересектердің көрсетуі мен есінде сақтағаны бойынша илеуде қарапайым заттар мен құбылыстарды бере білуге үйрету. Сазбалшықпен жұмыс жасаудың қарапайым дағдыларын қалыптастыру.

Мазмұны:

Сазбалшықтың қасиетімен (жұмсақ, кесектерге бөлуге, ойып жасауға, илеуге болады) таныстыру. Сазбалшықты ұқыпты қолдануға, тақтайша үстінде илеуге және техникалық тәсілдерге үйрету: үлкен кесектен кішкене кесегін бөліп алу, тақтайша үстінде домалату, алақан арасына салып, домалақтау, бөліктерді бір-бірінің үстіне, жанына қою, ұсақ бөліктерін шымшып алу (дәмді бауырсақтар). Қарапайым заттарды илеп жасауға үйрету: таяқша, діңгек, шұжық, шар, содан соң қалаш, дөңгелек және одан күрделісі - пирамида, саңырауқұлақ.

Балаларды шыныаяқ, табақты илеп жасауда сазбалшық кесегін саусақпен басып, тереңдетуге, заттардың ұқсастықтарын табуға, кесектерді (мұнара) біріктіруге үйрету.

Илеуге арналған материалдарды қолдану ережелерімен (арнайы тақтайша үстінде илеу, қолды дымқыл шүберекпен сүрту, дайын болған бұйымды тұғырға орналастыру, үстел үстіне материалды жинау) таныстыру.

Балалар жылдың соңында бағдарлама материалдарын меңгеру нәтижесінде:

- сазбалшықтың қасиетін;

- сазбалшықты ұқыпты қолдануды, тақтайшада илеуді;

- үлкен кесектен кішкене кесегін бөліп алуды, алдымен тақтайша үстінде, содан соң алақан арасына салып домалақтауды;

- домалақтауды, бөліктерді бірінің жанына бірін, бірінің үстіне бірін қойып, ұсақ бөліктерін шымшып алуды;

- қарапайым пішінді заттарды илеуді білуі тиіс.

 

 

Музыка

Мақсаты: музыкаға қызығушылықтарын және оның бейнелі мазмұнын ажырату қабілеттіліктерін дамыту.

Міндеттері:

1. Музыкаға эмоционалды сезімдерін тәрбиелеуді жалғастыру, мазмұнына назар аударту, зейін қойып тыңдау, жеке шығармаларды айыра білуді тәрбиелеуді жалғастыру.

2. Балалардың, сенсорлық қабілеттерін, ән айта білуін, қимылдардың қарапайым ырғағын қалыптастыру.

Мазмұны:

Музыка тыңдау. Музыка тыңдауға қызығушылық тудыру. Балаларды түрлі сипаттағы музыкалық шығармаларды: ән, полька, марш, вальс, сабырлы және көңілді әндер мен пьесаларды тыңдауға үйрету. Музыкалық шығармаларды шын көңілімен, алаңдамай тыңдауға, әнді, музыкалық пьесаны аяғына дейін тыңдауға, оларды есіне сақтап, тануға үйрету. Әнде не жайлы айтылғанын түсіну. Қоңыраудың жоғары және төмен дыбысталуын, фортепианоның дыбысталуын, түрлі ырғақты ажыратуға үйрету. Әр түрлі музыкалық аспаптарда орындалған таныс әуендерді тындауды ұйымдастыру, бұл әуендерді тануға үйрету. Домбыра мен сырнайдың, сыбызғы мен дабылдың дыбыстарын ажырату.

Бірінші жарты жылдықта балалар әнді 2-4 минут бойы арасында үзіліс жасап тыңдайды. Екінші жарты жылдықта 4-5 минут бойы арасында үзіліс жасап тыңдайды. Үзіліссіз орындалатын музыканың ұзақтығы жыл басында 50 секундты, екінші жарты жылдықта 1-1,5 минутты құрайды.

Жыл бойында 10-12 пьеса, 3-4 ән тыңдау және музыка сүйемелдеуімен 2-3 әңгіме айту ұсынылады.

Ән айту. Ән айтуға қызығушылықтарын тәрбиелеу. Тәрбиешінің дауыс ырғағына еліктеп, ән сөздері мен жеке буындарды айтуға үйрету. Аспаптардың шығаратын дыбысына жэне әннің сазына келтіріп, ересектерге қосылып ән айту. Қысылмай, өз дауысымен ән айтуға, бірге бастап, бірге аяқтауға, басталуы мен аяқталуын тыңдауға үйрету. Әнді жеке және топпен айтуға көмектесу; әннің сөзін есіне сақтау.

Жыл бойында 10-12 ән ұсынылады.

Музыкалық-ыргақтық қимылдар. Музыка сипатына (марш - би) сай қимылдауға үйрету. Екі бөлімді пьесадағы қимылдардың, дыбысталу күшінің (қатты - баяу) өзгеруін, оның басталу мен аяқталуын сезіну.

Музыкалық сүйемелдеумен биде және ойындарда қол ұстасып, жұптасып, қарапайым би қозғалыстарын орындау: шапалақтау, бір уақытта аяқпен тарсылдату, жартылай отыру, аяқтан аяққа тербелу, әнді сахналауда («Құс ұшып барады», «Мысықтар ұйқыда» және т.б.) қимылдардың жеке элементтерін қолданып жүру және жүгіру. Күрделі емес қимылдар бірізділігін естерінде сақтау.

Сылдырауық, сылдырмақпен бірқалыпты ырғақты, түрлі бейнелік-ойын қимылдарын бере отырып, заттармен қимыл жасауға үйрету. Би билеуде шеңбер құруға, шеңбер бойымен қол ұстасып жүруге, әннің мәтіні бойынша түрлі қимылдар орындауға үйрету.

Жыл бойында айналып, жұптасып немесе еркін сапқа тұратын 10-ға жуық би ұсынылады. Әнмен немесе музыкалық аспаптармен сүйемелденетін ойындарға емін-еркін қатысу («Қуаласпақ», «Жасырынбақ», «Соқыр теке»).

Жыл бойына 7-ге жуық сипаты бойынша түрлі жаттығулар (атрибуттармен және атрибуттарсыз) ұсынылады.

Балалар жылдың соңында бағдарлама материалдарын меңгеру нәтижесінде:

- түрлі сипаттағы ән, полька, марш, вальс, сабырлы және көңілді әндер мен пьеса сияқты музыкалық шығармаларды тыңдауды;

- музыкалық аспаптар домбыра, сылдырауық, сылдырмақтарды;

- әннің не жайлы екенін;

- әндегі сөздерді тәрбиешімен бірге айтуды;

- музыка сипатына сай қимыл жасауды, қимылды музыкамен бастауды;

- би қимылдары: шапалақтау, бір уақытта аяқпен тарсылдату, жарым жартылай отыру, аяқтан аяққа тербелуді орындай білуі тиіс.

 

 

«ӘЛЕУМЕТТІК ОРТА» БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНЫҢ БАЗАЛЫҚ

МАЗМҰНЫ

Мақсаты: әлеуметтік ортада өзін-өзі ұстау ережелері мен дағдыларын меңгеруге көмектесу. Балалар мен үлкендер, құрдастар арасындағы тілектестік қатынастарын қалыптастыру.

Міндеттері:

1. Әлеуметтік норма мен ережелерге сай балалардың мінез-құлқын қалыптастыруды жалғастыру. «Жақсы деген немене, жаман деген немене» туралы ұғымдарын қалыптастыру.

2. Балалардың жақын адамдарына және құрдастарына сенімділік танытуын, үлкендерді тыңдауға талпынуларын дамыту.

Мазмұны:

Адамгершілік нормалары туралы түсінік

Қарапайым әлеуметтік ережелер мен талаптарды меңгеру негізінде үлкендермен және құрдастармен өзара қарым-қатынасын түсінуге қалыптастыру. Балаларды бір-бірінің әрекеттеріне қатысты өнегелі баға беретін қарапайым пікірлерін айтуға үйрету.

Мінез-құлық дағдылары

Балаларды үлкендермен, құрдастарымен сәлемдесуге, қоштасуға, өтініш пен алғыс білдіретін сөздерді (рақмет, өтінемін) қолдана білуге үйретуді жалғастыру.

Көшеде және бөлмеде өзін-өзі ұстау мәдениетінің қарапайым ережелерін орындау іскерліктеріне тәрбиелеу: отырғызылған жасыл шөпті таңтамау, қоқысты арнаулы орындарға тастау, дәретхана мен қол жуғышты ұқыпты қолдану, тамақты тауыспай жатып үстел басынан тұрып кетпеу, тамақтанып болған соң «рахмет» айту, ойын кезінде, үстел басында, жатын бөлмеде, киініп-шешіну барысында бір-біріне кедергі жасамау, айқайламау керек. Заттары мен ойыншықтарына ұқыпты қарауға тәрбиелеу.

Балаларды тәрбиешілері мен тәрбиешінің көмекшілерінің аты-жөнін және өзінің атын атауға үйрету.

Ересектер және құрдастармен озара іс-әрекеті

Балабақшаға жаңадан келген баланы жақындарынан бөлініп қалуды басынан өткізуге, өзгерген өмір жағдайларына ойдағыдай бейімделуіне көмектесуді, балабақша педагогтері мен ата-аналар жағынан эмоционалды қолдау көрсетулерін, мейірімді зейінділік пен қамқор болуларын қамтамасыз ету.

Құрдастарына жанашырлық пен зейінділіктерін білдіру (ойыншықтарын бөлісу, орын беру), өтініштеріне құлақ асу, оларға көмектесу іскерліктерін бекіту. Дөрекі, қызғаншақ болмауға тәрбиелеу.

Құрдастарымен байланысқа түсуге көмектесу, балаларды бір-бірімен ойын кезінде бірге ойнауға, қарапайым қатынасу тәсілдеріне, өтініш жасау, басқа балалармен ойыншықтарын айырбастау іскерліктерін үйрету.

Балаларды құрдастарымен бірге ортақ жұмыста (екеулеп қуыршақты қолына ұстап серуенге алып шығу, еденде отырып допты бір-біріне домалату, құрдасын жұбату) қатынас жасау қызығушылықтарына ынталандыру.

Педагогтермен және құрдастарымен бірлесіп әрекет ету үшін жағдай тудыру: ойындар, ертегілерді, тақпақ, өлеңдерді сахналау, музыка әуеніне байланысты қимылдар жасау және т.б.

Баланың заттармен, ойыншықтармен қимыл әрекет жасау кезінде үлкендерді тыңдауға және естуге талпындыру, үлкендердің өтініштеріне әлі жететін тапсырмаларды орындауда (шкафқа киімдерін жинау, жерде жатқан затты жоғары көтеріп қою, т.б.) ересектермен бірге әрекет ету мен қатынас жасау қажеттілігін қолдау және дамыту.

Баланың жақын адамдарының, құрдастарының түрлі жағдайларын (қуану, қайғыру, ашулану) эмоционалды сезіну және көру қабілеттерін дамыту.

Баланы басқа адамдар (ересектер, құрдастар) өкпелі, көңілсіз, ренжулі болса, оларға жаны ашу сезімдерін оятып, баланың әрбір мейірімділік сезімдеріне қолдау көрсетіп, қатынаста болып мадақтап отыру көзделеді.

Бала өзін «Мен сурет саламын», «Мен серуендеуге шығамын» деп бірінші жақта айтуға, сыртқы келбеті бойынша (киімі, шашы), өзінің жынысын ажыратып («Мен - ұл баламын!», «Мен - қыз баламын!») айтуға мүмкіндік туғызу.

Бала өзін жақсы көрсетуге талпынуға байланысты және жарқын эмоционалды бояумен, жалпы өзін-өзі жоғары бағалауын; баланың әрекеті мен қылықтарын оң бағалауын, қолдау,

Балалар жылдың соңында бағдарлама материалдарын меңгеру нәтижесінде:

- бір-бірінің әрекеттеріне байланысты өнегелі баға беруде қарапайым пікірлерін айтуды;

- ересектермен, құрдастарымен сәлемдесуге, қоштасуға, өтініш пен алғыс білдіретін сөздерді қолдануды;

- көшеде және бөлмеде өзін-өзі ұстау мәдениетінің қарапайым ережелерін орындауды;

- тәрбиешілер мен тәрбиешінің көмекшілерінің аты-жөнін және өзінің атын атауды;

- құрдастарына жанашырлық пен зейінділіктерін білдіру (ойыншықтарын бөлісу, орын беру), өтініштеріне құлақ асу, оларға көмектесуді,

- заттармен, ойыншықтармен қимыл әрекет жасау кезінде үлкендерді тыңдауға және естуге талпындыру, үлкендердің өтініштеріне әлі жететін тапсырмаларды орындауда үлкендермен бірге әрекет етуді;

- жақын адамдар мен құрдастарының түрлі жағдайларын эмоционалды сезініп, көре білуі тиіс.

 

 

ОЙЫН ІС-ӘРЕКЕТІНДЕГІ БАЛАНЫҢ ДАМУЫ

Мақсаты: балалардың ойын әрекеттерін үнемі байыту. Балаларды ойын барысында белгілі рөлді орындауға бағыттап, сюжетін дамыту. Сюжетті-рөлдік ойындардың алғышарттарын қалыптастыру.

Міндеттері:

1. Балаларды сергек, көңілді күйге бөлеу, тыныш және өздігінен ойнауға үйрету.

2. Ойын барысында балалардың сенсорлық қабілеттерін, ересектермен және бір-бірімен тілдік қарым-қатынасты дамыту.

3. Ойында жолдасының көңілін аулау, тілектес болу сезімдерін, бірге ойнау, ойыншықтарды бірлесіп қолдана білуді дамыту.

Мазмұны.

Тәрбиешімен бірлескен ойында балалардың заттар және ойыншықтармен әрекет жасау біліктерін бекіту. Ойын әрекеттерін қалыптастыру, оларды қарапайым сюжеттерге («Анасы баласын тамақтандырады», «Күтуші бөлмені жинады», «Жүргізуші көлік жүргізеді») біріктіруге үйрету. Рөлдік ойындарда балалардың мінез-құлың мәдениетінің қарапайым түрлерін қалыптастыру: белгілі рөлге сай әрекет жасауға талпындыру (ана, жүргізуші, дәрігер). Баланың жас ерекшелігіне сай келетін ойыншықтар, атрибуттар ұсына отырып, екі-үш бөлімдік ойын әрекеттерін қалыптастыру. Әрекетті ойыншықтың бірінен екіншісіне ауыстырып, ойында 2-3 біртінді эпизодты орындауға үйретуді жалғастыру («Қуыршақ ұйықтап жатыр, серуендеп жүр, тамақтанып отыр»).

Ойынға ойыншықтар мен атрибуттар таңдап алуға, ойыншықты өзімен бірге ойнайтын серіктесі ретінде қолдануға үйрету. Рөлдік ойынға ауысқанда, әрекеті тек өзі үшін ғана емес, сонымен бірге серіктес ойыншығы үшін де бейнелеуге, әңгіме жүргізе білуге үйрету.

Балалардың бастамасы бойынша туындаған ойынды қолдау. Ойында орынбасар-заттар қолдануға, бірлесіп, бірігіп ойнауға (2-3 баладан) ынталандыру.

Ойында балалардың қатар отырып ойнауы, бірге ойнауы, жолдастарына мейірбанды болуы: бірге ойнай білу, басқа балаға кедергі жасамау керектігін түсіну біліктерін қалыптастыру. Балалардың бір-бірімен жағымды эмоционалды қатынасын дамыту. Тәрбиешінің ұйымдастырған қарапайым бірлескен ойындарына қатысуды үйрету.

Тәрбиешінің еліктеуге құрылған қуыршақтармен театрландырылған ойындарды қолдауы.

Балалардың қуыршақтармен сахналау, сюжетті-рөлдік ойындарын молайту (отбасы, балабақша). Балаларды осындай ойындарға белсенді қатыстыру: тәрбиешінің тапсырмасы бойынша белгілі әрекеттерді орындау, сұрақтарға жауап беру, әңгімелеу. Қарапайым ойындарға - ертегілерді драмалауға («Шұбар тауық», «Қолғап») үйрету. Осы ойындарды қолдау, бастама көтеру, балаға театрландырылған, драмалау ойын тәжірибесін өздері ойлап шығаратын ойындарға ауыстыруға көмектесу.

Балалардың белсенділігіне сүйене отырып, бөлме, жиһаз, үйі құрастыратын құрылыс ойындарына қатыстыру. Балаларды ойынның сюжетін дамыту үшін құрылыс материалдарынан (кірпіштер, кубиктер, пластиналар) құрылыс салуға ниеттендіру. Балаға орынбасар зат ретінде қолданатын материалдарды пайдалануға беру. Пікір айтуларын мадақтау.

Балаларды тәрбиешімен бірге қарапайым мазмұнды, күрделі емес қимылды ойындар ойнауға қызығушылығын тудыру. Оларды түрлі ойын жаттығуларының көмегімен жандандыру. Балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, шағын топпен, содан соң барлық балаларды қатыстырып, ойнауға үйрету. Біртіндеп ережесі күрделірек және қимыл түрлерін алмастыратын, рөлдерді орындайтын ойындар енгізу.

Қимылдарды жетілдіретін (жүру, жүгіру, лақтыру, домалату) ойындарды қолдау. Балаларды кейбір кейіпкерлердің қарапайым бейнелі әрекетін (қоян сияқты секіру, балапан сияқты дән шоқу, су ішу және т.б.) көрсете білуге үйрету.

Балалардың дидактикалық ойыншықтармен ойнауға қызығушылықтарын арттыру. Балалардың зейінін, ойлау қабілетін, толық түрде қабылдауын, қиялын, ұсақ қол моторикасын дамытуға мүмкіндік беретін және заттардың түсін, түрін, көлемін бағдарлауын дамытуға арналған ойындар жүргізу қажет.

Заттарды түсі мен көлеміне қарай (6 түсті үлкен, кіші шарлар) таңдауға және салыстыруға, шарды сол түстес, сол шамалы қақпаға домалатуға (үлкен шарды биік қақпаға, кіші шарды аласа қакпаға, қызыл шарды - қызыл қақпадан және т.с.с); мұнараға сақиналарды кішірею ретімен 2-3 түсті кезектестіре отырып жинау.

Зат құралдармен әрекет жасай білуді бекіту.

Құммен, сумен, қармен ойнауда балалардың осы материалдардың қасиеттері туралы білімдерін бекіту.

Балалар жылдың соңында бағдарлама материалдарын меңгеру нәтижесінде:

- екі-үш бөліктен тұратын ойын әрекеттерін орындауды, оларды күрделі емес сюжетпен біріктіруді;

- қарапайым рөлдерді орындауды;

- әрекетті ойыншықтың бірінен екіншісіне ауыстырып, ойында 2-3 біртінді эпизодты орындауды;

- ойынға ойыншықтар мен атрибуттар таңдап алуды, ойыншықты өзімен бірге ойнайтын серіктесі ретінде қолдануды;

- ойында орынбасар затты қолдануды, бірлескен ойынға қатысуды, өздігінен ойнау үшін (2-3 баладан) бірігуді;

- ойында тек балалардың жанында емес, сонымен қатар басқа балалармен бірге ойнап, құрдастарына мейірбанды болуды;

- ойыншықтармен сахналау және ойындарға белсенді қатысуды,

- ойынның сюжетін дамыту үшін құрылыс материалдарынан құрылыс салуды;

- тәрбиешімен бірге қарапайым мазмұнды, күрделі емес қимылды ойындарды,

- кейбір кейіпкерлердің бейнелі әрекетін бере алуды;

- дидактикалық ойыншықтармен ойнауға қызығушылықтарын көрсете білуі керек.

 

ЕҢБЕК ІС-ӘРЕКЕТІНДЕГІ БАЛАНЫҢ ДАМУЫ

Мақсаты: балаларды ересектермен бірге және өздігінен еңбек әрекеттеріне қатысуға тәрбиелеу, өзіне-өзі қызмет ету мен қоршаған ортада тәртіп сақтаудың қарапайым дағыларын қалыптастыру.

Міндеттері:

1. Ересектердің тапсырмаларын орындауға қызығушылықты, тілегін, белсенділікті қалыптастыру.

2. Қиындықты жеңе білуді дамыту, дербестікті тәрбиелеу.

3. Ересектердің еңбек әрекеттеріне қызығушылығын, көмектесе білу ниетін тәрбиелеу.

Мазмұны:

Балаларды киіну, шешіну, жуыну үдерістерінде дербестікке ынталандыру. Балаларды киінуте, шешінуге, үлкендердің көмегімен киімін, аяқ киімін шешуге (түймесін ағыту, бәтеңкесінің бауын шешу), шешкен киімдерін бүктеуге, киімі мен аяқ киімін дұрыс киюге үйрету. Киімдеріндегі олқылықтарды байқауға, үлкендердің көмегімен өзін тәртіпке келтіре білуге тәрбиелеу. Тазалық пен ұқыптылыққа қанағаттану сезімдерін дамыту.

Балаларды қарапайым шаруашылық-тұрмыстық еңбекке қатыстыру. Алдымен тәрбиешінің көмегімен, кейін бақылаумен үстел мен орындықтарды қою, үстел үстіне қасықтарды, нанға арналған ыдысты, сулыққа арналған ыдысты қою; сабаққа қажетті қарындаштар, тақта, шүберектерді қою, ойыннан соң ойыншықтарды, суреттерді, кітаптарды жинастыру, құстарға арналған астаушаларды жуу, құстар мен балықтарға жем шашу, өсімдіктерді суару, тәрбиешімен бірге учаскеге ойыншықтарды шығару, учаскені жинастыруға қатысу (жапырақтар, тастар, таяқтарды жинастыру), қардан құрылыс жасау.

Балаларды тапсырманы орындаудың басы мен соңғы нәтижесінің арасында байланыс орнатуды үйрету.

Зат құралдарымен таныстыру, құралдармен таныстыру, баламен іскерлік түріндегі ынтымақтастық үдерісінде құралдармен орындалатын қарапайым әрекеттерді (қалақшамен құм алу, тарақпен шаш тарау) орындауға үйрету.

Балалар жылдың соңында бағдарлама материалдарын меңгеру нәтижесінде:

- ересектердің көмегімен киімін, аяқ киімін шешуді;

- шешкен киімдерін бүктеуді, киімі мен аяқ киімін дұрыс киюді;

- киімдеріндегі олқылықтарды байқауды, үлкендердің көмегімен өзін тәртіпке келтіруді;

- үстел мен орындықтарды қоюды;

- үстел үстіне қасықтарды қоюды;

- нанға арналған ыдысты, сулыққа арналған ыдысты қоюды;

- ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне қажетті қарындаштар, тақта және т.б. қоюды;

- ойыннан кейін ойыншықтарды, суреттерді, кітаптарды жинастыруды, құстарға арналған астаушаларды жууды, құстар мен балықтарға жем шашуды;

- өсімдіктерді суаруды;

- тәрбиешімен бірге учаскеге ойыншықтарды шығаруды, телімді жинастыруға қатысуды (жапырақтар, тастар, таяқтарды жинастыру), қардан құрылыс тұрғызуды;

- тапсырманы орындаудың басы мен соңындағы нәтиже арасында байланыс орнатуды білуі тиіс.

 

 

МЕРЕКЕЛЕР МЕН ОЙЫН-САУЫҚТАР


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 53 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.025 сек.)