Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

КҮНДEЛІК 27 страница

Читайте также:
  1. 1 страница
  2. 1 страница
  3. 1 страница
  4. 1 страница
  5. 1 страница
  6. 1 страница
  7. 1 страница

 

тастайтынын қалыптасқан жағдайдың көбі-ақ айтып тұр еді; біз атымыздан түспей, аттың үстінде тұрып-ақ ата бергенде, қасқырлар мұншама қаһарына мінбес еді, өйткені олар жылқы жалғыз болған жағдайларға қарағанда, оның үстінде адам бар екендігін көргенде, оны онша-мұнша өзін ғана тиесілі деп санамайды екен. Сондай-ақ, олар бізге тағы: егер сіздер аттарды тағдырдың жазуына қалдырып, тастап кетер болсаңыздар, қасқырлар оларға сондай қомағай ашкөздікпен бас салушы еді де, сіздер осы кезде аман-есен кетіп үлгеруші едіңіздер, оның үстіне сіздер әрі көп, әрі қолдарыңызда отты қару бар болатын, – деді.

Мен өзім өмірімдe мұндай қoрқып көрмеппін: дәл алдымызда ауыздарын арандай ашып, ырылдап, бізді жалмап қоюға әзір боп, бізге қарай құйындатып келе жатқан үш жүзге тарта жынды көргенде, тығылар жер болмағандықтан, мен шаруам бітті деп ойладым; бірақ менің көргенімнің өзі жеткілікті емес пе: мен енді ешқашан да тау асып, қыр басуды ойламастай болдым ғой деймін; одан да апта сайын жойқын дауылға ұшырасам да, мың миль теңізбен жүрудің өзі артық.

Францияға сапарым туралы өзге саяхатшылардың айтқанынан артық, – оның үстіне олардікі менікінен әлдеқайда қызық болуы мүмкін, – жарытып ештеңе айта алмаспын. Мен Тулуздан Парижгe кeлдім, одан кейін, онда ұзақ аялдамастан, ары қарай Калэге келдім және аман-есен 14 қаңтар күні Дуврде түсіп, жылдың ең қатал да суық кезеңінде саяхатымды аяқтадым.

Eнді мeн діттеген мақсатыма жеттім және көп ұзамай жақында ғана пайда болған барша дәулетіме иелік ете бастадым, өйткені өзіммен бірге алып келген аударылымдар бойынша маған еш кедергісіз бірден төленген еді.

Осы жерде мейірімді кемпір, капитанның жесірі менің басты жетекшім мен кеңесшім болды. Ол менің ақша жібергеніме қатты риза болғаны сондай, менен еңбегін де, қамқорлығын да аямады; ал мен болсам ол кісіге шексіз сенім арттым және бұған бірде-бір рет өкінер себебім болған


 

жоқ: басынан аяғына дейін бұл мейірімді де ақылды әйел менімен қатынасында өзін мүлтіксіз ұстады.

Мен енді оған өзімнің тауарларым мен ақшамды табыстап, Лиссабонға, одан әрі Бразилияға кету туралы да ойлана бастадым, бірақ мені дінге қатысты ойларым ұстап қалды. Менің католик зінін туралы күмәнім жаһан кезіп жүрген кездерімде-ақ, әсіресе мен жалғыздықта болғанда пайда болып еді; егер мен католицизмді қабылдамасам, менің Бразилияға баруым және тіпті онда қоныс тебуім мүмкін емес екенін мен білетінмін; – немесе, керісінше, мен дін үшін қасірет шегіп және инквизицияның қанды тырнағында жан тапсырып, өз сенімімнің құрбандығына айналуды алдыма мақсат қып қоюым керек еді. Сондықтан да мен үйде қаламын және, егер мүмкіндік туса, плантациямды сатамын деп шешім қабылдадым.

Мен бұл жөнінде Лиссабондағы ескі досыма жазып едім, ол бұл мәселені осы жерде де шешуге болар еді, бірақ егер мен оған өз атымнан харекет етуге рұқсат берер болсам, ол менің плантациямды бұрынғы қамқоршылардың орнына иелік етуші Бразилияда тұратын, оған мәлім болғандай, өте бай әрі атақты, сондықтан да плантацияның шын бағасын білетін екі көпеске өте тиімді бағамен ұсына алатынын айтып жауап жазды. Олар менің бөлігімді қуана-қуана сатып алып, кез- келген басқа сатып алушыдан төрт-бес мыңға артық беретініне капитан сенімді еді.

Мен оның уәждерін әбден сенім тудырарлық деп таптым және осы ұсынысты жасауын тапсырдым, ал сегіз ай өткен соң Португалиядан келген кеме маған хат әкеп берді, ол хатта менің ескі досым көпестердің менің ұсынысымды қабылдағанын және Лиссабондағы агенттеріне маған отыз үш мың алтын ақша төлеуін тапсырғанын жазыпты. Мен өз кезегімде, маған Лиссабоннан жіберілген барлық формасы сақталып жасалған сату жөніндегі қағазға қол қойып, оны кері шалға жібердім, ол болса маған отыз үш мыңға чек жіберді. Бұл төленген бір реттік төлемнен басқа сатып алушылар жыл сайын капитанға жүз мойдор, ал оның өлімінен


 

кейін плантациядан түскен түсімнен жыл сайын оның ұлына елу мойдор төлеп отырамыз деп міндеттеме алды.

Осылайша бұл өмірде сирек кездесетін сан түрлі материалдардан тұратын, құдіреттің өз қолымен жасалған өрнекке ұқсайтын кездейсоқтықтар мен оқиғалардан тұратын менің өмірімнің, ессіздікпен басталып, үміт отын жағуға мүмкіндік беретін оның кез-келген бөлігіне қарағанда бақыттырақ аяқталған өмірдің бірінші кезеңі аяқталып еді.

Осындай бақ пен бақытқа жетіп, мен енді өзімді кездейсоқтықтың иіріміне тастамайтынымды оқырман ойлап та қойған болар; егер маған жағдайлар көмекке келгенде, ол шынында да осылай болар еді, бірақ мен кезбелік өмірге үйреніп қалып едім, менің байлығыма қарамастан, отбасым да, үлкен таныстықтарым да, көп туыстарым да жоқ еді. Сондықтан да, мен Бразилиядағы иелігімді сатып жіберсем де, мен бұл елді ұмыта алмай-ақ қойдым, мені жиһан кезу туралы ой биледі де тұрды, әсіресе мен өзімнің аралыма барып, байғұс испандықтар онда әлі өмір сүріп жатыр ма екен және біз тастап кеткен оңбаған матростар оларға қалай қарайтындықтарын көргім келді. Менің шынайы досым, капитанның жесірі, мені бұл сапарға барма деп үгіттегенінің әсері сондай, мен жеті жылға жуық ешқайда шықпастан Англияда өмір сүрдім. Осы уақыт ішінде мен өз қамқорлығыма екі немере інімді, менің ағаларымның бірінің ұлдарын алдым; үлкенінің өзінің аз ғана қаражаты бар болатын; мен оны ақсүйек ретінде тәрбиелеп, оның капиталына үстеме ретінде біраз соманы өсиет қағазымда жазып қалдырдым. Келесісін мен теңізші болуға дайындадым; бес жылдан соң, одан ақылды, батыл, іскер жігіт шыққанын көріп, оған арнап кеме жабдықтап, теңізге аттандырдым; тап осы жас жігіт кейін мені, қартайған адамды, одан арғы

шытырман оқиғаларға қатысуыма себепкер болды.

Осы уақыттың ішінде мен белгілі бір деңгейде Англияға орнықтым және ең бастысы үйлендім, ол пайдалы және барлық жағынан сәтті болды, осы некеден менің үш балам болды – екі ұл және бір қыз.


 

 

 


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 52 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)